Курс лекций по "Экономике"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 16:00, курс лекций

Описание работы

Экономикалық теория негіздерін оқитын студенттердің алған білімі мен дағдылары келесілерді қамтуы тиіс:
- Экономикалық мәселелерді ғылыми тұрғыда зерттеу кезінде жиналған негізгі теорияық көзқарастарды меңгеру;
- Экономикалық құбылыстардың мәнін жүйелі түсіну, әр түрлі экономикалық жүйелердегі қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму заңдылықтарын білу;
- Шектеулі ресурстар жағдайында нарықтың өзін өзі реттеу механизмдерін білу;
- Экономиканы мемлекеттік реттеу принциптерін білу;
- Қазақстан Республикасының ұлттық мүддесі мен ғаламдану жағдайында әлеуметтік экономикалық дамуының стратегиялық басымдықтарын білу;
- Ақпаратты жүйелеу және бақылай білу.

Содержание работы

Кіріспе
1-тақырып. Экономикалық теорияның орны мен ролі, пәні және әдіс- тәсілдері
2-тақырып. Қоғам дамуының негізгі категориялары: қоғамдық өндіріс және экономикалық жүйе түрлері.
3-тақырып. Экономика дамуының негізгі үлгілері, меншік қатыастары мен экономикалық институттар.
4-тақырып. Қоғамдық шаруашылықтың түрлері. Тауар-ақша қатыастарының дамуы. Нарықтық шаруашылықтың негізгі сипаттамасы.
5-тақырып. Нарық заңдылықтарының негізгі сипаты. Сұраным мен ұсыным теориясының негіздері
6-тақырып. Өндіріс шығындары және фирма табысы
7-тақырып. Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстар
8-тақырып. Кәсіпкерлік іс-әрекет және жеке шаруашылық принциптерінің негізі. Кәсіпорын капиталының ауыспалы айналымы.
9-тақырып. Макроэкономиканың қалыптасу заңдылықтары. Ұлттық экономика жүйе ретінде 10-тақырып. Экономикалық өсу және оның түрлері.
11-тақырып. Экономикалық цикл. Жұмыссыздық пен инфляция.
12-тақырып. Экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі фискалды және қаржы саясатын мемлекеттік реттеу.
13-тақырып. Экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі мемлекеттің ақша-несие саясаты.
14-тақырып. Мемлекеттің әлеуметтік және аймақтық саясаттарының заңдылықтары
15-тақырып. Халықаралық экономикалық қатынастар және сыртқы экономикалық іс-әрекет

Файлы: 1 файл

ЭКОНОМИКА ЛЕКЦИЯ.docx

— 198.22 Кб (Скачать файл)

Толық жұмысбастылық  деген мағынаның  экономикада  жоқтық қасы, себебі барлық жұмыс күші жұмыспен толық қамтылған жағдайда да  жұмыссыздықтың белгілі бір  деңгейі болуы қалай да болса  қажетті және заңды процесс. Толық жұмысбастылық кезінде жұмыссыздықтың деңгейі фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздық қосындысына тең. Ол жұмыссыздықтың табиғи деңгейі деп аталады.

Жұмыспен  толық қамту  жағдайындағы  қарқынды  инфляцияға  әкеліп  соқпайтын  жұмыссыздықтың ең төменгі дәрежедегі нормасын  жұмыссыздықтың табиғи  деңгейі деп аталады. Егерде  жұмыссыздықтың нақты деңгейі табиғи деңгейден  артып кетсе, онда бұл жағдай жалпы  ұлттық өнімнің  азаюына әкеледі.

Жұмыссыздықтың  зардаптары:

  1. Жұмыссыздық (циклдық) жағдайында - өндіріс мүмкіншілігін толық пайдаланбағандықтан ұлттық байлықтың азаюына келеді. Бұл жағдайда:
  • халықтың сатып алу қабілеті  төмендейді,
  • қазына – қор қысқарады,
  • инвестицияға сұраныс  қысқарады,
  • өндіріс  құлдырайды.
  1. Ұзақ мерзімде болатын жұмыссыздық жағдайында  жұмыссыз адамдардың  біліктілігі жоғалады.
  1. Жұмыссыздықтың өсуі қоғамда қылмысты істердің өсуіне және  халықтың әлеуметтік жағдайының  төмендеуіне әкеледі.

Кез келген жұмыссыздықтың деңгейімен байланысты болатын экономикалық зиянды анықтау  үшін Оукен заңы қолданылады. Осы заң жұмыссыздық деңгейі мен жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) көлемінің төмендеуі арасындағы байланысты көрсетеді.

Оукен заңы бойынша  жұмыссыздықтың нақты деңгейі, табиғи деңгейіне қарағанда, 1 %-ке өсуі нақты ЖҰӨ-нің  потенциальдық  мүмкіндігімен салыстырғанда орташа 2,5%-ке төмендеуіне әкеледі. Потенциальды ЖҰӨ  толық жұмыспен қамту  жағдайында  өндірілетін өнім.

Кез келген елдің экономикасында жұмыспен айналыспайтын  белгілі бір адамдар саны бар, сондықтан мемлекет тарапынан оларға жұмыссыздық бойынша қаржы төлейді. Жұмыссыздықтың әлеуметтік және саяси  зардаптарын азайту үшін дамыған  елдердің үкіметтері соңғы жылдары  жұмыссыздарға жәрдем берудің әр түрлі жүйелерін қолдануда. 

Макроэкономикалық  тұрақсыздықтың тағы бір көрінісі – ол инфляция. Инфляция жағдайында ақшаның сатып алу қабілетінің төмендеуіне және тауарлар мен қызметтер бағаларының өсуіне әкеледі. Инфляция адамзат тарихында жаңа құбылыс емес. 1775-1783 жылдары Солтүстік Америкада тәуелсіздік үшін болған соғыс доллардың құнсыздануына әкеліп соқтырды, Франция 1789-1794 жж. революция кезінде ақша 7 жылда 883 есе құнсызданды. Алғашқы рет «инфляция»  деген ұғым ақша айналымына қатысты АҚШ-та Азамат соғысы кезінде қолданыла бастады. Инфляция – қағаз ақшаның құнсыздануына байланысты болатын әлеуметтік-экономикалық құбылыстар жиынтығы, басқаша айтқанда айналымдағы ақша массасының нақты ұсынылған тауар санынан артып кетуі. Соның нәтижесінде тауарлармен қамтамасыз етілмеген ақшаның пайда болуы инфляцияны білдіреді. Инфляцияның бірнеше түрі бар.

Шетелде нарықта  болатын инфляциялық тепе-теңдік формаларына байланысты инфляцияны ашық және басылыңқы түрге бөледі.

  • Ашық инфляция еркін баға  құрылымы экономикасына тән және тауар мен қызмет көрсетуге үнемі бағаның өсуін байқатады. Егер макроэкономикалық тепе-теңдік сұраныс жағына қарай бұзылса және тұрақты бағаның өсуімен байқалса, онда бұны ашық инфляция дейміз. 
  • Басылыңқы (жасырын) инфляция – бағаны реттейтін экономикаға тән, яғни жалпы мемлекеттің бағаны  бақылауымен жүзеге асатын инфляция. Сондай-ақ ол тауар тапшылығына, өнім сапасының төмендуінде, ақшаның қорлану мәжбүрлігінде, көлеңкелі экономика дамуында, бартерлік іс-әрекетте байқалады. Басылыңқы инфляция ақшаның төлем қабілеті бар құрал және тауарлар мен қызметтерді бөлу өлшемі қызметін атқара алмаған жағдайда  мемлекеттің тауар бағасын сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдік бағасынан төмен болуын қолдану арқылы пайда болады.

Ашық  инфляция өз кезегінде бірнеше формаға  бөлінеді:

  • Сұраныс  инфляциясы – ол жұмыспен толық қамту жағдайында пайда болады, ақшамен қамтамасыз етілген сұраныс тауар бағасының өсуін тудырады. Қолда ақша көп мөлшерде, ал тауардың көлемі өте аз деп сипаттауға болады. Сұраныс инфляциясы нарықтық байланыстарды монополизм мен әкімшілік-әміршілік басқару жүйесінің ұзақ үстемдігі болған жағдайда да орын алады.
  • Шығын (ұсыныс) инфляциясы – ол  өндіріс факторлары қымбаттаған жағдайда пайда болады. Бұл жағдайда өндіріс шығындарының өсуі өнім бағасының өсуіне әкеледі.
  • Құрылымдық инфляция – ол саларалық баланстың бұзылу жағдайында  туады. Бір сала нарықты толық қанағаттандыра алмағандықтан бұл саладағы тапшылық тауарлардың қымбаттауына әкеледі.

Болжау арқылы  инфляция  бөлінеді:

  • Күткен инфляция – ол  болжамдалынған  инфляция.
  • Күтпеген инфляция – ол кенеттен тосын пайда болады, бағалардың кенеттен  күрт өсіп кетуі.

Бағаның өсу  қарқыны тұрғысынан инфляцияны төмендегідей түрге бөлуге болады:

  • Баяу  инфляция.  Бұл инфляция кезінде бағалар баяу (жылына 10% -тен аз) өседі. Шетел ғалымдарының ойынша, баяу инфляция экономикаға оң әсерін тигізеді, күрделі қаржының өсуіне ықпал етіп, жұмыссыздықтың деңгейін төмендетеді. 
  • Қарқынды инфляция. Бұл инфляция кезінде баға жылдам (жылына 20-дан 200% -ге дейін) өседі.
  • Ұшқыр инфляция. Бұл инфляция кезінде  айналымдағы  ақшаның саны мен баға  өте күрт  жылдамдықпен (500-1000%-дейін) өседі. баға мен жалқының арасы алшақтап бай адамдардың да тұрмыс жағдайы қиындай бастайды.

Инфляция  деңгейі баға индексі  көмегімен  өлшенеді. Ағым  кезіндегі  тұтыну баға индексінен өткен  кезеңдегі  тұтыну баға индексі алынып, өткен  кезеңдегі тұтыну баға индексіне  бөлінеді.

 

Баға

=

ағым  кезіндегі тұтыну баға индексі - өткен кезеңдегі баға

индексі

өткен кезеңдегі тұтыну баға индексі


 

Инфляция  кешенді себептерден туындайды, олардың ең маңыздысы мыналар болып табылады:

  • Мемлекеттік  бюджеттің тапшылығы, яғни шығындардың  түсімдерден асып жатуы. Егер мемлекет мұндай  тапшылықты  ақша  эмиссиясы арқылы  жоятын болса,  айналымдағы ақша  көлемі молаяды.
  • Тауарлар мен қызмет  өндіру көлемінің қысқаруы, тауар тапшылығы.
  • Кейбір өндірушілердің монополиялық жағдайда болуы, яғни олардың өзінің өніміне жоғары баға қою.
  • Өндіріс  шығындарының өсуі, яғни шикізат, материалдар, жалақы шығындарының өсуі.
  • Елдің экономикасының  ашықтығы, оның әлемдік  байланыстарының өсуі инфляцияны  шеттен әкелу қаупін  молайтады.

Инфляция  жұмысшылардың тұрмыс жағдайына  зардапты ықпалын тигізеді. Себебі тауар бағасы бірнеше есе өседі, ал мемлекет жалақыны бұрынғы дәрежесінен  арттырмауына тырысады. Ақшаның құнсыздануы  халықтың тұрмыс деңгейін төмендетуге  әкеп соқтырады. Инфляциядан өндірісте  зардап шегеді. Инфляцияның деңгейінің көретілуіне байланысты еңбекке  деген ынтада бұзылады. Инфляция тауар  тапшылығының басты себебі. Инфляция кезінде өндіріс қарқыны төмендейді, экономикалық өсудің пропорциясы бұзылады, ақша-несие, қаржы және валюта мехинизмі  бүлінеді, елде әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық күшейеді. Инфляция халықаралық  қатынастарды, жұмыс күшін ұдайы  өндіру шарттарын бұзады, экономикалық қылмыстар мен астыртын экономиканын дамуын жеделдетеді.  Инфляцияның  экономикалық және әлеуметтік  зардаптары:

  1. Елдің ұлттық табысы мен байлығы  қоғамның әр түрлі  топтарының арасында қайта  бөліске түседі.
  2. Инфляцияның жоғары қорқынмен өсуі ұзақ мерзімге жоспар  жасауды қиын жолға қояды,  кәсіпкерлердің тәуекелін өсіреді.
  3. Қоғамның саяси  тұрақтылығы бұзылады, әлеуметтік  шиеленісті күшейте түседі.
  4. Ұлттық тауарлардың бәсеке қабілеттілігі төмендейді, экспорт азаяды, жұмыссыздық өседі.
  5. Шетелдің тұрақты валютасына сұраныс өседі, ол капиталдың шет елге ауысуына әкеледі.

Инфляцияға  шалдыққан мемлекеттер  инфляцияға қарсы саясатты  жүргізуге мәжбүр болады. Мемлекеттің инфляцияға қарсы  саясатын экономиканы тұрақтандыру, бағамен жалақыны реттеу, қаржыны  сауықтандыру, ақшаны эмиссиялауды қатал  бақылауға алу сияқты жалпы экономикалық шараларды іске асыру арқылы жүргізеді. Ал аса төтенше жағдайда ақша реформасы  жасалады.

Инфляцияға  қарсы  саясат деген бұл инфляцияны төмендетуге бағытталған мемлекеттік реттеу құралдарының жиынтығы. XX ғ. 60 жылдарынан бастап бағаны тікелей және жанама түрде реттеу мақсатымен барлық экономикаға ортақ шаралар қолданыла бастады.

Тікелей реттеу табыстар саясаты шеңберінде жүргізілді. Табыстар саясатын екі бағытқа бөлуге болады: жалақы мен бағалардың өсу нысандарын белгілеу және осыларға тікелей бақылау жүргізу. Бақылауға заң актілерінің күші тән болады. Жалақы ставкаларының өзгерістері әдетте барлық экономикадағы еңбек өнімділігінің өсу қарқынымен байланысты болады; бағалардың өзгерістері еңбекақыға жұмсалған шығындардың өзгерістерін өтеу үшін жүргізіледі. Осы бағыттың мәні мынада: жалдамалы жұмыскерлердің табыстары тікелей реттеледі, ал пайда – жанама түрде баға арқылы реттеледі. Заң жүзінде бағаның өсуіне шектеудің қойылуы, бағаларын жоғарылату пайдалы болатын тауарлардың көлеңкелі нарығын дамытуы мүмкін. 

Бағаға ықпал  жасаудың жанама әдістеріне монетарлық және фискалдық саясаттың шаралары жатады.

  • мемлекет фискалдық саясат әдістер арқылы жиынтық сұранысты азайтуға тырысады (мемлекеттік сатып алуға және инвестицияларға шек қойып,
  • Ақша  несие саясатын жүргізу (ашық нарықта операция жүргізу, банк пайызын және резервтік норманы өзгерту арқылы).

 

 

12-тақырып. Экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі  фискальдық және қаржы саясатын мемлекеттік реттеу

 

  1. Қаржы жүйесінің мәні.
  2. Мемлекеттік бюджет.
  3. Салық жүйесі.
  4. Мемлекеттің фискалды саясаты.

 

Мақсаты: Мемлекеттің нарықтық жүйедегі орнын және қызметтерін анықтау, экономикалық саясаттың калыптасуының теориялық негіздерін, оның негізгі тетіктерін жан-жақты қарастыру:

Қаржы жүйесінің мәні, мемлекеттік  бюджет, салық жүйесі, мемлекеттің  фискалды саясаты туралы  шолу жүргізу, студентке өзіндік жұмысқа бағыт  беру.

 

Негізігі  түсініктер мен терминдер

 

Бюджет тапшылығы; Сыртқы қарыз; Ішкі қарыз; Мемлекеттік  бюджет; Мемлекеттік  қарыз; Лаффер қисығы; Салық; Салық салу; Қаржы жүйесі; Қаржылар; Фискалды саясат.

 

Дәріс мәнмәтіні

Қаржы – бұл ақша қаражаттарын бөлу және пайдалануға байланысты қатынастардың жүйесі. Ол экономиканың дамуы мен ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етуге бағытталған.

Мемлекеттің қаржысы ақша қаражатынан тұрады. Ол қаражат тұрғындарды  әлеуметтік қамтамасыз етуге, заңдылық пен қоғамдық шаруашылықты басқаруға  жұмсалады.

Мемлекеттік қаржы құрамына:

мемлекеттік бюджет, банктік және мемлекеттік несие, экономиканы  тұрақтандыру қоры, зейнеткерлік, тұрғындарды  жұмыспен қамту қоры, әлеуметтік және медициналық сақтандыру қоры,

валюталық қор, мемлекеттік қоғамдық ұйымдардың қаржысы, мемлекеттік салалық  министрлік пен ведомстваның қорлары  енеді.

Шаруашылық жүйесіндегі  қаржыны (мемлекттік және мемлекеттік емес) – заңды тұлғалардың арасындағы (компания, концерн, холдинг, акционерлік қоғам, ассоциация, трест, бірлестіктердің), заңды тұлғалар мен мемлекет, заңды тұлғалар мен физикалық тұлғалардың арасындағы ақшалай қаржы қатынастары.

Кәсіпорынның  қаржысын (мемлекеттік және мемлекеттік емес) – меншіктегі және қарыз қаржылар, ғылым мен техника қорының ақшалай қаражаты, әлеуметтік-мәдени даму мен материалдық ынталандыру қоры, амортизациялық қор, резервті және сақтандыру қоры енеді.

Тұрғындардың  қаржысы – шаруашылық, еңбек қызметтерінің (жалақы, акция дивиденті, банк салымының пайызы, жер рентасы, т.б.) негізінде, банкте сақталған қаржылардың, зейнеткерлік қордағы ақшалай қаражаты құрайды.

Мемлекеттік қаржылар барлық қаржы жүйесінің басты бөлігін құрады, ал мемлекет қаржыларының жетекші буыны мемлекеттің бюджеті болып табылады. 

Сонымен, қаржы – қоғамдағы  ақша құралдарының қорларын қалыптастыру мен пайдаланудағы жалпы экономикалық қатынастардың жиынтығы. Мұндай қатынастар негізгі субъектілер арасында қалыптасады:

  • мемлекет және оның институттары,
  • компаниялар, кәсіпорындар,
  • үй шаруашылығы.

Қаржы шаруашылығы экономика  мен қоғамдағы мемлекет рөлінің  басым екендігін көрсетеді, яғни қоғамдық құқықтық институттардың қаржы ағыстарын қамтиды.

 

Каржы негізінде  төрт қызмет атқарады:

  1. Бөлу – мемлекет ұлттық табыстың едәуір бөлігін қоғамдық шаруашылыққа, әлеуметтік мәдени шараларға, мемлекетті басқаруға, қорғанысты дамытуға бағыттайды.
  2. Реттеу – мемлекет экономиканы реттеуді салық салу, несие саясаты, әртүрлі экономикалық жеңілдіктер  мен дотация беру кезінде жүзеге асырады.
  3. Ынталандыру – кәсіпорынның экономикалық дамуы әртүрлі қаржылық ынталандырумен жүзеге асады.
  4. Бақылау – бөлінген қаражаттардың мақсатты пайдаланылуын жүйелі түрде тексеру арқылы жүзеге асады.

Информация о работе Курс лекций по "Экономике"