Курс лекций по "Экономике"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 16:00, курс лекций

Описание работы

Экономикалық теория негіздерін оқитын студенттердің алған білімі мен дағдылары келесілерді қамтуы тиіс:
- Экономикалық мәселелерді ғылыми тұрғыда зерттеу кезінде жиналған негізгі теорияық көзқарастарды меңгеру;
- Экономикалық құбылыстардың мәнін жүйелі түсіну, әр түрлі экономикалық жүйелердегі қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму заңдылықтарын білу;
- Шектеулі ресурстар жағдайында нарықтың өзін өзі реттеу механизмдерін білу;
- Экономиканы мемлекеттік реттеу принциптерін білу;
- Қазақстан Республикасының ұлттық мүддесі мен ғаламдану жағдайында әлеуметтік экономикалық дамуының стратегиялық басымдықтарын білу;
- Ақпаратты жүйелеу және бақылай білу.

Содержание работы

Кіріспе
1-тақырып. Экономикалық теорияның орны мен ролі, пәні және әдіс- тәсілдері
2-тақырып. Қоғам дамуының негізгі категориялары: қоғамдық өндіріс және экономикалық жүйе түрлері.
3-тақырып. Экономика дамуының негізгі үлгілері, меншік қатыастары мен экономикалық институттар.
4-тақырып. Қоғамдық шаруашылықтың түрлері. Тауар-ақша қатыастарының дамуы. Нарықтық шаруашылықтың негізгі сипаттамасы.
5-тақырып. Нарық заңдылықтарының негізгі сипаты. Сұраным мен ұсыным теориясының негіздері
6-тақырып. Өндіріс шығындары және фирма табысы
7-тақырып. Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстар
8-тақырып. Кәсіпкерлік іс-әрекет және жеке шаруашылық принциптерінің негізі. Кәсіпорын капиталының ауыспалы айналымы.
9-тақырып. Макроэкономиканың қалыптасу заңдылықтары. Ұлттық экономика жүйе ретінде 10-тақырып. Экономикалық өсу және оның түрлері.
11-тақырып. Экономикалық цикл. Жұмыссыздық пен инфляция.
12-тақырып. Экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі фискалды және қаржы саясатын мемлекеттік реттеу.
13-тақырып. Экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі мемлекеттің ақша-несие саясаты.
14-тақырып. Мемлекеттің әлеуметтік және аймақтық саясаттарының заңдылықтары
15-тақырып. Халықаралық экономикалық қатынастар және сыртқы экономикалық іс-әрекет

Файлы: 1 файл

ЭКОНОМИКА ЛЕКЦИЯ.docx

— 198.22 Кб (Скачать файл)

Рынок (нарық) – бұл ұдайы өндірістің барлық буынында: өндіріс, бөлу, айырбас, тұтыну және сатумен сатып алу арқылы жүзеге асырлатын ұйымдық- экономикалық қатыстардың жүйесі.

Нарықтың  субъектілеріне  жататындар: сатушылар  мен сатып алушылар (үй шаруашылығы, фирмалар, мекемелер мемлекет). Нарық  объектілеріне  жататындар: тауарлар мен ақшалар. Тауарларға  жататындар: өндірілген өнім мен қатар өндіріс  факторлары (еңбек, жер, капитал) мен  көрсетілетін қызметтер.

Нарықтық жүйенің негізгі  белгілірі мыналар:

  • өндіріс құрал жабдықтарының жеке меншіктің қолында болуы;
  • кәсіпкерлік еркіндіктің болуы;
  • экономикалық байланыстарда тек соңғы пайданың көзделуі;
  • экономикалық коньюктураға байланысты нарықтың өзін- өзі реттеуі;
  • өндірушілер жұмысына мемлекет тарапынан мейлінше аз араласу.

Артықшылығы: өзгеретін жағдайларға тез бейімделу және икемделу; шығындарды азайту және пайданы көбейту мақсатымен жаңа технологияларды оперативті қолдану; шешім қабылдауда, келісім жасауда өндірушілер мен тұтынушылардың тәуелсіздігі; әр түрлі қажеттіліктерді керекті мөлшерде және жоғары сапамен қанағаттандыру қабылеті.

Кемшіліктері: нарық еңбек пен табысқа құқықтық кепіл бермейді; қоғамда теңсіздікті туғызады; тауарлар мен қызметтерді ұжымдасқан түрде өндіруге ынта тудырамайды; нарық әлеуметтік қажетті тауарларды өндіруге емес, ол ақшасы бар елдің қажетін қанағаттандыруа бағытталған.

Нарықтың  маңызды элементтеріне нарықтық инфрақұрылым жатады. Нарық тауар биржаларының көтерме және бөлшек саудаларынан құралып, қызмет етуін талап етеді. Нарық экономикасының әрекеттерінің механизмі үш басты принциптерге негізделеді.

  • маржиналық (шекті) талдау
  • балама таңдау шығындарына
  • экономикалық рационалдыққа

Нарық мынадай негізгі қызметтерді  атқарады:

  1. Ақпараттық қызмет; 2. Делдалдық қызмет; 3.Баға белгілеу қызметі ; 4. Реттеушілік қызметі 5. Санациялық қызмет.

Нарық механизмінің негізгі  элементтеріне жататындар: баға, сұраныс пен ұсыныс, бәсеке. Сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасының өзгерістеріне байланысты бағалар қалыптасады.

Бәсеке - нарықта реттеушілік қызметін атқарады. А. Смит – бәсекені нарықтың - «Көрінбейтін қолы» деп атаған. Бәсеке арқылы  нарықтық субъектілері өз пайдасына қарай әрекет етіп, тұтас болғанда қоғам үшін тиімділіктің негізін қалайды. Осы айтылған элементтердің өзара  қатынасы арқылы нарық қалыптасады. Бәсеке – нарық субъектілерінің  пайданы барынша  ұлғайтуға, яғни қойылған мақсатты жүзеге асыру жолында өндірістің аса қолайлы жағдайлары үшін  кәсіпкерлердің өзара күрес қатынастар  ретінде  көрінетін экономикалық жарысы.

Жетілген бәсеке нарығы – кез келген ұқсас (бір-бірін ауыстыратын) тауарларды сататын сатушылар мен сатып алушылардың көптеген құрамынан туады. Бірде бір сатып алушы мен сатушы жеке дара сұранысты, нарыққа тауардың түсуін немесе оның бағасын бақылай алмайды. Сатушы бағаны нарықтық бағадан жоғары қоюға дәрмені жетпейді. Себебі, сатып алушы өзіне қажетті мөлшерде тауарды нарықтық бағамен еркін ала алады. Әрбір сатушы бір ғана тауар өнімін сатады. Бұл нарыққа кіру де шығу да жеңіл.

Жетілмеген бәсеке қандай да тауарлар мен қызмет түрін өндірудегі ерекше өндірушінің пайда болуы. Жетілмеген бәсекенің бірнеше түрлері бар: монополия, олигополия, монополистік бәсеке.

Монополия – ерекше тауардың бір ғана сатушысы, монопсопия – тауарды бір ғана сатып алушының болуы. Сипатына және пайда болу себептеріне байланысты  монополияны бөлуге болады:

  1. Табиғи монополия – сирек кездесетін және  өндірілмейтін өндіріс факторына биіктеу жағдайында пайда болады  (тұтынушыларға – су отын, энергия қуатын, газ беру және т.б. фирмалар).
  2. Жасанды монополия  - фирмалардың бірігу және келісу  нәтижесінде пайда болады.
  3. Кездейсоқ монополия -  өз шеңберіндегі  тұтынушылардың  сұраныстының ұсыныстан уақытша артуы жағдайында пайда болады.

Монополияның пайда болуының басты  себебі- өндірістің және капиталдың шоғырлануы.

Сұраныс пен ұсыныс нарықтық экономиканың ең маңызды элементтері. Сұраныс ақшалай камтамасыз етілген тұтынушының қажеттілігі немесе сұраныс төлем қабілеттілігі бар қажеттілік. Құндық тұрғыдан сұраныс осы қажетті тауарлардың санасын құрайды.

Сұраныс заңы – тауар бағасы мен сұраныс көлемі арасындағы кері қатынастың көрінісі, яғни тауарға баға  төмендегенде  тұтынушы оны көп мөлшерде сатып алады. Егер тауарға баға өссе, оған деген сұраныс азаяды.

Сұраныстың  қисығы – бұл сұраныс заңының графиктегі көрінісі, яғни бұл сызықтағы нүктемелер белгілі бір уақыттағы тұтынушының тауарды қандай бағамен және қанша мөлшерде сатып алатын мүмкіншіліктерін көрсетеді. 7.1. графиктегі  көлденең осьте сұраныс көлемі (Q), ал тікелей осьте (Р) – тауардың бағасы, сұраныстың  қисығы (Д).

Нарықтық  сұраныс көптеген факторлардың әсерімен қалыптасады. Сұранысқа бағадан  басқа да бағасыз факторлар әсерін тигізеді:

  1. Тұтынушылардың  табысы. Табыс өскен сайын  тұтынушылардың сұранысы да өседі.
  2. Тұтынушылардың саны. Тұтынушылар саны молайған сайын  сұраныс та өседі.
  3. Тұтынушылардың талғамы (ұнатуы, ұнатпауы, жаңа үлгідегі  тауарлар)
  4. Бірін бірі  алмастыратын және бірін - бірі  толықтыратын тауарлардың бағаларының өзгеруі.
  • Егерде тауарлар бірін - бірі  толықтыратын болса (автомобиль және бензин), онда бір тауарлардың (автомобиль) бағасының өсуі екінші тауарға (бензин) деген сұраныстың азаюына әкеледі.
  • Егерде  тауарлар бірін - бірі алмастыратын болса (май және маргарин), онда бір тауардың (май) бағасының өсуі екінші тауарға (маргарин) деген сұраныстың  ұлғаюына әкеледі.
  1. Келешектегі өзгерістерді күту: инфляциялық және топшылық жағдайдағы өзгерістер  бүгінгі күндегі сұраныстың өсуіне әкеледі.

 

7.1. графигі  . Сұраныстың қисығы

7.2. графигі. Сұраныс қисығының жылжуы

    Р  

 

 

 

    Р1                         А

 

 

       Ро                                       В

                                                                         D

  

 Р

 

                                       

 

                                                       D1

                                               

                                                     D  

 

                                                 Do

 

                                                 

                                                                          Q

Бағаның өзгеру әсерінен сұраныс  көлемінің өзгеруі сұраныс қисығының  өз бойымен жылжуынан көрінеді.

Бағасыз факторлардың әсері  сұраныстың өзгеруіне әкеледі,ол қисық  сыздықтың орнынан жылжуынан  көрінеді: оңға - жоғары (өсуі); солға  – төменге (азаюы).


Ұсыныс – бұл өндірушінің белгілі бір уақытта, белгілі бір бағамен нарықта сатуға дайындаған тауарларының саны. Ұсыныс заңы – бұл баға  мен сатылатын тауар санының арасындағы тікелей қатынас, яғни тауардың  бағасы өскен сайын оның сатуға дайындаған саны да молаяды (басқа жағдайлар тұрақты болғанда) және де керісінше.

Ұсыныстың қисығы – бұл ұсыныс заңының графиктегі көрінісі, яғни бұл сызықтың нүктелері бағалардың белгілі бір мерзімде  өзгеруінен сатушылардың нарықта қанша тауар ұсынатынан көрсетеді.

Ұсынысқа бағадан басқа да бағасыз  факторлар әсерін тигізеді:

  1. Ресурстардың бағасы. Ресурстар бағасының өсуі ұсыныстың азаюына әкеледі.
  2. Технология. Технологияның жетілдірілуі ұсыныстың өсуіне әкеледі.
  3. Бірін бірі алмастыратын және бірін бірі толықтыратын тауарлардың бағасы.
  4. Келешекте инфляциялық және  тапшылық жағдайлардың  өзгерістерін күту.
  5. Бәсекенің деңгейі
  6. Салықтар және субсидиялар. Салық ставкасының өсуі ұсыныстың азаюына, субсидияның берілуі – ұсыныстың өсуіне әкеледі.
  7. Ұсынысқа  өндірістің даму барысында уақыт аралығы да әсерін тигізеді. Қысқа мерзім кезеңінде  өндіруші ұсыныстың көлемін өзгерте алмайды.

Графикке ұсыныс қисығын салғанда тікелей осьте тауардың бағасы (Р), көлденең осьте ұсыныстың көлемі (S). Қисық сызық шығып келе жатқан бағытта болады.

7.3. графигі. Ұсыныс қисығы

7.4. графигі.. Ұсыныс қисығының жылжуы

    Р                                            

 

                                              S

 

   Р1                                    A       

Р                                             S1

 

                                                       S0           

                                                       

 

                                                          S2

 

 

 

 

                                                              

                                                      Q

Бағаның өзгеруінен ұсыныстың  көлемінің өзгеруі  ұсыныс қисығының  өз бойымен жылжуынан қөрінеді.

Бағасыз факторлардың әсері  ұсыныстың өзгеруіне әкеледі: ол қисық сызықтың орнынан жылжуынан  көрінеді: оңға – төменге (өсуі),  солға – жоғары (азаюы).


 

Баға механизмі және бәсеке арқылы сұраныс пен ұсыныс өзара байланыста болады. Бұл байланыс нарықта тепе-теңдік жағдайы орнауына мүмкіншілік әкеледі. Нарықтағы тепе-теңдік жағдайы сұраныс  пен ұсыныстың  теңдігінде орнайды. Бұл жағдайда теңдік баға мен теңдік көлем қалыптасады.

Теңдік баға – бұл сұраныс пен ұсынысты теңдестіретін, сұраныс пен ұсыныс  қисығының қиылысуы арқылы пайда болған баға.

Егерде нарықтық баға – Р1 теңдік бағадан - Ре төмен болса, нарықта тауардың  тапшылық жағдайы орнайды яғни сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен артады. Егерде нарықтық баға Р2 теңдік бағадан жоғары болса, онда артықшылық орнайды, яғни ұсыныс көлемі сұраныс көлемінен артады.

Сұраныс пен  ұсыныс көптеген факторлардан тәуелді және осы факторлардың өзгеруіне  қарай олар да өзгереді. Икемділіктің мағынасы осындай өзара  өзгерістерден  туындайды.

Икемділік  - бұл белгілі бір фактордың 1% өзгеруіне жауап ретінде сұраныс пен ұсыныстың қанша процентке өзгергенін анықтайтын көрсеткіш. Ол көрсеткіш проценттік өзгеру қатынастарымен анықталады.

Сұраныстың бағалық икемділігі – тауар бағасының 1%  өзгеруі сол тауарға деген сұраныстың қанша процентке өзгеретінін көрсетеді, яғни бұл көрсеткіш сұраныс көлемнің осы тауар бағасының өзгеруіне сезімталдығын анықтау үшін қолданылады.

 

Сұраныстың  табыстық икемділігі – бұл көрсеткіш тұтынушы табысының 1% өзгеруі осы тауарға деген сұраныстың қанша процентке өзгеретінен көрсетеді. Бұл коэффициент тауардың сапалылығын анықтайды.

Бірін - бірі  алмастыратын және толықтыратын тауарлардың  болғандығынан, бір  тауардың  бағасының  өзгеруі екінші тауардың сұраныс  көлемінің өзгеруіне әсер етеді. Бұл байланысты  анықтау үшін сұраныстың қиылысқан икемділігі деген көрсеткіш қолданылады. Бұл көрсеткіш У тауарының бағасы 1% -ке өзгерген кезде Х тауарынан сұраныс көлемі қанша процентке өзгеретінін көрсетеді

Ұсыныстың икемділігі – бұл бағаның 1% -ке өзгеруі ұсыныс  көлемінің қанша %-ке  өзгеретінін анықтайтын көрсеткіш.

 

 

6-тақырып. Өндіріс шығындары және фирма табысы

 

  1. Шығындардың мәні.
  2. Шығындардың түрлері.
  3. Табыс және пайда.

 

Мақсаты: Тауар өндірісінде өндіріс факторларын (еңбек, жер, капитал, кәсіпкерлік қабілеттілігі) сатып алуға шығатын шығындарды талдау қажеттілігін көрсету. Шығындардың нарықта құн формасынан алынған ресурстар шығыны, яғни өнім өндіріп өткізілетін өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі туралы түсіндіру.

 

 Негізгі түсініктер мен терминдер

Өндіріс шығындары; Өзгермелі шығындар; Тұрақты шығындар; Шекті шығындар; Шекті табыс; Пайда; Жалпы табыс; Орташа шығындар; Орташа табыс; Масштаб  эффектісі; Жалпы өнім; Орташа өнім; Шекті өнім.

 

 

Дәріс мәнмәтіні

Тауар өндірісінде  өндіріс факторларын (еңбек, жер, капитал, кәсіпкерлік қабілеттілігі) сатып  алуға шығатын  шығындарды талдау қажеттілігі туындайды. Шығындар - нарықта құн формасынан алынған ресурстар шығындары. Яғни өнім өндіріп өткізілетін өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі.

Өндіріс шығындары ұдайы өндірістің нәтижесі болып табылады. Бұл кәсіпорынның  өндірісте тұтынатын құрал-жабдықтары мен жалақы төлемдерінің шығындарын көрсетеді.

 

Өндіріс  шығындарының классификациясы

  1. Шығындарды есепке алу тәсілдері бойынша:

 

 


             

 

 

 



 

 

Жоғарыда келтірілген схемаға  мынадай тұжырым жасауға болады. Бухгалтерлік шығындар - өнімнің белгілі бір мөлшерін өндіруге нақты жұмсалған өндіріс факторларының шығындары жатады. Онда факторлар сатып алынған бағамен көрсетіледі. Кәсіпорын шығындары бухгалтерлік және статистикалық есеп беруде өнімнің өз құны түрін алады.  

Информация о работе Курс лекций по "Экономике"