Мемлекеттік бюджеттің мәні мен мазмұны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2014 в 11:06, реферат

Описание работы

Жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің айрықша саласын мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілермен және халықпен қалыптасатын каржылық қатынастары құрады. Бұл қатынастарға олардың мемлекет бірден бір қатысушысы болып табылатын бөлгіштік үдерісте пайда болатыны және қоғамдық қажеттіліктерді канағаттандыруға арналған ақшалай қаражаттардың орталықтандырылған қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты екені жалпы тиісті (тән) болып келеді. Қаржылық қатынастардың бұл жиынтығы «мемлекеттік бюджет» ұғымының экономикалық мазмұнын құрады. Бюджет мемлекеттің қажетті атрибуты және оның егемендігінің негізі. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және муниципалдық құрылымдардың ақшалай қаражаттарының қорлары құрылады, бұл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару орғандарының функцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін жасайды.

Файлы: 1 файл

бюджет.docx

— 48.25 Кб (Скачать файл)

Экономикалық қосалқы категория ретінде мемлекеттік бюджет мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорын жасау және оны ұлгаймалы ұдайы өндіріспен қогамдық қажеттіліктерді қанагаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу үдерісінде мемлекетпен қоғамдық өндірістің басқа қатысуиіылары арасында пайда болатын ақшалай қатынастарды білдіреді.

Мемлекеттік бюджет тұтас алғанда мемлекет қаржысының функцияларына сәйкес функцияларды - бөлу және бақылау функцияларын қаржылардын ұдайыөндірістік тұжырымдаманың шеңберінде орындайды. Бұл функциялардың іс-әрекеті, мазмұны, мәні мен маңызы бюджеттік қатынастардың қаралған өзіндік айрықшалығымен айқындалды. Сонымен бірге қаржының және мемлекет қаржысының негізгі буыны ретінде мемлекеттік бюджет бөлгіштік функция шеңберінде: мемлекет қаржысының орналастыру (ресурстарды), қайта бөлу, тұрақтандыру қосалқы функцияларын орындауды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік бюджеітің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны тек экономикалық категория және мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қоры ретінде ғана емес, сонымен бірге негізгі қаржы жоспары, әлеуметтік-экономикалық үдерістерді реттеу механизмінің жиынтық ұғым ретінде қарау керек. Мәселен, мемлекеттік бюджетте коғамдағы барлық экономикалық үдерістер бейнеленетіндіктен, сондай-ак барлық негізгі қаржы институттары - салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттің қарыздары және т.б. өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлереттің негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады. Онда бюджеттің экономикалық мазмұнын құрайтын қайта бөлгіштік үдерістер қарастырылады; 
негізгі қаржы жоспарының кірістері мен шығыстарының айрықшалықты баптары мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорын қалыптастырудың көздері мен қорды пайдалану бағыттарын көрсетеді. Елдің негізгі қаржы жоспары мемлекеттің жоспарлы қызметінің жемісі болып табылады; онда қоғамның барлық мүшелерінің мүдделерін бейнелеп көрсететін мемлекеттің еркі білдірілген. Бюджет нақты кезеңге (әдетте, бір қаржы жылына жасалатын, ал 2009 жылдың 1 каңтарынан бастап бюджет үш жылға жасалады) бюджеттің кірістерін, шығыстарын, орталықтандырылған қаржылық ресурстардың шешуші бөлігінің козғалысын анықтайды. Елдің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері Парламенттің жыл сайын қабылдайтын республикалық бюджет туралы заңына сәйкес сөзсіз орындауға жатады. 
Мемлекеттік бюджет - ұлттық экономиканы басқарудың басты мех низмдерінің бірі. Бюджетке тән құндылықтардың көрінуі, оны бөлу мен бақылаудың құралы ретінде пайдалану мемлекет жасайтын бюджеттік механизмде бейнеленеді. Экономиканы реттеу үшін бюджеттік механизмді пайдалану қоғамдық өндірісті дамытудың карқындары мен үйлесімдеріне эсер ете отырып, мемлекеттің қарамағына түсетін ақшаны оңтайландыру арқылы жүзеге асырылады. Шығындар мен салықтар арқылы бюджет эконо.микамен инвестицияларды реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды құралы болып табылады. Жалпы экономикаға ықпал етудің құралы ретіндегі бюджеттің рөлі осында көрінеді. Ақырында, мемлекеттік бюджет орындалуы міндетті мемлекет заңдарының бірі болып табылады (мысалы, келесі қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң).

ҚР Парламенті 2012-2014 жылдары аралық мемлекеттік бюджет туралы заң жобаны қабылдады

 

АСТАНА, 9 қар – Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстан Мәжілісі (парламенттің төменгі палатасы) Сенат (парламенттің жоғарғы палатасы) енгізген бірқатар өзгертулер және толықтрулармен келісіп, 2012-2014 жылдары аралық мемлекеттік бюджет туралы заң жобаны қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі парламенттен.

Осылайша регламентке сәйкес, заң жобасы қабылданған болып есептеліп, мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.

«Сенат енгізген өзгертулер және толықтрулармен келісулеріңізді ұсынамын», - деп мәлімдеді мәжілістің қаржы комитеті хатшысы Сансызбай Есілов, сәрсенбі күні осы құжат бойынша баяндама жасап.

Бюджет қаржысына қатаң қадағалау қажет

Жұма, 7 қыркүйек 2012 7:54

Президент Жолдауын іске асыруға бөлінген бюджет қаражатын нысаналы және тиімді пайдалану ерекше бақылауда

 
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі еліміздің экономикалық өсуіне жәрдем беру және экономиканың жоғары бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізу мақсатында, мемлекеттік қаржының тұрақтылығы, сенімділігі мен теңдестірілуін қамтамасыз етеді. 
Бюджеттің толық және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Қаржы министрлігі бюджетті жоспарлау мен орындау сапасын арттыру, бюджеттің және мемлекеттік мекемелердің есеп-шоттарының орындалуына қазынашылық қызмет көрсету, мемлекеттік сатып алу үрдістерін оңтайландыру мен тиімділігін арттыру, сонымен қатар мемлекеттік бюджет қаржысын пайдаланған кезде қаржылық бұрмалаушылықтарды ескерту бойынша жұмыстар жүргізеді. 
Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті орталық атқару органының құзыреті шегінде ішкі қаржылық бақылау саласында функцияларды жүзеге асыратын ведомство бола отыра, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджет қаржысын пайдалануға бақылауды жүзеге асырады. Мұнымен бірге, комитет өз қызметінде Президенттің Жолдауын іске асыруға бөлінген бюджет қаржысын нысаналы және тиімді пайдалануға ерекше назар аударады. 
Президенттің Жолдауын іске асыру бойынша Жалпыұлттық жоспарға сәйкес осындай бақылау Бас прокуратура және Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитеті тарапынан да жүргізілетінін атап өту қажет. Өз кезегінде комитет ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында еліміз Президентінің Жолдауын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылатын «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын іске асыруға және «Ақ бұлақ» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына тексерулер ұйымдастырды. 
«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылы бірқатар мемлекеттік органдар қамтылды, соның ішінде, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Білім және ғылым министрлігі (кадр әлеуетін оқыту мен қайта даярлау), Құрылыс және тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі, сонымен қатар жергілікті атқарушы органдар бар. Бақылаумен қамтылған сома 66,6 млрд. теңгені құрады. Бақылау қорытындылары бойынша жалпы сомасы 8,3 млрд. теңгеге бұрмалаушылықтар анықталды. 
Атап айтқанда, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бойынша, оларға жергілікті атқарушы органдармен бөлінген трансферттерді пайдалануды ескере отыра, бақылаумен 11,1 млрд. теңгені қамтыған кезде, бұрмалауар сомасы 2,1 млрд. теңгені құрады. Сонымен, кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға және ауылда кәсіпкерлікті несиелеуге бөлінген қаражат Алматы және Астана қалаларының әкімдіктері үшін 424,5 млн. теңге соманы құрады, іс жүзінде белгіленуі бойынша жұмсалған жоқ, соған байланысты оларды тиімсіз пайдалануға жол берілді, мұнымен қоса, жоғарыда аталған қалалардың әкімдіктері оларды бағдарламаның аталған бағытына қатысудан алып тастайтын болды. 
Жалпы, қаржылық бұрмалаулар нысаналы трансферттерді пайдаланудың тікелей және соңғы қорытындыларына қол жеткізуге нұқсан келтіреді. Мысалы, төмен экономикалық әлеуеті бар елді мекендерден қоныстандыру бойынша көрсеткіштерге қол жеткізілген жоқ, онда жоспар барысында 141 бола отыра, іс жүзінде тек Қызылорда облысынан 1 отбасы (2 адам) қоныстандырылды немесе жоспар аталған көрсеткіш бойынша 1 %-ға ғана орындалды. 
2011 жылы оқытудан өткен адамның жалпы санынан 31 491 адам 2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша барлығы 16 200 адам жұмысқа орналастырылды немесе 51,4%. Бұл бағдарлама шеңберінде оқытылған және қайта оқытылған адамдарды жұмысқа орналастырудың төмен деңгейін көрсетеді. 
Білім және ғылым министрлігі бойынша жүргізілген бақылау барысында жергілікті атқарушы органдарға нысаналы трансферттермен бағытталған 17,9 млрд. теңге қамтылды, мұнымен қоса оларды пайдалану қорытындылары бойынша сомасы 1,7 млрд. теңгеге бұрмалаушылықтар анықталды, оның ішінде бағдарлама қатысушыларын оқытуға қаржыны жоспарлаған кезде жіберілген кемшіліктер есебінен шәкіртақыны төлеуге 1,3 млрд. теңге сомасына шығыстар арттырылған. 
Бұдан басқа, жабдықты алуға бөлінген қаржыны тиімсіз пайдалану, әлеуметтік келісім-шарттардың шарттарын орындамаған қатысушыларды оқытуға бюджет қаржысын негізсіз жұмсау фактілері анықталды, болашақта олардың орны толтырылуы тиіс. Сонымен қатар, жолақыны төлеуге және оқыту жүргізілетін қалаларда тұрған оқушылардың тұруына төлемге анықталған негізсіз шығыстар да бюджетке қайтарылуы тиіс. 
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі бойынша бақылаумен қамтылған 37,6 млрд. теңге сомадан сомасы 4,5 млрд. теңгеге бұрмалаушылықтар анықталды, ол республикалық бюджет табысына өтелуі тиіс. Ол жыл басында пайдаланылмаған нысаналы трансферттердің қалдықтарынан және бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланудан орын алған. 
Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінде 2011-2020 жылдарға «Ақ бұлақ» бағдарламасын іске асыруға бөлінген қаржыны пайдалануға жүргізілген бақылаудан қаржылық бұрмалаулар 331 млн. теңгеге, мемлекеттік сатып алуды жүргізу рәсімін бұрмалаулар 127,1 млн. теңгеге анықталды. 
Іздеу-барлау жұмыстарын орындамау салдарынан тиісті өзара әрекет етуді ұйымдастыру және орталық органдар мен басқа ұйымдар (бағдарламаға қатысушылар) арасындағы іс-қимылды үйлестіруге қатысты жүйелі тәсіл сақталмаған. Бұл «Ақ бұлақ» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға, соның ішінде халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жер асты суларын анағұрлым көп пайдалану, сумен жабдықтау жүйелерін және су бөлу жүйелерін жаңғырту, пайдаланушы кәсіпорындардың тиімді және оңтайлы қызметін қамтамасыз етуге кері әсерін тигізді. 
Соның салдарынан, бақылау кезінде 341 ауылдық елді мекенді жер асты сулары қорларымен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар және 35 кен орнының жер асты суларының барланған кен орындарының қорларын қайта бағалау мақсатында жете барлау бойынша жұмыстар жүргізілген жоқ, соған байланысты 2011 жылы «Ақ бұлақ» мемлекеттік бағдарламасын, сол сияқты Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Стратегиялық жоспарларын іске асыру қорытындыларының көрсеткіштеріне қол жеткізілген жоқ. 
Ауылдық елді мекен жерлерін Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің стратегиялық жоспарында көзделген ауыз су қорларымен қамту пайызы жоспарланған 28,6%-дың орнына 18%-ға, ал ірі елді мекендерді қамтамасыз ету 27,3%-дың орнына 9,2%-ға ғана орындалды. 
Жіберілген ұсыныстардың негізінде анықталған бұрмалаушылықтарды жою, лауазымды адамдарды тәртіптік жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қолданылды, сонымен қатар, осы бағдарламаларды іске асыру бастапқы кезеңде болғанын ескере отыра, Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті атынан, Елбасының тапсырмаларын орындауды жақсарту үшін олардың негізгі іске асырушыларына ұсынымдар жіберілді. 
Бюджет қаржысын пайдаланудың нәтижелілігі мен тиімділігін қамтамасыз ету, оларды тиімсіз пайдалануға жол бермеу мақсатында, ҚМ Қаржылық бақылау комитетінің қызметі бұдан кейін де ішкі мемлекеттік қаржылық бақылаудың тиімділігін арттыру және басқа органдармен тығыз өзара әрекет етумен оны жүргізу әдістерін жетілдіру жолымен бюджет мүдделерін қорғауға бағытталады.

Берік ШОЛПАНҚҰЛОВ,  
Қаржы министрінің орынбасары.

Мемлекеттік бюджет шығындарын 2012 жылы 6,3 трлн. теңгеден 2014 жылы 6,9 трлн. теңгеге дейін ұлғайту жоспарлануда - Қ.Келімбетов

АСТАНА. 20 қыркүйек. ҚазАқпарат - Мемлекеттік бюджет шығындарын 2012 жылы 6,3 трлн. теңгеден 2014 жылы 6,9 трлн. теңгеге дейін ұлғайту жоспарлануда.

Бүгін «Нұр Отан» ХДП парламенттік фракциясының отырысында сөйлеген сөзінде ҚР Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов осылай айтты.

Болжамданған түсімдерді және жоспарланған тапшылықтың төмендеуін ескере отырып, мемлекеттік бюджет шығындарын 2012 жылы 6,3 трлн. теңгеден 2014 жылы 6,9 трлн. теңгеге дейін ұлғайту жоспарлануда. Шығыстарды ЖІӨ-нің 20 пайыз шегінде ұстап тұру экономиканың орнықты өсуі үшін қажет мемлекеттік инвестициялар есебінен негізгі капиталдың жинақталуын және ішкі сұранысын қамтамасыз етеді», - деді ол.

 


Информация о работе Мемлекеттік бюджеттің мәні мен мазмұны