Рынок құрылымы және оның түрлерi

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2013 в 15:15, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасы XXI күрделi өзгерiстермен аяқ басты. Бұл мәселенiң өзектiлiгi әлемдiк экономикалық қауымдастықта елiмiздiң нарықтық бағытта дамушы ел деп танылуымен арта түстi. Себебi Елбасы атап көрсеткенiндей, “мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек”. Сондықтанда болар бүгiнгi күнi экономикалық дамудың тиiмдi жолдарын табу туралы мәселелi сұрақтар кең түрде талқылауға түсiп отыр. Ол үшiн елде тұрақты экономикалық өсу және соны жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк бағдарламалар немесе тиiмдi экономикалық дамуды қолдайтын iс-шаралар керек.

Содержание работы

КIРIСПЕ 3
1 РЫНОК ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ МОНОПОЛИЯЛЫҚ РЫНОК 5
1.1 Рынок құрылымы және оның түрлерi 5
1.2 Монополиялы рынок және оның түрлерi мен ерекшелiктерi 9
2 ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯ ЖӘНЕ ОНДАҒЫ ФИРМАЛАРДЫҢ IС-ӘРЕКЕТI 12
2.1 Табиғи монополия және оның қысқа және ұзақ мерзiмдегi iс-әрекетi 12
2.1 Табиғи монополияны реттеу шаралары 17
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МОНОПОЛИЯ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОҒАМҒА ТИГIЗЕР ОҢ ЖӘНЕ ТЕРIС ЖАҚТАРЫ 20
ҚОРЫТЫНДЫ 23
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 24

Файлы: 1 файл

econ_mat_132.doc

— 149.50 Кб (Скачать файл)

Рынокта монополиялы  рыноктың жалпы қызмет етуiнiң негiзгi шарты монополияда кедергiлердiң  болуы. Бұл көрсеткiштерге келесi жағдайларды  атап өтсек болады. / 2, 16 бет /.

1) Өндiрiстiң басты ресурстарын жалғы фирманың иемденуi. Бұл монополияның пайда болуының ежелгi үлгiсi. Мұнда сирек кездесетiн ресурстарға легальды тосқауылдар қояды, яғни оларға патенттер мен авторлық құқықтар жатады.

Бiрақ мұндай ерекше ресурстар  рынокта болғанымен, бiрақ шын  өмiрде мұндай ресурстық монополиялы рынок өте сирек кездеседi. Олардың әлем бойынша бiрнеше түрлерiн атап өтуге болады. 

Мысалы, Оңтүстiк Африка республикасында әлемдегi алмаз  өндiрiсiнiң 80-85% өндiрiледi және ол өндiрiс  тек қана бiр компанияда, яғни “De Beers” компаниясы 100% өндiрiс көлемiн иемденген. Әрине мұндай ауқымды көлеммен монополист компания әлемдiк алмаз және брилиант бағаларына өзгерiс енгiзе алады. Сондықтан, бұл компания ұлттық экономика деңгейiнде қолдау тауып, оған мемлекет ерекше құқық беру арқылы өз елiнiң әлемдегi рыногының орнын сақтауға тырысады / 2, 318 бет /.

2) Iрi өндiрiстiң басымдығы болуы. Бiр фирманың сол салаға мамандануы соншалық, ол фирманың рыноктағы өндiрiсi максималды тиiмдiлiкте қызмет етуi, яғни бәсекелес фирмаларға қарағанда шығындардың төмен болуы, сапаның жоғарылығы.

Мұндай жағдайда сол фирма рыноктағы  монополист фирмаға айналады. Монополиялық өндiрiсте iрi фирмалардың жұмыс iстеуi тиiмдi, себебi iрi өндiрiстiң шығыны, ұсақ фирмалардың шығындарынан төмен  болады. Яғни, табиғи монополия өнiм өндiру масштабында үнемдi қызмет етуiнен туындайды.

Осы iрi өндiрiстiң басымдылығы болуы  рынок құрылымындағы монополияның ерекше түрi болып табылатын табиғи монополияны қалыптастырады. Табиғи монополия көбiнесе ауқымнан үнемдеу  арқылы пайда болады. Оны 4-шi суреттен көре аламыз / 5, 173 бет /.

 

 Шығындар


 

 

 

АС2

 

 

 

 

АСОрташа жиынтық

                                                                                                   шығын (АС)

 

 

Q2           QӨнiм көлемi

 

 

Сурет-4 – Монополист фирманың ауқымнан үнемдеуi

 

 

Суреттен көретiнiмiз, орташа шығындар қисығы терiс ылдилы көлбеулiк болып  келедi. Бұл жағдайда қандай өнiм  болмасын және оны қанша мөлшерде өндiрмесiн оны бiр ғана фирмада  өндiру тиiмдi болып келедi. Егер бұл  рынокқа басқа бәсекелес фирмалардың  енуi өнiм көлемiн азайтып, орташа жиынтық шығындарды көбейтедi. Монополия үшiн монополист тауарының сұраныс қисығы “D” нарықтық сұраныс қисығымен сәйкес келедi. Әдетте табиғи монополистер болып тұрғын халықты коммуалды қызметпен қамтамасыз ететiн фирмалар жатады. Мысалы, қала iшiндегi жылу берумен қамтамасыз етушi. Яғни, фирма қала тұрғындарының жылуға деген сұранысын қамтамасыз ету үшiн қала iшiнде жылу беру жүйесiн тартады. Ол осы жүйесi арқылы монополсит болып, халықты жылумен қамтамасыз етедi. Егер рынокқа бәсекелес басқа фирма енуi үшiн ол өз алдына жеке жылу жүйесiн жүргiзуi керек, сонымен қатар бiрнеше фирма болса, олардың жалпы орташа шығындары өсу бағытын алады. Сондықтан мұндай салаларда жалғыз фирманың қызмет еткенi тиiмдi.

Өйткенi қоғамның кейбiр  салаларында көптеген кәсiпорындар бiрдей қызмет ете алмайды. Мысалы, ел аумағындағы электр желiсiн алатын болсақ ол табиғи монополия болып табылады, өйткенi бұл рынокқа бәсекелес фирма кiру үшiн ол фирма тағы да бүкiл ел аумағына электр тораптарын жүргiзуге тура келедi, ал бұл өз кезегiнде жалпы қоғамға немесе ұлттық экономикаға зиян шығындарды туғызады.

Бiрақ рыноктық экономикада  қандай-да болмасын монополиялық әрекеттердi өз бетiнше жiбермейдi, оны мемлекет белгiлi бiр деңгейде әр түрлi шаралармен реттеп отырады. Оны экономикада “антимонополиялық саясат” дейдi.

3. Жеке өндiрушiге мемлекет  тарапынан ерекше құқық беру. Бұл көп жағдайда қару-жарақ шығару, елiмiз үшiн маңызды стратегиялық өнiмдер шығару бұл бiр ғана мемлкеттiк немесе жеке фирмада шығарылады.  Егер де шығарылған өнiм инновациялы болып, осы елде алғаш ретшығарылса, оған мемлкет патент және авторлық құқық бередi. Бұл шара сол фирманың өз өнiмдерiн шығарып, оның бәсеке қабiлетiн арттыру үшiн қажеттi / 3,257бет /.

Бәсекелесудiң әдiлетсiз  жүргiзiлуi, оның негiзгi түрi – демпинг – бәсекелесiн ығыстыру мақсатында өнiмдi өзiдiк құнынан төмен бағамен сату. Iрi фирмалар – мүмкiндiгi мол монополистер. Олардың қаржы мүмкiндiктерi де жоғары. Сондықтан да тауарларды өздерiне тиiмсiз бағамен ұзақ уақыт сату арқылы, ұсақ фирмаларды нарықтан ығыстырады. Бұл дегенiмiз рынокты экономикада кәсiпкерлiктiң дамуына керi әсерiн тигiзедi, сондықтан мемлекет тарапынан бәсекенi әдiлетсiз жүргiзу қадағаланады

/ 3, 305 бет /.

Табиғи монополистiң өнiм шығарушы ретiнде негiзгi өндiрiс мақсаты – пайданы ең жоғары деңгейге жеткiзу болып табылады. Монополис тауар бiрлiгiнiң бәрiне бiр баға деңгейiн белгiлейтiн болғандықтан, тауардың бағасы монополистiң орташа түсiмiн көрсетедi. Табиғи монополист өндiрушiнiң пайдасы төмендегiдей формуламен анықталады / 3, 306 бет /.

П = TR – TC = p(Q) * Q – TC(Q) (1)

Мұндағы,  П – монополист пайдасы;

        TR - өндiрушiнiң жалпы түсiмi;

        TC – жалпы шығын;

Q - өнiм көлемi;

Р – баға деңгейi.

Яғни, пайданы барынша көбейту  шарты “MR = MC” болып табылады.

Мұндағы,  MR – шектi түсiм;

MC – шектi шығын / 7, 223 бет /.

Бұдан монополистiң пайдасы  өндiрiстiң шектi шығындары шектi түсiмге  тең болғанда ғана ең көп болатынын  көремiз. 

Табиғи монополист қысқа  мерзiмдi жағдайда  пайданы барынша  көбейту шарты MR=MC болса, онда келесi жағдай орны алады:

                                         МR = Р (1/Е +1) = МС                                               (2)

Бұдан пайданы мейлiнше  көбейту шартын келесi түрде көрсетуге  болады:

                                          Р (1/Е +1) = МС                                                         (3)

Жалпы жағдайда сұраныстың икемдiлiк коэфициентi  Е<0, демек  монополиялық нарықта тауардың бағасы өндiрiстiң  шектi шығынына қарағанда  жоғары болады,  яғни Р  >МС. Пайданы барынша көбейту шартын 5-сурттен көре аламыз. / 1, 325 бет/.   

Суреттен көретiнiмiз  монополиялық нарық бағасы  өндiрiс  көлемi (Qm) мен сұраныс қисығының АR қиылысу нүктесi арқылы анықталады. Яғни монополиялық  баға Pm болып табылады.


        Баға (Р)   MC


                  Р1       


 Рm В АТС


                   

 Р2 А


 

      MR                        AR

                            


                           QQ max Q2  Көлем (Q)

 

Сурет-5 – Табиғи монополистiң пайдасын барынша көбейту шарты

 

Монополиялық бағаны табу  формуласы келесiдей болады  / 5, 195 /.

                                                Р =  МС/ 1+1/Ер                                               (4)

Мұндағы, Р - монополиялық баға;

                            МС – шектi шығындар;

   Ер – сұраныстың бағалық икемдiлiгi  /4, 307бет /.

Сондай-ақ табиғи монополиялы  рыноктағы фирма ылғида экономикалық пайда ала бермейдi. Себебi, егер де сұраныс қисығы AR мен орташа шығын  қисығы ATC бiр-бiн жанау арқылы өтсе, онда фирманың пайдасы нольге тең болады. Егер, фирманың шығындары сұраныс қисығынан жоғары орналасса , онда фирма экономикалық зиян шегедi.

 

 

2.1 Табиғи монополияны  реттеу шаралары

 

Бiзге белгiлi табиғи монополияның туындауы бұл бiр салаға iрi фирманың мамандануы және басқа фирмалардың кiруiнiң артық шығындарды алып келуi болып табылады. Бiрақ осы табиғи монополиялар өзiнiң ерекше қасиеттерiне сүйенiп бағаның жоғары деңгейiн белгiлеуi қоғамдық шығындарға алып келедi. Атап айтқанда осы монополистiң өнiмiн тұтынатын халық зиян шегедi.

Сондықтан монополияларды мемлекет немесе билiк органдары  әр түрлi тәсiлдермен реттеу саясаттарын  жүргiзiп отырады. Яғни, монополиялыны  реттеу саясаттарының тәсiлдерi өздерiнiң  қолданылуына, нарыққа әсер етуiне байланысты келесiдей төрт түрге бөлiнедi:  / 1, 332 бет /.

  1. Монополиялы рынокты бәсекелестiк рынокқа алмастыру;
  2. Монополия жағдайын реттеу;
  3. Жеке меншiк монополияларды мемлекеттiк кәсiпорындарға айналдыру;
  4. Оларға әсер етпеу.

Осы монополияны реттеу саясаттарының iшiнде мемлекеттiң табиғи монополияны реттеуi монополия жағдайын реттеу және жеке меншiк монополистердi мемлекеттiк кәсiпорындарға айналдыру болып табылады.

“Монополия жағдайын реттеу” саясатын мемлекет монополистердiң  тауарларына баға белгiлеу арқылы реттеп отырады. Мысалы, электрмен қамтамасыз ету, су тарату немесежылу беру салалары бағаларын белгiледе мемлекет жетекшiлiк етiп араласып отырады. Баға белгiлегенде мемлекет бағаның шектi шығындарға тен болатын көлемiн белгiлейдi.

Бағаны шектi шығындар арқылы реттеу жүйесi өзiнiң қызмет етуiнде келесiдей тәжiрибелiк мәселеге жолығады. Табиғи монополияның ауқымнан үнемдеу анықтамасы бойынша олардың сұранысының ылдилы болуы себебiнен орта жиынтық шығындардан шектi шығындардың төмен болуы табиғи монополист фирманы зиян шегуге алып келедi. Мұндай кезде монополист фирма өзiнiң қызметiн тоқтатуы да мүмкiн. Ал бұл болса қоғамдық игiлiктердi және монополиялық өнiмдердiң тапшылығын тудырады.

Сондықтан мемлекет бұл  мәселенi шешу үшiн монополистiң шеккен шығындарын өз мойнына алу болып табылады. Оны келесi 6-шы суреттен көре аламыз  / 1, 334 бет /.

 

 


 Баға



 

 

         Орта жиынтық шығындар



Реттелген Шектi шығындар

         баға деңгейi

  Сұраныс

 


                   Өнiм көлемi

 

Сурет-6 – Табиғи монополистiң  өнiмiне шектеулi шығын қағидасы бойынша баға құруы

 

Суреттен көрiп отырғанымыздай монополист фирма мемлкеттiң баға белгiлеуде шектi шығындарға тең  деп алған кезде олардың зиянының пайда болуын көрсетiп тұр. Яғни, табиғи монополист зиянының аумағы суреттегi боялған аумаққа тен. Бұл саяатты мемлекет iске асырғанда осы зияндарды өз мойнына алады. Ал бұл саясаттың тиiмдiлiгi қоғамға тиедi, яғни тұтынушылар үшiн бұл саясат дұрыс болып табылады. Бiздiң елiмiзде осындай табиғи монополияларды мемлекеттiң ретеу арқылы саясат жүргiзуiн көруге болады.

Келесi табиғи монополистi реттеу тәсiлi болып мемлекеттiң жеке меншiк монополист фирмаларды мемлекет иелiгiне өткiзуi болып табылады. Бұл  саясат әсiресе Еуропа елдерiнде жиi кездеседi. Онда мемлекет табиғи монополияға  жататын коммуналдық қызметтердi, яғни телефондар, электр жүйелерi және су құбырларын өз қолына алған. Ал АҚШ-та бұл саясат почталық байланыс саласында қолданылады.

Бiздiң мемлекетiмiзде  табиғи монополияларды реутеу саясаттары елiмiз үшiн маңызды болып табылатын  мұнай және газ саласына, элекетр энергиясына, байланыс салаларында, сирек кездесетiн металдарды өндiруде және маңызды өнiмдер болып табылатын уран өндiрiсiнде iске асуда.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МОНОПОЛИЯ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОҒАМҒА ТИГIЗЕР ОҢ ЖӘНЕ ТЕРIС ЖАҚТАРЫ

 

Елiмiздiң рыноктық экономикаға  өтуне байланысты рынок құрылымдары  күрделене түстi. Олардың iшiнде ұлттық экономикамызда монополиялы  нарықтың да орны ерекше. Елбасымыз атап көрсеткенiндей “мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек” деп атап көрсеттi. Сондай-ақ ұлттық экономиканың тұрақты дамуына және елiмiздiң әлем таныған алдыңғы қатарлы елдер санатына қосылуына ең басты қажеттi саясат ұлттық шаруашлық құрылымының қызмет етуiнiң тиiмдiлiгiн арттыру болып табылады.

Осы  рыноктың  елiмiз  экономикасына тигiзетiн оң және терiс жақтарын атап кетсек. ҚР бойынша  монополиялық жағдайын “Қазақтелеком” ААҚ мысалға алу арқылы зерттедiм. Табиғи монополия “Қазақтелеком” ААҚ ұлттық масштабтағы қалааралық және жергiлiк телефон байланысында қызмет етедi. Ал интернет және жанұялық телефондар, сымсыз байланыс салаларында бәсеке жағдайында iс-әрекетте болып табылады. Ендi осы ұлттық монополист компанияның қалыптасуының ұлттық экономика үшiн тиiмдi жақтарына тоқталатын болсақ:  / 8, 10 бет /.

  1. Мысалға “Қазақтелеком” ААҚ ала отырып, ол компанияның                                                             ұлттық деңгейiнде табиғи монополист болғандықтан  ол өз орнын сақтап қалу және өндiрiс ауқымын кеңейту үшiн халықты қазiргi заманғы байланыс жүйесiмен қамтамасыз ететiн халықаралық стандартқа көшедi;
  2. “Қазақтелеком” ААҚ  монополист болғандықтан ауыл және қала  халқының табысына қарай тиiмдi  баға деңгейiн белгiлеу;
  3. Өз қызметiнде жоғары технологиялық, инновациялық байланыс жүйелерiн  бүкiл ел аумағында қызмет көрсету;
  4. Табиғи монополияға кiрмейтiн интернет және сымыз  байланыс жүйелерiне бәсекелiк ортаны дамыту;
  5. Капитал немесе инвистицияға жол ашу.

Екiншiден, осы рынок құрылымының  терiс жағына келетiн болсақ :

    1. Табиғи монополияның қатаң болуы  экономикада бәсекенi жоққа шығарады;
    2. Монополист бәсекеге төтеп беру үшiн, тарифтiк бағаларды орынсыз өзгертуi мүмкiн.
    3. Монополист әлеуметтiк шығындарға әкелуi мүмкiн / 10, 36 бет/

Мұндай монополиялық фирманың келеңсiз  жақтарын реттеп отыратын антимонополиялық заңымыз бар. Қазақстан ТМД елдерi iшiнде алғашқы болып “Бәсекелестiктi дамыту және монополиялық қызметтi шектеу туралы” 1991 жылы шiлде де заң қабылдады. Осы заң негiзiнде елiмiздегi монополиялық қызметтер, бәсекелестiк ортада туындаған мәселелер реттелiп отырады. Сондай-ақ бұл елiмiз монополиялық қызметтiң кейбiр салаларда болуын да құптап отыр, өйткенi бiздiң елiмiзде маңызы ерекше болып табылатын сирек кездесетiн немесе ерекше ресурстардың көзi бар. Ондай салаларға мемлекет жалғыз компанияның қызмет етуiн қолдайды және оған әр түрлi қызметтер арқылы олардың тек қана iшкi рынокта емес, сонымен қатар әлемдiк рыноктағы бәсекеқабiлетiнiң артуына көмектеседi. Мысалы, елiмiз фосфор өнеркәсiбiнен және кейбiр химиялық элементтер бойынша ресурс көлемi баршылық, осы өндiрiс салаларына монополияның орнап, яғни ресурстардың тиiмдi пайдалануының және байлықтарымыздың шетел компанияларының қолдарына өтiп кетпеуiн қадағалап отыруы керек / 10, 37 бет /.

Информация о работе Рынок құрылымы және оның түрлерi