Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2013 в 15:33, доклад
Сақ тайпалары көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен байланысты. Оның себебі, біріншіден, бұл тұста климат жағдайы өзгеріп, құрғақшылық болып, күн ысып, өзен, көл сулары тартылып, шөп шықпайтын шөлейт жерлер пайда бола бастаған еді. Екіншіден, бұл жерлер бұрынғы теңіздің табаны болғандықтан оның біраз бөлігі құнарсыз, сусыз, сортаң болып келді.
Сақ зергерлері қоладан қанжарлар, оқ жебелері мен сүңгі ұштарын, аттың қайыс әбзелдерін, әшекейлер мен айна, қазандар мен құрбандық ыдыстарын жасаған.
Сауда. Еуразия далаларын сақтар билеген кезде Батыс пен шығысты, Жерорта теңізі мен Қытайды байланыстырған халықаралық өтпелі сауда басталады. Б.з.д. 1 мыңжылдықтың орта кезінде дала жолы пайда болады. Геродот жазуына қарағанда, дала жолы Қаратеңіз өңірімен жүріп, Дон жағалауына сосын Оңтүстік Орал өңіріндегі савроматтар жерінен Ертіс бойына, одан әрі Алтайдағы аргиппейлер еліне жеткен, содан әрі Моңғолия мен Қытайға қарай кететін болған. Осы жолдың бір бөлігі Қазақстан жерімен өтті.
Сақтар қоғамы. Сақ қоғамында халықтың үш тобы болды деген болжам бар. Ол рим тарихшысы Квинт Курций Руф айтқан аңызға сүйеніп айтылады. Бұлар жауынгерлер - сүңгі мен оқ ( "ратайштар-арбада тұрғандар"), абыздар - құрбандық табағы және айрықша бас киімі бар, қауымшыл сақтар, яғни "сегізаяқтар" (соқаға жегетін екі өгізі барлар). Осы үш жіктің өзіне тән дәстүрлі түсі болған. Жауынгерлерге -қызыл, сары-қызыл; абыздарға-ақ; қауымшылдарға-сары мен көк түстер. Сондай-ақ көсемдер мен патшалар да болды. Олар әскери жіктердің өкілдері болды. Гректер оларды басилевс -патша деп атаған. Патшаның белгісі жебелі садақ.
Өнері мен мифологиясы. Сақтар аң стилін Алдыңғы Азия мен Иранға жорық жасаған кезінде қабылдаған. Бұл өнер б.д,д. 7-6 ғасырда қалыптасқан. Аң стилі дегеніміз түрлі жануарлардың бейнелерін дыс-аяққа, киімге, тұрмыс заттарына, түрлі әшекейлерге, қару-жараққа салған. Сақтар күнге, найзағайға, жел-дауылға табынған. Сақтар мифологиясында сәйгүлік ат күнмен, отпен байланысты болған. Дүниені жаратқан көк тәңірісі Митра, жердікі Варуна, жер астыныкі Индира секілді құдайлар болған.
Көне түркі дәуірінің мәдени, әдеби ескерткіштерін сөз етуден бұрын беретін келе қазақ халқын құраған тайпалық бірлестіктерінің тұрмыс- тіршілігі, әлеуметтік өмірі жайында бірер сөз айта кеткен дұрыс. Өйткені “Өз өміріндегі қоғамдық өндірісте адамдар өздерінің дегендеріне қарамайтын, белгілі бір, қажетті қатынастарда - өндірістік қатынастарда болады, бұл қатынастар олардың материалдық өндіргіш күштері дамуының белгілі бір сатысына сай келеді. Осы өндірістік қатынастардың жиынтығы қоғамның экономикалық құрылымы, реалдық базисі болып табылады, осыған келіп заңдық және саяси қондырма орнайды және бұған қоғамдық сананың белгілі бір формалары сай келеді. Материалдық өмірдің өндіріс әдісі жалпы өмірдегі әлеуметтік, саяси және рухани процестерді туғызады. Адамдардың санасы олардың болмысын бейленейді, қайта керісінше, олардың болмасы олардың санасын билейді.
Орта Азия мен қазіргі Қазақстанның кең байтақ даласын алғашқы қауымдық құрылыс тұсында-ақ аңшылық, егіншілік және мал шаруашылығымен айналысатын түрлі тайпалар мекен еткені тарихтан жақсы мәлім. Бұл өлкенің табиғаты, ауа-райы, кен байлығы ежелгі адамның тіршілігіне қолайлы болған. Сонау қола дәуірінің өзінде түрлі тайпаларынан мал өсірушілеодің бөлініп шығуын Ф.Энгельс қоғамдық алғашқы ірі еңбек бөлінісі деп атады.
Біздің заманымыздан
бұрынғы 1-мың жылдықтың бас кезінде-ақ
қазіргі Қазақстан жерінің
Соңғы жылдары Есік маңынан (Алматы облысы) табылған сақ көсемінің киіміндегі алтын өрнектер, сақтардың “Алтын обасынан” (Шымкент облысы) шыққан әшекей-сәндік бұйымдар, Таңбалы тас (Қаратау) мен Саймалташ (Қырғызстан) жартастарына ойып салынған орасан үлкен суреттер сақтардың көркемдік талғамы, бейнелеу өнері, металды өңдеу тәсілі жоғары болғ,анын аңғартады.
Сақтарда бұғы, арқар, арыстан, самұрық құс суретін салу мен олардың бейнесін алтыннан құйып жасау стилінің өзіндік ерекшеліктері бар. Жоғарыда айтылған “Алтын обадан” табылған зергелік-әшекей бұйымдардың кейбір бөлшектері мен суреттерінің өте кіші әрі нәзік етіп жасалғаны сондай, оны тек үлкейткіш шыны арқылы ғана айқын көруге болады.
Қазақ тарихын зерттеген
Қазақ халқын қалыптастырған арғын, қыпшақ, тағы басқа тайпалар ішінде сақ деген атты қолданған рулар да бар. Мысалы, сақтоғалақ, бес-сақ, сақ құлы, бо-сақ, қар-сақ, тағы басқалар. Қазақ халқының арғы тегі болған ежелгі үйсін бірлестігінің құрамында сақ тайпаларының барлығы еліміздің ежелгі жазба деректерінде айқын айтылады. Онда: «Үйсін халқы ішінде сақ тайпалары да, ұлы иозы тайпапары да бар» дейді. Бұл тарихи фактілер қазақтың арғы тегінің бір саласы ежелгі сақ тайпалары екендігін дәлелдейді.
Еліміздің ежелгі
замандағы жылнамалары мен
Ежелгі заманда Орта Азия өңірін мекен еткен сақ тайпалары туралы тарихи деректер сол замандағы парсы және грек авторларының жазба деректерінде сақталған. Ежелгі грек тарихшылары оларды «Азиялық скифтер»деп атаса, парсы тарихшылары оларды «сақтар» деп атаған.
Ахеменид иранның сына жазу текстерінде, онын ішінде накширостемдегі жазуында сақ тайпаларының үш тобы айтылады. Олар: хаомоварға сақтары (хаомо ішімдігін істейтін сақтар), парадария сақтары (теңіздің ар жағындағы сақтар) және тиграхауда сақтары (шошақ төбелі тымақ киетін сақтар) деп аталады. Олар өз заманында Орта Азияның ұлан-байтақ өңірін мекен еткен.
Ол заманда «сақ» немесе «скиф» деген жалпы атпен аталған халықтың ішінде әрқайсысының өзіне тән аты бар көптеген тайпалар болған. Олардың көпшілігі көшпенді мал шаруашылығымен, бір бөлегі егіншілікпен шұғылданған.
Ерте замандағы грек авторларының суреттеуіне қарағанда, олардың көшіп қонатын көлігі екі, төрт, алты дөңгелекті арба, оған екі, үш жұп өгіз, ат немесе түйе жегілген. Осы арба күймесінің сырты сырымен, яки киізбен қапталған. Бұлар шөптің сонысы мен судың тұнығын жүзіп, малдарын оттатып, көшіп жүрген.
Сақтар көшкенде қатын-бала, үй-мүкәмалмен күймелі арбада, қонғанда киіз үйлерде отырған. Олардың қыстауларында кесектен (сабан араласқан балшық ; кірпіштен) там үйлер болған. Мал шаруашылығымен шұғылданған сақтар жылқы, қой, сиыр, түйе өсірген, егіншілікпен шұғылданушылар тары, арпа, бидай еккен. Тіпті мал шаруашылығымен шұғылданушылардың да қыстауларының маңында шағын егіншілігі болған.
Ежелгі грек авторларының деректемелерінде сақтардың бірсыпыра тайпаларының аты аталады. Олар: массагет, яксарт, дай немесе дахи, фарат, көмар, асқатағ, исседон, асси немесе аримасып, сармат, каспи, тағы басқалар.Массагет, яксарт тайпалары: Көк теңіздің (Арал теңізінің) оңтүстік және шығыс солтүстік өңіріне, Сырдарияның оң жақ алқабына орналасқан (ерте заманда Сырдария «Яксарт» деп аталған). Дай немесе дахи тайпасы: Сырдарияның төменгі жағын, Көктеңіздің қолтығын мекендеген. Аби тайпасы: Қаратау бойын, Сырдарияның алқабын қоныстанған. Фарат тайпасы: Талас Алатауын және Қаратаудың солтүстік, шығыс-солтүстік бөлігін мекендеген. Көмар тайпасы: Келес, Шыршық, Ангрен өзендерінің бойларында және Тянь-Шань тауларының батыс сілемдерінде болған. Асқатағ тайпасы: Шу өзені мен Талас өзенінің аралығында, қырғыз Алатауының орта етегінде тұрған. Исседон немесе асси тайпасы: Іле өзені мен Шу өзенінің бойын, оның шығыс жағындағы Тарбағатай тауына дейін созылған алқапты мекендеген. Аримасып тайпасы: исседондардың солтүстік және шығыс солтүстік жағында, Алтайдың батыстағы сілеміне дейінгі жерлерде тұрған. Сармат тайпасы: Каспий теңізінің терістігінде, шығыста Жем өзеніне дейінгі, солтүстік Жайық өзенінің басына дейінгі жерлерде тұрған. Каспий тайпасы: Каспий теңізінің шығыс жағалауын мекендеген. Памир-Алтай тауларының солтүстік шекараларынан бастап, Тянь-Шань тауларын басып өтіп, шығыс солтүстікте Алтайдың батыс сілемдеріне дейінгі, солтүстікке Балқаш көліне және Шу өзенінің аяғына дейінгі, батыста Талас өзенінің оң жағалауына дейінгі жерлерді қоныстанған. Асқатағ, исседон, аримасып сынды сақ тайпалары «тигра хауда сақтары» (шошақ төбелі сақтар) немесе (шошақ төбелі тымақ киетін сақтар) деп аталған. Жетісу алқабы осы «шошақ төбелі сақтардың» орналасқан жерінің орталығы болған. Осы бір бағзы заманның деректемесіндегі «шошақ төбелі сақ» деген атау күні кешеге дейін қазақ халқының өздерін «шошақ төбелі қазақпыз» деп келгенін еріксіз еске түсіреді. Іле өзені мен Шу өзенінің алқабынан Тарбағатай тауына дейінгі жерлерді мекен еткен сақ тайпаларын ежелгі грек авторлары «исседон» яки «асси» деп атаған.
Ежелгі грек тарихшыларының айтуына қарағанда, сақтар өте батыр жауынгер, «қасқа қатал, досқа адал» халық болған. Олар қастасқан жауын аямаған. Соғыста өлтірген жауларының бас сүйегін ішімдік ішетін ыдыс еткен. Жауларының жон терісінен шылбыр жасаған. Олар батыр жауынгерді ардақтап құрмет еткен. Жыл сайын үлкен мерекелер жасалып, бұл мерекедегі ортадағы ортақ ыдыстан тек жауды өлтірген жауынгерлер ғана ішімдік іше алатын болған. Сақ деп аталатын тайпалардың әрқайсысының өз алдына ханы болған. Хандардың әмірі күшті еді. Хан қаза болса, оның өлігін арбаға салып ел аралатқан. Ханның өлігін көргенде бұқара қатты қайғырып, өз құлағын қанатып, шашын жұлып, бетін жыртып, көзін тырнаған. Сол қолын оқпен тесетін болған. Қаза болған хан үлкен қорғандарға жерленген, өлікпен бірге алтын, күміс, ыдыс жабдықтарды және сойылған аттарды бірге көмген. Тіпті ханның ханымы мен қызметкерін де өлтіріп, онымен бірге жерлейтін болған.
Ежелгі заман тарихшыларының деректемелеріне қарағанда, б. ж. с. дейінгі VII-IV ғасырларда сақ тайпалары өз атырабындағы мәдениетті елдермен – Ассириямен, Мидиямен қарым-қатынас жасап отырған. Заманымызға дейінгі VI ғасырда сол замандағы әлемге әйгілі ірі елдердің бірі Парсымен қарым-қатынаста болған.
Сол кездегі ірі тарихи оқиғаларға қатынасып отырған. Заманымызға дейінгі 529-558 жылдарда патшалық еткен Парсы патшасы Кир сақтармен соғыс одағын жасасқан. Ол Лидия патшасы Крезбен соғысқанда сақтардан көмек алған. Бірақ Кир патша бұл одақты місе тұтпай, сақ-массагеттерді кіріптарлыққа түсіру үшін оларға шапқыншылық жасап, жаулап алу жорығын жүргізген.
Осы сәтте сақтар жұмыла аттанып Парсы патшасы Кирдің шапқыншылығына қиянкескі карсылық көрсетіп, оның жорығын жеңіліске ұшыратқан. Осының нәтижесінде Парсы патшасының шапқыншы әскерлері тас-талқан болып, Кир патша соғыста өлген. Осы қиянкескі шайқас жөнінде ежелгі грек тарихшысы Геродот былай дейді: «Массагеттердің әйел патшасы Томирис шайқаста парсыларды жеңгеннең кейін, жарғақ тұлыпка қан толтырып, оның ішіне парсы патшасы Кирдің басын салып, «аңсағаның қан еді, іш енді соны!» деп тұлыпты дарияға лақтырған.
Заманымызға дейінгі 521-486 жылдарда өмір сүрген парсы патшасы Дари 1 сақ тайпаларын өзіне бағындыру үшін үнемі жаулап алу жорығын жасап отырған. Парсы патшасының бұл шапқыншылығына сақ тайпалары ерлікпен қарсы тұрып, қажырлы күрес жүргізген. Б. ж. с. Дейінгі 981 жылы парсы патшасы Дари-1 қалың қолды бастап сақ-массагеттерді жаулап алуға аттанған. Сақтардың кажырлы карсылық көрсетуі нәтижесінде Дари-1 жеңіліске ұшыраған. Осы соғыста туылған таңғажайып оқиғалардың бірін ежелгі грек тарихшысы Полишен былай деп суреттейді: Ширақ деген бір сақ өзінің денесін пышақпен жаралап, парсыларға қашып барып, өзін сақ бастықтарынан зорлық-қорлық көрген етіп көрсетеді. Ширақ өзінің руластарынан кек алатын кісі кейпіне кіріп, парсы әскерлерін оларға бастап барамын деп алдап, адастырып сусыз шөлге апарады. Парсының шапқыншы әскерлері шөлден қырылады. Ақырында Ширақ оларға: «Мен сендерді адастырып, қырғынға ұшыраттым, елімді аман алып қалдым, мен дегеніме жеттім. Енді қолдарыңнан келгендеріңді істей беріңдер!» — дегенді айтып, ерлік көрсетеді.
Б. ж. с. дейінгі VI ғасырдың аяғы,
V ғасырдың басында болған гректер
мен парсылардың соғысында сақ
тайпалары парсылардың
Б. ж, с. дейінгі IV ғасырдың 30 жылдарында македониялық Александр (Ескендр Зұлқарнайын) бастаған грек әскерлері парсы патшасы Дари-111 Кодомонның әскерлерін талқандап, Орта Азияға басып кіріп, Мараканданы (Самарқанды) жаулап алып, Сырдария өңіріне қарай қаптайды. Бұған сақ тайпалары қажырлы карсылық көрсетіп, «жеңілмес жауынгер» атанып келген Александрдың шапқыншы әскерлерін ауыр жеңіліске жолықтырады. «Александрдың жорығы» атты кітапта айтылуына қарағанда, сақтар осы соғыста Александрдың санын садақтың оғымен жаралап өлтірген. Сақ әйелдері қоғамдық өмірдің барлық салаларына, тіпті соғыс шайқастарына да ерлер мен бірдей белсене қатынасып, ерлік көрсетіп отырған. Грек авторы Ктеси: «сақ әйелдері ер-жүрек келеді, соғыс қаупі төнгенде ерлеріне көмек көрсетеді» дейді. Алимент Александр былай деп жазады: «Соғыс ісімен ерлерден кем шүғылданбайтын сармат әйелдерін білемін, ерлермен бірдей садақтан оқ алатын басқа да сақ әйелдерін білемін». Б. ж. с. дейінгі VI ғасырда сақ-массагеттердің Томирис деген әйел патшасы болған.
Сақтар ата-бабаларының
аруақтарына, аспан жыныстарына, планеталарға,
күн көзіне табынған, оған жылқы
сойып құрбандық беретін
Сақтар өлген адамды өте жақсы киім кигізіп жіберген, өлікпен бірге қару-жарақ, тамақ, тағы басқа тұрмысқа керекті заттарды қойған. Кейде оның аты да бірге көмілген. Мұның үстіне топырақтан яки тастан оба үйіліп, оның төңірегіне дөңгелектеп тас калаған. Археологиялық зерттеулер осындай молалардан күміс ыдыс, тарақ, тағы басқа заттарды тапқан. Бұл заттарға аттарды ұстап тұрған көшпенді сақтардын тұрмысын бейнелейтін суреттер салынған екен.
Сақтар өздері тұтынған кұралына: кару-жарақ,ыдыс-аяқ, тағы басқа нәрселеріне малдар мен аңдардың, қошқардың, текенің, аттын, түйенің, қодастың, арыстанның аюдың суреттерін салып әшекейлеген. Қанжардың сабы, қазанның бұты, айылбас, тағы басқа нәрселер әр түрлі хайуандарға ұқсатылып жасалған.
Сақ тайпалары «нүктелі техника» деп аталатын суретшілік әдісі арқылы өздері мекендеген жерлердегі жартастарға аңшылық, малшылық тұрмысты бейнелейтін, жабайы хайуандар мен табиғат күштерін «кие» деп табынатын діни ұғымды білдіретін суреттер салған. Мұндай жартас суреттерінде қайқы мүйіз таутеке бұғы, жылқы сияқты хайуандар жиі кездеседі. Кейбіреулерінде садақ тартып тұрған адам бейнесі де бар. Бұл сияқты жартас суреттері Шинжаңның Алтай, Тянь-Шань, Тарбағатай тауларының барлық жерінен табылады. «