Сак тайпасынын даму жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2013 в 15:33, доклад

Описание работы

Сақ тайпалары көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен байланысты. Оның себебі, біріншіден, бұл тұста климат жағдайы өзгеріп, құрғақшылық болып, күн ысып, өзен, көл сулары тартылып, шөп шықпайтын шөлейт жерлер пайда бола бастаған еді. Екіншіден, бұл жерлер бұрынғы теңіздің табаны болғандықтан оның біраз бөлігі құнарсыз, сусыз, сортаң болып келді.

Файлы: 1 файл

сак тайпасы.docx

— 43.56 Кб (Скачать файл)

1969-1970 жылдары Алматы қаласынан  50 шақырым жердегі Есік өзенінің  сол жақ жағалауындағы Есік  обасынан ежелгі замандағы Жетісу  сақтарының экономикалық өмірі мен өнер-мәдениетін бейнелейтін мол мұра табылған. Бұл қабырға басын батысқа беріп шалқасынан жатқан 17-18 жастағы сақ жауынгері жерленген.

Ол басына 200-ден астам  алтын әшекеймен безендірілген шошақ төбелі биік (65-70 см) тымақ киген. Бұлардың көбі барыстың, таутекенің, арқардың, аттың, құстың кескінімен өрнектелген. Бас киімнің маңдай жағы теке мүйізді қос аттың мүсінімен және ұзын екі қос жапырақпен, басқа да бедерлі шеттікпен безендірілген. Мойнына таққан бұралған алтын алқаның ұшында жолбарыс бастары бедерленген. Оның сыртына киген қызыл былғары бешпеті үш мыңға жуық алтын әшекеймен безендірілген. Оның ішінен матадан тоқылған ішкөйлек киген.

Беліне кесек алтынмен әшекейленген қайыс белбеу буынып, оң жағына ұзын темір семсер, сол жағына алтынмен әдемілеп апталған темір қанжар асынған. Бұл қабірден 30-дай ыдыс шыққан. Олардың ішіндегі күміс зеренің сыртына 26 әріптен құралған екі жол жазу жазылған. Бұл жазу «Есік жазуы» деп аталған. Зерттеген ғалымдардың айтуынша, «Есік жазуы осы уақытқа дейін ғылымға белгісіз жазумен (таңбалармен) жазылған. Есік жазуы ерте замандағы Қазақстан тұрғындары бұдан 2300-2500 жыл бұрын жазу таңбаларын жасап, оларды пайдалана білгенін көрсетеді.

1983 жылы Іле Қазақ автономиялы  облысының Күнес ауданындағы  бір моладан шошақ төбелі тымақ киген сақтың қоладан құйылған мүсіні табылды. Бұлардың бәрі, көшпелі сақ тайпаларыныңәлеуметтік-экономикалықөмірі мен мәдениетінің даму дәрежесін бейнелейді.

Есік обасынан табылған «Есік  жазуының» жұмбағы әлі шешілген жоқ. Сақ тайпаларының өз заманында  қай тілде сөйлегені бізге  беймәлім. Олардың тілі жөнінде нақтылы  дерек жоқ. Тек ерте заманда жұңғо, грек, парсы тарихшылары жазған деректердегі жалқы есімдер, ру-тайпа аттары, жер  аттары және адам аттары ғана біздің заманымызға жетіп отыр. Осындай тіл материалдарын талдау арқылы «Қазақстан территориясын біздің заманымыздан бұрынғы VI-IV ғасырларда мекендеген сақ тайпаларыныңсолтүстік тобы түркі тілдес болған да, оңтүстік тобы иран тілінде болған» деген болжам айтылады.

Қазіргі қазақ тіліне араб-парсы тілінен кірген көптеген сөздер бар. Бұлардың ішінде араб тілінен кірген сөздерді айыра тану оңай. Ал, парсы тілінен кірген сөздердің көбі мүлде танылмайтын дәрежеде сіңісіп кеткен.

Парсы тілінен қазақ тіліне тек атау сөздер ғана емес, бірсыпыра  жұрнақтар да ауысқан. Олар араб-парсы  тілінен ауысқан сөздермен қатар  байырғы қазақ сөздеріне де жалғанып, жаңа мағына тудыра береді. Мысалы, «нар» (кер, гер, қар), «фар» (фаз),«нама» (дама, деме), «хана» (қана) жұрнақтары арқылы талапкер, жауапкер, жауынгер, қамшыгер, айлакер, сотқар, қиқар, әсемпаз, өнерпаз, аспаз, дауылпаз, жарнама, мазмұндама, мәлімдеме, жатақхана, аурухана, т. б. Сөздер жасалған. Әсіресе, түркі тілінде жоқ сөз алды косымшаларының қазақ тіліне енуі ерекше назар аударады. Парсы (иран) тіліндегі сөз алды болымсыздық жұрнағы «бай» мен «на», араб-парсы тілінен еңген кірме сөздерге де, қазақтың төл сөздеріне де жалғана береді.

Мысалы, бейбақ, бейғам, бейбастық, бейшара, бейтаныс, беймаза, бейтарап, бейсауат, намалыш, нахақ, неғайбіл, нарау, нақұрыс, нәдүріс, найынсап, наразы, нашар, т.б. қосымшалардың, әсіресе қазақ тілінің заңдылығына жат сөз алды косымшаларының ауысуы әдетте бола бермейтін кұбылыс. Сірә, бұлар тым ерте заманда қазақ халқының құрамына косылған иран тілдес тайпалардың тілі арқылы қазақ тіліне енсе керек. Тілдің тоғысуы нәтижесінде иран тілінің сөздік құрамындағы бірқыдыру сөздер мен кейбір грамматикалық формалар қазақ тіліне сіңіп, сақталып калған болуы мүмкін. Бұл құбылыстарды жоғарыда айтылған сақ тайпаларының тілімен байланыстыра қараған жөн сияқты.

Б. ж. с. дейінгі II ғасырда  һұндердің жасаған жорығынан  жеңіліп, Чиланшан тауы мен Дүнхуаң аралығынан батысқа қарай қоныс аударған ұлы иозылар бұдан бұрын Іле алқабы мен Жетісу өңірін мекендеген сақтарға келіп тиісіп, бұл өңірді басып алды. Сақтардың патшасы оңтүстікке қарай қашты.

Сақ тайпаларының одағы ыдырап, әлденеше елге сіңісіп кетті. Олардың бір бөлегі өздерінің бұрынғы қоныстарында қалып қойды. Бұдан соң шығыс жақтан келген үйсіндер ұлы иозылерді талкандап, Іле алқабы мен Жетісу өңірін жаулап алды да, ұлы иозылерді Амудария алабына қарай ығыстырды. Сөйтіп, сақ тайпалары мен ұлы иозы тайпаларының бұл өңірде қалған бөлегі үйсін бірлестігінің құрамына қосылды.

Осы мезгілде бұрынғы сақ  тайпалары мекендеген өңірде үш ірі тайпалық одақ, үйсіндердің, қаңлылардың және алаңдардың тайпалық одақтары жарыққа шықты. Бұл өңірлерде қалған сақ тайпалары осы одақтарға қатынасып, солардың атымен аталатын болды. 


Информация о работе Сак тайпасынын даму жолдары