Саяси партиялардың пайда болуы, мәні, белгілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Апреля 2014 в 23:08, контрольная работа

Описание работы

Елімізде демократиялық қоғам және құқықтық мемлекет құру кезеңінде саяси партиялардың тиімді қызмет атқаруы үшін құқылық базаларын қалыптастыру ерекше маңызды. Қазіргі уақытта республикамызда заңда белгіленген тәртіппен тіргелген 15-ке тарта саяси партия бар. Отан, социалистік партия, Қазақстан халық конгресс партиясы, Демократиялық партия және Қазақстан халық бірлігі партиясы. Бұлардың қызметтері қоғамдық бірлестіктер жөніндегі арнаулы заң қабылдау қажеттілігі де туындап отыр. Осыған байланысты бірқатар шетелдік саяси партияларға қатысты тәжірибелерді қарастырып көрелік.

Файлы: 1 файл

саяси партиялар.docx

— 50.69 Кб (Скачать файл)

Кіріспе

 

Қазақстан өз дамуының жаңа белестерін бастан кешіріп жатыр. Саяси партиялардың құрылуы-мемлекеттің саяси институттарының нығая түскендігінің белгісі. Партиялық құрылымдардың қалыптасуының кәсіби кезеңі басталды. Мұның мемлекет үшін қажеттігі бар. Қазақстанда бүкіл қоғамдық институттар орнығып жатыр. Демек оның іргетасы әлдеқайда сенімді болмақ.

Елімізде демократиялық қоғам және құқықтық мемлекет құру кезеңінде саяси партиялардың тиімді қызмет атқаруы үшін құқылық базаларын қалыптастыру ерекше маңызды. Қазіргі уақытта республикамызда заңда белгіленген тәртіппен тіргелген 15-ке тарта саяси партия бар. Отан, социалистік партия, Қазақстан халық конгресс партиясы, Демократиялық партия және Қазақстан халық бірлігі партиясы. Бұлардың қызметтері қоғамдық бірлестіктер жөніндегі арнаулы заң қабылдау қажеттілігі де туындап отыр. Осыған байланысты бірқатар шетелдік саяси партияларға қатысты тәжірибелерді қарастырып көрелік.

Шетелдерде конституциялық (мемлекеттік) құқық ғылымындағы саяси партияның түсінігі мынадай: саяси партия- мемлекеттік өкіметті иеленуді мақсат тұтатын, немесе оны жүзеге асыруға шешуші ықпал жасауға тырысатын, ортақ мүддеге біріккен, қоғамның белсенді, әрі ұйымдасқан бөлігі болып табылады.

Саяси партиялар осы терминнің қазіргі ұғымында алғаш рет Еуропада пайда болды. Сонда буржуазиялық революцияларымен тығыз байланыста сайланбалы өкілдер арқылы жүзеге асырылған халық өкіметі жүйесі-халықтық өкілдер құрылған болатын.  Әрі қоғам екіге жарылып, әлеуметтік қайшылықтар тереңдеп, мемлекеттің саяси өміріне бұқараның белсенді араласуы партия рөлін арттырып, өз кезегінде партиялар демократиялық мемлекеттің негізгі саяси тұлғасына әрі ажырамас бөлігіне айнала бастайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Саяси партиялардың пайда болуы, мәні, белгілері

 

 

Қазіргі типтегі саяси партиялар мен партиялық жүйелердің  қалыптасу  кезеңі XVI-XVII ғасырларда Еуропада болған буржуазиялық революциялар дәуірімен тікелей байланысты. Тек XX ғасырдың соңғы жылдарында олар саяси күресте шыңдалған, басқару жағынан мол тәжірибесі бар әр түрлі әлеуметтік топтардың сыннан өткен нағыз саяси партиясына айналды.

"Партия" деген сөз  латын тілінен шыққан. бөлу, бөлшек  деген мағынаны білдіреді. Тұңғыш, алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грекияда пайда болған. Бірақ олардың мүшелері аз, шамалы, дұрыстап ұйымдаспаған. Сондықтан мұндай шағын топтардың айтарлықтай маңызы болмады.

Қазіргідей нағыз саяси партиялар Еуропада XIX ғасырдың екінші жартысында пайда бола бастаған. Жалпыға бірдей сайлау құқығының енгізілуі бұқара халықтың саясатқа қатысу мүмкіндігін тудырады. Жұмысшылар ұйымдасып, парламентте өз мүдделерін қорғайтын партиялар құрыла бастады. Партия бірден көпшілік партияға айналған жоқ. Немістің көрнекті саясаттанушысы Макс Вебер саяси партиялардың дамуында мынандай кезеңдерді көрсетті:

1. Аристократиялық үйірмелер.

2. Саяси клубтар.

3. Көпшілік партиялар.

Мұнда аристократиялық үйірмелер жер иелерінің мақсатын қорғаса, саяси клубтар буржуазияның мүддесін корғады. Ал көпшілік партия үнемі көпшілікпен байланысты болады. Барынша өз қатарына көбірек адамдарды тартады. Бұл кезеңдерді тек Ұлыбританияның либералдық (виги) және консервативтік (тори) партиялары ғана басынан өткізген. Басқа партиялар әр түрлі даму жолдарынан өткен. Біразы бірден көпшілік партияға айналды.

Тұңғыш көпшілік партия болып 1861 жылы Ұлыбританияның либералдық партиясы құрылды. Одан кейін Германияда 1863 жылы жалпы Германияның жұмысшы Одағы партиясы құрылды. Мұндай партиялар басқа да елдерде құрыла бастады.

Американың саясаттанушысы Ла Паломбараның айтуынша партиялар мынадай 4 белгімен сипатталады:

1.  Партия белгілі  бір идеологияны қорғайды;

2. Партия - адамдарды жергілікті ұйымнан бастап, халықаралық дәрежеге дейін ұзақ біріктіретін ұйым.

3.  Партияның мақсаты - билікті колға алып. жүзеге асыру:

4. Әр партия өзіне халықтың  дауыс беруінен. Мүше болуына дейінгі колдауын қамтамасыз еткісі келеді.

Партиялардың өмір сүру ұзактығы дау-жанжалдардын тууы мен оларды шешу қажеттігінен туады. Жалпы саяси партиялардың. мынандай сипатты белгілері болады:

1. Партия бағдарламасынын  болуы;

2. Саяси билік үшін  күрестің болуы:

3.  Партиялық тәртіптің болуы:

4. Партияға мүшелік ету;

5. Мүшелік жарна төлеу;

6. Партияның  жарғысының  болуы:

7. Баспа органдарының, болуы;

8. Партия басшылығының  көптеген өкілеттігі;

9. Кәсіптік негіздегі партия аппаратының болуы. Осындай белгілері бар саяси партиялар тапты немесе әлеуметтік топты ұйымдастырады, жұмысына мақсаттылық-сипат береді, белгілі бір идеологияны қорғайды, бағыт береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Саяси партиялардың негізгі қызметтері

 

Поляктың саясаттанушысы А. Боднардың ойынша, қазіргі қоғамда саяси партиялар мынадай қызметтер атқарады:

1. Саяси идеология мен  саяси ілімдерді жасау;

2. Қоғамның ірі топтарының мақсат-мүдделерін анықтау

3. Олардың белсенділігін  арттырып, жинақтау;

4.  Мемлекеттік билікті  іске асыруға қатынасу;

5. Қоғамдық пікірді қалыптастыру;

6.  Жалпы коғамды. топты  саяси тәрбиелеу:

7.  Саяси жүйелерді, онын  принциптерін, элементтерін. күрылымдарын  калыптастыруға қ атысу;

8. Мемлекетте билік үшін күреске қатынасу және онын жұмысының  бағдарламасын жасау;

9. Мемлекеттін, кәсіподактарының, коғамдық ұйымдарының аппараты үшін кадрлар даярлау, ұсыну.

Қазіргі  демократиялық қоғамдағы партияның маңызды міндеті  азаматтық қоғам мен мемлекеттің арасындағы байланысты баянды ету. Партиялар арқылы әр түрлі әлеуметтік топтар өздерінің саяси талаптарын мәлімдейді. Бұрынғы әлеуметтік-экономикалық саясатты одан әрі жүргізу немесе оны өзгерту керектігі жөнінде өздерінің көзқарастарын білдіреді.

Сонымен саяси партиялардың негізгі қызметтері төмендегідей:

Теориялық:

Қоғам дамуының, негізгі салалары бойынша жәңе оның даму жолдарын талдап, теориялық жағынан бағалау. Әр түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін анықтап үйлестіру. Қоғамды жаңартудын стратегиясы мен тәсілін тұжырымдап бұқараны қимыл бірлігіне теориялык жағынан әзірлеу.

Идеологиялық:

Еңбекші бұқара арасында өз көзқарасын, ізгі мұраттарды тарату, оны іскерлікпен ұштастыру. Өз бағдарламасы мен саясатын насихаттау. Азаматтардың түбегейлі мүдделерін ескере отырып өз бағытын қолдауға жұмылдыру және партия қатарына тарту.

Қорыта келе, партия деп - мемлекеттік билікті колға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құралған адамдардың ерікті одағын айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Саяси партиялардың жіктелуі, түрлері

 

 

Саяси партияларды жіктеп. жүйелеудің көтеген өлшем және белгілері бар.

Француз ғалымы М.Дюверже сайлаушылар мен белсенділер санына қарай екіге бөлген:

Кадрлық:

Сайлаушылардың 10 пайызы ғана болатын мүше саны аз, ұйымдастырушылық жағынан жоғары деңгейде. Әр мүшесінің партиялық билеті бар. Мүшелік жарна төлейді. Жарғысын мүлтіксіз орындайды. ГФР-дің Христиандық-демократиялық одағы, Жапония либералдық-демократиялық партиясы, Француз коммунистік партиясы.

Бұқаралық

Сайлаушылары көп, мүшелері, белсенділері де көп. Партиялық билеті жоқ мүшелік жарна төлемейді. Мысалы: Ұлыбританияның Лейбористер партиясы АҚШ-тың республикалык және демократиялық партиялары.

Сайлаушылар партиясы - бұл партияның, негізгі мақсаты үміткердің сайлау алдындағы науқанын ұйымдастыру: қаржы жинау, үгіт жүргізу, т.с.с. Мұнда тұрақты мүшелік жоқ ұйымдық құрылым жоқ.

Парламенттік партия - екі қызмет атқарады: парламентке бақылау жасайды, сайлауға дайындалады.

Авангардтық партия - орталықтанған өзінің барлық мүшелерінен партиянын жұмысына белсенді катынасуын талап етеді.

Қауымдастық партиясы - ортак көзкарас, ұқсас мүдделеріне орай маңызды мәселелерді талқылау үшін біріктіріледі.

Коммунистік партиялар — К.Маркстің ілімін басшылыққа алады. Тапсыз, меншіктің жеке түрі жоқ қоғам мүддесін қорғайды.

Социал-демократиялық партиялар - бұл партиялар үнемі еңбекші халыктың мүддесіне сай қоғамды реформалап отырады. Негізгі құндылықтары: әділеттілік, бостандық, теңдік, ынтымақтастық.

Буржуазиялық-демократиялық — билік үшін ашық күрес жүргізеді. Үкіметке жалпыға бірдей сайлау арқылы жетеді. Заң алдында бәрінің, де тең болғанын қалайды.

Консервативтік партиялар - ірі буржуазияның мүддесін қорғайды. Тенсіздікті сақтағысы келеді.

Фашистік партиялар - адам құқықтары мен бостанықтары шектеледі. Ұлтшылдықты уағыздайды. Жеке мүддеден мемлекеттік мүдде жоғары тұрады. Күштеу басым болады.

Билеуші партиялар - билік қолға жеткен соң, қоғам дамуының басты бағыттары мен сипатын айқындауға мүмкіндік туады. Яғни, басқа партиялардың үстінен билік жүргізеді.

Оппозициялық партиялар - олар басқарушы партияның саясатын сын көзбен бағалайды. Қарсыластық қасиет тән.

Ресми партия - жұмысын ашық жүргізеді. Қоғамдық саяси өмірге қатынасуына заң жүзінде рұқсат етіледі. Мемлекеттік тіркеуден өтеді.

Жартылай ресми партия - формалды түрде рұқсат етілген, кейбір жұмысына шек қойылған.

Құпия партиялар - заң бойынша тыйым салынған, жұмысын жасырын жүргізеді

Бірпартиялық - өзінен баска партияның болғанын қаламайды. Мұндай партия тоталитарлық және авторитарлық коғамға тән. Мысалы: бұрынғы КСРО-дағы коммунистік партия.

Екіпартиялық - мұнда нағыз бәсекелестік ірі екі партия арасында болады. Жалпы сайлау арқылы үкімет басына келеді. Үнемі бір-бірін сынға алып отырады. Мысалы: АҚШ-тағы республикалық және демократиялық партиялары. Ұлыбританиядағы консерваторлар мен лейбористер партиялары, Германиядағы христиандық демократтар мен социал-демократтар.

Көппартиялылық - мүнда үш немесе одан да көп партиялар болады. Саяси мәселелер жан-жақты қаралады, бюрократияға тежеу салынады. Билік басына нағыз дарынды адамдардың келуіне мүмкіндік туады. Мысалы: қазіргі Қазақстан Республикасы. Мемлекеттік билікті жүзеге асыру үшін партиялар коалиция құруы мүмкін.

Коалиция деп жалпы мақсатқа жету үшін партиялардың жасаған бірлігін айтады. Мынандай түрлері бар:

Парламентке қатысатын партиялардың, ешқайсысы өз алдына бөлек басқара алмаған уақытта құралған көппартиялық коалиция;

2. Екіпартия бірігіп үкіметті баскара алатындай уақытта құрылатын екіпартиялық коалиция:

3.  Билік үшін бәсеке  екі партия одағының арасында  болса, екі блоктық коалиция болады;

4.  Егер дербес партия ұзақ уақыт билік етсе оны басымдық коалициясы дейді.

Барлық саяси партияларын жұмысы Конституцияға қайшы болмауы керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Қазақстандағы көппартиялылық

 

 

Қазақстанда ең алғаш Ә.Бөкейхановтың бастауымен 1905 жылы желтоқсанда Орал қаласында өкілдер съезі шақырылып, кадет партиясының бөлімі (филиалы) кұрылды. Ол ешқандай мәселені шешпеді. Қазақтардың, өзін-өзі билеуі немесе автономиясы туралы сөз де болған жоқ.

1917 жылы 21 қазанда Қазақ газетінде Алаш партиясының бағдарламасын басып шығарды. Онда: Ресей демократиялық федеративтік  республика, ал оған кіретін мемлекеттер тәуелсіз болуы керек: мұндағы мемлекеттер дініне, шыққан тегіне, жынысына қарамай бәрі де тең, ақысыз білім алуы, басқарушылар жергілікті халықтын тілін білуі керек, т.с.с. жазылған.

1917 жылы желтоқсанда Орынборда  жалпы қазақтың екінші съезі  шакырылып. "Алашорда" үкіметінің құрылғандығын хабарлады. Басшысы Ә. Бөкейханов болып сайланды. 1918 жылы қарашада Алашорда үкіметі кеңес әскерлерінің, күшімен талқандалды. "Алаш" партиясының басшылары қуғын-сүргінге ұшырады.

1917 жылы күзде "Үш жүз" деген партия құрылды. Оның басшысы  Қ. Тоғысов болды. Ал Кеңес үкіметі уақытында жалғыз басқарушы партия СОКП болды.

1986 жылы желтоқсан көтерісінен кейін, "Желтоқсан" партиясы дүниеге келді.

Қазіргі кездегі негізгі мәселе - республикамызда тәуелсіз әлеуметтік бағыт алған, демократиялық, құқықтық.мемлекет құру. Барлық партия оған келіседі, тек қандай әдіс-тәсілдер, құралдар колдану керек.

Республикадағы барлық партиялар өздерінің бағдарламаларында демократиялык құндылықтарды жақтайтындығын, нарықтық-экономикаға тырысатындығын білдіріп, азаматтық келісім мен тұрақтылық болғанын қалайтындықтарын  білдіреді.

Қазақстанда партиялар саны өсуде.

 Казақстан социалистік партиясы (ҚСП)

 Республиканың саяси  өмірінде бұл партия 1991 жылы 7 қыркүйекте пайда болды. Қазақстан Компартиясының кезектен тыс съезі өзін Қазақстанның социалистік партиясы деп атау жөнінде шешім қабылдады.

Информация о работе Саяси партиялардың пайда болуы, мәні, белгілері