Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Апреля 2014 в 23:08, контрольная работа
Елімізде демократиялық қоғам және құқықтық мемлекет құру кезеңінде саяси партиялардың тиімді қызмет атқаруы үшін құқылық базаларын қалыптастыру ерекше маңызды. Қазіргі уақытта республикамызда заңда белгіленген тәртіппен тіргелген 15-ке тарта саяси партия бар. Отан, социалистік партия, Қазақстан халық конгресс партиясы, Демократиялық партия және Қазақстан халық бірлігі партиясы. Бұлардың қызметтері қоғамдық бірлестіктер жөніндегі арнаулы заң қабылдау қажеттілігі де туындап отыр. Осыған байланысты бірқатар шетелдік саяси партияларға қатысты тәжірибелерді қарастырып көрелік.
"Қазақстанның демократиялық таңдауы" халықтың партиясы
21 ақпан 2004 жылы бұл партияның құрылтай съезі Алматы қаласында "Анкара" қонақ үйінде өтті.Оған КТД-ның 1200 мүшесі атынан сайланған 167 өкіл қатысты. Құрылтайда ұйымдастыру комитетінің төрағасы Асылбек Кожахметов баяндама жасады. Халықтық партия Қазақстанның саяси билік жүйесіне түбегейлі өзгерістер енгізу арқылы онын демократия жолына біржолата түсуін камтамасыз етуді басты максат етіп койып отыр. Ғалымжан Жакиянов бірауыздан партияның лидері болып танылды. Құрамы 33 адамнан тұратын Саяси кеңес пен құрамы 7 адамнан тұратын Саяси кенес Төралкасы сайланды. Осы кұрылтай съезінде партия Саяси Кеңесінің тәрағасы болып Асылбек Қожахметов сайланды.
"Қазақстан әйелдері ұйымдарының саяси бірлестігі" партиясы
1999 жылы маусым айында кұрылтай съезін өткізді. Осы жылы 11 тамызда Әділет министрлігінен тіркеуден өткен. Негізгі мақсаты Қазақстан әйелдерінің саяси, экономикалык, әлеуметтік және мәдени құқықтары мен бостандықтарын корғау және жүзеге асыру деп жариялады. Бұлар Аграрлық партиямен бірігіп партиялық тізіммен Парламент Мәжілісіне сайлауға қатысты. Партия жетекшісі Раушан Бергибайқызы Сарсембаева.
Қазақстанның "Патриоттар" партиясы (ҚАП)
Басқарушысы - Ғани Есенгелдіұлы Қасымов. Мәжіліс депутаты, бұрынғы Кеден комитетінің төрағасы, генерал. Партия 2000 жылы 1 шілдеде өзінің қүрылтай съезін шақырып, өмірге келгенін жариялады. 2003 жылы 21 наурызда Әділет министрлігінен қайта тіркеуден өтті. Құрамында 51188 мүше бар. Олар Қазақ ұлтының топтасып бірігуіне, олардын Отанды сүюшілік сезімдерін қалыптастыруға ат салысатындыктарын, оны рухани тәрбие арқылы іске асыратындықтарын жариялады. Партия жетекшілері казіргі саяси билікті сынаудан бас тартатындықтарын білдіргенімен, Касымовтын өзі депутат ретінде халық мүддесін корғау барысында үнемі белсенділік танытып келеді.
Қазақстанның Аграрлық партиясы ( ҚАП )
Төрағасы - Ромин Ризұлы Мадинов, Мәжіліс депутаты. 1997-1999 жылдары бұрынғы Премьер-министр Н.Балғымбаевтың кеңесшісі болған және партия жетекшілігін катар аткарған. КАП өз құрылтайын 1999 жылы 6 каңтарда өткізді. Қазір партия қатарында 98000 мүше бар. Кайта тіркеуден 2003 жылы наурызда өтті. Идеологиялык жұмысының басты міндеті ретінде ол ауылдың дағдарысқа ұшырауын одан әрі болдырмау деп біледі. Сондай-ақ халықтың әл-ауқатын көтеруді өзіне міндет етіп алған.
"Руханият" қоғамдық бірлестік партиясы
Бұл партияның қүрылтай съезі 2003 жылы 5 сәуірде өтті. Ол сол жылы 6 казанда Әділет министрлігінен тіркеуден өткен. Партия қатарында 53000 мүше бар деп жарияланды. Оның 65 пайызы әйелдер болды. Өз кызметінде бұл партия бюджет тен қаржыланатын сала кызметкерлері мен ғылыми, мәдени, техника саласының өкілдеріне және студенттер мен әйелдерге сүйетіндігін мәлімдеді. Бұл партия "Дәуірлеу" партиясыньң мұрагері болды. Өйткені бұл аталған екі партияның басшылығында Алтыншаш Қайыржанқызы Жағанова болды.
Қазақстанның социал-демократиялық «Ауыл» партиясы
2000 жылы 30 қаңтарда өткен құрылтай съезінде құрылды. Осы жылғы 30 наурызда Әділет министірлігінен тіркеуден өткен. 2000 жылдың 1 тамызында ҚСД «Ауыл» партиясының қатарында 10000 мүше болған. Олардың көпшілігі ауыл шаруашылықтарының басшылары мен шаруалар болды. Мақсаты: ауыл еңбеккерлерінің мүдделерін қорғау, аграрлық секторға мемлекеттік қолдауды күшейтуге ат салысу, қоғамды одан әрі демократияландырудағы саяси және экономикалық реформаларды жүргізуді тездету, елдегі тұрақтылықты баянды ету. Партияның төрағасы – Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Ғани Әлімұлы Қалиев.
Қазақстанның
демократиялық «Ақ жол»
Партияның құрылтай съезі 2002 жылы 16 наурызда болды. 3 сәуірде Әділет министірлігінен тіркеуден өткені туралы куәлік алды. Ақжол өзінің негізгі мақсаты етіп Конституциядағы адам құқығы мен бостандығы толық сақталуын және билікті орталықсыздандыруды қойды. Партия қатарында бүгінде 115000 мүше бар. Негізінен олар мемлекет қызметкерлері, кәсіпкерлер, бюджет саласының қызметкерлері мен зиялылар.
Тең төрағалары бұрынғы Парламент Мәжілісінің депутаты Болат Мұқышұлы Әбілов, бұрынғы Еңбек министрі Әлихан Бәйменов, бұрынғы вице-премьер Ораз Әлиұлы Жандосов. Кейін тағы екі төраға қосылды: Қазақстанның Ресейдегі бұрынғы елшісі Алтынбек Сәрсенбаев және зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекттік орталық бас директорының бірінші орынбасары Людмила Аркадьевна Жуланова.
«Асар» партиясы
«Асар» қозғалысы 2003 жылы 25 қазанда саяси партияға айналды. «Асар» партиясының құрылтай съезіне 1200 делегат қатысты. Партия жетекшісі Дариға Назарбаева. «Асар» партиясы центристік бағыт ұстанады.
Қорытынды
Егер ұйым ұлттық саяси партия ретінде тіркелгісі келсе, онда міндетті түрде қызметінің принциптер жиынтығын, бағдарламасы мен жарғысын тапсыруы қажет. Декларацияда конституция мен мемлекет заңдылығын сақтауға: саяси, экономикалық ұйымдар мен шетелдік мекемелер немесе саяси партиялар ықпалына түсіп кетпеуге; бейбіт жәене демократиялық жолдармен қызмет жасауға міндеттілікте қамтылған.
Қызмет бағдарламасына принциптерді жүзеге асыру және көздеген нысанаға жету, ұлттық проблемаларды шешудегі саяси ұсыныстар, сондай-ақ партия мүшелеріне идологиялық басшылық жасау әдістері, оларға саяси білім беру, сайлауға қатысуға жұмылдыру енеді.
Жарғыда бірқатар міндетті реквизиттерді, соның ішінде кандидаттарды сайланбалы мемлекеттік органдарға ашық ұсынуды қарастыруы керек. Заң сондай-ақ жарғыда партия органдарға ашық ұсынуды қарастыруы керек. Заң сондай-ақ жарғыда партия органдарының жүйесін ашық көрсетуді көздейді.
Заңға сәйкес саяси партия Федералдық сайлау комиссиясында тіркеледі. Партиялардың айталық, радио мен теледидарға тұрақты шығуы, басылымдарға жариялануы үшін қаржысы, сайлау науқанына қаржысы, алым-салықтардан босатылуы, байланыс телеграфқа жеңілдіктері сияқты құқытар мен міндеттерді заңда айқын белгіленеді. Ұлттық саяси қауымдастықтар идеялары талқыланып, идеологияны таратуға лайықталған азаматтық бірлестіктер болып табылады. Алайда олар сайлауларға тек партиялармен блок құру арқылы ғана қатыса алады.
Шетелдерде партиялар аумақтық принцип бойынша құрылады, партия ұйымдарының құрылымдары сайлау округтерімен және елдің саяси-аумақтық бөлінуімен белгіленеді. Сонымен қатар аумақтық-өндірістік үрдістің де кездесіп қалатыны бар. Әдетте бұл коммунистік партияларға тән.
Бірқатар елдерде сайлау науқанында тең жағдайды қамтамасыз ету үшін партиялардың мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатыны да болады. Мысалы, Дания, Германия, Италия, Швеция, Норвегия, Финляндия және т.б. елдерде сондай.
Бірқатар елдердің (Ұлыбритания, Германия, Франция, Үндістан) заңдарында радио мен теледидарды кеңінен пайдалануға зор құқық белгіленген.
Қарастырылып отырған проблеманың аса күрделі, сан қырлы екенін әлемдік іс-тәжірибелер көрсетіп отыр. Сөйтсе де қазақстан Республикасындағы сан түрлі саяси партияларға конституциялық-құқылық мәртебелерін дамытуға байланысты мәселелерді шешуге шетелдік әріптестердің іс-тәжірибелерінен сабақ алғандары, үйренгендері артық болмаса керек.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Информация о работе Саяси партиялардың пайда болуы, мәні, белгілері