Шетелде кәсіпкерлік құру рекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2012 в 14:57, реферат

Описание работы

Фирма дегеніміз шаруашылқ еркідігі бар, өндірістік және басқа қызметпен айналысатын экономикалық субъект.
Жеке меншік кәсіпкерлік фирмасы – иесі өз қызығушылығымен ісін еркін жүргізетін кәсіпорын. Ол фирманы басқарады, барлық пайданы алады, барлық оның міндеттері бойынша жауапкершілік алады.

Файлы: 1 файл

АКШ ресей касип.doc

— 61.00 Кб (Скачать файл)


ІІІ.         Шетелдерде кәсіпкерлікті ұйымдастыру  ерекшеліктері.

 

3.1.    Дамыған  елдердегі кәсіпкерлікті ұйымдастыру.

 

Фирма дегеніміз шаруашылқ еркідігі бар, өндірістік және басқа қызметпен айналысатын экономикалық субъект.

Жеке меншік кәсіпкерлік  фирмасы – иесі өз қызығушылығымен ісін еркін жүргізетін кәсіпорын. Ол фирманы басқарады, барлық пайданы алады, барлық оның міндеттері бойынша жауапкершілік алады.

Фирма иесі қызметкерлерді жалдау  және жұмыстан шығару құқығы бар келісімдер, шарттар жасайды.

Жеке меншік кәсіпкерлік фирманың артықшылығы оны ұйымдастыру, басқару қарапайымдылығы, еркін әрекет, өте күшті экономикалық мотивация (барлық пайданы бір адам алады).

Мұңдай фирманың кемшілігі  – қаржы және материал ресурстарының  шектелуі, өндірісітің және басқарудың ішкі мамандануының дамыған жүйесінің  болмауы, шектелмеген жауапкершілік.

Әріптестік – бұл  бірнеше тұлға ұйымдастырған, бірігіп  иеленетін және оны басқаратын кәсіпорын, фирма.

Мұнда барлық әріптестердің  маңызды құқықтары бар, бірақ  жауапкершлігі шектелген, яғни фирма қызметіне толық жауап беретін негізгі қатысушылармен қатар, олардың іске салымдарының сомасы шегінде жауапкершілігі  шектелетін әріптестер болуы мүмкін (жауапкершілігі шектелген әріптестер деп аталады).

Әріптестер жағдайында кәсіпорын, фирма қызметінің басталуы мен жалғасуына байланысты қаржы сұрақтарын шешу жеңілірек. Мұнда жеке меншікті  кәсіпкерлік  фирмасына мамандандыруды қолдануға болады.

Әріптестіктің кемшілігі  – қызметтердің бөлінуі, соның әсерінен әрекеттердің келіспеушілігі және тіпті әріптестердің сыйыспаушылығы пайда болуы мүмкін.

Қайшылықтардың тууы және істен бір немесе бірнеше  әріптестің шығуы нәтижесінде серіктестіктің ыдырауына қауіп туады.

Корпарация әрбір меншік иесінің жауапкершілігі осы кәсіпорынға  салған оның салымымен шектелетін заңды тұлға түріндегі кәсіпорын немесе фирма.

Корпарация – үлес негізіндегі қоғам. Жекешелеген тұлғалар акцияларды ала отырып корпарацияның меншік иелері болады. Осылайша көптеген адамдардың қаржы құралдары таралады.

 Акция ұстаушылар  дивиденд түрінде табыстың бір бөлігін алады. Олар тек акцияны сатып алғанда төлеген сомада ғана тәуекел етеді. Корпарация оның иелері – акционерлерден тәуелсіз өмір сүреді, бұл корпарацияға салыстырмалы тұрақты қызмет етуге мүмкіндік береді.

Корпарацияның кемшіліктеріне біріншіден, әртүрлі теріс пайдалану үшін белгілі мүмкіндіктерінің болуын жатқызуға болады. Ұсақ және орташа акция иелері корпарацияның қызметіне қандай-да бір пәрменді бақылауды жүзеге асыра алмайды. [4. 40 – 41 беттер]

3.2.    АҚШ-тағы  шағын кәсіпкерлік

 

Бүгін де АҚШ экономикасында алып корпорациялардың ешқандай да шешуші жағдайға ие емес екендігі көптеген сырттан  келушілерді таң қалдыруда. Елдегі тәуелсіз кәсіпорындардың 99 пайызында 500 адамнан кем жұмыскер қызмет істейді. АҚШ-тың Шағын кәсіпкерлік жөніндегі әкімшілігінің мәліметтеріне сәйкес барлық қызмет етушілердің 52 пайызы осы шағын кәсіпорындарда еңбек етеді. Шамамен 19,6 миллион американдық жиырмадан кем жұмыс орны бар компанияларда, 18,4 миллион адам 20 – 99 аралығында кісіге жұмыс бере алатын фирмаларда, ал 14,6 миллион адам 400 – 499-ға дейін жұмыс орны бар кәсіпорындарда қызмет етеді. Ал, керісінше американдықтардың 47,7 миллионы 500-ден жоғары жұмыс орнын ұсына алатын фирмаларда қызмет етеді.

Шағын бизнес кәсіпорындары  Америка экономикасы үшін тұрақты динамизмнің түп негізгі болып табылады. 1990-1995 жылдар аралығында олар экономикадағы ¾ жаңа жұмыс орнын ашты, бұл 1980-ші жылдарға қарағанда жұмыспен қамтамасыз етудің  өсуіне қосқан үлкен үлес болып табылады. Сонымен қатар бұл экономикаға жаңа топтардың кіруіне жол ашылғанын көрсетеді. Мысалы: әйелдер кіші бизнеске белсене қатысады. Әйелдердің жеке меншігіндегі кәсіпорындар саны 1987-1999 жылдар аралығында 89 пайызға, яғни 8.1 миллионға дейін өскен, ал 2000 жылы кәсіпорынның сол секілді түрлерінде әйелдер жеке меншігіндегі жеке иеленушілер саны 35 пайызға жетеді деп күтілген болатын. Кіші фирмалардың қызметінен жасы ұлғайғандар мен жарым – жартылай жалданып істеуді қалайтындарды жұмысқа көптеп тартуға ұмтылыс барын байқауға болады.

 Шағын бизнес кәсіпорындарының  ерекше күші олардың экономикалық  жағдайдың өзгеруіне жылдам бейімделе  алатындығында. Олар көбінесе  өз клиенттерін жақсы біледі  және олардың қажеттіліктерін  қолма-қол қанағаттандыруға қашан  да әзір тұрады. Шағын кәсіпорындар, мысалы, Калифорния штатындағы компьютермен байланысты Силикон аңғарындағы кәсіпорындар, тағыда басқа жоғары технологияларды негізделген техникалық жаңартулардың көзі болып табылады. Компьютер өнеркәсібіндегі көптеген жаңашыл фирмалар өз гараждарында механизмдерді қолмен құрастырушы “бесаспап шеберхана” ретінде бастап тез арада үлкен, қуатты корпорацияларға айналды. Аз ғана уақытта ұлттық және халқаралық экономиканың негізгі ойыншыларына айналған шағын компаниялар тобына бағдарламалармен қамтамасыз етумен шұғылданатын Microsoft компаниясы, тасымал қызметін атқаратын Federal Express; спорт киімдерін өндіруші Nike компаниясы, компьютерлік тораптар ұйымдастыратын America Online компаниясы; балмұздық дайындайтын Ben & Jerry’s компаниялары жатады.

Әрине, көптеген шағын кәсіпорындар сәтсіздікке ұшырады. Дегенмен Құрама Штаттар басқа елдер секілді емес, онда бизнестегі сәтсіздіктің әлеуметтік таңбасы болмайды. Сәтсіздік  кәсіпкер үшін құнды тәжірибе ретінде қарастырылады. Себебі, бұл сәтсіз алдағы әркеттеріне сабақ болады. Экономистер былай дейді: нарықтық күштер үлкен тиімділікке мүмкіндік туғызып, сәтсіздік ретінде көрініс табады.

Адамдар тарапатынан шағын бизнеске көрсетілетін үлкен құрмет штаттардың мемлекттік органдары мен АҚШ  Конгресінде шағын фирмалар пайдасына көрсетілген қолдау мен ылайықты шешімдер қабылдауға  ұласып жатады. Шағын компаниялар көтеген федералдық реттеуші ережелерден, мысалы қауіпсіздік пен денсаулық сақтау ережелерін сақтаудан босатылған. 1953 жылы Конгресс Шағын кәсіпкерлік жөніндегі әкімшілік (SBA) құрған болатын, ол кәсіби сарап пен кіші бизнесті ашып немесе басқарғысы келетін адамдарды қаржылық көмекпен қамтамасыз ету үшін керек (келісім төлеміне пайдалануға берілген федералдық қаржының 35 пайызы шағын кәсіпорындарға бөлінеді). Әдетте әр жылы шағын кәсіпорындарға айналым капиталына мекеме мен машина және құрал-жабдық алу мақсатында несиеге 10 миллиард доллар алуға SBA кепілдік береді. SBA шеңберінде қаржы салатын компаниялар кәсіпорындардың капиталы ретінде тағы да 2 миллиард доллар бөледі.

SBA азшылық топтарды, әсіресе, шығу  тегі африкалық, азиялық және  испандық американдықтарға арналған  бағдармаларды қолдауға тырысады. Ол экспорттық қабілеті бар  шағын кәсіпорындарының бірігіп  жұмыс істеу мүмкіндіктері мен  нарықты таразылай алатын нақты  пәрменді бағдармалардың іске асуына басшылық жасайды. Сонымен қатар агенттік зейнетке шыққан кәсіпкерлердің жаңа және толқымалы кәсіпорындарды басқаруда көмек ұсынған бағдарламаларға демеушілік көрсетеді. Жекеменшік, мемлекеттік агенттіктермен және университеттермен жұмыс істей отырып, SBA сонымен қатар техникалық және басқару көмегін көрсететін 900 жуық Шағын бизнесті дамыту орталықтарын басқарады.

Сонымен қатар SBA үй иеленушілерге, жалдаушыларға  және су тасқынынан, желден, торнадодан және тағы басқа апаттардан шығынданған кәсіпорындарға барлық мөлшерде төмен-пайыздық несие беру арқылы 26 миллиард доллар пайда тапты.

  Кәсіпорындардың көпшілігі  бір ғана меншік иесінікі болып  табылады, яғни олар жалғыз адамдікі  және өзінің басқаруында. Жеке  меншік кәсіпорынға иеленуші бизнестің жетістігі мен сәтсіздігіне толығымен өзі жауап береді. Ол кез-келген түскен пайдаға ие. Бірақ кәсіпорын ақшаны жоғалтып, бизнес шығындарын өтей алмаса, онда меншік иесі қолда барының барлығын салса да, шығынды, төлемді өтеп шығуға тиіс.

Меншікке жеке құқық  іскерлікті ұйымдастырудың басқа формалары  алдында кейбір артықшылықтарға  ие. Жеке иемденушілер өздерінің жеке инициативаларын жүзеге асырып, өздеріне тапсырыс жасаған адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандырады. Олар икемді болады, билеуші жеке иемденуші басқалармен ақылдаспай жедел шешім қабылдай алады. Заңға сәйкес жеке кәсіпкерлер корпорацияларға қарағанда аз салық төлейді. Клиенттер бір ғана меншік иесіне баса назар аударып, оның жақсы жұмыс жасайтынына сенім білдіреді.

Бизнес ұйымдастырудың бұл түрінің кейбір қолайсыз жағдайлары да болып тұрады. Жеке меншікті иеленушінің  басқаруы заңды түрде егер басшы  қайтыс болса немесе істі дұрыс басқара  алмаса аяқталады. Әдетте кәсіпорынның ірі деңгейде дамуы үшін ресурстар жетіспеушілігінен басшылар оны үнемден, немесе қарызға алатын болғандықтан, жалпы алғанда жеке иеленушілер ақша мөлшеріне тәуелді болады.

Кәсіпорындардың іс-әрекетін басқарудың немесе кеңейтудің бір әдісі  – екі немесе одан деп көп иелік етушілердің бірігуімен серіктестік құру болып табылады. Серіктестік кәсіпкерлердің қабілет-мүмкіндіктерін біріктіреді; мысалы, бір әріптестің өнеркәсіпте біліктілігі артық болса, екіншісі оларды маркетинг жағынан басып озуы мүмкін. Серіктестік үкімет тарапынан корпорацияларға қойылатын талаптардың көбінен босатылған және олармен салыстырғанда салық төлеуде де артылықшылықтарға ие болады. Әріптестер өздеріне тиісті табыс үлесінен салық төлейді; бірақ олардың кәсіпорыны салық төлемейді. Серіктестіктердің құқығы мен міндеттерін штаттардың өздері реттейді. Иелік етушілер әрбір партнердің міндетін анықтайтын заңды түрдегі келісімге қол қояды. Келісімде “үндемес әріптестер” қарастырылады, олар ақшаларын бизнеске қосады, бірақ оның басқарылуына қатыспайды.

Серіктестіктің басты  кемістігі мынада. Оның әрбір мүшесі серіктестіктің барлық қарызына жауапты  болып табылады және кез-келген партнердің әрекетіне заң тұрғысынан басқалары  да жауапты. Мысалы, егер бір әріптес  кәсіпорынның ақшасын жұмсаса, басқалары  қарызда бөліп төлейді. Тағы бір негізгі қолайсыздық әріптестер арасында қарама-қайшылық туғанда пайда болады.

Табысты шағын кәсіпорындар кейде франчайзинг секілді тәжірибе арқылы дамиды. Франчайзинг түріндегі  келіссөздерде өркендеуші компания жеке адамға немесе кәсіпкерлердің шағын тобына сатудан түскен табыстың белгілі бір пайызына айырбас есебінде оның атын пайдалануға немесе өнімдерін айырбастауға мүмкіндіктер береді. Негіздеуші компания нарықта өзінің маркетинг саласындағы экспорттық білімі мен атақ-даңқын базарға шығарады. Сөйте тура франчайзингке ие болушы ретінде нарықтың жеке сегментін басқарады, және өркендеуге байланысты қарыздар мен тәуекелшіліктің қаржылық жауапкершіліктерінің үлкен бөлігін өз мойнына алады.

Кәсіпорынды бос жерде  бастағаннан гөрі франчайзинг бизнесіне кіру едәуір күрделі екеніне қарамастан, франчайздар басқаруда арзанға түседі және сәтсіздікке ұрынбай мүмкіндігі айтарлықтай жоғарылайды. Оның бір себебі франчайздар жарнамалауда, таратуда және қызмет етушілерді оқытуда үнемділік артықшылығын қолданады. Франчайзингтің ауқымдылығы мен күрделілігі соншалық, ешбір адам оның мүмкіндіктеріне қатысты пікір айта алмайды. [4. 44 – 47 беттер]    

 

 

 

 

3.3.    Ресейдегі  кәсіпкерлік қызмет ерекшелігі.

 

Ресейде Азаматтық кодекске сәйкес кәсіпкерлік (коммерциялық) қызметтің келесі ұйымдастыру – құқықтық нысандары құрылады:

  • Шаруашылық серіктестік пен қоғамдар;
  • өндірістік копперативтер;
  • мемлекеттік және муниципальды унитарлық кәсіпорындар.

Шаруашылық серіктестік  қатысушылары белгілі шаруашылық қызметті бірге жүргізү үшін кәсіпорын құру туралы өзара шарт жасау болып табылады. Толық серіктестіктің мүлігін қалыптастыру көзі, оның қатысушыларының салымдары.

Толық серіктестіктің қатысушылары серіктестіктің міндеттері бойынша  өз мүлігімен жауапкершілікті бірге  алады.

Аралас (командиттік) серіктестікте (немесе сенімге негізделген) жағдай басқаша.

Серіктестік атынан кәсіпкерлік  қызметті жүзеге асыратын және серіктестің  міндеттемелері бойынша өз мүліктерімен жауап беретін қатысушылармен қатар  бір немесе бірнеше қатысушы салымшылар (коммандитистер) болады. Олар серіктестік қызметіне байланысты шығындар тәуекелін өздері енгізген салым сомасы шегінде алады.

 Коммандитистер серіктестіктің  кәсіпкерлік қызметін жүзеге  асыруға қатыспайды.

Сенімге негізделген  серіктестіктіктің толық серіктестік сияқты жарғысы болмайды. Ол барлық толық серіктестік қол қойған құрылтайшылық шарт негізінде құрылады және қызмет етеді. [1. 27 – 30 беттер]

Кәсіпкерлік (коммерциялық) кәсіпорынның келесі тобы – шаруашылық қоғам: жауапкершілігі шектелген қоғам, қосымша жауапкершілік бар қоғам, акционерлік қоғам, еншілес және тәуелді қоғамдар.

ЖШҚ бір немесе бірнеше  тұлғалармен құрылады. ЖШҚ қатысушыларды  оның міндеттері бойынша жауап бермейді және қоғам қызметіне байланысты шығындар тәуекелін өздері енгізген салым құны шегінде алады.

Қосымша жауапкершілігі бар қоғам қатысушыларының ЖШҚ  айырмашылығы, оның міндеттері бойынша  өз мүлкімен қоғамның құрылтайшылық  құжатымен анықталмаған, олардың  салым құнына барлық үшін бірдей есе  мөлшерінде бірдей жауапкершілік алады.

Қатысушылардың бірі күйзеліске ұшыраса оның жауапкершілігі қоғам міндеттері бойынша қалған қатысушылары арасында олардың салымдарына  пропорционалды бөлінеді.

Қазіргі жағдай да кәсіпкерліктің кең таралған нысаны акционерлік  қоғам болып табылады. Олардың көпшілігі мемлекеттік және муниципалды кәсіпорындарды жекешелендіру жолымен құрылады.

Информация о работе Шетелде кәсіпкерлік құру рекшеліктері