Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2012 в 14:57, реферат
Фирма дегеніміз шаруашылқ еркідігі бар, өндірістік және басқа қызметпен айналысатын экономикалық субъект.
Жеке меншік кәсіпкерлік фирмасы – иесі өз қызығушылығымен ісін еркін жүргізетін кәсіпорын. Ол фирманы басқарады, барлық пайданы алады, барлық оның міндеттері бойынша жауапкершілік алады.
АҚ жарғылық қоры белгілі ақша санына бөлінген. АҚ қатысушылар (акционерлер) оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді, қоғам қызметіне байланысты шығын тәуекелін, өздеріне тиесілі акция құны шегінде алады.
АҚ ашық және жабық болуы мүмкін. Ашық акционерлік қоғам қатысушылары өздеріне тиеселі акцияны басқа акционерлердің келісімсіз беруіне болады.
Жабық АҚ акционерлері бұл қоғамның басқа акционерлерге сатылатын акцияларды алу да артықшылық құқығы бар.
Ашық және жабық АҚ құрылтайшылық құжаты құрылтайшылар бекіткен жарғы.
Алғаш рет Азаматтық кодекспен еншілес және тәуелді қоғамдар анықталады.
Егер басқа (негізгі) шаруашылық қоғам немесе серіктестік оның жарғылық қорына қатысу күші бар немесе осы қоғам қабылдайтын шешімдерді анықтау мүмкіндігі болса еншілес қоғам деп танылады.
Еншілес қоғам негізгі қоғамның (серіктестіктің) қарыздары бойынша жауап бермейді. Негізгі қоғам (серіктестік) еншілес қоғамдар жасаған келісімдерге еншілес қоғамдармен бірге жауап береді.
Тәуелді шаруашылық қоғамның экономикалық мәртебесі өзгешелеу шаруашылық қоғамын, егер басым немесе қатысушы қоғамда АҚ дауыс беретін акцияларының 20% көбі немесе жарғылық қоры 20% болса жауапкершілігі шектелген қоғам тәуелді шаруашылық қызмет боп саналады.
Кәсіпкерлік кәсіпорынның біршама өзгешелеу ұйымдастыру – құқықтық нысаны өндірістік кооператив болып табылады.
Өндірістік кооператив немесе артель – олардың жеке еңбегіне немесе басқа қатысуына негізделген, өндірістік немесе басқа шаруашылық қызметті бірге жүргізу үшін азаматтардың еркін бірігуі.
Өндірістік кооператив оның мелерінің мүліктік пайлық жарналары біріктіріледі. Мұндай кооперативтің қызмет сферасы өндірісітен басқа, өнеркәсіп, ауыл шаруашылық және басқа өнімдерді өңдеу, сату, жұмыстарды орындау, сауда, тұрмыстық қызмет, басқа қызметтерді көрсету.
Өнердірістік кооперативтің
құрылтайшылық құжаты оның мүшелерінің
жалпы жиналысы бекіткен жарғы. Өндірістік
кооперативтің маңызды
Кәсіпкерлік (коммерциялық) кәсіпорынның ұйымдастыру құқықтық нысанының ортасындағы негізгі орында мемлекеттік және муниципальды унитарлық кәсіпорындар тұрады.
Унитарлық кәсіпорын дегеніміз меншік иесінің өзіне бекітілген мүлікте меншіктік құқығы жоқ коммерциялық ұйым. Унитарлық кәсіпорын мүлігі бөлінбейді және кәсіпорын қызметкерлері немесе басқа тұлғалар арасында үлестерге бөлінуі мүмкін емес. Унитарлы кәсіпорын нысанында тек мемлекеттік және муниципалды кәсіпорындар құрылуы мүмкін. Мемлекеттік және муниципалды унитарлық кәсіпорын мүлігі сәйкес мемлекеттің немесе муниципалдың меншігінде болады. [5. 62 - 75]