Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 09:17, дипломная работа
Бірақ, стратегиялық басқару дамуының, әсіресе, республикамыздың коммерциялық банктерінде, зерттеу мәселелері толығымен анығына жетіп зерттелмеген. Көптеген авторлар шетелдік тәжірбені қолдану ұлттық экономиканың ерекшеліктерімен үйлесу қажеттілігін бірнеше рет ескертеді. Бірақ, стратегиялық басқарудың басқа елдер мен біздің елде қолданудың ерекшеліктері мен айырмашылықтарын айтпайды. Кейбір авторлармен біздің банктерді батыстық үлгіге бейімдеу әрекеттері жасалған. Даму стратегиясын таңдау, ұзақмерзімді стратегиялық жоспарлау тұрғысынан коммерциялық банктерде стратегиялық басқаруды қолдану мүмкіндігі тіпті зерттелмеген деп те айтуға болады.
Кіріспе........................................................................................................................3
1. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРЕТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1.1 Стратегиялық басқару теориясының мәні мен пайда болуы......................7
1.2Банк саласындағы стратегиялық басқару теориясының ерекшеліктері......................................................................................................18
Коммерциялық банктердегі стратегиялық талдаудың үлгілері ..................30
2.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ДАМУЫНДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАСҚАРУ.
Қазақстандағы банк қызметін мемлекеттік реттеу........................................37
«Нұрбанк» АҚ-ның даму перспективалары ..................................................44
«Нұрбанк» коммерциялық банктің талдауы.................................................57
3. ҚР КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ.
3.1 Банк ісінің дамуындағы қазіргі заман беталыстары......................................68
3.2 Банк тәжірибесіндегі факторлы талдау әдістері............................................81
Қорытынды...............................................................................................................89
Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................................................92
Банк жүйесі қызметінің сапалық жақұсаруымен қатар, оның қаржы жағдайы халық шаруашылығының ауыр ахуалына байланысты төмендей берді. Өтелмеген төлемдер дағдарысы, қайтарылмаған несиелердің өсуі банк қызметінің көрсеткіштерінде көрінді. 1995 жылда қарыздар бойынша банктердің мерзімі өтіп кеткен берешектері үштен бір бөлікке жоғарылап және 1996 жылдың 1 наурызда 22,6млр.теңгені құрады, оның ішінде қысқамерзімді қарыздар бойынша есептелген, бірақ қайтарылмаған пайыздардың көлемі 57% -ға жетті. Өтелмеген төлемдер өндіру және пайдалану қатынастарын соншалықты деформацияланды, оларды шешпей экономиканың тұрақтылығын елестету қиын болды. Екінші дәрежелі банкетр құнсыздану және экономикалық дағдарыс кезінде негізінен қысқамерзімді несие беруге мәжбүр болды және өндірістік кәсіпорындармен ұзақ және сенімді қатынастарды орнатуға емес, табыстарды тез көруді көздеді. Сондықтан да қарыздардың көп бөлігі матреиалды-шикізаттық қорлар сатып алу мен алып сатуға дайын тауарлар үшін сауда-делдалдық мекемелерге берілген. Банктердің ықпалын тигізу және қатынастар саласынан өндірістік кәсіпорындар түсіп қалды, себебі материалдық өндірісті дамыту үшін ұзақмерзімді нсиелер қажет болды.
Осылай, бірнеше мемлекеттік банктердің қайта құрылуынан басталған Қазақстандағы банк жүйесі соңғы бірнеше жылдың ішінде 230 жетіп, одан кейін олардың саны 100-ге дейін түсіп және 2002 жылдың басында 48 банкпен қалды. Яғни, бұл жерде банк жүйесі осы уақыт аралығында қарқынды өсу мен гүлденуді, дағдарысты өткізіп, активтердің тарлануын басынан өткізді.
ҚР Ұлттық Банкісімен
жүзеге асырылып жатқан Банк жүйесінің
әлемдік стандарттаға көшә Бағдарламасы
банк капиталының шоғырлануын
Республикамызда байқалған банк капиталының шоғырлануының өсу және орталықтану қарқыны, сөзсіз, ілгерілік үрдісі болып табылады, бұл банк рөлі мен қызметтерінің сапалық өзгерістерімен бірге жүзеге асады. Қаржы операциялары бойынша жай делдалдардан әсерлі нарық экономикасын ұйымдастырудың басты қатысушыларына айналды.
Шет ел банк тәжірбиесі көрсеткендей банк жүйесінің тұрақтылығы мен әсерлілігінің басты шарттарына, яғни банк жүйесінің экономикада рөлінің өсуіне, филиалдық және еншілес жүйелерін қарқынды дамыту болып табылады. Бұл бас банкке өз қызмет саласын біршама кеңейтуге, яғни өзінің табыстылығын жоғарылатуға мүмкіндік береді. Кең территориясы және дамып жатқан аймақтары бар біздің республикамыз үшін бұл мәселе әсіресе көкейкесті, себебі банктер респубоика аймағында әрқалай орналасқан.
Қазіргі даму кезеңінде банктер өзінің еншілес мекемелері арқылы құнды қағаз рыногына, сақтандыру рыногына, зейнетақы қорларының қызметіне белсенді еніп жатыр. Сонымен бірге, банктің ұйымдастырушылық құрылымынан арнайы банк операцияларын өткізетін мамандандырылған еншілес ұйымдар, мысалы лизинг компаниялары пайда бола бастады.
ҚР Ұлттық Банкі депозиттерді сақтадыру жұйесін, ең алдымен, жеке тұлғалардың талап етуге дейін салымдарына кепілдік беру арқылы, жетілдіруді жоспарлап отыр, бұл тұрғындардың банк жүйесіне сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Банқ қадағалауын жетілдірудің негізгі міндетіне банкке біріккен қадағалау жүйесін жасау болып табылады. Бұл банктер душар болатын қауіптерді бағалаудың әділділігін жоғарылатуға және артық қауіптерді шектеуге мүкіндік береді.
Банкке біріккен қадағалауды ендіру банк жүйесінің қаржы тұрақтылығының өсуіне ықпал етеді.
Жоғарыда айтылғандай, Қазақстанның банк жүйесінің дамуы өндірістің, ауыл шаруашылығының, бүкіл экономиканың дамуынан алға басып отыр. Бұл жағдайға бірнеше себептер бар, соның бірі банктер өндіріске ұзақмерзімді ірі жобаларға несие бермейтіндігінде, олар тек қана сауда, экспорт-импорт, мемлекеттік құнды қағаз салаларымен ғана шектеледі. Қазіргі заманда бұл беталысты жою мүмкін емес, себебі бұл экономикада өтіп жатқан үрдістердің шынайы жағдайларына тәуелді. Банктер бәсекелестікке қабілеті жоқ, төлем қабілетсіздініне ие, оларды жаңғыртуға көптеген үлкен қаржы салымдарын талап ететін, а олардың қайтарымы бес-он жылдан кейін ғана болатын кәсіпорындарды инвестициялауға дайын емес.
Қазіргі кезде банктер өзінің стратегиялық дамуын негізінен әлемдік тәжірбиеде қабылданған стандарттар негізінде қалыптастырады. Әлемдік стандарттарға қызметі сәйкес келмейтін банктер Ұлттық Банкке рекапитализациялау және өзінің қызметін жақсарту жоспарын ұсыну қажет. Мұндай жоспар Ұлттық Банк жағынан тек қағаз жүзінде ғана емес – ол шын мәінде банк қызметінің барлық бағыттарын қамтиды және пруденциалды нормативтер бойынша қойылған талаптарға жету және де басқа талаптардың сақталуының жолдарын, қызметкерлермен жұмыс істеу саясатын, банк дамуының болашағын, банк қызметінің жаңа түрлерін игеруді, банктің басқарушылық және экономикалық саясатының жетілдіру жолдарын, соның ішінде актив пен пассив, филиалдарды, банк қызметіндегі қатерлдерді басқару, несиелік және депозиттік саясатын, бухгалтерлік есептің қазақстандық стандарттарына көшу және ақпараттарды енгізу және тапсыру бойынша минималды стандарттарға жетуді көрсету тиіс.
Әлемдік стандарттарға
көшумен байланысты банктің өзіндік
капиталын өсіру бойынша
Активтерді басқару және олардың сапасын сақтау саласында банктер жеткілікті білімділікті көрсетеді, бұл жайды елдің банк жүйесінің дамуын сипаттайтын басым көрсеткіштері дәлелдейді. Осылай, Қазақстанның банк жүйесінің жиынтық активтері 2006 жылдың 1 наурыз айының көрсеткіштері бойынша 655,4млрд.теңгені және 5,4мрд.-тан астам долларды құрайды.
Қазақстанда экономиканы
ұзақмерзімді несиелеу
Соңғы жылдарда Қазақстандағы банк ісі өз қызметінің алаңын біршама кеңейті және банк қызметінің рыногы айтарлықтай алға басып дамуда. Бұл көбінесе банк бизнесі саласында корпоративті басқару институттарының қалыптасуы мен дамуына байланысты. Банктер өз өнімдерін нақты тұтынушылар, мүмкін болар тапсырыскерлер мүддесіне бағыттап банк қызмет көрсетуінің кең саласын ұсынып, жақсы маркетингті жүзеге асыруда. Сонымен қатар, нарықта банктық емес қаржы мекемелердің, мысалы несие серіктестіктері, ломбардтар, пошталық-жинақтау жүйелері және де басқа арнайы міндеттері бар институттар (ипотекалық несиелеу), біртіндеп белсенділігі байқалады.
Қазақстанда банктердің
аймақтық орналасуы әрқалай - банктердің
75 пайызы Алматыда орналасқан. Сондықтан
бәсекелестіктің барынша
Бәсекелес жағдайында қаржылық қызмет көрсету саласында қызығушылықтардың теңгеріміне жету үшін банктер тапсырыскерлерге қатысты тартымды саясатты жүргізуге мәжбүрлі. Сондықтан түрлі депозиттік-несиелік (дәстүрлі) қызметтермен қатар нарықтан дәстүрлі емес сипаттағы қаржылық қызмет көрсетудің көптеген түрлері пайда болды, оларға қаржылық лизинг, вексельдік несиелеу, сенімгерлік операциялар және т.б. жатады. Қаржылық делдалдылықты дамыту үшін Қазақстанда барлық жағдайлар жасалған. Атап айтқанда, кіші бизнес пен ауыл шаруашылығына инвестициялауғы қолайлы жағдайлар туғызу мақсатымен Ұлттық Банкпен жасалған және 200 жылдың шілде айында «Қаржылық лизинг туралы» ҚР Заңы қабылданған. Қаржылық лизинг механизмдерін ендіру және жүзеге асыру қондырғыларды сатып алу үрдісін жеңілдетеді және кәсіпорындар шығындарын арзандатуға әкеледі.
Соңғы кезде банктер
көбінесе еншілес тұлғаларғадың
ірі топтарының, оның ішіне қаржы
мекемелерімен – сақтандыру компаниялары,
зейнетақы қорлары, зейнетақы қорларын
басқару жөніндегі
Банк қызмет көрсетуінің нарығы шетелдік банк құрылымдары үшін тартымдылығын сақтауда. Жоғарыда аталғандай, Қазақстанда халықаралық ABN AMRO Bank, Cititbank, HSBC банктердің еншілес банктері жұмыс істеуде. Сонымен қатар әлемде танымал банктердің өкілдіктері жұмыс істейді: Deutsche Bank, Dresdner Bank, Commerzbank AG, ING Bank N.V және тағы басқалар. Яғни, елдің банк жүйесінде шетел капиталының қатысуын кеңейту үшін қорлар бар деген сөз. Шетелдік капиталды қөбейту банк жүйесінің әлемдік стандарттарға көшу үрдісін жеделдетуге, еркін бәсекелестікті қамтамасыз етуге және жалпы алғанда банктердің жайдарылығын жоғарылатуға мүмкідік береді.
Бүгінгі күні Қазақстанның банк жүйесі ТМД елдерінің арасында ең қалыптасқан, қаржылылық-тұрақты және серпінді дамып келе жатқан ретінде мойындалған. Бұл жайлы жоғарыда аталған банк жүйесінің дамуын сипаттайтын сапалық және сандық көрсеткіштер растайды.
Сонымен қатар, Қазақстанда жеке тұлғалардың депозиттерін ұжымдық кепілдеу (сақтандыру) жүйесі сәтті қызмет атқаруда, ал ТМД-ның басқа елдерінде мұндай жүйе әлі қалыптаспаған. Республикада банктердің қызметтердің әлемдік стандарттарына көшу бағдарламасы сәттілікпен жүзеге асты және әлемдік стандарттарға барынша жақындатылған және төлемдер жүйесінің барлық талаптарына жауап беретін сенімді төлем жүйесі құрылған.\18,102б\
Кесте 2. Активтердің көлемі бойынша ҚР-ның ең ірі банктері.
Рейтингтегі орны |
Банк |
Активтер, мың теңге |
Өзіндік капитал, мың теңге |
01.07.2005ж. Таза пайда мың теңге | ||||||
01.07.2005 |
01.07.2004 |
1 шілде 2005 |
1 шілде 2004 |
өзгеріс, % |
1 шілде 2005 |
1 шілде 2004 |
өзгеріс, % |
капитал бойынша орны (01.07.2005) | ||
1 |
1 |
Казкоммерцбанк |
761 952 196 |
498 589 669 |
52,8 |
78 518 412 |
50 772 724 |
54,6 |
1 |
10 139 384 |
2 |
2 |
ТуранАлем Банкі |
736 557 889 |
446 369 293 |
65,0 |
67 359 512 |
38 195 217 |
76,4 |
2 |
9 361 287 |
3 |
3 |
Халық банкі |
498 015 138 |
291 414 868 |
70,9 |
42 395 180 |
25 624 152 |
65,5 |
3 |
5 500 870 |
4 |
4 |
АТФ Банк |
267 014 896 |
146 850 922 |
81,8 |
24 681 190 |
14 140 440 |
74,5 |
4 |
1 658 545 |
5 |
8 |
Альянс Банк |
225 540 341 |
62 492 247 |
260,9 |
17 028 856 |
4 631 212 |
267,7 |
5 |
910 272 |
6 |
5 |
ЦентрКредит Банкі |
224 444 694 |
120 509 965 |
86,2 |
16 774 674 |
9 362 638 |
79,2 |
6 |
2 056 348 |
7 |
6 |
Нұрбанк |
114 407 313 |
81 140 550 |
41,0 |
11 012 263 |
7 978 676 |
38,0 |
10 |
663 853 |
8 |
9 |
"Каспийский" Банкі |
104 280 457 |
56 384 401 |
84,9 |
11 188 524 |
7 309 151 |
53,1 |
9 |
757 088 |
9 |
7 |
Евразийский банкі |
88 777 707 |
69 033 124 |
28,6 |
11 594 707 |
9 294 879 |
24,7 |
8 |
1 510 302 |
10 |
11 |
Валют-Транзит банкі |
66 217 110 |
38 243 932 |
73,1 |
12 439 090 |
6 951 061 |
79,0 |
7 |
450 168 |
11 |
10 |
АБН АМРО Банк Казахстан |
55 792 284 |
42 434 980 |
31,5 |
5 522 813 |
4 629 578 |
19,3 |
12 |
711 170 |
12 |
12 |
Темирбанк |
49 492 870 |
31 835 356 |
55,5 |
6 680 562 |
4 755 350 |
40,5 |
11 |
185 427 |
13 |
13 |
HSBC Банк Казахстан |
36 695 927 |
21 091 344 |
74,0 |
3 769 368 |
3 050 024 |
23,6 |
14 |
429 440 |
14 |
15 |
Цеснабанк |
24 870 455 |
15 690 558 |
58,5 |
2 415 777 |
1 727 524 |
39,8 |
16 |
223 359 |
15 |
14 |
TEXAKABANK |
22 514 473 |
17 415 386 |
29,3 |
2 387 378 |
1 876 293 |
27,2 |
17 |
474 992 |
16 |
16 |
ДБ "Альфа-банк" |
13 073 042 |
11 817 230 |
10,6 |
3 361 763 |
2 613 769 |
28,6 |
15 |
684 153 |
17 |
20 |
Эксимбанк Казахстан |
5 721 265 |
2 478 206 |
130,9 |
4 560 833 |
2 185 631 |
108,7 |
13 |
214 386 |
18 |
17 |
Демир Казахстан Банк |
5 698 990 |
4 851 535 |
17,5 |
1 290 934 |
1 214 880 |
6,3 |
20 |
56 320 |
Осылай, бүгінгі күні ҚР коммерциялық банктердің қызметін жалпы жағымды бағалауға болады. Олардың ел экономикасындағы ерекше рөлі олардың қаржылық тұрақтылығын ары қарай жоғарылату қажеттілігін анықтайды. Бұл бағыттағы жұмыстар барлық банктермен, бірақ түрлі деңгейде жүзеге асырылып жатыр.
2.2 «Нұрбанк» АҚ-ның даму перспективалары.
Банктің негізгі акционерлерінің арасында ірі отандық мұнай өндіруші компаниялар, тамақ өнеркәсібі саласындағы кәсіпорындар, сыртқы сауда фирмалары, баспа ісі және ақпараттық бизнес саласында қызмет атқаратын компаниялар бар. Банк клиенттері бірқатар ірі сауда компаниялармен және экспорт-импорт мәмілелерін атқаруға тартылған өндірістік кәсіпорындармен, көптеген шағын және орта бизнес субъектілерімен танытылған. Ел тұрғындарының банкке деген сенімі күннен-күнге артуда. Банктің экономика
2
салалары бойынша несие портфелінің құрылымы экономиканың тамақ
өнеркәсібі, көтерме
және бөлшектік сауда-саттық, мұнай
және газ өндіру, мұнай өнімдерін
тарату, көмір өндіру, көлік және
телекоммуникациялар, құрылыс, баспа
және типографиялық іс сияқты секторларына артықшылықпен
кредит беруді көрсетеді. Нұрбанктің негізгі
акционерлерінің қатарына ірі отандық
мұнай өндіруші компаниялар, тамақ өнеркәсібі
кәсіпорындары, сыртқы сауда фирмалары,
сондай-ақ баспа қызметі мен ақпараттық
бизнес саласында қызмет атқаратын компаниялар
кіреді.Аймақ экономикасының дамуына көмектесу
үшін Атырау облыстық әкімшілігінің қолдауымен 1992 ж. 24 сәуірде «НҰРБАНК»
Акционерлік Коммерциялық Банкінің негізі
қаланды. 1992 ж. 3 тамызда Банктік
операцияларды жүргізуге Лицензия алынды. 1995 ж. 14 ақпан айында
«Нұрбанк» Акционерлік Коммерциялық Банкі
акционерлерінің Жалпы жиналысы «Нұрбанк»
ашық түрдегі акционерлік қоғамы деп атауын
өзгерту және жарғылық капиталын 20 млрд.
рубльге (40 млн. теңгеге) дейін ұлғайту
туралы шешім қабылдады. 1997 ж. 1 қаңтарда Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі Банкке
клиенттеріне банк қызметтерінің кең
спектрін көрсетуге, оның ішінде шетелде
банктің корреспондеттік шоты арқылы
заңды тұлғалардың халықаралық есеп айырысуына
және азаматтардың ақшалай аударымдар
жіберуіне Бас лицензия берді. Банк Қазақстанда
филиалдар желісін қалыптастырды. Бүгінгі
күні банк желісінде республикамыздың
барлық облыс орталықтарындағы 15 филиал
және 200 есеп-кассалық бөлім, сондай-ақ
Мәскеуде тұрақты әрекет ететін өкілдік
жұмыс істейді. 1998 ж. 10 ақпанда Банк ҚР
Үкіметінің ауыл шаруашылығын бес жыл
бойы қаржыландырып, Азиялық даму банкінің
елдің ауыл шаруашылығы секторына арнаған
заемін алуға өткізген тендерінің жеңімпазы
болды. 1999 ж. 1 қаңтарда «Нұрбанк»
ААҚ Қазақстан қаржышылар қауымдастығының
мүшесі болды. 1999 ж. 1қаңтарда Банк Қазақстан
қор биржасында валюталық сауда-саттық
қатысушысы ретінде тіркелді. 2000 ж. ақпанда Банкке қатысқандығын
растайтын «Қазақстанның жеке тұлғалар
салымдарын кепілдендіру (сақтандыру)
қоры» ЖАҚ сертификаты берілді. 2000 ж. сәуірде Банк қатысушы
құқықтарында VISA International Халқаралық төлем
жүйесіне кірді. 2000 ж. желтоқсанда «Нұрбанк»
ААҚ SWIFT қоғамының ассоциацияланған мүшесіне
айналды және осы компанияның ауқымды
телекоммуникациялық желі арналары арқылы
шетел валютасымен аударымдар жасау мүмкіндігіне
ие болды. «Нұрбанк» ААҚ Еуропа мен Американың
ірі банктерімен бірге 41 млн. АҚШ доллары
сомасына «Казкоммерцбанк» ААҚ синдикатталған
заем беруге қатысты. 2000 ж. 1қаңтарда
American Express Co. Компаниясының төлем карточкаларын
тарату туралы маркетингтік (агенттік)
келісім жасалды. 2001 ж. 1 қаңтар айында
Банк ипотекалық кредит беру бағдарламаларын
жүзеге асыру бойынша «Қазақстан Ипотекалық
Компаниясы» ЖАҚ әріптесі мәртесіне ие
болды. Банк American Express Co. Компаниясының
жол чектерін сату жөнінде келісім жасады. 2002 ж. 22 қаңтарда «Нұрбанк»
ААҚ халықаралық контрагенттік кредиттік
рейтинг және Standard & Poor's агенттігінің
B-/Stable/C деңгейдегі депозиттік сертификаттары
рейтингі берілді. 2002 ж. 22 сәуірінде ҚР Ұлттық
Банкі 1.5 млрд. теңге (жуықтағанда 10 млн.
АҚШ доллары) сомасына «Нұрбанк» ААҚ атаулы
купонды индекстелген облигацияларының
бірінші шығарылымын тіркеді. 2002 ж. мамырда «Вестерн
Юнион ДП Восток» КЕҰ ЖШҚ компаниясымен
Western Union FSI(АҚШ) компаниясының ауқымды
жүйесі арқылы азаматтардың ақша аударымдарын
орындау туралы агенттік келісімге қол
қойылды. 2002 ж. 5 маусымда «Нұрбанк»
ААҚ атаулы купонды индекстелген облигациялары
Қазақстан қор биржасының листингінен
өтті және олар «А» санатты бағалы қағаздарға
қосып саналды. 2002 ж. 28 қазанда Шетелдік
банктердің синдикаты «Нұрбанкке» сауда-саттықты
қаржыландыру мақсатында 15 млн. АҚШ доллары
сомасында заем берді. 2002 ж. 3 желтоқсанда "Moody's
Investors Service" рейтингтік агенттігі "Нұрбанк"
ААҚ Е+ қаржы тұрақтылық рейтингісін, сондай-ақ
ВаЗ шетел валютасындағы банк депозиттерінің
ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді рейтингтерін
берді. Барлық рейтингтер болжамы – тұрақты. 2003 ж. 17 сәуірде
Бірінші санатты шетелдік банктер синдикаты
2002ж. 28 қазанда сауда-саттықты қаржыландыру
мақсатында "Нұрбанк" ААҚ берген
заемінің мерзімін ұзартты. Заем сомасы
18 млн. АҚШ долларына дейін ұлғайтылды. 2003 ж. күзде Лондонда өткен
VISA CEMEA директорлар Кеңесінің кезекті
отырысында Нұрбанктің мәртебесі Ассоциацияланғаннан
Принципиалдыққа дейін жоғарылатылды.
Нұрбанк VISA INTERNATIONAL халықаралық төлем
жүйесінде Принципиалдық Қатысушы ( Principal
Member ) деңгейіне қол жеткізген Қазақстандағы
алтыншы банкке айналды. Осы мәртебе VISA
төлем жүйесінде қабылданатын маңызды
мәселелерді шешу кезінде дауыс беру құқығына
ие болып, VISA INTERNATIONAL қауымдастығында банк
алатын ең жоғарғы мәртебе болып табылады. 2003 ж. 1 қаңтарда Нұрбанкке
«Euromoney» беделді халықаралық басылымының
нұсқасы бойынша «Қазақстандағы ең үздік
банк-әріптес» атағының берілуі осы салада
жеңіп алған берік ұстанымдарымызды растайды. 2004 ж. 30 маусымда Ресейде
Қазақстанның алдыңғы қатарлы банктерінің
бірі «НҰРБАНКТІҢ» өкілдігі ашылды. Соңғы
екі жыл ішінде ресей рыногына шыққан
бесінші қазақстандық банк. Ертеректе
«АМЭС-Холдингтің» қаржы директоры қызметін
атқарған Павел Макальский "НҰРБАНКТІҢ»
ресей өкілдігінің басшысы болып тағайындалды.
Макальскийдің айтуынша Ресей Федерациясында
өкілдікті ашу қажеттілігі ресей контрагенттерімен
экспорт-импорт операцияларын қаржыландыруға
деген «НҰРБАНК» клиенттерінің қажеттіліктерінің
өсуімен, сондай-ақ ресей банктерінің
әріптестерімен іскерлік байланыстарды
кеңейтуге және күшейтуге деген қызығушылығымен
шартталған. 2004 ж. қарашада Банк капиталы
2 млрд. аса теңгеге (15,3 млн. долл.) ұлғайтылды. 2004 ж. 15 тамыз - 25 желтоқсанда
Нұрбанк VISA NURBAN К. карточкаларының қазіргі
бар және ықтимал иегерлері үшін прецедентсіз
акция өткізді. «Нұрбанк» АҚ Visa International
төлем жүйесі EMV стандартының Visa чиптік
карточкаларын шығару сертификациясынан
өтті. Банк бұған өте қысқа мерзімде –
4 айдың ішінде қол жеткізді. Бүгінгі күні
Visa чиптік карточкаларын шығару үшін бағдарламалық
қамтамасыз ету құралдары жөнделген және
жуырда «Нұрбанк» клиенттері жаңа буынның
максималды қорғалған Visa карточкаларына
ие бола алады. 2004 ж. 06 желтоқсанда «Халық
банкі», «Нұрбанк», «Казкоммерцбанк»,
«Банк ЦентрКредит», «Еуразиялық банк»
сияқты елдің ірі қаржы институттарының
басшылары елдің саяси тұрақтылығы мен
экономикалық дамуын қамтамасыз етуде
бірігіп жұмыс істегісі келетіндігі туралы
өтініш жасады. Өтініште банктердің саяси
партияларды қаржыландырумен айналыспайтындығы
туралы айтылған. 2004 ж. 07 желтоқсанда «Нұрбанк»
Жамбыл облысының Байзақ ауданында жүргізіліп
жатқан жаңа кірпіш зауытының құрылысын
қаржыландырды. Жаңа зауыттағы жұмысқа
220 адам тартылады. Болашақтағы зауыттың
қуаты – жылына 30 млн. дана кірпіш. 2004ж.
21 желтоқсанда Moody ' s Investors Service халықаралық
рейтингтік агенттігі қазақстандық банк
- Нұрбанк рейтингтерінің өзгеру болжамын
арттырды. «ВаЗ» шетел валютасындағы міндеттемелер
бойынша ұзақ мерзімді рейтингті және
«Е+» қаржы тұрақтылығы рейтингіндегі
өзгерістер болжамы «тұрақтыдан» «оңға»
дейін жоғарылатылды. Нұрбанк өтімділік
пен несие портфелінің сапасы жағынан
Қазақстандағы ең үздік банктердің бірі,
ал жеке меншік капиталының абсолютті
көлемі бойынша жетінші банк деп танылды. 2005 ж. 29 сәуірде Standard &
Poor's халықаралық рейтингтік агенттігі
өткен аптада «Нұрбанк» АҚ шығарған $150
млн. сомадағы басым қамтамасыз етілмеген
міндеттемелер эмиссиясына «В-» кредиттік
рейтингін (болжам Тұрақты/С) беру туралы
жариялады. Нұрбанк рейтингтері (шетел
валютасындағы міндеттемелері бойынша:
ВВВ-/Тұрақты/А-3; ұлттық валютадағы міндеттемелері
бойынша: ВВВ/Тұрақты/А-3). 2005 ж. 29 сәуірде
«Нұрбанк» «екінші бестіктегі» банктердің
ішінде бірінші болып 9,125% жылдық АҚШ доллары
мөлшерленесі бойынша $150 млн. еуробондтар
орнықтырды, енді қорландыру базасының
қаржыландыру көздерінің толық топтамасына
ие. Үш жылдық қағаздар 9,125% жылдық кірістілікпен
орнықтырылды. 2005 ж. 09 мамырда
Жеңістің 60 жылдығына «Нұрбанк» ардагерлердің
әрқайсысына 25 мыңға «Максимум пенсионный»
депозиттерін ұсынды. 2005 ж. 11 мамырда АҚШ ауыл
шаруашылығы департаментінің тауар-кредиттік
корпорациясы 13,7 миллион доллар көлемінде
Нұрбанкке кредиттік линия ашу туралы
ресми жариялады. Осы қаражаттарды банк
Америка өндірісінің жоғары сапалы агроөнеркәсіптік
өнімдерін импорттау үшін отандық кәсіпкерлерге
беретін болды. Кредиттік линия GSM-102 және
GSM-103 эспорттық кепілдіктер бағдарламасы
шегінде күшінде болады. Нұрбанк пен Оңтүстік
Кореяның Эксимбанкі арасындағы кредиттік
линия шегінде Нұрбанк 5 миллион АҚШ доллары
сомасында клиенттеріне өнеркәсіптік
жабдықтарды, ауыл шаруашылығы машиналарын
және оңтүстік корея өндірісінің басқа
да тауарларын иеленуге бір жылдан бес
жылға дейін заем береді.Яғри бұл несиелер
ірі өндірістік компаниялярға,сондай-ақ
шағын және орта бизнес кәсіпорындарына
арналған.Несиенің жылдық қойылымы
12 пайыздан көп емес. 2005 ж. 13 мамырда «Нұрбанк»
$65 млн. синдикатталған заем тарту туралы
хабарлады. 2005 г. 22 шілдеде Standard &
Poor's компаниясы қазақстандық «Нұрбанк»
АҚ (Нұрбанк) коммерциялық ұстанымдарының
жақсаруын, диверсификациясы мен бизнесінің
өсуін есепке ала отырып, «В-» бастап «В»
дейін контрагенттің ұзақ мерзімді рейтингтері
мен депозиттік сертификаттарын жоғарылатты.
Нұрбанк рейтингтері бойынша болжам «Тұрақты»
болып қалады. 2005 ж. 28 маусым Fujitsu Siemens
computers өкілдігі Smartcom компаниясының қатысуымен
"Нұрбанк" it –инфрақұрылымын модернизациялау
жөніндегі жобаны аяқтады. Алғаш рет қазақстандық
банкте Fujitsu Siemens Computers компаниясының PRIMEPOWER
класс қиындықты жоғары санатты сервері
пайдалануға енгізілді.
Информация о работе Стратегиялық басқару теориясының мәні мен пайда болуы