Толық және өндірістік өзіндік құн есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2013 в 13:30, курсовая работа

Описание работы

Кез-келген кәсіпорын (фирма) өнім өндірісін бастамас бұрын, ол қандай пайда ала-алатынын анықтап алады. Кәсіпорынның өндірістік шешімдері, жұмыстары нарық жағдайлары мен өндірістік шығындар арқылы анықталады. Жалпы түрде өндіріс шығындары және өткізу (өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құны) өнім өндірісі процесінде қолданылатын (жұмыс, қызмет) табиғи ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек ресурстары және басқа да өнім өндірісіне және өткізуге шығындарды бағалық талдау болып табылады.

Содержание работы

Кіріспе……………………………………………………………………..3
Негізгі бөлім
I Өндіріс шығындары және өзіндік құн.
1.1. Кәсіпорын шығындары түсінігі және олардың түрлері…................4
1.2 Өнімнің өзіндік құнының қалыптасуы және мәні………..................7
II Толық және өндірістік өнімнің өзіндік құнының есебі
2.1 Толық өзіндік құнды калькуляциялау.................................................10
2.2 “Абзорпшен-костинг ” жүйесі бойынша калькуляциялау................
III Өнімнің өзіндік құнын жетілдіру жолдары
3.1 Өзіндік құнды есептеудің шетелдік тәжірибедегі әдістері..............
Қорытынды…………………………………………………………...28
Пайдаланылған әдебиеттер…………………………………………30

Файлы: 1 файл

курсовой.docx

— 55.10 Кб (Скачать файл)

        ЛИФО тәсілі соңғы партиялардың өзіндік құны бойынша материалдарды бірінші кезекте есептен шығаруды көздейді. Ол босатылған құндылықтардың құны жоғарылауын, ай соңындағы қалдықты азайтуды, яғни пайданы төмендетіп, өтімділікті нашарлатуды қамтамасыз етеді. Оны салықтың жеке түрлері бойынша (пайдаға салық, мүлікке салық және т.б.) салық салынатын базаны ең аз шамаға жеткізуді мақсат етіп қоятын ұйымдарда қолдану ұсынылады.

      Орташа өзіндік құн тәсілі босатылатын ресурстары орташа сатып алу өзіндік құны бойынша бағалауға мүмкіндік береді. Ол ФИФО және ЛИФО тәсілдерімен салыстырғанда, салық салынатын база мен өтімділікке ықпал ету тұрғысынан орынды болып табылады.

      Материалдарды есептен шығару шығыс жайлы құжаттар негізінде атқарылады.

       Есепті кезең ішіндегі материалдың жалпы нақты шығысы (тікелей шығыстардың бірінші элементі) мынадай формула бойынша есептеледі:

                                  

                                     Рфип +П – В - Oкп,

 

мұндағы, Рф –есепті кезең ішіндегі материалдың нақты шығысы;

                Оип – есепті кезең басындағы материалдың қалдығы;

                 П - есепті кезең бойы материалдың түсуін құжатпен растау;

                 В – есепті кезең бойы материалдың  ішкі ауыстырылуы (материал-ды қоймаға қайтару, басқа цехтарға беру және т.с.с);

                 Oкп – түгендеу мәліметтері бойынша анықталатын есепті кезең соңындағы материалдың қалдығы.

        Әрбір  бұйымға шыққан нақты шығысты  норма бойынша шығысқа сәйкес  бөлу жолымен анықтайды.

        Негізгі  өндірістік жұмысшылардың еңбек  ақысы тиісті аударымдарымен  бірге тікелей шығыстардың екінші  элементі болып табылады.

       Еңбекті  істеген мерзіміне қарай ақы  төленетін түріндегі еңбеккерлердің  еңбекақысы есептеу үшін жұмыс  істелген уақыт есебі табелінің  мәліметтері пайдаланылады. Еңбекті  өтеудің кесімді түрі жағдайында  – кесімді ақы алушы жұмысшы  өнімділігін есептеудің әр түрлі  жүйесі қолданылуы мүмкін. Ұсақ  сериялы және жеке өндіріс  жағдайында жұмысшылардың өнімділігін  есептеу бойынша кесімді жұмыс  наряды; сериялық өндірісте маршрут  парақтары немесе карталары негізгі бастапқы құжат болып табылады.

        Әрбір  жұмысшының ауысым немесе есептелетін  кезең ішіндегі өнімділігін анықтау  үшін жаппай және ірісериялық  өндірісте ауысым немесе есептелетін  кезең соңындағы өңделмеген бөлшек  немесе құрастырылмаған бұйым  қалдықтарына операциялық санақ  жүргізіледі. Жұмысшылардың өнімділігі  ауысым басындағы дайындау немесе  бөлшек қалдығы ретінде, бөлшек санына көбейтілген, ауысым ішінде жұмыс орнына берілгеннен минус ауысым соңына дейін өңделмеген немесе құрастырылмаған бөлшектер болып анықталады. Осылайша есептелген әрбір жұмысының өнімділігі өнімділік есебі рапорты немесе тізімдемесімен рәсімделеді.

       Кесімді бағаны нақты іс-жүзінде жеткен өнімділікке көбейткенде кесімді ақы алушы-жұмысшының есептелген еңбекақысының мөлшері алынады.

      Жанама шығыстар нақты объектісі белгісіз болған жағдайда үстеме шығындарына жатқызылады.

        Кезең шығыстарын да жанама деп тануға болады, өйткені олар өнімнің толық өзіндік құнын калькуляциялауға қатысады және сонымен қатар тура жолмен бұйым шығыстарына жатқызылуы мүмкін.

         Қосымша шығыстар өндірістік бөлімшелерде, учаскелерде, цехтарда, өндірістерде, бөлістерде пайла болады. Олардың белгіленуі, сипаты және іс-қызметтік ролі тікелей өндіріспен байланысты. Бұл шығыстардың мөлшері көбіне өндіріс көлеміне байланысты, қосымша шығыстардың екінші тобы-кезең шығыстары туралы бұлайша айтуға болмайды, олар өндірісті ұйымдастырумен және жалпы қызмет етумен сондай-ақ жалпы ұйымды басқарумен байланысты.

         Қосымша шығыстардың аналитикалық есебі кәсіпорынның бөлімшелері бойынша, ал олардың тұрғысынан – белгілі шығыс номенклатурасы бойынша жасалады. Шығыстардың баптары 7 «Тауарлық- материалдық қорлардың есебі» БЕС-да және оларға әдістемелік ұсыныстарда қарастырылады.

        7 бухгалтерлік есеп стандарттары шығыс баптарының мынадай номенклатурасын ұсынады.

  1. Басқа жақтан алынған материалдар, оның ішінде транспорттық-дайындау шығыстары; сатып алынған материалдар; табиғи шикізат; сатып алынған бұйымдар; жартылай өнімдер; басқа жақтағы, сыртқары ұйымдар орындаған өндірістік сиапттағы жұмыстар мен көрсетілген қызметтер; сыртқары, басқа жақтағы транспорттық қорларды қоймаға дейін жеткізу бойынша көрсетілген қызмет; материалдарды  жеткізуге бойынша көрсетілген қызметі; отын, сатып алынған материалдардың барлық түрлері. Материалдарға шығыстардан қайтарылған шығыстардың құны алып тасталады;
  2. қызметкерлердің еңбегін өтеу;
  3. еңбек өтеуден заңнамалар белгілеген мөлшерлеме бойынша әлеуметтік салық аудару;
  4. негізгі құрал-жабдықтарды жөндеу;
  5. негізгі құрал-жабдықтардың тозуы мен материалдық емес активтердің амортизациясы;
  6. коммуналдық қызмет;
  7. жал төлемі;
  8. басқадай қосымша шығыстар.

        Ай ішіндегі үстеме шығыстардың түрлерін арнайы тізімдемеде көрсетуге

мүмкіндік береді. Әрбір  баптың ішінде нақтылау мақсатымен шығындарды толық анықтау үшін аналитикалық есепті ұйымдастыруға болады.

        Әдетте ұйымдарда өндіріс басшылары мүмкін болатын шығындар мөлшерін біліп, дәлелді шешім қабылдауы үшін алдын-ала үстеме шығыстар жоспарын жасайды.

        Үстеме  шығыстарды бөлу процесі үш  элементтен тұрады:

  • шығындарға қатысты объект таңдалады;
  • объектіге жатқызылған шығындар таңдалады және жинақталады;
  • шығындардың есептік объектімен арақатынаста болатын бөлу базасы таңдалады.

          Бөлу тәсілдері ерікті түрде бухгалтер-таңдаушының ұйғарымы бойынша таңдалады. Бөлу базасы ретінде әрбір өндірістік бөлімшенің қосымша шығыстарына неғұрлым сәйкес келетін көрсеткіш таңдалады.

         Үстеме шығыстарды таңдаудың маңызды принципі осы өнім түріне шыққан нақты шығысқа ең жуық болу нәтижесі болып табылады.

        Кезеңдердің аналитикалық есебі шығыстардың тобы бойынша, ол топтың ішінде – баптар бойынша, ол кәсіпорынға шығыстар сметасын орындауды бақылауға мүмкіндік береді.

      7 БЕС-да  кезең шығыстарының өнімді өткізумен  байланысты келесі шығындары  көрсетіледі:

  • еңбекақы, сыйақы және еңбекақыға байланысты төлемдер бойынша;
  • тауар өткізумен шұғылданатын қызметкерлердің еңбек қорынан әлеуметтік салық аудару;
  • буып-түю, орау, тиеу, тасу бойынша;
  • өткізу және басқа делдалдық ұйымдарға төленетін комисиялық аударымдар;
  • коммуналдық қызметке: өткізу орындарындағы тауарларды сақтауға арналған бөлмелерді ұстау бойыншы;
  • белгіленген мақсаты ұқсас басқа шығыстар.

       Жалпы  және әкімшілік шығыстарға –  өндірістік процеспен байланысты  емес шығыстар жатқызылады:

  • жалақы, сйыақы, жәрдемақы және басқа төлемдер бойынша;
  • әкімшілік жеке қызметкерлерінің еңбек қорынан әлеуметтік салық аударымдары;
  • лауазымды қызмет адамдарына қосымша төлемдер коммуналдық қызметке;
  • әкімшілікке белгіленген бөлмені ұстау;
  • күмәнді борыштар бойынша резерв сомасын есептеу;
  • айыппұл (штраф) өсімақы (пени) келісім шарттарын орындамағаны үшін төленетін айып (неустойка);
  • белгілеу бойынша ұқсас шығыстар.

         Кәсіпорынды басқаруға шыққан шығыстар мемлекет тарапынан нормалауға және шектеуге түседі, олардың кейбіріне арнайы мөлшер, норматив пен шектеулер заңнамалармен белгіленген.

         Бір ай ішіндегі жалпышаруашылық шығыстар тізімдемеге жазылады, бұл олардыбаптар бойынша талдауға мүмкіндік береді және кәсіпорын толық өзіндік құнды калькуляциялайтын болғандықтан олар әр айдың соңында толықтай есептен шығады.

         «Үстеме шығыстар» мен «Жалпы және әкімшілік шығыстар» шоттарында пайда болған сәтінде бастапқы құжаттар негізінде өнімнің нақты түрімен байланыстыру мүмкін емес жанама шығындар жиналады мысалы, есептеу-кассалық қызмет еткені үшін банкіге төлеу, үйдің амортизациясы, кадрлердің біліктілігін арттыруға шығындар және т.б. жанама шығындаркезең ішінде шыққан өнімнің барлыө көлемінің өзіндің құнына кезең ішінде шыққан өнімнің барлық көлемінің өзіндік құнына ғана кіреді. Сондықтан жанама шығындар жөніндегі талдау құрылымдық бөлімшелер бойынша дәстүрлі жүргізіледі. 

        Өнімнің өзіндік құнын жасау калькуляция объектілері тұрғысынан яғни шығарылатын өнім номенклатурасы тұрғысында ұйымдастырылады:

    • қосалқы өндіріс шығындарын өнім түрлері бойынша бөлу;
    • жалпы өндірістік шығыстарды өнім түрлері бойынша бөлу өндірістік өзіндік құн жасау;
    • жалпы шаруашылық шығыстарды өнім түрлерібойынша бөлу – өнеркәсіптік – өндірістік өзіндік құнын жасау;
    • коммерциялық шығыстарды өнім түрлері бойынша бөлу – толық өзіндік құнды жасау.

         Толық өзіндік құнды жасау  өнімнің өткізу құнын анықтаудың  соңы болып табылады ол атқарылған  соң және шот фактура көшірмелері  «Дайын –өнімді өткізгеннен түскен кіріс», шотына кредиттеледі, «Дайын өнім бойынша шығыстар», «Жалпы және әкімшілік шығыстар» және «Сыйақы бойынша шығыстар» және ішінде өткізілген өнімге қатысты шоттарда жинақталады.

 

 

         2.2 “Абзорпшен-костинг ” жүйесі бойынша калькуляциялау

 

 

 

 

 

 

III Өнімнің өзіндік  құнын жетілдіру жолдары

3.1 Өзіндік құнды есептеудің  шетелдік  тәжірибедегі әдістері

 

        Әрбір  мемлекетте әр өнім өндіруші  өнімін өзіндік құнын есептеп,  өндірістік шығындарды  төмендетуге  талпынуы қажет. Өткізетін өнімнің  бағасы мен басқа да жағдайлар  тұрақты болғанда, өнім бірлігіне  қажетті шығындарды қысқарту  табыс көлемін ұлғайтады.

        Әр  мемлекетте өндірістік шығындарды  азайтудың әр түрлі жолдары  қолданылады. Олардың барлығын  төмендегідей етіп біріктіруге  болады:

  1. Өндірістік – техникалық деңгейін жоғарлату шаралары:
  • өндірістік үрдістерді механизациялау және автоматицазиялауды басқарудың автоматизацияланған жүйелері мен жаңа технологияларды енгізу;
  • қолдананылатын техникамен технологиялардың эксплутациясы;
  • өнім сапасын жоғарлату, өнімдердің техникалық сипаты мен құрылымын өзгерту;
  • өнім құралдарын жетілдіру, яғни жетілдірілген материалдар мен шикізаттар;
  • шикізат пен материалдарды ұтымды пайдалану;
  • өндірістің техникалық деңгейін жоғарлатушы басқа да факторлар;
  • амортизациялық аударымдарды көбейту арқылы өнімділікті жоғарлатушы құралдарды қолдану.

      Жалпы, материалдар  мен ресуртарды үнемдеудің түрлі  жолдары бар, олардың негізгілері  төмендегідей:

    1. материал, шикізат, отын, электроэнергияны рационалды пайдалану;
    2. Бұрыс өнімді жою;
    3. Экономикалық материалдардың жаңа түрін енгізу;
    4. Шикізат пен материалдарды кешенді пайдалану.
  1. Өндіріс пен еңбекті жетілдіру шаралары:
    • өндірісті басқаруды жетілдіру;
    • еңбекті ұйымдастыруды жақсарту;
    • материалдық-техникалық қамсыздандыруды жетілдіру;
    • өндірістік емес шығындарды жою;
    • өндірісті мамандыру;
    • шығындарды жақсарту;
    • жұмысшылардың уақытын нәтижелі пайдалану;
    • өндірісті ұйымдастыруды жетілдірудің басқа да факторлары.
  1. Өндірілетін өнімнің көлемі мен құрылымын өзгерту шаралары:

Информация о работе Толық және өндірістік өзіндік құн есебі