Тәуекел және оның экономикалық салдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2015 в 11:03, реферат

Описание работы

Тәуекелдің мәні және қайнар коздері
Нарық жағдайында тәуекелдерді басқару қажеттілігі мен негіздері.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Файлы: 1 файл

ТӘУЕКЕЛ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛДАРЫ.doc

— 83.50 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

  Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университеті

 Экономика , құқық және гуманитарлық ғылымдар факультеті

 

 

 

СӨЖ

 

Тақырыбы :   Тәуекел және оның экономикалық салдары

 

 

    

 

 

                                                                    ОРЫНДАҒАН : Қасенова Ә.Е.

                                                                     ТОП :                 ФН-305

                                                                     ТЕКСЕРГЕН :  Курманбекова Г.А.

 

 

 

 

 

 

                                       Семей, 2015 жыл

ЖОСПАР:

  1. Тәуекелдің мәні және қайнар коздері

  1. Нарық  жағдайында  тәуекелдерді басқару қажеттілігі мен негіздері.

  1. Қолданылған әдебиеттер тізімі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәуекелдің мәні және қайнар коздері

Тәуекел түсінігі белгілі бір болатын құбылыстың қолайсыз нәтижесі қаупін сипаттайды. Тәуекелдің өлшемін, ықтималдық теориясын қолдану арқылы математикалық жолмен дәл есептеп шығаруға болады. Жоспарлы және нақты нәтижелердің арасындағы айырмашылық мүмкіндігі тәуекел деп аталады. Сонымен тәуекел-бұл мүмкін болатын (болжамды) қауіп, қолайлы нәтиже болар деген үмітпен шешім қабылдау, нәтижесі анықталмаған жағдайда шешім қабылдау, адамдардың қызметінің кез келген саласындағы шығындардың (зиянның) болу ықтималдығы .

Тәуекел түсінігімен шығын түсінігі тығыз байланысты. Шығын арқылы, деп өлшенетін және шынайы сипаттарға ие болған, тәуекел қалыптасады. Осыған байланысты қолайсыз құбылыстар туралы ақпараттарды жинау, сараптау, талқылау қажеттілігі туады. Оның мақсаты - қолайсыз құбылыстардың болуының және дамудың жалпы тенденңияларын, зандылықтарын анықтау, тәуекелді ғылыми тұрғыда болжау, көру.

Тәуекел тұрақсыз шама, оның өзгеруі экономикадағы өзгерістермен және өзге факторлармен тығыз байланысты. Сақтандыру қызметі тәуекел түрлерінің және көлемінің өзгерістерін үнемі назарда ұстап отыруы қажетті. Осыған байланысты статистикалық есеп, талдаулар және жинақталған мәліметтерді өңдеу жасалынады.

Қауіптілік көзіне байланысты табиғаттың стихиялық күштерінің пайда болуымен және материалдық игіліктерді алу процесіндегі адамның мақсатты бағытталған әрекетімен байланысты тәуекелдер ажыратылады. Табиғаттың стихиялық күштерінің пайда болуымен байланысты тәуекелдерге жер сілкінісі, су алу, сел, цунамилер мен өзге қүбылыстар жатқызылады.

Адамның мақсатты бағытталған әрекетімен байланысты тәуекелдерге ұрлық, тонау, вандализм актілері, және басқа заңға қайшы әрекеттер танылады.

Сақтандырушының жауапкершілік көлемі бойынша тәуекелдерді жеке және әмбебап түрлерге бөлуге болады. Мысалы жеке тәуекел белгілі бір құндылыққа жасалған қирату әрекеті болса, әмбебап тәуекел, мүліктік сақтандырудың келісімдерінің көпшілігі бойынша сақтандырушы жауапкершілігінің көлеміне енгізілетін - ұрлық әрекеттері.

Сонымен қатар ерекше топты спецификалық тәуекелдер; аномальды және катастрофалық тәуекелдер құрайды. Аномальды тәуекелдер шамасы сай объектілердің оларға не сақтандыру жиынтығының өзге топтарына жатқызуға мүмкіндік бермейтін шығындар жатады, олар қалыптыдан жоғары не төмен бола береді. Қалыптыдан төмен тәуекел сақтандырушы үшін қолайлы және сақтандыру келісімінің қарапайым шарттарындағы төлемге ие.

Ал қалыптыдан жоғары тәуекел сақтандырушы үшін әр кезде қолайлы емес және сақтандыру келісімінің ерекше жағдайларында жабылады. Мұндай ерекше шарттарға потенциалды сақтандырушының егер бұған себеп болса алдын-ала медициналық куәлік беру процедуралары жатады. Сақтандыру жағдайының салдарынан зиян келу мүмкіндігі немесе ықтималдығы математикалық жолмен есептеледі, бүл ықтималдық деңгейі сақтандыру тарифтерін қүруға көмектеседі. Мысалы нақты сақтандыру жағдайынан келетін шығындар деңгейі, яғни сақтандырумен қамтамасыз етуге ықпал еткен нақты бір қауіп түрі тәуекелдің зардабын жою құнын көрсетеді.

Апаттың тәуекелдер аса жоғары көлемде зиян келтіре отырып, сақтандырылған объектілер мен сақтанушылардың ең көп санын қамтитын тәуекелдердіц жоғары үлесін құрайды. Бүл тәуекелдер Қауіптілік көзіне байланысты болатын тәуекелдер сияқты табиғаттың стихиялық күштерінің пайда болуымен және адамдардың табиғатқа материалдық игіліктерді өндіру барысында тигізген зиянды әрекеттерінің нәтижесінде болады.

Жалпы жіктелімдерде тәуекелдерді экологиялық, транспортты, саяси және арнайы деген түрлерге бөліп қарастыруға болады.

Экологиялық тәуекелдер қоршаған ортаның ластануымен және адамдардың материалдық игіліктерді алу процесіндегі іс- әрекеттерімен байланысты. Әдетте экологиялық тәуекелдер сақтандырушы жауапкершілігінің көлеміне енбейді. Экологиялық тәуекелдермен байланысты сақтық қызығушылықтар осы қызығушылықтарға жауап беретін сақтандырудың өзіндік тәуелсіз түрінің пайда болу қажеттілігін туғызды.

Транспорттың тәуекелдер каско жэне карго тәуекелдеріне бөлінеді. Каско транспорттық тәуекелдері әуе, теңіз және өзен судтарын (судов) теміржол жылжымалы құрамды, қозғалыс кезіндегі автокөлікті, тұрақты және жөндеуді сақтандыруды көздейді. Кар- го көлік тәуекелдері әуе, теңіз, өзен, теміржол және автокөлік қүралдарымен тасымалданатын жүктерді сақтандыруды көздейді.

Саяси тәуекелдер нақты тәуелсіз мемлекетке не тәуелсіз мемлекет азаматына қатысты шетелдік мемлекеттің үкіметінің акциялары не шаралары арқылы халықаралық құқық нормалары көзқарасы тұрғысынан заңға қайшы іс-әрекеттермен байланысты. Сақтандыру келісімінің ерекше шарттары не өзара келісу жүйесі арқылы саяси тәуекелдер сақтандырушы жауапкершілігінің көлеміне енгізілуі мүмкін.

Арнайы тәуекелдер айрықша бағалы жүктерді, мысалы құнды металдарды, қымбат бағалы тастарды, өнер туындыларын, ақша бірліктерін тасымалдауды сақтандырумен байланысты. Арнайы тәуекелдердің мазмүны сақтандыру келісімінің ерекше шарттарында көрсетіледі және сақтандырушы жауапкершілігінің көлеміне енгізілуі мүмкін.

Техникалық тәуекелдер өндіріс технологиясындағы үзілістің не машиналар мен құрал - жабдықтардың қатардан күтпеген жерден пайда болуы себепті жарылыс (жарылыс) түрінде көрінеді. Техникалық тәуекелдерді сақтандыру әмбебап сипатқа ие, яғни объектіні шығындардың көптеген түрлерінен қорғайды.

Тәуекелдің пайда болу көздері болып табиғаттың апатты күштері мен қолайсыз өзгерістері, сыртқы қоршаған ортадағы қолайсыз факторлар аурулар, зиянкестілер және сол сияқтылар, адамдардың әрекеті немесе әрекетсіздігі салдарынан келетін жайттар танылады. Нақты сақтандыру жағдайы орын нақты бір тәуекелдің түріне, оның пайда болуына немесе орын алу ерекшелігіне қарай әртүрлі салалық топтарға, түрлерге жатқызылуы мүмкін Мысалы, су басу табиғи себептерге (қатты жауын-шашын әсерінен), техногендік жағдайларға (техникалық ауытқуларға), байланысты пайда болуы мүмкін. Сонымен қатар банктердің ішкі тәуекелдері де қаржылық өзгерістердің әсеріне, адамдардың теріс пиғылдарына, техникалық ауытқушылықтарға, заңдық не саяси өзгерістерге байланысты туындауы да мүмкін. Кейбір авторлар тәуекелдерді былайша тотастырады.

Құқықтық мазмүны бойынша:

  1. Заңды түрде немесе басқа да объективті себептерге байланысты сақтандырылуы мүмкін емес тәуекелдер (мысалға, сақтанушының қасақана пиғылы, жүктің табиғи қасиеттері - қүрғап кету, шашылып қалу және т.с.с.)
  2. әдетте сақтандырылмайтын, алайда қажет кезде тиісті тәуекелі үшін қосымша сақтандыру сыйақысын төлеу арқылы сақтандырылуы мүмкін тәуекелдер (әскери әрекеттер, қоғамдық тәртіпсіздіктер);
  3. стандартты шарттар бойынша сақтандырылатын тәуекелдер (өрт, табиғи апаттар, авариялар);

Экономикалық мазмұны бойынша:

  • сақтандырушылық орнын толтырудың нақты түрлеріне жататын тәуекелдер (мүліктік мүдделер, азаматтық-құқықтық жауапкершілік, өмір және денсаулық жэне т.б.);
  • қызметтің нақты түрлеріне жататын тәуекелдер (өнеркәсіптік,ауыл шаруашылық, көліктік тәуекелдер; өз кезегінде олар салалар бойынша бөлінеді)

Сонымен тәуекел - сақтандыру объектісіне потенңиалды зиян келтіру ықтималдығын сипаттайды, тәуекелдердің пайда болу көздерін және салдарын алдын-ала болжау, оның орын алуынан келетін шығындардың деңгейін төмендетуге, яғни нақты сақтандыру жағдайынан туындайтын шығындар көлемін азайтуға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Нарық жағдайында тәуекелдерді  басқару қажеттіліктері мен негіздері. Тәуекел-менеджмент жүйесі

Нарықтық экономикадағы кәсіпорындардың, шаруашылық субьектілерінің, қаржы ұйымдарының қызмет аясы кеңейген сайын, тәуекелдерді басқару мен бақылау қызметі де үлғая бермек. Бірақ, отандық сақтандыру ұйымдары әлемдік тәжірибеде белгілі барлық тәуекелдің түрлерімен кездесті деуге болмайды. Алайда олардың саны өсіп барады, ал бұл проблема отандық сақтандыру ұйымдары үшін жаңа болып табылады, сондықтан да сақтандыру ұйымдарының қызметтерін жүзеге асыру әдістері бойынша қандай да бір тереңдетілген зерттеулер жүргізілген жоқ. Осы орайда қаржы ұйымдарының операцияларын қалыптастыру барысында пайда болатын тәуекелдерді зерттеу Қазақстанның қаржы жүйесін реформалау кезіндегі өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Тәуекел теориясында бақылау проблемасы өзекті болып табылады.

Тәуекел-менеджмент - сақтандыру келісім-шартында көрсетілген сақтандыру шарттарының дұрыс орындалуын бақылау, алдын-алып ескерту шаралары, сақтанушының құрылыс және басқа да жұмыстарын қадағалауға қатысу, сақтанушының қаржылық жағдайын бағалау мен бухгалтерлік есебін жүргізуге қатысуы. Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыруда сақтандыру бағасы заңнаманың және халықаралық келісімдердің ережелері мен талаптары, келісімді міндеттемелерді орындаудың қалыпгасқан практикасы, азаматтардың заң талаптарына деген оң көзқарасы, сот шешімдерін орындау тәртібі - азаматтық менталитет деңгейі, өндірістегі, жолдардағы, жылжымалы қүрамдардағы техникалық қауіпсіздік жағдайы, жол қозғалысының қауіпсіздік деңгейі.

Тәуекелді төмендету бойынша бағдарламаны жасауда тәуекелді шешімдердің психологиялық қабылдануы ескеріледі. Тәуекел жағдайында шешім қабылдау психологиялық процесс болып табылады. Сондықтанда шешімнің математикалық негізделінуі мен қатар тәуекелді шешімінің қабылдануы және жүзеге асырылуында көрінетін адамның психологиялық ерекшеліктерін ескерген де жөн болады.

Тәуекелдерді басқару ісіндегі бақылауды ұйымдастырудың ең маңызды кезеңдерінің бірі қабылданған әрекет бағдарламасын орындау бойынша іс-шараларды ұйымдастыру. Жекелеген іс әрекеттердің түрлерін, бұл атқарушыларды, орындалу мерзімін анықтау. Күрделі бәсекелік күрес жағдайында стратегиялық бақылау жетістікке жетудің маңызды факторы болғанымен, көптеген ұйымдардың қызметтерінде стратегиялық болмауын байқауға болады, ал бұл өз кезегінде нарықтық күрестерде жеңілістерге әкеледі. Ұйымдардағы тәуекелді стратегиялық бақылаудың болмауы екі түрде көрінеді:

Біріншіден, сақтандыру ұйымы өзінің қызметін қоршаған орта өзгермейді немесе онда ешқандай мәнді өзгерістер болмайды деген тұжырым негізінде жоспарлайды. Стратегиялық емес жоспарлауда қазіргі кезге және болашаққа нақты эрекеттер жоспары жасалынады.

¥зақмерзімді болашақты көре білу бақылаудың маңызды бөлігі болып табылады. Стратегиялық бақылау жағдайында әрбір кезек есепке алынып, қоршаған ортада және ұйымның өзінде өзгерістер болады стратегиялық бақылауда қазіргі кезде болашаққа көз тасталады. Сақтандыру ұйымы қазіргі кезде болашағын қамтамасыз ететін қызметтерді жүзеге асырады. Стратегиялық бақылауға тән нәрсе, ол банктің болашақтағы қажетті жағдайы тіркеліп қана қоймай, болашақтағы мақсаттарға жету мүмкіндігін беретін қоршаған ортадағы өзгерістерге тез арада бейімделу қабілеттілігі жасалады. Бұл аталған мәселелер стратегиялық менеджменгтің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

Екіншіден, стратегиялық емес бақылауда әрекет бағдарламасы ұйымның ішкі мүмкіндіктері мен ресурстарын талдаудан басталады. Мұндай көзқараспен ұйым тек қандай қызмет түрлерін ұсынылатындығын және олардан қаншалықты шығын болатындығын ғана анықтайды. Мұндай көзқараспен банктер тек қанда қызмет түрлерін ұсынатындығын және олардан қаншалықты шығын, ұйымдардың ұсынатын жаңа қызметтердің нарықта қабылданатындығына жауап бере алмайды.

Біріншіден, стратегиялық бақылау өзінің мәні бойынша болашактық айқын бейнесін бере алмайды. Стратегиялық бақылау бойынша құрылатын болашақ, ол банк қалайтын болашақтағы жағдай - бұл ішкі және сыртқы жағдайлардың жіктелген бейнесі емес, банктің болшақта болуы тиіс сапалық жағдайы.

Екіншіден, стратегиялық бақылау алдын ала бекітілген кестелер мен процедураларға келтіріле алмайды. Оның жекелеген нақты жағдайлар мен міндеттерді шешуде не істеу қажет екендігін бейнелейтін теориясы жоқ.

Тәуекелді страгтегиялық бақылау бәрінен бұрын бизнестің немесе менеджменттің идеологиясы немесе философиясы. Мысалы банктердегі әрбір қаржылық менеджер оны өзінше - түсініп, өзіне жүзеге асырады. Оның стратегияны таңдау және проблеманы талдауға арналған логикалық кестелері мен ережелері, ұсыныстары бар.

Информация о работе Тәуекел және оның экономикалық салдары