Тәуекел және оның экономикалық салдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2015 в 11:03, реферат

Описание работы

Тәуекелдің мәні және қайнар коздері
Нарық жағдайында тәуекелдерді басқару қажеттілігі мен негіздері.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Файлы: 1 файл

ТӘУЕКЕЛ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛДАРЫ.doc

— 83.50 Кб (Скачать файл)

Тәуекел-менеджмент жүйесі сақтандырушы тарапынан сақтанушының заң талаптарын және сақтандыру келісімінің шарттарын орындауын бақылау, басқару және алдын-ала ескерту шараларын жүзеге асыру.

Мысалы сақтандырудың жеке сақтандыру саласында тәуекелді бағалау - адамның жасы, оның денсаулығы, бойы мен салмағының сәйкестігі, тұқым қуалаушылығы, өндірістегі техника қауіпсіздігі, кәсіптің қауіптілігі, сақтанушының жұмыс тәжірибесі жэне т.б. болады.

Тәуекелді басқару не тәуекел - менеджмент - медициналық куәландыру, медициналық мекемедегі сұраулар, өлім мен өмірдің ұзақтығы кестесін қолдану, потенциалды сақтанушыны анкеталық сұрау, өндірісті тексеру (сақтандырушының жұмыс орнын), ескерту іс-шаралары. Тәуекел-менеджмент - сақтандырушы тарапынан сақтанушының заң талаптарын және сақтандыру келісімінің шарттарын орындауын бақылау, мемлекеттің экономикалық саясатындағы, нарық конъюнктурасындағы өзгерістерді қадағалап отыру, сақтанушының сақтандыруға қатысы бар жұмыстарын (әрекеттерін) тексеру [3].

Өндірісті ұйымдастырудың жалпы деңгейі, әртүрлі көрсеткіштері бойынша мүліктік объектілердің сақталуы, мүліктердің орналасу аумағы, құрылымы, атқаратын қызметі, тәуекелдерден қорғанысы, сақтандыру статистикасының мәліметтері, мүліктік тәуекел деңгейі, мүліктермен байланысты сақтандыру жағдайларының жиілігі тәуекелі, коэффициенті, шығындардың көрсеткіштерінің жалпы деңгейі мүліктік сақтандырудағы тәуекел бағасына әсер етеді.

Тәуекелді бағалау әдістері көбінесе жеке бағалау әдістері және орташа көрсеткіштер бойынша бағалау деп бөлінеді.

Жеке бағалау әдісі жалпылама салыстыруға келмейтін өзіндік ерекшелігі бар тәуекел объектілерін бағалау кезінде қолданылады, мұндай тәуекелдің бағасын сақтандырушының өзі кәсібінің тиісті тәжірибесіне сүйене отырып береді. Мұндай баға берудің кемшілігі сақтандырушының субъективті көзқарасы әрқашан сақтанушының пайдасына шешіле бермеуі де мүмкін.

Ал орташа көрсеткіштер әдісінде нақты тәуекелдер тобының орташа көрсеткіштерін есепке ала отырып, оларды салыстыру арқылы қарастыру қолға алынған.

Қазіргі таңда тәуекелдерді басқаруда маңызы зор тәуекелдерді шектеу әдістері көп қолданылады. Сақтандырушылар қолданатын тәуекелді шектеу әдістерін былайша топтастыруға болады:

  • Сақтандыру сомасының көлемі бойынша міндеттемелерді шектеу
  • Сақтандыру оқиғаларының тізімін шектеу
  • Франшиза
  • Қайта сақтандыру және бірлесіп сақтандыру
  • Сақтандырудың оңтайлы тарифтерін өңдеу
  • Үлгілі инвестиңиялық саясат
  • Зиян келтіруші тұлғалардан сақтандыру төлемдерін өндіріп алу
  • Сақтандыру мамандарын іріктеу және тәрбиелеу (оқыту)

Тәуекелдерді дүрыс басқару мен бақылау олардан келетін шығындар көлемін айтарлықтай азайтуға және болдырмауға мүмкіндік береді.

Тәуекелді менеджменттегі бағыттау мамандар, бақылау аппараты және тәуекелді бақылау жүйесінің барлық бөлімшелерінің жұмыстарының үйлесімділігін білдіреді. Бағыттау бақылау объектінің, бақылау субъектінің, бақылау аппараттарының бірлігін қамтамасыз етеді.

Тәуекелді менеджменттегі ынталандыру бұл қаржы менеджерлерінң, өзге де мамандардың өз еңбегінің нәтижесіне деген ықыласын оятуды білдіреді. Тәуекелді менеджменттегі бақылау бұл тәуекелді төмендету бойынша жұмыстарды тексеруді ұйымдастыруды білдіреді. Бақылау арқылы бағдарламада бекітілген әрекеттердің орындалу дәрежесі туралы, тәуекел капитал салымының табыстылығы, тәуекел және пайданың қатынасы жөнінде ақпараттар жинақталып, олардың негізінде тәуекелін ұйымдастыру, қаржылық жұмыстарды ұйымдастыру, бағдарламаны қаржыландыруға өзгерістер ендіріледі. Бақылау тәуекел төмендету бойынша іс-шаралардың нәтижелерін талдауды көздейді.

Сақтандыру ісінің дамуында қаржылық тәуекелді бақылау экономикалық мазмұны бойынша бақылау процесінде туындайтын тәуекелдер мен сақтанушылар мен сақтандырушылар арасындағы қаржылық қатынастарды бақылау жүйесі болып табылады. Банк ісі ретінде тәуекелді бақылау тәуекелдер мен тәуекелді капитал салымдарының мақсатын жасау, құбылыстардың болу ықтималдылықтарын анықтау тәуекел дәрежесі мен шамасын анықтау, қоршаған ортаны талдау, тәуекелді бақылау стратегиясын таңдау, таңдап алынған стратегияға қажетті тәуекелді бақылау әдістері мен оларды төмендету тәсілдерін таңдау, тәуекел мақсатты түрде әсер етуді жүзеге асыру процестерінен тұрады. Аталған процестер жиынтығында банк ісінде жүргізілетін операцияларды бақылауды ұйымдастырудың кезеңдерін құрайды. ¥йымдастыруды кең ұғымда қарастыратын болсақ, онда ол тұтас бірліктің бөліктері арасындағы өзара байланысты жетілдіруге және құруға әкелетін, әрекеттер немесе процестер жиынтығы.

Сақтандырудағы тәуекел-менеджментті ұйымдастырудың бірінші кезеңі тәуекелді капитал көлемінің және тәуекелдің мақсаттарын анықтау. Тәуекел мақсаты - алынуы міндетті болып табылатын нәтиже. Тәуекелмен байланысты кез-келген әрекет әрқашанда мақсатты бағытталған болып табылады, өйткені мақсаттың болмауы тәуекелмен байланысты шешімінің мәнін жоғалтады. Тәуекелдердің мақсаттары дәл, айқын және тәуекел және капиталмен үйлесімді болуы тиіс.

Бақылауды ұйымдастырудң келесі маңызды кезеңінің бірі қандайда бір әрекеттің үлесіне шешілетін шешімді қабылдауға қажетті қоршаған орта жөніндегі ақпаратты алу. Мұндай оқиғаның болу ықтималдылығын анықтауға болады, тәуекел дәрежесін анықтап оның құнын бағалауға болады.

Бақылау шаруашылық қызметтің қаржылық нәтижелеріне, мүлікке, адамдарға әрқашанда төнген тәуекелдің дәрежесін дұрыс түсіну дегенді білдіреді. Кез келген банк қызметкері оның қызметіне келетін тәуекелді білуі қажет.

Мысалы банк ісіндегі бақылауды өзінің ерекшелігіне қарай, қабылданған тәуекелге ерекше жауапкершілікті ескерсек, онда жауапкершілігін ешкім өзіне алмайтын шешімінің ұжымдық қабылдануы мақсатты емес. Шешімді қабылдаған ұжым ешуақытта оның орындалуына жауап бермейді. Тәуекелді бақылау үшін адамдардың арнайы топтары құрылуы мүмкін. Адамдардың мұндай топтары алдын ала ұжымдық шешімді дайындап, оны дауысқа салу жолымен қабылдайды. Бірақ осыған қарамастан тәуекелді қабылдау және капиталдың тәуекелді салымының варианттарын таңдаудың ең соңғы шешімін бірақ адам қабылдап, қабылданған шешімге жауапкершілікті өзіне алу тиіс. Жауапкершілік қабылданған тәуекел шешімінің қойылған мақсатына жетудегі ықыласты білдіреді.

Бақылауды өте өзгермелі, оның қызметінің тиімділігі бақылау объектінің қаржылық, жағдайының, экономикалық жағдайлардың, нарық шарттарының өзгерістеріне тез бейімделуіне тәуелді. Сондықтан да банк ісіндегі бақылауды тәуеккелді бақылаудың стандартты әдістерін білуге, нақты бір экономикалық ситуацияны бағалай білуге, мұндай жағдайлардан шығу көздерін таба білуге негізделеді. Банк ісіндегі бақылауда дайын рецепт жоқ және де болуы мүмкін емес. Ол қандайда бір шаруашылық міндетінің шешілу әдісін, тәсілін, әдістемесін біле отырып, оларды шешуде айқындылықты табуға үйретеді.

Сақтандыру ұйымының қаржылық менеджері міндетті:

  • тәуекелдің бұл түрі бойынша шығын көлемінің ең жоғарғы мүмкіндігін анықтау;
  • оны сатылатын капитал көлемімен салыстыру;
  • оларды иелігінде бар барлық қаржылық ресурстармен салыстыра отырып, бұл шығындардың инвесторды банкротқа алып келмейтіндігін анықтау қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. ҚР Азаматтық кодексі «Сақтандыру туралы заң» 2010 жыл.
  2. «Сақтандыру іскерлігі жөніндегі Заң» 2010 жыл.
  3. А.И. Худяков. «Теория страхования». Статут 2010 год. 386-521 стр.
  4. Кабанцева Н.Г.. «Страховое дело». Фортуна 2008 год.-24 стр.
    1. К. Айтбай. «Страхование вкладов: о чем следует знать» // Қаржы -Қаражат 2005 №3, 60 - б

 


Информация о работе Тәуекел және оның экономикалық салдары