Тәуекел және табыстылық теориясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2014 в 08:49, реферат

Описание работы

Нарықтық қатынастарға өту жағдайында коммерциялық ұйымдардың (өндірістік кәсіпорындардың,коммерциялық банктердің,фирмалардың) жүргізуші принципі – пауда табуға ұмтылу болып саналады.Ол шығындарға ұшыраумен шектеліп отырады. Басқа сөзбен айтқанда, бұл жерде тәуекел ұғымы пайда болады.
Кез келген кәсіпкерлік қызмет тәуекелмен байланысты. Тәуекел кез келген экономиканың міндетті элементі болып табылады. Тәуекелдің жүзеге асуыэкономикалық үдерістің негізгі бір бөлшегі ретінде танылады,яғни бұл обьективті экономикалық заң. Бұл заңның тіршілігі, кез келген құбылыстың, сонымен қатар шаруашылық үдерістің аяқталуымен ескертілген. Әр бір құбылыс өз шегін, бітуін біледі. Шексіздік тек қана математикада қолданылады. Ал обьективті құбылыстарда барлығы, яғни барлық элементтер шектелген.

Файлы: 1 файл

Тәуекел және табыстылық.doc

— 93.50 Кб (Скачать файл)

Кіріспе

Нарықтық қатынастарға өту жағдайында коммерциялық ұйымдардың (өндірістік кәсіпорындардың,коммерциялық банктердің,фирмалардың) жүргізуші принципі – пауда табуға ұмтылу болып саналады.Ол шығындарға ұшыраумен шектеліп отырады. Басқа сөзбен айтқанда, бұл жерде тәуекел ұғымы пайда болады. 
Кез келген кәсіпкерлік қызмет тәуекелмен байланысты. Тәуекел кез келген экономиканың міндетті элементі болып табылады. Тәуекелдің жүзеге асуыэкономикалық үдерістің негізгі бір бөлшегі ретінде танылады,яғни бұл обьективті экономикалық заң. Бұл заңның тіршілігі, кез келген құбылыстың, сонымен қатар шаруашылық үдерістің аяқталуымен ескертілген. Әр бір құбылыс өз шегін, бітуін біледі. Шексіздік тек қана математикада қолданылады. Ал обьективті құбылыстарда барлығы, яғни барлық элементтер шектелген. 
Материалды, еңбек, қаржылық, ақпараттық және басқа ресурстардың шектілігі (бітуі,аяқталуы) ақиқатта дефициттін пайда болуын туғызады және шаруашылық үдерістің элементі ретіндегі тәуекелді қалыптастырады. 
Тәуекел белгілі бір оқиғамен байланысты белгісіздікті білдіреді. Кәсіпкер тәуекелдерді минимализациялау үшін кез келген іс әрекеттерді қолданғанымен тәуекелдер әрдайым болдаы. Сондықтан да кәсіпкерлік қызмет үшін басты мәселе – тәуекелдерден сақ болу емес, оларды алдын алу мен минималды деңгейге дейін төмендету болып табылады. 
Экономикалық сферада адамдар тәуекелдермен перманентті түрде кездес де, тек қана тәуекелдер теориясын білу жеткіліксіз. Қазіргі күнге дейін тәуекелдің нақты түсініктемесі жоқ. Бұл осы құбылыстың көпқырлығымен түсіндіріледі. Сонымен қатар тәуекел дегеніміз – көптеген сәйкестіксіздермен, кей кездері қарама қайшылықтар негіздері бар күрделі құбылыс. Яғни бұл тәуекелдің әр түрлі көзқарсатар мен анықтамаларға ие екендігін көрсетеді. 
Бизнес әлемінде сәттілік шешуші түрде кәсіпкерлік қызметтің таңдаған стратегиясының негізділігі және дұрыстылығына байланысты. Сондай-ақ критикалық жағдайдың ықтималдығы ескерілуі тиіс. Кәсіпкерлік қызметті тәуекелдіксіз көзге елестету мүмкін емес. 
Тәуекелсіз бизнес мүмкін емес. Тәуекелдің күшеюі – кәсіпкерлік тәуекелдіктің екінші қарама-қарсы жағы, сол үшін өзіндік өтем. 
Нарықтық қатынастар жағдайында өмір сүру үшін техникалық жаңашылдықтарды енгізуге және батыл іс-әрекеттерге бару керек, ал ол тәуекелдікті күшейтеді. 
Осыдан мынадай шешімге келуге болады – кәсіпкер тәуекелдіктен қашпауы керек, оны азайту үшін тәуекел деңгейін бағалай білуі керек. 
Кәсіпкердің ең маңызды мінез-құлық ережелерінің бірібылай: «Тәуекелден қашпау, одан да оны мүмкіндігінше төмен деңгейге түсіруге тырыса отырып, оның алдын ала білу».

1 Тәуекел мәні,мазмұны және функциялары

Тәуекел табиғаттың түрлі құбылыстары және қоғамның қызмет түрлерінің ерекшелігінен туындайтын мүмкін болатын жоғалтулар қаупімен түсіндіріледі. 
Экономикалық категория ретінде тәуекел өзімен бірге болуы мүмкін немесе болмауы да мүмкін жағдайларды ұсынады. Мұндай жағдайдың туындауы салдарынан келесідей үш экономикалық нәтиже болуы мүмкін: жағымсыз (ұтылыс, зиян, шығын), нольдік, жағымды (ұтыс, пайда, табыс).. 
Нарық жағдайында тәуекел кәсіпкерліктің шешуші элементі. Тәуекелдің ерекшеліктері кәсіпкерлік істе белгісіздік, күтпегендік, сенбеушілік болжамдылық жетістікке жетуге кедергі болуы мүмкін. «Кәсіпкерлік іс туралы» заңда жазылғандай кәсіпкерлік іс өз тәуекелділігіне, кәсіпорынның ұйымдастыру құқықтық формасы шегіндегі мүліктік жауапкершілігіне негізделген. 
Нарық жағдайында тәуекелділікті бәсеңдету үшін бірнеше әдістер бар: кәсіпкерлік жоба жасауға істі жетік білетін кеңесшілерді, мамандарды тарту; жобалау алдындағы мүмкін болатын қиындықтарды жете білу; өндірілетін өнімге сұранысты болжау; тәуекелділікті жобаға қатынасушылардың өзара бөлісуі; сақтандыру; болжамсыз шығындарды жабуға керекті қаражатты кезекке ұстау. 
Тәуекелдің жұмыс тапсырушы мен жұмысты орындаушы арасындағы бөлінуінің жалпы концептуалды моделі.

1.1 Тәуекел ұғымының пайда болу  тарихы

Соңғы онжылдықта, бұл пәнге деген қызығушылық қарқынды түрде шетел зерттеушілерімен өсуде. Қазіргі уақытқа дейін тәуекелдің жалпы қабылданған түсініктемесі берілмеген. Жалпы тәуекел ұғымы ұзақ тарихқа ие, біраз оның түрлі баламаларын XIX ғасырдың соңы мен XX ғасыр басында қарқаынды түрде зерттеле бастады. 
Алғаш рет,кәсіпкерліктің функционалды сипаттама ретінде, тәуекел ұғымы ХVII ғасырда Шотландияда туған француз экономисті Р.Контильонмен ұсынды. Ол кәсіпкерді,белгіссіздік жағдайында өз қызығушылығын қанағаттандыратын және шешімдер қабылдайтын фигура ретінде қарастырды. Тәуекелдер концепциясының дамуы, кәсіпкердің пайдасының табиғатын зерттеуімен байланысты. Р.Контильонның шәкірттері тәуекелдерді бағалауда біртекті көзқарастарда болды.Олар: 
Кәсіпкерлік пайда немесе оның басқа фомасында тәуекел үшін төлем болады және ол сапалы түрде табыстан авансты капитал мен еңбекақымен ерекшелінеді. 
Неміс XIX ғасырдың классикалық мектебінің өкілі И.фон Тюнен, кәсіпкерлік пайданың мөлшерін немесе «ұтысын» анықтағанда, оның пайда болуын тікелей кәсіпкерлік тәуекелмен байланыстырады. 
Тюнен бойынша, кәсіпкердің күтуі белгіссіз тәуекелмен байланысты шығынды жағдаймен байланысты саналы таңдауды айқындайды. Қолайсыз жағдайда қызметкерге қарағанда ол барлығын жоғалта алады. 
Сонымен неміс экономистімен сипатталған жағдайда,ұтыс кем дегенде қызметкердің пайдасына теңелуі керек, бірақ кәсіпкер тәуекелге ұшырайды, сондықтан тәуекел қаншалықты үлкен болса, мүмкін шығындармен салыстырғанда ұтыс соншалықты көбірек болуы керек,яғни минималды шығынмен

1.2 Тәуекел мәні және функциялары

Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекел табиғи түрде менеджментпен, оның барлық функцияларымен, жоспарлаумен, оперативті басқарумен, экономикалық бақылаумен, персоналды басқарумен түйіндес. Бұл функциялардың әрқайсысы тәуекелдің белгілі бір өлшемімен байланысты және оған шаруашылық жүргізудің икемді жүйесін қалыптастыруды қажет етеді. Яғни тәуекелдің ерекше менеджменті немесе тәуекелдің экономикалық мәнін тануға, кәсіпкерлік қызметтегі оған қатысты стратегияны дайындау және іске асыруға негізделген басқарудың ерекше жүйесі қажет. 
Экономикалық ортада тәуекел әрдайым орын алса да, ол жеткілікті зерттелмеген. Ол бұл категорияның ұзақ уақыт теориялық зерттеу объектісі ретінде емес, практикаға қатысты қарастырылғанымен түсіндіріледі. Соңғы он жылдықта жағдай өзгере бастады: бұл нәрсе жоғары назар объектісіне айналды, ал экономикалық реформалардың басталуы – біздің зерттеу объектімізге. 
Әдетте тәуекелді ресурстардың немесе табыстың шығынына әкеліп соғатын шаруашылық жүргізудің жағымсыз экономикалық салдарымен байланыстырады. Тәуекел көздері мен факторларын зерттеу арқылы оны болдырмауға, ондай аймақтан кетуге болады. 
Егер шаруашылық тәуекел тек теріс нәтижелермен байланысты болса, онда кәсіпкердің оған дайындығын түсіндіру мүлдем мүмкін емес. Негізінде кәсіпкер мүмкін шығындарға қарамастан тәуекелге береды, себебі мұнда күшті ынталандырғыш бар – жоғары табыс, өзіндік кәсіпкерлік табыс. Әдетте инновациялық кәсіпкерлік формадағы табыс қарапайым табыстан жоғары болады. 
Нарықтық экономика жағдайындағы тәуекел – кәсіпкерліктің маңызды элементі. Ақытында тәуекелге баратын кәсіпкер көбінесе сыйға ие болады. Тәуекел деп сәтті орайға сеніммен сәттілікке әрекетті санау қабылданған. Тәуекелдің өзіндік ерекшеліктері – белгісіздік, кенеттілік, сенімсіздік, сәттілік келеді деген болжам. 
Саяси және экономикалық тұрақсыздық жағдайында тәуекелділік дәрежесі бірталай өседі. Қазақстан экономикасының қазіргі дағдарысты жағдайында тәуекелділіктің күшеюі аса маңызды және ол өнеркәсіп кәсіпорындарының зияндылығынң өсуі туралы мәліметтермен анықталады. 
Тәуекелділік — бұл жоспарларды іске асыру және кәсіпорын бюджетін пайдалану барысында қолайсыз жағдайдың болу мүмкіндігі. Тәуекелділіктің 2 функциясы ажыратылады: ынталандырушы және қорғаушы. 
Ынталандырушы функциясының 2 аспектісі бар: конструктивті және деструктивті. Біріншісі, тәуекел экономикалық, әсіресе инновациялық, инвестициялық мәселелерді шешкенде, католизатордың ролін атқарғанда айқындалады. Екінші аспект негізсіз тәуекелмен шешім қабылдау және іске асыру авантюризміне әкеліп соғуымен айқындалады. Авантюризм – алға қойылған мақсатты іске асырудың мүмкін еместігінің маңызды ықтималдығынан тұратын тәуекелдің объективті бір түрі, бірақ ұндай шешім қабылдайтын тұлғалар оны сезінбейді. 
Қорғаушы функциясының да 2 аспектісі бар: тарихи-генетикалық және әлеуметтік құқықтық. Біріншісінің мазмұны адамдардың әрқашан мүмкін салдардан қорғанудың формасын және шараларын стихиялы түрде іздейтіндігінде. Тәжірибеде бұл сақтандыру резервтік қорын құруда, кәсіпкерлік тәуекелдерді сақтандыруда көрініс табады. Екінші аспектінің мәні тәуекелдің заңдылық категориясын шаруашылық, еңбек, қылмыстық заңдарға енгізудің қажеттілігінде. 
Тәуекелге тән сипаттың қатарынан мыналарды бөліп көрсетуге болады: 
— қайшылықтылық; 
— баламалылық; 
— белгісіздік. 
Қайшылықтылық бір жағынан, тәуекел қоғамдық техникалық прогресті жеделдететіндіктен, қоғадық ой пікірге және қоғамның рухани жағдайына позитивті әсер ететіндіктен маңызды экономикалық, саяси және рухани-өнегелік салдарға ие болуында көрінеді. Екінші жағынан, егер толық емес бастапқы ақпарат, тәуекелділік жағдайы шартында балама шешім қабылдауға қатысты құбылыстың дамуының объективті заңдылығын есепке алмай таңдаса, тәуекел авантюризмге, валютаризмге, субъективизмге әкеліп соғады, әлеуметтік прогресті тежейді, белгілі бір әлеуметтік-экономикалық және моральдық шығындарды тудырады. 
Баламалық шешімнің екі немесе бірнеше мүмкін нұсқаларын таңдаудың қажеттілігін болжайды. Таңдау мүмкіншілігінің жоқтығы тәуекелділік жайлы алып тастайды. Таңдау жоқ жерде тәуекелділік жағдай да туындамайды, яғни тәуекел де болмайды. 
Тәуекелдіктің болуы белгісіздікпен тікелей байланысты. Ол пайда болу формасы бойынша және мазмұны бойынша біржақты емес. Тәуекел анықты білмеуді, бір мағыналықтың жоқтығын білдіретін белгісіздікті шешу тәсілдерінің бірі болып табылады. Тәуекелдің осы қасиетіне екпінді назар аударылуы тәжірибеде белгісіздіктің объективті және субъективті көздерін елемей басқару мен реттеуді іске асырудың келешегі жоқтығымен байланысты маңызды болып табылады.

1.3 Тәуекел және белгісіздік

Бізді қоршаған орта мен экономикалық қатынастарда «белгіссіздік» және «тәуекел» категориялары үлкен рольге ие. Шаруашылық қызмет құрамды бөлігі бола отырып, белгіссіздік күрделі және маңызды экономикалық құбылыс массаларының негізінде жатыр. Олардың әрекеттестігі бөлек экономикалық агенттер, яғни тұтыну мен өндірудің қатысушыларының, сонымен қатар жалпы қоғамның тиісті тәртібін көрсетеді. Әсіресе бұл экономикаларда,яғни қатаң детерминиралды толықтырудың жоқтығы шаруашылық жүргізу нарығының жүйесі мен әкімшілк жүйеге тән. 
Белгісіздік өзінің шоғырлану мәнін тәуекелде көрсетеді. Франк Найт (1921) алғаш рет экономикалық тәуекелге өз назарын аударып, келесідей ережені шығарды: «Барлық нағыз пайда белгіссіздікпен байланысты.» П.Самуэльсон келесіні түсіндіреді: «Белгіссіздік адамдардың бір нәрсені болашақта болуын күтумен қазіргі уақытта болып жатқандықтың арасындағы келіспеушілікті тудырады. Осы сапалық шығын пайда (шығын)» болып саналады. 
Белгіссіздіктен шығатын тәуекел, әр түрлі авторларда түрліше анықталады. С.И.Ожеговтың сөздігінде «тәуекел» мүмкін қауіп секілді,ол тиімді нәтижеге жетуде сәттілікке негізделіп әрекерт етеді.Влек пен Сталленнің әдебиеттерінде тәуекел туралы келесі анықтамаларды көрсетті: 
• Тәуекел – бұл шығынның ықтималдығы; 
• Тәуекел – бұл мүмкін шығын мөлшері; 
• Тәуекел – бұл функция, ол негізінен ықтималдық пен шығын мөлшерінің нәтижесі; 
• Тәуекел – бұл тәуекелді жұмыстардың барлық мүмкін салдарының ықтималдығын үлестіру вариацияларына баламалы; 
• Тәуекел – бұл баламалықтың өлшенген сызықтық комбинация мен барлық мүмкін нәтижелерінің болжалды мөлшері. 
Тәуекел тиянақты анықтама беру үшін, жорамалдар тізбегі ұсынылды: 
Жорамал (пастулат) 1. 
Тәуекел субъектінің бағалары (күтілуі) мен шешімдерімен байланысты және оларсыз жүзеге аспайды. 
Жорамал 2. 
Тәуекел уақытпен байланысы бар шешімдерді қамтып көрсетеді. 
Жорамал 3. 
Тәуекелден бос тәртіп,құбылыс жоқ. 
Жорамал 4. 
Тәуекел мен оның шамасын ажырата білу керек.

2 Тәуекел түрлері мен тәуекел деңгейіне әсер етуші факторлар 
мен төмендету әдістері

Тәуекелді басқаруға болады, яғни тәуекелдік жағдай туындауын белгілі бір шекте болжамдау және тәуекел дәрежесін төмендету үшін шаралар қабылдауға мүмкіндік беретін түрлі шаралар қолдануға болады. 
Көбінесе тәуекелді басқаруды ұйымдастыру тиімділігі тәуекелдің сыныптамасына тәуелді. 
Мүмкін болатын нәтижеге (тәуекелдік жағдайдың нәтижесіне) байланысты тәуекелдер екі үлкен топқа бөлуге болады: таза және спекулятивтік. 
Таза тәуекелдер жағымсыз немесе нольдік нәтиже алуға мүмкіндік береді. Бұл тәуекел түрлеріне келесілер жатады: табиғи, экологиялық, саясаттық, транспорттық және коммерциялық тәуекелдер бөлімі (мүліктік, өндірістік, саудалық). 
• Өндірістік тәуекел. Бұл өнімді өндірумен және оны өткізумен байланысты. Бұл тәуекелге өнімнің өнімнің белгіленген көлемінің өзгеруі және өткізу қарқыны, материалдық және еңбек шығындарының артық жұмсалуы. Нарықтағы баға деңгейінің кемуі, брак, рекламация т.б. себептер тікелей ықпал жасайды. 
• Коммерциялық тәуекел – бұл кәсіпкердің сатып алған өнімді нарықта өткізуінде пайда болады. Коммерциялық келісім жағдайында бағаның төмендеуін, тауар өткізуде кездесетін қосымша шығындарды ескеру керек. 
• Нарықтық тәуекел – бұл ұлттық ақша бірлігінің нарықтағы процент ставкасының немесе шет ел келісім серіктестіктерінің валюта курсының өзгеруімен байланысты. 
Спекулятивтік тәуекелдер жағымды да, жағымсыз да нәтиже алу мүмкіндігімен сипатталады. Бұл тәуекел түрлеріне коммерциялық тәуекелдер бөлімі болып табылатын қаржы тәуекелдері жатады. 
Қаржылық тәуекел – қаржылық кәсіпкерлік ісінде кездеседі. Мысалы, қаржылық келісім тәуекелділік шарттасушылардың бір жағының төлем қабілеттілігінің кемдігінен пайда болуы, т.б. 
Қаржы тәуекелі кәсіпорын қаржылық институттармен (банктер, қаржылық, инвестициялық, сақтандыру компаниялары, биржалар және т.б.) қатынасы процесінде пайда болады 
Қаржы тәуекелінің туындау себептері – инфляциялық факторлар, банктің есептік мөлшерлемелерінің өсуі, бағалы қағаздар құнының төмендеуі және т.б. 
Қаржы тәуекелдері екі түрге бөлінеді: 
1) ақшаның сатып алу қабілеттілігімен байланысты тәуекелдер; 
2) капитал салымдарымен байланысты тәуекелдер (инвестициялық тәуекелдер). 
Ақшаның сатып алу қабілеттілігімен байланысты тәуекелдерге тәуекелдердің келесі түрлері жатады: инфляциялық және дефляциялық тәуекелдер, валюталық тәуекелдер, өтімділік тәуекелі. 
Инфляция ақшаның құнсыздануы болып табылады, бағалар өседі. Дефляция – инфляцияға кері процесс, ол бағалардың төмендеуінен және соған сәйкес ақшаның сатып алу қабілетінің жоғарылауынан көрінеді. 
Ø Инфляциялық тәуекел – инфляция өсімі кезінде нақты сатып алу қабілеттілігі көзқарасынан өсуден көрі алынатын ақшалай табыстар тез құнсыздануындағы тәуекел. Мұндай жағдайда кәсіпкер нақты шығыстарға тап болады. 
Ø Дефляциялық тәуекел – дефляция өсімі кезінде бағалар деңгейі төмендейді, кәсіпкерліктің экономикалық жағдайы нашарлайды табыс төмендейді. 
Ø Валюталық тәуекелдер сыртқы экономикалық, несиелік және басқа да валюталық операцияларды жүргізу кезінде бір шетелдік валюта бағамының басқа валюта бағамына қатынасының өзгеруімен байланысты валюталық жоғалту қаупімен түсіндіріледі. 
Ø Өтімділік тәуекелі – тұтынушылық құнының және сапалық бағаның өзгерісі себебінен бағалы қағаздар немесе басқа да тауарларды өткізу кезіндегі мүмкін болатын жоғалтулармен байланысты тәуекелдер. 
Инвестициялық тәуекелдер келесі ішкі жүйелік тәуекелдерді қамтиды: 
1) жіберіліп қойған пайда тәуекелі; 
2) табыстылықтың төмендеу тәуекелі; 
3) тікелей қаржылық жоғалтулар тәуекелі.

2.1 Тәуекелге ықпал ету әдістерінің  жалпы сипаттамасы

Қазiргi кездегi экономикалық субъектiнiң тұрақты және табысты 
даму талпынысы, тәуекелдi басқару жүйесi әлi тек қалыптасу кезеңiнде болып жатқандықтан толық қолдау таба алмай жүр. Қаржылық тәуекелдi басқару керi қаржылық салдарды болжау мен бейтараптандыру процесiн бiлдiрiп, оларды ұқсастыру, бағалау, алдын алу мен сақтандыруға байланысты. 
Тәуекелділік қандай да бір жағымсыз жағдайдың болуының мүмкіндігін көрсетеді. Тәуекелділік ұғымы кәсіпорын ресурстарының бір бөлігін жоғалту ықтималдығын, қызметті жүзеге асыру нәтижесінде табыстардың толық алынбауын немесе қосымша шығындардың пайда болуын білдіреді. 
Тәуекелділік ықтималдық категориясына жатады, яғни оны белгілі бір деңгейдегі жоғалтулардың ықтималдылығы ретінде есептейді. 
Кәсіпкерлік тәуекелділіктің жағымды деңгейдегі және мақсатты шешімдер қабылдаған кезде белгілі бір жоғалтуларға апаруы ықтималдылығын білумен шектеліп қоймай, сонымен қатар ол жоғалтулар сол немесе басқа деңгейден аспау ықтималдығын да қарастыруы керек. 
Кәсіпкерлік тәуекел бұл бизнестің түріне байланысты компания қызметінің тәуекелі. Оның негізгі түрлері: өндірістік, коммерциялық және қаржылық тәуекел. 
Кәсiпорынның қаржылық тәуекелi деп, белгiсiздiк жағдайда өз қаржылық iс-әрекетiн жүзеге асырғандағы керi қаржылық салдардың, табыс пен капиталды жоғалту формасында көрiнетiн, пайда болу ықтималдығы айтылады. 
Өндірістік тәуекелдің пайда болу себептері: ұйғарылған өндіріс көлемінің мүмкін болатын төмендеуі, материалдық шығындардың өсуі, қызметкерлердің наразылығы, менеджерлердің қателері, көтеріңкі аударым сомалары мен салықтарды төлеу. 
Коммерциялық тәуекел кәсіпкер өндірген немесе сатып алған тауарлар мен қызметтерді өткізу процесінде пайда болады. Оның себептері: өнімді өткізу көлемінің төмендеуі, материалдық ресурстардың сатып алу бағасының жоғарылауы, сатып алу көлемінің ойда болмаған төмендеуі, айналым шығындарының өсуі, экономиканың тұрақсыздығы және клиенттердің ұнату қабілетінің өзгеруі, бәсекелестердің әрекеті. 
Қаржылық тәуекелді басқару процесі алты сатыдан тұрады: 
• Мақсаттарды анықтау 
• Тәуекелді анықтау 
• Тәуекелді бағалау 
• Оларды жүзеге асыру 
• Нәтижелерді бағалау 
Қаржылық тәуекел кәсіпорынның банктермен және басқа да қаржылық институттармен қатынас өрісінде пайда болады. Қаржылық тәуекелдің себептері: қарыз және меншікті қаражаттардың арақатынастарының көлемінің жоғарлауы, кредиторларға тәуелділік, капиталдың әрекетсіздігі, бір жобаға бір мезгілде көп қаражат жұмсау. 
Тәуекелді табиғат пен қоғамның кейбір әрекетінен пайда болатын қауіп ретінде түсінуге болады. Тәуекел- бұл тарихи және экономикалық категория. 
Әрбip тәуекелдің фирмаға әсерін өлшеу керек. Бұл процесс өзіне келесі бағалауды кіргізеді: 1) шығындардың ықтималдығы мен 2) шығындардың әcерлігі (әрбір шығынның ақша өлшемі). Жалпы жағдайда әрбip тәуекелдің деңгейі ықтималдығына қарағанда, әсерлігі үлкен мәнде. Ықтималдығы төмен, катастрофалық шығынды тәуекел, жиі, бipaқ аз шығын әкелетін тәуекелге қарағанда үлкен зиян әкеледі. 
Шығындар жиілігін өлшегенде ықтималдықты қолдану, тәуекел комбинацияларының ықтималдығын табу оңай. 
Тәуекелдің деңгейі — шығын жағдайының болу ықтималдығы, сонымен қатар одан болатын зиян. Тәуекел: 
– мүмкін — icкe асырылатын жобаның табысын түгелімен жоғалту қayпi; 
– сыни — тек табыстың ғана емес, сонымен қатар түсімнің келмеуінен, кәсіпкердің шығынды өз қалтасынан жабуы; 
– катастрофалық — капиталдың, мүліктің жоғалуы мүмкін және банкроттықтың да қаупі тұр. 
Тәуекелді талдау кезінде тәуекел аймағы ұғымын пайдалану маңызды, яғни ол шекарасында белгіленген тәуекел деңгейінің шекті мәндерінен аспайтын жоғалтулар болатын, рыноктың жалпы шығындар аймағы. Нарықтық экономика жағдайында кез келген кәсіпорын қызметінің 5 негізгі тәуекел аймағын белгілеуге болады. Тәуекелсіз аймақта операция жүргізген кезде кәсіпорын ешқандай тәуекел жасамайды, ешқандай шығын көрмейді, кәсіпорын кем дегенде есепті табыс алады. Жобаны орындау кезінде, теориялық жағынан кәсіпорынның табысы шексіз. 
Аз тәуекелді аймақтағы қызмет нәтижесінде кәсіпорын таза табысының барлық мөлшерін немесе бір бөлігін жоғалту ықтималдығы бар. 
Жоғары тәуекелді аймақта кәсіпорын, нашар болған жағдайда барлық шығындарын жабады, ал жақсы болған жағдайда есепті деңгейден төмен табыс алады. 
Бұл аймақта өндіріс қызметі қысқа мерзімді несие есебінен болуы мүмкін. 
Қауіпті тәуекелді аймақта кәсіпорын есепті табысты ғана емес, сонымен қатар өнім өткізуден (жұмыс, қызмет) түскен табысты жоғалту ықтималдығы бар және шығындарды өзінің есебінен қайтарады. 
Жарамайтын (апатты) тәуекелді аймақтағы кәсіпорынның қызметі банкроттыққа әкеледі, барлық инвестицияларын жоғалтады. 
Тәуекелді талдау кезінде оның көздері мен себептерін анықтау керек. Пайда болу көзіне байланысты тәуекелділік былайша бөлінеді: меншікті шаруашылық, адамның өзімен байланысты, табиғи факторлармен байланысты, Тәуекелділіктің пайда болу себептері болашақтың анықталмауынан, әріптестің айқындалмаған мінезі, ақпараттың жетіспеуінен туындаған деп жіктеледі. Қандай да бір жағдайда болмасын, тәуекелділік шешімнің ақпаратпен жабдықталу жағдайына байланысты болады. 
Инвестор кейде нәтижелер анықталмаған және шектелген ақпаратқа негізделген жағдайда шешім қабылдайды, Әрине, ақпарат толық. болған жағдайда тәуекея-ділікті жақсы болжап, оны төмендетуге болады. Мұндай жағдайда пайдалы ақпарат тауар түрінде кәрінеді. Ақпарат толық болған жағдайда, толық ақпараттың құны белгілі бір заттың күтілген құны арасындағы айырма түрінде көрініп, ал ақпарат толық болмаған жағдайда күтілетін құны түрінде көрінеді. 
Тәуекелді талдауды бір-бірімен өзара тығыз байланысты және бір-бірін толықтыратын екі түрге бөлуге болады: сапалық және сандық. 
Тәуекелді сапалық талдау тәуекелді басқарудың екінші кезеңі түрінде көрінеді. Ол мүмкін болатын барлық тәуекелдерді теңестіріп салыстырады, Ол салыстырмалы түрде қарапайым болуы мүмкін. Оның басты міндеті жұмыс пен кезеңдердің орындалуы кезіндегі тәуекелдік себептерін анықтауға, яғни тәуекел мүмкін болатын аймақты айқындау, содан кеиін барып, барлық тәуекелдерді анықтау болып табылады. 
Тәуекелдің сандық талдауы — бұл жалпы қаржылық тәуекелдің және ақшалай шығындардың жеке түрлері бойынша нақты көлемін анықтау. Жеке тәуекелдің өлшемдерін анықтау түрлі талдаудын әдістері арқылы жүргізіледі, соның ішінде кең тарағандары статистикалық, шығындардың мақсаттылығын талдау эксперттік бағалау әдісі, ұқсастықтарды (аналогтарды) пайдалану 
Статистикалық әдістің мәні берілген немесе ұксас өндірістегі шығындар мен табыстардың статистикасы зерттеліп, сол немесе басқа экономикалық қайтарулардың көлемі белгіленіп және болашаққа дэлірек болжау құрылуында болып отыр. Вариация, дисперсия және стандарттық ауытқулардың есептеулері жүргізіледі 
Вариация — бір жағдайдан (вариант) басқа жағдайға ауысқандағы белгінің сандық бағасының өзгеруі (тербелмелігі). Мысалы, экономикалық табыстылықтың (рентабельділіктің) өзгеруін экономикалық табыстылықтың нақты мәнін сәйкес келетін ықтималдылықтың мәніне көбейтуді жинақтау арқылы анықтауға болады.

Информация о работе Тәуекел және табыстылық теориясы