Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2014 в 08:49, реферат
Нарықтық қатынастарға өту жағдайында коммерциялық ұйымдардың (өндірістік кәсіпорындардың,коммерциялық банктердің,фирмалардың) жүргізуші принципі – пауда табуға ұмтылу болып саналады.Ол шығындарға ұшыраумен шектеліп отырады. Басқа сөзбен айтқанда, бұл жерде тәуекел ұғымы пайда болады.
Кез келген кәсіпкерлік қызмет тәуекелмен байланысты. Тәуекел кез келген экономиканың міндетті элементі болып табылады. Тәуекелдің жүзеге асуыэкономикалық үдерістің негізгі бір бөлшегі ретінде танылады,яғни бұл обьективті экономикалық заң. Бұл заңның тіршілігі, кез келген құбылыстың, сонымен қатар шаруашылық үдерістің аяқталуымен ескертілген. Әр бір құбылыс өз шегін, бітуін біледі. Шексіздік тек қана математикада қолданылады. Ал обьективті құбылыстарда барлығы, яғни барлық элементтер шектелген.
Мұндағы:
ЭД¬і — экономикалық табыстардың мәні;
ДІ — ықтималдықтың мәні.
Вариация дисперсиямен, яғни орташа мәніннен
белгінің нақты мәнінің ауытқу шамасымен
бағаланады Орташа өлшемді дисперсияны
математиктер мына формуламен есептейді:
Стандартты
ауытқу = Дисперсия
Нәтиже неғұрлым жоғары болған сайын,
кәсіпорынның қызметі солғұрлым тәуекелді
болады.
Тәуекелділіктің дәрежесін есептеудің
статистикалық әдісі көптеген көлемді
мәліметтерді талап етеді. Олар әрдайым
болмағандықтан, оны қолдану қиындайды.
Шығындардың мақсаттылығын талдау кәсіпорынның
экономикалық тұрақтылығының көрсеткіштерін
есепке ала отырып, тәуекелдің потенциалды
аймақтарын анықтауға бағытталған. Шығындарды
артық жұмсау келесі 4 фактормен немесе
олардың қосылуларымен байланысты туындауы
мүмкін:
1) құнның ең басында жете бағаланбауы;
2) жобалаудың шектерінің өзгеруі;
3) өнімділіктегі айырмашылық;
4) алғашқы құнның өсуі.
Бұл негізгі факторлар нақтылануы мүмкін»
Мысал ретінде, қаржы-қаражаттарының тәуекел
дәрежесін анықтау мақсатында, қаржылық
тұрақтылық көрсеткіштері қызмет ете
алады.
Эксперттік-бағалау әдісі маман-сарапшыға
сұрақ-сауал қоюға негізделген. Анкеталар
кейін қойылған талдау міндетінің сол
немесе басқа шешімін қабылдау үшін статистикалық
өңделеді.
Сапалы пікір алу үшін сараптауға жоғары
білікті және қойылған проблема аумағында
үлкен практикалық тәжірибесі бар даму
тенденциясын теңдей көрсететін қабілеті
бар, қойылған мәселеге ынталы мамандар
қатыстырылады.
Ұқсастықтарды пайдалану әдісі құ6ылыстардың
құралдардың, жүйелердің ұқсастығын тауып
пайдалануында болып табылады, яғни жаңа
идеялар мен ұсыныстар ұқсас объектілерді
салыстыру негізінде пайда болады.
Бұл әдісті, сонымен қатар эксперттік
бағалау әдісін пайдалану түсінікке, талдаушының
тәжірибесі мен біліміне байланысты болғандықтан,
анықтау субъективті сипат алады.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып
кәсіпкерлік тәуекелді талдау кезінде
тәуекелді төмендетудің жолдарын толық
зерттеп білу керек. Тәуекелді тиімді
болжаумен фирма ішілік жоспарлау бойынша
сапалы жұмыстар жүргізу нәтижесінде
төмендетуге болады.
Тәуекелділікті төмендетудің ең жақсы
әдісі инвестициялық шешімдерді сауатты
таңдау болып табылады. Инвестиция жайында
шешім қабылдау басқарманың стратегиялық
қиын міндеті болып табылады. Инвестициялау
кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартудағы
тиімді шараның бірі.
2.2 Тәуекел деңгейіне әсер етуші факторлар
Бизнес
әрқашанда тауарға деген сұраныс пен ұсыныс
тұрақсыздығынан, ақша мен өндіріс факторларының
өзгерісінен, бизнес және коммерция жөніндегі
білімнің жеткілісіздігінен туындайтын
экономикалық конъюнктураның анықсыздығымен
байланысты. Бәсекелестік пен тәуекел
бір-бірімен тығыз байланысты критериялар.
Бәсекелес өндірушілер арасындағы сатып
алушы үшін күрес өз өнімін несиеге сатуға
мәжбүр етеді. Бұл жағдайда ақша сомасының
мерзімінде қайтарылмау ықтималдығына
байланысты тәуекел орын алады. Экспорттық-импорттық
сипаттағы коммерциялық операцияларды
жүргізу әртүрлі валюта бірліктерін қолдануды
талап етеді. Мұндағы тәуекел валюта курстарының
өзгеруімен байланысты.
Тәуекел адам арқылы жүргізілгенімен
субъективті сипатқа ие. Өйткені кәсіпкердің
өзі қалыптасқан ситуацияны бағалап, көптік
альтернативалардан таңдау жасайды. Тәуекелдің
субъективтілігі төмендегідей ішкі факторлармен
байланысты:
1) даму стратегиясы;
2) қызмет принциптері;
3) ресурстар және оны пайдалану;
4) сапа және маркетингті қолдану.
Тәуекел әрқашанда адам қызметінің кез-келген
аясында бірге болады және оның қызметінің
табыстылығы тәуекел мәселесін жақсы
шешуіне байланысты болады.
Әсер ету мен қызмет ету аясына байланысты
банктік тәуекелдер сыртқы және ішкі болып
бөлінеді.
Сыртқы тәуекелдерге банктік қызметіне
тікелей байланысты емес немесе берілген
1 клиентпен байланысты емес тәуекелдер
жатқызылады. Банкте анықталған ақша-қаражаттары
болғанда, ол жанама түрде сыртқы тәуекелдерді
алдын ала болжай алады және оларды өз
уақытында басқара алады. Сыртқы тәуекелдер
саяси-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық,
бәсекелестік, қаржылық және басқадай
факторлардан пайда болады.
Ішкі тәуекелдер банктің өз қызметінен
клиенттердің қарыз алушылардың немесе
оның берілген контр серіктестер қызметіне
байланысты. Олардың деңгейіне банк басшыларының
іскерлік белсенділігі, басқарудың тиімділігі
мен тактикасы және басқадай факторлар
үлкен әсер етеді.
Қазақстанның банктік жүйесіндегі несиелік
тәуекелдің жоғары дәрежесі жеке айналым
қорларының жеткіліксіздігі, төлемсіздігі,
дебиторлық және несиелік қарыздарға
тән болатын көптеген кәсіпорындардың
қаржылық жағдайымен сипатталады.
Түрлі шаруашылық қызметтерде әрдайым
шығындар болуының қауіп-қатері болады.
Осындай шығындар қауіп-қатері коммерциялық
тәуекелділікті білдіреді. Ал коммерциялық
тәуекелділік болатын нәтижеге деген
сенімсіздікті, бұл нәтиже қызметінің
анықталмағандығын білдіреді. Қаржы тәуекелділігі
коммерциялық тәуекелділіктің құрамды
бөлігі. Олар қандай да бір ақша қаражаттарын
жоғалту немесе оларды толық ала алмаудың
ықтималдылығымен байланысты. Тәуекелділіктер
екі түрге бөлінеді: таза және спекулятивті.
Таза тәуекелділіктер шығынға ұшырауды
немесе нөлдік нәтиже алуды білдіреді.
Ал спекулятивті тәуекелділік оң және
теріс нәтиже алу ықтималдылығын білдіреді.
Қаржы тәуекелділігі – бұл спекулятивті
тәуекелділік. Инвестор капиталдың венчурлі
салымын жасағанда оның екі ғана нәтижесі
болатынын біледі: пайда немесе шығын.
Қаржы тәуекелділігінің ерекшелігі, қордың
бағалы қағаздарымен операция жүргізу,
биржалық және қаржы-несие саласында қандай
да бір операцияларды жүргізу нәтижесінде
нұсқан келтіру ықтималдылығы, яғни осы
табиғи операциялар нәтижесінде пайда
болатын тәуекелділік.
Түрлі шаруашылық қызметтерде әрдайым
шығындар болуының қауіп қатері бар. Осындай
шығындардың қауіп-қатері коммерциялық
тәуекелділікті білдіреді. Коммерциялық
тәуекелділік болатын нәтижеге деген
сенімсіздікті, бұл нәтиже қызметінің
анықталмағандығын білдіреді. Ал қаржы
тәуекелділігі коммерциялық тәуекелділіктің
құрамды бөлігі. Ол қандай да бір ақша
қаражаттарың жоғалту немесе оларды толық
ала алмау ықтималдығымен байланысты.
2.3 Тәуекелді талдаудың схемасы
Ойлаған
жобаны іске асыру мақсатында потенциалды
серіктестіктерді неғұрлым көп тарту
үшін тәуекел талдау жасайды.
Тәуекелді талдаудың схемасы:
1. Нақты тәуекел түрлерінің ішкі және
сыртқы факторларының ықпалдарын айқындау.
2. Айқындалған факторларды талдау.
3. Нақты тәуекел түрін қаржы жағынан екі
тәсілмен бағалау:
а) қаржылық тұрақтылығын, дәулетін анықтау;
б) жұмсалатын қаражаттың экономикалық
тиімділігін анықтау.
4. Тәуекелдің жорамал деңгейін анықтау.
5. Бөлек операцияларының тәуекелдерінің
жорамал деңгейін талдау.
6. Тәуекелді бәсендету үшін шаралар жасақтау.
Екінші басты мәселе тәуекелден келетін
зияндар түрлерін анықтау.
1. Материалдық зиян – бұл жобада қаралмаған
өндірістік шығындар, немесе тікелей материалдық
объектілерді, өнімдерді, материалдарды,
шикізаттарды жоғалту.
2. Еңбек зияны – жұмыс уақытын жою, кехдейсоқ
немесе болжамсыз себептермен болған
жағдайда.
3. Қаржылық зиян – бұл тікелей ақшалай
зиянмен байланысты: төлемдер, айыптар,
уақыты озған несиелерді төлеу, қосымша
салықтар т.б.
4. Уақытты жою – бұл егер кәсіпкерлік
іс жобалы уақыттан кейін қалатын болса
пайда болады.
5. Арнайы зиян түрлері – бұл зияндар адам
денсаулығына және адам өміріне, қоршаған
ортаға, кәсіпкердің беделіне кесел келтіретін
жағдайлар.
6. Саяси факторларға байланысты: іскерлік
белсенділіктің бәсеңдеуі, еңбек және
орындау тәртібінің деңгейінің бәсеңдеуі,
төлем мен өзара есептесудің бұзылуы,
салық ставкасының тұрақсыздығы т.б.
Қорытынды
Кәсіпорын
құрудың әр қадамында тәуекелдік болады,
себебі ешешім қабылдауда әрдайым тәуекел
ықтималдығы, тәуекелдің деңгейі, шығындар
көлемі ескеріледі және оның көлемін азайту,
тәуекел деңгейін төмендету жолдары міндетті
түрде қарастырылады.
Тәуекел деңгейі тек қаржыға ғана байланысты
емес, оған бәсекелестер де әсер етеді.
Сондықтан тәуекелдікті бағалау кезінде
олардың да алдағы қадамдарын мүмкіндігінше
болжай білу қажет.
Тәуекелдікті бағалаудың көп мәліметтерді
қажет ететіні белгілі. Мәлімет жеткіліксіз
болған жағдайда тәжірибелі мамандардың
болжамына сүйену қажет. Бұл деген кәсіпорында
білімді мамандардың жұмысының күрделілігін
көрсетеді.
Кәсіпорын стратегиясын жасауда да тәуекелді
бағалау маңызды болып табылады. Себебі
стратегияны таңдау кезінде тәуекелдіктің
деңгейінің жоғарылығы анықталса, баламалы
стратегияны таңдауға болады.
Кәсіпорын қызметінің тәуекелдігіне сол
сияқты кәсіпорын орналасқан елдің саяси
жағдайы да тікелей әсер етеді. Инвесторларды
тарту кезінде де елде белгілі бір толқулар
болып жатса, инвесторларды тарту да қиындайды.
Курстық жұмысты жазу барысында мен өзім
үшін тәуекелдіктің деңгейін бағалау
арқылы баламаны таңдауды үйрендім. Тәуекелдікке
барған күннің өзінде кепілдеме немесе
күтілмеген шығындарды жабу үшін қаржы
дайындау керек екендігін түсіндім. Курстық
жұмыстың үшінші бөлімінде тәуекелдікті
бөлу жайында сөз қозғалды.Ол да күтілмеген
шығындарды азайтудың тәсілі. Сондықтан
кәсіпкер тәуекелдік жағдайда берілген
тәуекелді жағдайда шығындарды төмендетудің
әдістерінің бірін қолданса, оның шығындары
елеулі түрде азаяр еді.Ал ол табыстың
көбеюіне әкеледі, кәсіпкер үшін тәуекелдіктің
маңыздылығы осында жатыр.