«ЖАСИ» ЖШС-ның өндірістік тиімділігін арттыру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 21:13, курсовая работа

Описание работы

Экономикалық жүйенің өзгеруі экономиканың негізгі өндірістік субьекті-кәсіпорынның іс-әрекетіне әсер етпей қоймайды. Сонымен қоса, шаруашылық механизімінің өзгеруінің негізгі субьектісі, экономика транформациясының басты және қозғаушы күштерінің көзі кәсіпорын болып табылады. Өтпелі кезеңнің бір ерекшелігі - ескі қағидалар өз күшін жоймаса да іске аспайды, ал жаңа экономикалық ережелер экономиканың басты факторларының ішінде басым орын ала алмайды. Бұл жағдай Республика Президентінің 2007 жылғы 28 ақпанындағы Қазақстан халқына Жолдауында ерекше айтылады: «Экономика біздің дамуымыздың басты басымдығы, ал экономикалық өсімнің барынша жоғары қарқынына қол жеткізу – негізгі міндетіміз болып қала береді. Біз бұған өз экономикамыздың бәсекелестік қабілетін арттыру арқылы, қол жеткіземіз».

Содержание работы

Кіріспе
5
1.
Нарық жағдайында өндіріс тиімділігін арттырудың теориялық негіздері
7
1.1
Өндіріс тиімділігінің экономикалық мәні және маңызы
7
1.2
Өндірістің экономикалық тиімділігіне әсер ететін факторлар
9
1.3
Өндірістің экономикалық тиімділігін бағалау көрсеткіштері
10
2.
«ЖАСИ» ЖШС-ның өндіріс тиімділігін талдау
14
2.1
«ЖАСИ» ЖШС-ның технико-экономикалық сипаттамасы
14
2.2
«ЖАСИ»ЖШС-ның өндіріс тиімділігін экономикалық талдау
23
3.
«ЖАСИ» ЖШС-ның өндірістік тиімділігін арттыру жолдары
25
3.1
Инновация - өндіріс тиімділігін жоғарылатудың негізі
25
3.2
«ЖАСИ» ЖШС-ның өндірістік тиімділігін жоғарлату жолдары
27

Қорытынды
32

Пайдаланылған әдебиеттер көздері

Файлы: 1 файл

Эконом.docx

— 110.02 Кб (Скачать файл)

 

Қораптың  негізгі түрлері гофрокартоннан жасалған қаптар ғана емес, сонымен  бірге термоизоляция да, сол өнімнің  қаптау сапасын ауыстыруға болмайтындай жасалынады.

Сонымен бірге  нарық сыйымдылығы картон мен  қағаз өнімінің түрлері  келесідей  болады:

1.  Қораптар  және тағы  басқа   картон  мен  қағаздан жасалғандар              21076,84 тонна,  сонымен қатар:

-    ішкі  нарық өндірісі - 6529,43  тонна;

-    импортталған  - 14774,46 тонна;

-    экспортталған - 227,04 тонна.

2.  Гофралданған картон мен қағаз - 6144,86 тонна:

-    ішкі  нарық өндірісі - 4415,0 тонна;

-    импортталған - 1729,86 тонна.

3.  Графикалық   бағыттар   үшін  борланбаған   картон   мен   қағаз             13929,53  тонна:

-    импортталған - 13980,27 тонна;

-   экспортталған  227,04 тонна

4.  Борланбаған  картон мен қағаздар 6935,35

-    импортталған  -7053,09 тонна;

-   экспортталған  - 129,85  тонна.

Келтірілген мәліметтерден көрініп тұрғандай, Қазақстанда картон мен қағаз 90% - дай импортталды. Бұл Қазақстан  Республикасында валюталық қаржылардың  қайтуына әкеп соқтырады.

« ЖАСИ » ЖШС – ның жоспары бойынша бұл қайтуды тоқтатып, импортауыстырымды және экспортталатын өнімдер шығару қажет екендігі талас тудырмайды.

Қағазды өнімнің  ішкі нарығының талдауы бойынша, Орта Азия мемлекеттері көбінесе қымбат импорт өнімдерін алады. Сондықтан  « ЖАСИ » ЖШС - ның солай да  өз өнімдерін сол мемлекеттерге экспорттай алады. Солай « ЖАСИ » ЖШС – ның ішкі нарықтың сұранысын қанағаттандырады және нарықтағы импорттарды азайтады, сонымен қатар Қазақстан Республикасына валюталық кірістер алып келеді деп тұжырым жасауға болады.

Орташа есептегенде  картон мен қағаз өнімдерін бір  адамға шаққанда жылына 8 кг. қолданылады. Бұл басқа мемлекеттерге қарағанда  азырақ, мысалы: Финляндияда бір  адам басына 432 кг, Еуропада -106 кг, Оңтүстік Америкада - 35 кг, Азияда - 27 кг, Ресейде - 19 кг. Келер жылдары картон мен қағаз қолданылуы 2 есе өсуі керек, өйткені басқа елдерге қарағанда Қазақстанның өнімнің осы түрін қолдану деңгейі айтарлықтай төмен.

Әр жылда  Қазақстанда гофрокартон 50-60 млн. кв. м (20 мың. тонна) тұтынылады. Тұтынушылардан сұрау арқылы, 2012 жылы ол гофрокартондардың 20 – 25 млн. кв.м – ге дейін өсетіні айқындалып отыр. Қазіргі кезде басты тұтынушылар тамақ өндіретін кәсіпорындар болып табылады.

Қазақстан экономикасын өңдеуші салалардың үлес салмағын арттыру  арқылы көтеру мақсат етіп  қойылғандықтан, өңдеуші жаңа кәсіпорындар ашылуын  көздейді, атап айтқанда, электротехникалық, аяқ киім, тамақ өнімдері, жеңіл  өнеркәсіп саласының түрлі өнімдері  және т.б.  Олардың бәрі де өнімдерін  қаптау үшін гофрокартондарды қолданады.

Қағазды картонажды өнімдер шығару бағытында келесідей  кәсіпорындар  бар:

- Павлодарлық  картон-руберойдты зауыт. Басты  өнімі руберойд пен жұмыртқаға  арналған кареткалар, картон шығаратын  жабдықтар тоқтап тұр. Оны жұмыс істеу жағдайына келтіру үшін Popcel фирмасының бағалауынша 2,4 млн. АҚШ доллары керек.

- Қызылордалық  целлюлоза картон комбинаты. Бұл  комбинат 1997 жылдан бастап картон  мен қағаз шығармады. Себебі, негізгі  жабдықтар Ресейде  шығарылған (Москва, Барнаул).

Тағы да көптеген кәсіпорындарда, қорап пен гофрокартоннан жасалған қаптар шығарылады: «Свитекс», «Қазгер» және «Казполиграф» бірақ  та, басты шикізаты – флютинг, одан гофрокартонның ішкі қабаты қалыптастырылады және лайнер ішкі түзу қабаты. Одан басқа  дайын гофрокартоннан гофроқорап жасайтын кәсіпорындар: «Алмалай», «Kazakhctan Stok Servis», «Қазақстандық соқырлар ұйымы» және т.б

Өзінің өнімін тарату үшін « ЖАСИ » ЖШС – ның Қазақстанның әртүрлі қалаларында филиалдар ашуды жоспарлап отыр, және де филиалдар гофроқаптарды таратумен де, макулатураны жинаумен де айналысады.

 « ЖАСИ » ЖШС «Қазақстан қағазының» филиалы болып табылады. Соңғы уақыт ішінде  Ақтөбе, Астана, Көкшетау және Қарағанды қалаларында филиал ашуды көздеп отыр, бұл филиалдарда үш түрлі баспасы бар слотерлер және жартылай автоматты бүктегіш-жабыстырушы машиналар қойылады. Филиалдар гофрақаптарды тұтынушылармен келісімдер жасайды және тапсырыс беру  арқылы орауыштар жасаумен айналысады.

Өзінің өнімін тарату үшін « ЖАСИ » ЖШС бәсекелік қабілеттігін  анықтайтын  келесі  негізгі шарттарды қарастырады:

1.    Қазақстанда   баламасы  жоқ  ІSО - 9004   сапаны   тексеру   жүйесін қолданатын   жоғары  технологияның   көмегімен   өнімнің  жоғары сапасын қамтамасыз ету;

2.    Өндірістің       үлкен       масштабы       арқылы       бәсекелестерге қарағанда     өнімнің     төмен     құны,     шикізатқа     төмен     құн (макулатура  МС -6),  өндірістің толық техналогиялық  циклының болуы;

3.    Өнімді     таратуда  Ресейден     жоғары     маманданған білікті   мамандардың болуы;

4.    Өндірістің   мұқтаждығын   анықтайтын   және   керек   суреті   бар типтік    өлшемнің   гофроқаптарды   алып    келетін   тиімді    сататын аймақтық      жүйе      жасау.      Осымен      қоса      осы      жүйелер макулатураны  жинаумен  айналысады;

Құны соңғы  құнға қатты әсер ететін гофрокартонды  жасауға арналған материалдар гофрирлеуге  арналған қағаз, тегіс қабаттарға арналған картон (тест - лайнер және крафт - лайнер) және крахмал (қабатты жабыстыруға  арналған) болып табылады. Бұл бағытта  жұмыс істейтін өндірістер өте көп.

Макулатура  жинауды ұйымдастыру үшін бөлек  кәсіпорын «Компания Маржон»  бар. Басты макулатура жинау аудандары  Қарғанды, Тараз, Шымкент, Ақтөбе және т.б. Алматы қаласы бойынша макулатура жинайтын он бөлімшелер ашылғалы жатыр, олар бөлек және тұтас сауда жасайтын базарлардың жанында ашылмақ  және олар қазіргі уақытта басты  шикізатпен МС -6 - мен (гофроқаптар арналған шикізаттар) қамтамасыз  етеді.

Қазіргі уақытта  Алатау, Болашақ, Арыстан, Жаркент, Жетісу, Рахат, Тастақ және т.б базар әкімшілігімен  келісімдер жүргізілуде.

Келесідей басты  жабдықтар алынды:

1.  Гофротар  шығаратын жабдықтар;

2.  Қағаз  жасайтын машина - БМ 1 «Carno»  фирмасы (өнімділігі - күніне  80-100 тонна қағаз);

3.  Макулатураны  дайындайтын құралдар  «Papcel» фирмасы;  (өнімділігі күніне - 40 -50 тонна);

4.  Қағаз  жасайтын  машина - БМ2 Рарсеl (өнімділігі - күніне- 40 -50 тонна);

Негізгі  өндіріске қолданылатын жабдықтар.

1.  Гофропресс (вакумдық) DW-В;

2.  Бобин  ұстағышы (электро механикалық);

3.  Қыздырғыш  d=600мм;

4.  Клей  жаққыш машина (бір қабатты)  SJ- DB;

5.  Екі   қабатты  қыздырғыш d=600мм;

6.  Кептіргіш  - тоңазытқыш  стол ZH- В;

7.  Көлденең  қиғыш  машина (револьверді)  хzу;

8.  Көлденең  қиғыш машина (екі сатылы)  SHQ>;

9.  Стейкер  (екі  қабатты) JDJ - А;

10. Клей  араластырғыш  жүйе;

11. Көтерме;

12. Рельспен  арбалар;

13. Құбыр   жүйесі.

Қабаттарды  жабыстыру клейстер арқылы жүргізіледі, олар жүгері крахмалы мен және басқа  да қосымшалар арқылы жүргізіледі. Гофрокартон  өндіруге керек қағаздың рулонын  үш жайымға орнатады. Қағазды қыздыруға  арналған үш жылытқыш арқылы өткен  тест лайнер мен шленцфлютинг қағазды  жылытқыш арқылы беріледі, ол жақта  флютингті кеңірдектеу және тест лайнер мен флютингті жабыстыру  сияқты істер жасалынады. Содан кейін  жабыстырылған екі қабатты лайнер мен флютинг және лайнердің тегіс  қабаттары жұмысқа арналған темпиратураға  дейін қағазды қыздыруға арналған екі қабатты жылытқышқа апарылады, содан кейін қаптар лайнердің  ішкі тегіс қабаттарын негізгі қабаттарға жабыстыратын желім жаққыш машинаға апарылады. Кейін дайын гофрокартон  суытқыш - кептіргіш столда кептіріледі, керек өлшемде гофрокартонды  кесетін кескіш машинкаға апарылады. Гофрокартонның беттері жинағыш  көпірде жиналады, сонан соң олар   қораптың   қашаулары   қиылатын   автоматты  қиюшы   - рилювтық  станокқа   беріледі. Бүктей - жабыстыратын   автоматтарда   қораптың қашаулары бүктеліп жабыстырылады.

Сонымен, кәсіпорынның технико-экономикалық көрсеткіштерін саралау нәтижесі оның елеулі жетістіктермен қызмет етіп жатқандығын айқындайды. Сонымен қатар кәсіпорынның Қазақстан  нарығында өзіндік орыны бар, әрі ел экономикасының қарыштап дамуы барысында оның болашақ даму мүмкіндіктері зор деген тұжырымға келдік. 

 

 

2.2 « ЖАСИ » ЖШС-ның өндіріс тиімділігін экономикалық  талдау

 

Кез-келген кәсіпорынның экономикалық қызметі  үздіксіз процесті көрсетеді. Кәсіпорын  өзінің экономикалық қызметінде еңбек  заттары мен құралдарын сатып  алу – сату жолымен ала отырып, өндіріс процесін, тауарлар шығаруды ұйымдастырады. Өндірілген өнімдерді  өткізгеннен кейін, алдын-ала жұмсалған  ақша қаражаттары кәсіпорынға қайта  келеді. Бұл қаражаттар жұмсалған  ресурстардың орнын толтыруға, сондай-ақ еңбекке төлем ретінде жұмсалады. Бұл процесс үнемі қайталанып отырғандықтан  кәсіпорын капиталының ауыспалы айналымы деп аталады.

Кәсіпорын капиталының  айналымы өндіріс уақытынан және айналыс уақытынан турады. Айналым  уақытын қысқарту өндіріс тиімділігін  көтеруде маңызды орын алады, басқаша  айтқанда сол уақыт кезеңінде  ресурстардың сол көлемінде көп  өнім өндіруге мүмкіндік береді.

Кәсіпорын капиталының  айналым уақыты төмендегілерден  құралады:

  • өндіріс уақытынан (шикізаттар, материалдар және жабдықтардың өндірістік запастарда болу уақыты, яғни еңбек заттары тікелей адамның өзгертуіне  ұшырайтын уақыт; адамның қатысынсыз табиғи процестердің әсер ету уақыты; еңбек процесіндегі үзілістер уақыты);
  • айналыс уақытынан (өндіріс құрал-жабдықтарын сатып алуға және жұмыс күшінің өндірілуін қамтамасыз етуге, тауарларды өткізуге кететін уақыт).

Айналым уақытын  қысқартудың маңызды шараларына жатады.: ғылыми-техникалық жетістіктерді  игеруді жеделдету, өндірісті ұйымдастыруды  жақсарту, жабдықтарды ауыстыру коэффициентін  көтеру, жұмыс уақытын бос өткізуді қысқарту, экономикалық байланыстардың прогрессивті формаларын дамыту, көтерме  сауда мен көлік жұмысын жетілдіру  және т.б.

  « ЖАСИ  » ЖШС-ның тиімділігінің көрсеткіштеріне  бірден

көшпес бұрын оның іскерлік белсенділік  көрсеткіштерін талдайық

Іскерлік  белсенділік қаражат айналымының  жылдамдығымен тікелей байланысты, сол арқылы кәсіпорын  қаражатын  қаншалықты тиімді пайдаланатынын анықталады.

 

Капиталдың  жалпы айналымдылық коэффициенті –  жылына өндіру және айналудың толық  үрдісі қанша рет болатыны мен  активтердің әр теңгесі өндіріс  өнімінің қанша көлемін әкелгенін көрсетеді

 

 

 

Кесте 5.« ЖАСИ » ЖШС-ның іскерлік белсенділігін талдау

 

Көрсеткіштер

2011 ж

2012ж.

өзгерістер(+;-)

1

2

3

4

Капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті

17,3

15,1

-2,2

Негізгі  капиталдың айналымдылық коэффициенті

28,0

72,8

44,8

Ағымдағы активтердің айналымдылық коэффициенті

48,3

26,3

-22,0

Ағымдағы активтердің айналым  ұзақтығы. Күн

7,5

13,7

6,2

Материалдықайналым қорларының айналымдылық коэффициенті

61,2

37,9

-23,3

Дебиторлық  борыштың   айналымының  ұзақтығы

503,5

133,1

-370,4

Дебиторлық борыштың айналымдылық  коэффициенті

0,7

2,7

+2

Кредиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті

12,6

18,5

+5,9

 Кредиторлық борыштың айналымның  ұзақтығы (күнмен)

28,6

19,5

-9,1

Іскерлік белсенділік индексі

0,83

0,56

-0,27


 

Капиталдың  жалпы айналымдылық коэффициенті –  жылына өндіру және айналудың толық  үрдісі қанша рет болатыны мен  активтердің әр теңгесі өндіріс  өнімінің қанша көлемін әкелгенін көрсетеді .

1) Оның мәні 2011ж. – 17,3 (74768/4331), 2012 ж. – 15,1 (280707/18622) болып, 2,2 пункте төмендеген. Алдындағы жылы кәсіпорын активінің әр теңгесі 17 тг. 30 тиын келтірсе, 2012 ж. – 2 тг. 20 тиынға кеміді.

Егер де осы  кеміген сома түсім түсіргенде ол – 40968 мың тг. (2,2 х 18622) болар еді, яғни кәсіпорынға 40968 мың тг. (275,4%-ға), ал активтер 14291 мың тг. (329,9%-ға) артқан, оның ішінде ең көп өсім негізгі қорлар (87%) және берешек қарыздарға (22,4%) келеді. Сондықтан  айналым мөлшерінің азаюы кәсіпорын  активтерінің құрамында өтімділігі төмен қорлар үлесінің артуына байланысты.

Негізгі өндірістік қорларды пайдалану тиімділігін  – негізгі қорлардың айналымдылық коэффициенті көрсетеді. Бұл коэффициент  жоғары болған сайын есеп беру кезеңіндегі  шығындар азая түседі. Ол төмен болса  – өнімді өткізуден түскен табыстың (ӨӨТТ) жетімсіздігін немесе негізгі қорларға тым жоғары деңгейде қаржы бөлінгенін көрсетеді. 2011ж. – 28,0 (74768/2666), 2012 ж. – 72,8 (280707/3854,5) көрсетіп, 44,8 пункте жоғарылаған. Мұнда негізгі қорлардың орташа құны да, ӨӨТТ та пропарциоалды өсіп отыр, сәйкесінше 44,6% және 27,4%, сонымен негізгі құралдардың артуы ӨӨТТ – тың артуын қарағанда әлдеқайда төмен, сондықтан серіктестік негізгі құралдарын дұрыс пайдалана алған.

Информация о работе «ЖАСИ» ЖШС-ның өндірістік тиімділігін арттыру жолдары