Жастар мәдениеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2013 в 14:56, реферат

Описание работы

Тәуелсіз байрағын көкке көтерген еліміздің бет алысы шүкір етерлік. Есігіміз шартарапқа айқара ашылып, қазақ жастары шетел мемлекеттерінен білім алуына мүмкіндік туды. Экономикалық алыс – беріс, сауда – саттық дами бастады. Дегенмен, оның қайшылық жақтары да белең алуда. Өзге елдің тілі мен мәдениетін игерген жастарымыз әуелгіде жан – жақты, білімді, сәнді де мәнді жаңа заманның жас қазағы атанды. Кейіннен сол жастарымыздың санасын шетел мәдени болмысына әуесқойлығы басып кетті. Қазағымның табиғатынан еліктегіш қасиеті қазіргі жастарды айналып өтпей, кесірін тигізіп отыр. Әрине бәрін қазақтан көре беру дұрыс емес, дегенмен еліктеу болмысымызда өте жақсы дамыған.

Файлы: 1 файл

АЛАШ.docx

— 301.27 Кб (Скачать файл)

  • АЛАШ
  • АҚПАРАТ
  • БІЛІМ
  • БИЛІК
  • САЯСАТ
  • СПОРТ
  • ЭКОНОМИКА
  • ҚОҒАМ
  • ӘДЕБИЕТ

ЗАМАНАҚЫР ЖАСТАРЫ Немесе жеткіншектерімізді жетесіздіктен сақтайық

МӘДЕНИЕТ — 18 наурыз 2011 - 1,557 рет оқылды

Тәуелсіз байрағын көкке көтерген еліміздің бет  алысы шүкір етерлік. Есігіміз шартарапқа айқара ашылып, қазақ жастары шетел  мемлекеттерінен білім алуына мүмкіндік  туды. Экономикалық алыс – беріс, сауда  – саттық дами бастады. Дегенмен, оның қайшылық жақтары да белең алуда. Өзге елдің тілі мен мәдениетін игерген  жастарымыз әуелгіде жан – жақты, білімді, сәнді де мәнді жаңа заманның жас қазағы атанды. Кейіннен сол  жастарымыздың санасын шетел  мәдени болмысына әуесқойлығы басып  кетті. Қазағымның табиғатынан еліктегіш  қасиеті қазіргі жастарды айналып  өтпей, кесірін тигізіп отыр. Әрине  бәрін қазақтан көре беру дұрыс емес, дегенмен еліктеу болмысымызда өте  жақсы дамыған. Мысалға қазіргі  қазақ жастарымызды қызықтыра жалықтыратын, арманы мен аңсарын олардың жүріс  – тұрысы, іс – әрекеті, киім кию  үлгісінен байқауға болады.

Әр елдің өзіндік этнографиялық  табиғатына қарай, елі мен жеріне сай киім үлгісі бар. Ұшқыр ойды ою – өрнекпен зерделеген ұлтымыздың киімі ол бір ғажайып дүние! Ол бөлек тақырып емес, алайда қазіргі  тәуелсіз қазақ елі жастарының келбеті  толғандырады. Жастарымыздың күнделікті көшеге киетін, қызметтік не болмаса  сәндік кешкі киімдерін алатын болсақ, қолдары кесілген, балақтары қиылған, алды – артында айқыш – ұйқыш  әлемді суреттермен безендірілген, қазаққа жат шет тіліндегі  жазулармен /тіпті ұятты мағынада/ киім кию үлгісі үрдіске айналды. Оны түсінгенмен, жастар «Өзім білемге» салынып, көңіл аударғысы келмейді. Ол аздай – ақ, жыртылған не тозығы жеткен киім сияқты үлгідегі сәнді  үстіне жапсырған қыздарымыз бір  сәт ойланбастан сәнінен ұялмайтын  болды. Ал шетелдік сән үлгісімен  тіктірілген не төменгі жағының  көбісі ашық, тіптен аса тым қысқа  көйлектерді киген қыздарымыз өздерін  әлемдік сән алаңында жүргендей  басқаларына тәкаппарлық танытатын  болды. Осы қаншалықты дұрыс, дін  – динаятымызға сыйымды ма, осыған жауап іздеп көрейік. Қазағымыз  «Ағаш көркі – жапырақ, адам көркі  – шүберек» деген. Бүгінде ағаштан  жапырақ кетпегенмен жастарымыздың  үстінен шүберек кетуде. Қазақтың сәнінде көзге іліп аларлық салтанат қалмады. Матасы жетпегендей денесіне жабысқан, тыртысқан тар көйлек, жалбыраған шаш, жез тырнақ, қызыл  ерін, опаланған бет, ұзын аяқ пен  жыртық санды шалбарлар, қысқа шортылар қазақ өмірінің сахнасынан орын алған. Ал «Нағыз қазақ» ұлттық бейнесін жоғалтқандай. Анасының алдында кіндігін көрсеткен  қыз, әкесінің қасында қысқа шорты  киген ұзын сирақты бала, енесінің алдына төсін көлденең тарта ашқан  келіні, атасының алдында шашын жайған кенсап! 
Асыл дініміз қарапайым киімді құптайды. Тіпті киімнің түс – реңіне қарамай ашық қызыл, алыстан шарқ ұрған сары түсті киіммен елден ерекшеленеді. Мұндайды ислам «Әдепсіздік!» деп бағалайды. Ардақты Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың киімінің қарапайымдылығы сондай, жиылысқа жиналған сахабалары Оның ортаға қалай келіп отырғанын сезбей қалатын еді. Әлбетте хадисте айтылған қияметтің белгілері де осында. Жалпақ тілмен айтқанда яғни адамдардың үстіндегі киімінен дене пішімін көрсететін киім киюі, әйел ерлердің не болмаса ер адам әйел киімін киюі қатты сыналған. Сондықтан ер жетіп келе жатқан ұлына әкесі, бойжеткен қызын тәрбиелеген анасы көзінің қырымен жүріс – тұрысы мен киіміне, сөйлеу мәдениетіне қатаң назар салған жөн! 
Жастарымыздың сөйлеу мәдениеті мен сөз саптауынан айналып өту мүмкін емес. Әр түрлі шетелдің ұғынықсыз сөздерімен қоса бір – біріне саусақтарын желбіретіп сөйлеу үрдісі қалыптасты. Ерте кезде мұндайды көрген аталарымыз «Жынды» деп бағалаған болар еді. Алайда, бұл «жындыларымыз» бүгінгі таңда құнды болып тұр. Омар сахабаның пайғамбарымызға (с.ғ.с.) қарап, қол бұлғап, қатты дауыспен сөйлеп еді. Сонда Алла тағала Құран Кәрімде: «Әй мүміндер! Дауыстарыңды Пайғамбардың дауысының үстіне көтермеңдер. Өзара бір – біріңе дауыстағандай Пайғамбарға дабырлап сөйлеспеңдер. Ғамалдарың жойылып, аңғармай қаласыңдар» – деп, бәсең дауыспен жай сөйлеуді бұйырған. Онымен қоса, басқа аятта мұндай әрекеттерді хайуан істермен салыстырған. 
«Ислам тазалықтың үстінде» деп бекітілген хадистен бастау алған қазақ «Тәні саудың – жаны сау» деп үндестірген. Ал тазалықтың басы – ғұсыл және дәрет. Ғұсыл алудың ең негізгі шартының бірі – ине шаншар жер қалмайтындай етіп, бүкіл денеге су тигізіп жуу. Тек бұдан жанымызға батып жүрген бір нәрсе – ұзын /жалғамалы болса да/ не бояулы тырнақтар! Осы тырнақтар астына /боялған болса да / су тимесе ғұсыл да дәрет те толық орындалмаған болып табылады. Сол күйде оқылған намаз да қабыл болмайды. Тіпті ғұсыл дәреті жоқ адам жер бетін басып жүрсе, періштелер мен аруақтар ол адамға қарғыс оқиды. Мұхаммед (с.ғ.с.) шайтанға жолыққанда: «Сен балаларыңды қай жерде бағып асырайсың?» – деп сауал қояды. Сонда шайтан: «Ұзын тырнақтың астында!» – деген екен. Қазақта ұзын тырнақты әйелді «Мыстан кемпірге» теңеген емес пе?! Әсіресе жасы егде тартқан әжелік жасқа жеткен аналарымыз қыздарын тыймастан өздері шашын шошайта бұйралап, бетіне әр түрлі майлар жағып, еріндерін қызарта бояп, тырнақ өсіргендері ешқандай қағидаға сыймайды. 
Шетелдің қызықтыра жаққан алау оттарының бірі біздің жастарымызды да шарпып өтті. Құлақты бірнеше жерден, тіл, иек асты, мұрын, кіндік, қабақты тестіріп /пирсинг/, жылтыр да сан түрлі темір-терсекті іліп тағу етек алды. Бұл Үнді қыздарына еліктегені десең де, қазақ қыздары мен ұлдарына тән іс пе?! Бұл да кезегімен қазақтың сән үлгісіне енді. Ал одан бетер теріге инемен тесіп сурет салғызу /татуировка/ тағы бар. Суреттердің сан алуан мәнсіз түрлерін көрінетін, көрінбейтін дене мүшелеріне салдырту – Алланың аманатына озбырлық. Адамның тәні Алладан аманатқа адамға берілген. Сол Жаратқанның аманатын өзгертіп, тесіп, сурет салу – ол нағыз қиянаттың өзі! Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисте адам денесін өзгертіп сурет салған, шашына шаш жалғаған әйелдерді /парик/ лағынеттеген. Тіпті дию, шайтан, жын басу және олардың екпіні жиі тиетін жерлер – түңгі ойын – сауық орындарында /жастар клубы, кафе, ресторан, жеке үйде топтық кездесу кештері/ ішкені харам, киімі теріс, сөзі сөгетті, тазалығы жоқ жастарға шайтанның зарары тиюіне өте оңай жол. Міне қияметтің ең сорлы белгілері осында! Қазақта «Түн кезген боқ басады» – дейді яғни күнәға, жамандыққа, кесапатқа жолығады дегені. Тіпті ондай жерлерден кейбір жастар білместікпен өзіне өмірлік серігін іздейді. Негізінде адал жар мешітте, медресе, білім орындарында, тәрбиелі жанұяда! 
Жеткіншек ұл – қызымыздың толықсыған шағында үнемі қасында болып, көзімізбен ісін бақылап, тура таза жолға салуға бар күш – жігерімізбен кірісу – Алланың ақ жолы үшін күрес. Осы ақ жолдағы ниетіміз қабыл болып, жастарымыз қалыбын сақтап, келешекке кемелдікпен қарайтын, еліміздің асыл азаматтарынан болуына Алладан әр уақыт дұғада болайық. Дүниедегі көрер күніміз жақсылық, қияметте жәннет болсын! Әумин, Аллаһу Акбар! 

 

 

 

Нұрлан Байжігітұлы Асанов 
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 
Жезқазған аймақтық өкіл имамы

1


Информация о работе Жастар мәдениеті