Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2013 в 14:56, реферат
Тәуелсіз байрағын көкке көтерген еліміздің бет алысы шүкір етерлік. Есігіміз шартарапқа айқара ашылып, қазақ жастары шетел мемлекеттерінен білім алуына мүмкіндік туды. Экономикалық алыс – беріс, сауда – саттық дами бастады. Дегенмен, оның қайшылық жақтары да белең алуда. Өзге елдің тілі мен мәдениетін игерген жастарымыз әуелгіде жан – жақты, білімді, сәнді де мәнді жаңа заманның жас қазағы атанды. Кейіннен сол жастарымыздың санасын шетел мәдени болмысына әуесқойлығы басып кетті. Қазағымның табиғатынан еліктегіш қасиеті қазіргі жастарды айналып өтпей, кесірін тигізіп отыр. Әрине бәрін қазақтан көре беру дұрыс емес, дегенмен еліктеу болмысымызда өте жақсы дамыған.