Сөйлеу әрекетінде лексиканың әдеби тіл нормасында қолданылуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2013 в 11:36, реферат

Описание работы

Зерттеу жұмысының нысанасы - оқушылардың тілі және лексикалық құралдарды пайдалану тәжірибесі.

Зерттеу жұмысының мақсаты – лексикалық құралдардың сөйлеу әрекетіндегі қолданылу ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеудің әдістері мен тәсілдері. Зерттеудің ғылыми теориялық негіздерін сараптау, ой қорыту, жалпылау әдістері мен бақылау, салыстыру, жинақтау және талдау әдістері болды.

Файлы: 1 файл

Дип.-Сөйлеу-әрекетінде-лексиканың-әдеби-тіл-нормасында-қолданылуы.doc

— 651.50 Кб (Скачать файл)

 

 

                    2.3. Сөйлеуде көркемдеуіш және бейнелегіш құралдарды

пайдалану

 

           Сөз әсерлігі тыңдаушыны ұйытып  өзіне тарту екі нәрсеге қатысты  болып келеді: біріншісі, сөзді  сөйлеген кезде құлаққа жағымды, лебізді, үнді етіп, дауыс кідірісі мен дауыс күшін дұрыс қойып айтуға байланысты болса, екіншісі, сөзді өз мағынасынан сәл өзгертіп, келтірінді мағынада жұмсаумен ұштасады.

           Мәдениетті  адам сөйлеу мәнері құлаққа  жағымды әрбір ойын лайықты әуенмен, әрбір сөйлемді өзінің сазымен сөйлейді. Ән сияқты дұрыс айтылатын сөз де құлақтан кіріп бойды алады. Міне, сондықтан сөзді қалай болса солай айта салмай, сөйлеу мазмұнына үйлесімді ырғақ, екпін, әуен тауып, дауысты түрлендіріп сөйлеудің үлкен мәні бар. Сөйлеуде дауыс ырғағының құбылмалы қасиеті, логикалық екпінді, интонациялық ерекшелігі бар құбылыстарды ескеріп отырғанда ғана тыңдаушыға әсер етпек[46,136]. Қазақ халқы келістіріп сөйлей алатын кісіні «Сөзі мірдің оғындай екен», «Сөздің майын тамызып, кісінің айызын қандырып сөйлейді екен» деп дәріптейді. Ондай қабілеті жоқ адамды «ынжық, аузынан сөзі қойнынан бөзі түсіп тұр» деп санайды. Кейбіреулер маңғызданып, қатымырланып сөйлеуді сән көреді, оны артықшылық, мәдениеттілік деп біледі. Ал шын мәдениеттілік – шынайлылықта, айтатын ойына сай келетін үн, әуен, ырғақ, екпін тауып сөйлей білуде. Сөйлеушінің сөйлеу дағдысы, дауысы тыңдаушыға жағымды болса, онда зер сала тыңдайды. Ал оның үстіне айтайын деген ойын мазмұнды болса, тыңдаушының көкейіне қонып, жүрегіне ұялайды.

           Тыңдаушыларды  еліктіре білу, олардың назарын  сөйлеп тұрған ой-пікіріне аудара  алу – сөйлеушіге (мұғалімге,  баяндамашыға, үгіттеушіге) жүктелген  міндеттің нәтижелі болуының  басты шарты. 

Сонымен бірге жұрт алдында сөйлеуші мына қағидаларды ескеруі тиіс[9,56].

           1. Жұрттың бәріне белгілі жайларды  тәптіштеп айта беру жөнсіз. Нәрсіз, дәмсіз сөйлемеген жақсы. Нәрсіз  сөз көбінесе өзі жақсы білмеген  жайды баяндаудан анық байқалады.  Міне, сондықтан көп қателеседі.         

           2. Өзін өзгеден артық санап, дауласып, мақтана сөйлеген адамның айтқаны далаға кетеді. Тыңдаушылар ондайды қабылдамайды, сөзіне күле қарайды. Мен белгенді тыңдаушыларым білмейді, олар білімсіз дегендей пиғыл білдіріп, білгішсініп, мақтана сөйлеу жұртты теріс қаратады.                 

           3. Сөйлегенде, әрбір сөз анық, дәл,  айқын естілетін болсын. Сөйлеушінің  даусы құбылмасы әрі жайлы  болуы тиіс. Сөз әуенінен байсалдылық,  сенім, табандылық, қайрат сезінетін  болсын.

           4. Ойды жеткізудің тілден тыс  элементтерін, атап айтқанда, ым, ишара, мимика, понтомимика, дауыс күші, дауыс темпі т.б. жақсы меңгеруге қажет.

           5. Жұрт алдында сөйлеуші қағаздан  көзін алмай қатып қалмай, тыңдаушылардың  жеке тобына, жеке кісілерге көз  жіберіп отырған мақұл. Сонда  тыңдаушы да соған қарайды, сөзіне назар аударады.

           6. Сөзді әбден жауыр болған  сөздерден бастаған болмайды. Ой-пікірді  әдеби тілге тән сөздермен,  әсерлі де қызықты етіп жеткізуге  тырысу қажет. Сөз арасында  мақал-мәтелді, нақыл сөздер мен  қанатты сөздерді келтіре отырып сөйлеу нәтижелі болмақ. 

           7. Айтылатын ой қысқа да нұсқа,  тұжырымды болсын. «Аз сөз алтын,  көп сөз көмір» деген мақалды  басшылыққа алған мақұл.

           8. Сөйлеу жүйелі болуы тиіс. Жүйелі  сөздің арқауы, өзара тығыз байланысты  желісі болды. Сөйлем мен сөйлем арасында, ой мен ойдың арасында табиғи байланыс болмаса, тыңдаушы ондай сөзден қанағат ала алмайды.

           Жұрт алдында жақсы сөйлеудің  ең негізгі шарты – дайындық. Алдымен жоспар түзіледі. Жоспарда  қамтылуға тиісті мәселелер реттелген тақырып күйінде жазылады. Одан кейін сол жоспар бойынша баяндаманың тезисі жасалады. Онда айтылуға тиісті жайлардың негізгі қағидалары, мазмұны тұжырымдалады.

           Жоспар бойынша баяндауға керекті  материалдарды толықтыру, ретке  келтіріп қағазға түсіру үшін конспект жасалу қажет. Конспект – болашақ баяндаманың ықшам түрі.

           Сөз қолдану мәдениеті сөзді  мағынасына орай дұрыс қолданумен  қатар оны де, әсерлі, көркем бейнелі  етіп айту (жазу) мен бейнелеу  тәсілдеріне тікелей байланысты  екені белгілі. Ал бейнелеу тәсілдері тілімізде сан алуан. Тіліміздің көркемдегіш тәсілдері негізінен көркем әдебиет тіліне тән. Көркем шығарма тілінде сөз өзінің барлық баяу-нышанымен, сыр-сипатымен, құпия астарымен, құдірет-қасиетімен көрінеді. метафора, метонимия, синекдоха, теңеу, эпитет поэтикалық тіркестер, мақал-мәтелдер және тұрақты тіркестер айтылайын деген ойды анық беру, баяндап отырған әлеуметтік шындықтың шынайы көрінісін ашық көрсету сөйлеушінің негізгі қаруы.

           Мәселен, «Жел соқты, қар жауып, боран болды» деп айтуда ешбір әсер жоқ. Ал сөз зергерлерінің қолдануында сөз әдеттегі қызметінен басқа күйге көшіп, тосын құбылысқа тап болады. Мұндай қолданыстың әсері айрықша болып, шығарма тіліне шырай беріп отырады. «Боран үскіріп соғып тұр. Асау жел ащы күйінен жаңылған жоқ, ойнақ салып ысқырып тұр. Аң, дала меңгеру болып түкіруде. Қайғысы сары бел борап әкеліп тұрған ақ киімін қымтай түсіп, жата бердім»( М.Әуезов).

           Мұндай асау сөзінің ерекше  сипат алғандығын бірден аңғаруға  болады. Сондай-ақ сөз арасында бір-бірімізге сары бел киімін қымтады десек, жансызға жан бітіріп болмысы нақты, дәл бейнелеудің айрықша тәсілі.

           Сөз мағыналарының ауысуы, келтірінді  мағынада жұмсалуы әр түрлі  тәсілдер арқылы жүзеге асады.  Сөздің ауыспалы мағынада қолдануы метафора, метонимия және синекдоха арқылы жасалады[46,57]. Енді осы тәсілдерге қысқаша тоқталайық.

           1. Метафора тәсілі арқылы атаудың  ауысу белгіленген заттардың  тұлға, түс, қимыл ерекшелігінің  ұқсастығына негізделеді.

           Метафора – грек тілінде metaphora «ауысу» деген мағынаны білдіреді.

           Белгілерінің ұқсастығына қарай  бір заттың не құбылыстың басқа  бір заттың не құбылыстың атауымен  атауының негізінде сөз мағынасының  ауысуы метафора деп аталады.  Метафора құбылысының сөздің мағынасынан орын тепкені және әбден үйреншікті болып кеткені соншалық, метафораның негізінде туған қосымша мағынасының көп жағдайда туынды, келтірінді мағына екені бірден аңғарыла бермейді. Мысалы, істің төркіні, мәселенің төркіні, сөздің төркіні дегендердің төркін мен қыздың төркіні дегендегі төркін сөзін салыстырсақ, соңғы мысалда бұл сөз «қыздың ата-анасы, туған-туыстары» дегенді білдіреді де, алдыңғы мысалдарда «түп негізгі, тегі, мәнісі, сыры» дегенді білдіреді.

           2. Метонимия. Бір заттың немесе құбылыстың атауының екінші затқа не құбылысқа олардың өзара іргелестігі, шектестігі негізінде атау болып ауысуы, осыған орай, сөздің ауыспалы мағынада жұмсалуы метонимия деп аталады. Мысалы: үйі мәз боп, қой сойды, сүйіншіге шапқанға (Абай) – деген сөйлемдегі үй деген сөз өзінің негізгі мағынасы «баспана» дегенді емес, бір үйдің адамдары, үй іші, отбасы дегенді білдіреді. Дәрі қосқан аяқты ішкеннен соң, Әзім барып жығылды шалқасынан...(Абай). Бұл сөйлемде аяқ сөзі «ыдыс» дегенді емес, «сусын» деген мағынаны білдіреді. Метонимия – грек тілінде metanymia «атын өзгерту, қайта ат қою» деген мағынаны білдіреді.

           3. Синекдоха. Бүтіннің орнына  бөлшекті, жалпының орнына жалқыны,  үлкеннің орнына кішіні қолданудың  негізінде сөз мағынасының ауысуы синекдоха деп аталды. Мысалы, кейде, отбасыңда неше жан бар? – деудің орнында басың нешеу? Дейміз. Бұл арада бас сөзі бөлшек ретінде (адамның дене мүшесі) бүтіннің орнына қолданылып тұр.

           Синекдоха – грек тілінің synecdoche «бірге жобалап түсіну» деген сөзінен жасалған термин.

           4. Теңеу. Теңеу де зат пен  құбылыстың біріне- бірінің ұқсастығына  қарай сөздер алмасады. Мысалы:

           Ажарың ашық екен атқан таңдай,

           Нұрлы екен екі көзің жаққан  шамдай,

           Апаңнан сені туған айналайын,

           Күлім көз, оймақ ауыз, жазық  маңдай.        

                                                                        (Сегізсері)

           5. Эпитет. Бір заттың, не бір құбылыстың  айрықша сипатын, сапасын анықтау  үшін қолданылатын бейнелі сөзді эпитет деп атайды.

           Қорыта айтқанда, сөз ауыспалы, келтірінді  мағынада қолданылу арқылы мағыналық  жақтан түрленіп, өзгеріп отырады.  Айтайын деген ойды бейнелі  де әсерлі беруге икемді болады. Міне, сондықтан сөйлеуші (жазушы) өз сөзінде тілдің лексикасындағы көптеген сөздердің келтірінді, бейнелі мағыналарды суреттеудің ең ұтымды құралы ретінде пайдаланады.      

        

2.4. Сөздердің  сөз тіркесі мен сөйлемдерде  қолданылу ерекшеліктері,

грамматикалық норма.

 

           Әдеби тілдің нормалану нысаналары. Әдеби тіл дамыған жайын оның грамматикалық құрылысында біркелкілік, бірізділік үстем бола береді де, оның сымбаттылық қасиеті арта түседі. Бұл жағынан да қазақ тілін кемсіте алмаймыз. Қазақ тілінің грамматикалық амал-тәсілдері, тұлғалары, құралу тәртібі белгілі қалыпқа түсіп, жұртқа әбден дағдылы болған: сөз таптарының, сөз тұлғаларының, сөйлем құрылысының алуан түрлі бөлшектері қиюын тауып қалыптасып кетті. Грамматикалық құрылыстың сол қалпын – грамматикалық норма дейміз[47,213].

           Грамматикалық нормалар грамматикалық  ережелер негізінде, әдеби тілдің  қалыптасу барысында жасалады. Әдеби  тілде бардың бәрі бірдей норма  бола бермейді. Мысалы, Абай тұсында,  Абай шығармаларында, ауыз әдебиетінде  «бармаққа керек», «айтарға керек» тәрізділер кездеседі, ондайды бұл күнде «бару керек», «айту керек» деп жазамыз. Немесе 1963 жылғы «Жұлдыз» журналында Рамазан Тоқтаров туындайды, туындап деген сөздер қолданған. Әдеби тіл де қыранды, жымыңда, сусылда тәрізділерден қырандайды (қырындап), жымыңдайды (жымыңдап), сусылдайды (сусылдап) деген жаңа сөз тудыруға болады. Ал, «туынды» сөзінен «туындайды», «туындап» деген сөздер тудырту тілге зорлық, нормаға жатпайды.

           Тілдегі жекелеген қосымшалар  көптеген сөзге жалғап айтуға болғанымен, солардың көбінің шегі бар, мысалы, қолданды, көздеді, бұзаулауды, сүйемелдеді деп айтуға болады, ал кітаптарды, жүректеді, бөлтіріктерді, тартыстарды деп айтылмайды. Р.Тоқтаровқа ұқсап біреу солай жазып қойса да, әдеби нормаға айнала қоймайды.

           Ғасырлар бойы жасалған грамматикалық  ережелердің, грамматикалық категориялардың  жұмсалу аясы қаншалықты кең,  бір беткей отырып, стилистика  мен грамматиканың байланыстылығына  ерекше назар аударады.

           Тұжырымдағанда, оқушылардың тіл  мәдениетін жетілдіру ана тіліміздің нормасындағы тілдің жаттықтығын, мәнерлілігін, әсерлілігін, тазалығы сияқты тіл сапаларын игеріп, қатенің не үшін қате екендігін үйрету бағытында жүргізіледі.

           Тіл мәдениеті тек жеке сөздерді  немесе сөз тіркестері мен сөйлемді ойына байланысты таңдап, қолдану ғана емес, жалпы өзінің айтайын деген ойын, пікірін жүйелі, мазмұнды айтып, не жазып бере білуін де қарастырады. Осы тұрғыдан эскперимент жұмысында оқушылардың жазбаша (мазмұнддама, шығарма т.б.) бақылағанымызда оларда негізінен мынадай қателер жіберетіндігі байқалады. Атап айтқанда, сөзді дұрыс өз ойына орай қолдана алмай, лексикалық қателер, өз ой-пікіріне сай сөздерді байланыстыра алмай, сөйлем құрастырудан, яғни грамматикалық қателер, мәтіндік мазмұнды жүйелілігін сақтамай, логикалық қателер жазбаша сауаттылығы жөнінде орфографиялық қателер жібереді. Мысалы, жалпы ереже бойынша зат есімдерге жалғанатын көпті тәуелдік жалғауларының орналасу тәртібі былай болады: түбір сөз, алдымен көптік, оның үстіне тәуелдік жалғауы жалғанады; жолда тарым, терезелерің, жиналыстары, ата-бабаларымыз т.б.

           Осы бір тиянақты-ақ деген ережеге  бағынбайтын, одан ауытқы айтылатын  мынадай сөздер бар: апаларым- апамдар, әкелерің- әкеңдер, жезделерім-жездемдер.  Бұлардың екеуі де тілге жатық, ойға қонымды екеуі де әдеби. Солай екен деп зат есімдерге көптік, тәуелді, жалғауларын жалғауда орнықты тәртіп жоқ деуге болмайды. Болмайтын себебі – кез келген зат есімге жоғарыдағыдай көптік пен тәуелдікті орын ауыстырып жалғай бермейміз. Тек қадірмен туысқандық қатынасты білдіретін – ата, әке, көке, аға, әже, апа сияқты зат есімдерге ғана ол жалғауларыды шәлкес орналастыруға болады. Сонда олардың мағыналары бірдей болмай, екі түрлі болады: апаларым, аталарым... дегенде, көптік жалғау сол сөзі жалғанған заттың көптігін білдірсе, апамдар, атамдар... дегенде, ол бір кісінің қасындағыларды да қоса қамтып, солардың да көптігін білдіреді. Бұл жағынан соңғылар Амантайлар, Досандар дегенмен бірдей. Осы арадағы бір қызық нәрсе мынау: қайын, іні, балдыз деген зат есімдер де туысқандық қатынасты білдіретін топқа жатады, бірақ оларды қайындарым – қайынымдар, інілерім – інімдер, балдыздарым – балдызымдар деп жарастыра, екінші сыңарын айтпаймыз. Оның да себебі бар: апамдар, әжемдер, әкемдер Абылайлар, Сырымдар сияқты біреуді ұлық тұтқанда айтылады да, іні, балдыз, қарындас тәрізді кішігірімдер ол топқа жатпайды[48,231].

Информация о работе Сөйлеу әрекетінде лексиканың әдеби тіл нормасында қолданылуы