Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2013 в 11:36, реферат
Зерттеу жұмысының нысанасы - оқушылардың тілі және лексикалық құралдарды пайдалану тәжірибесі.
Зерттеу жұмысының мақсаты – лексикалық құралдардың сөйлеу әрекетіндегі қолданылу ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеудің әдістері мен тәсілдері. Зерттеудің ғылыми теориялық негіздерін сараптау, ой қорыту, жалпылау әдістері мен бақылау, салыстыру, жинақтау және талдау әдістері болды.
Кейбір сөздердің әдеби
Әрине, бұл да әдеби емес. Автор бұл сөзді Мейрам емес, сауаты шамалы басқа біреудің аузына салса, жарасымды болар ма еді?
Мұндайға мін таққысы
Ел аузындағының бәрін қалдырмай әдеби тілге енгізе берсек, батыстағы қазақтардың «Ботташықты іңкәлға салып жесең, сірә жқсы болады»... дегендерінен де қашпау керек қой. Олай етсек, әдеби тілдің өзіндік қасиеттері жойылады, сөздер сөз шеберлігінің талғампаз елегінен өтпей, түбі тесік шелектен аққан судай болады да қалады.
2. Профессионализм. Жергілікті
Мұндай кәсіби сөздердің әдеби
тілде баламасы болмаса,
Түрлі кәсіптегі еңбек ерлерін,
3. Дөрекі, былапат және жаргон сөздер. Бұлар - әдеби тілдің, жалпы тіл мәдениетінің ата жауы. Сондықтан олар әдеби тілдің лексикалық нормалары қатарынан орын алуы мүмкін емес.
Лексикада бірізділікті
Ә д е б и
жұмысшы жұмыскер
совет кеңес
қаһарман, ер, батыр герой
жоспар план
үгітші агитатор
жер серігі спутник
Шет тілден енген терминдерді
қазақшаға аударуға болатыны
да, болмайтыны да бар. Соңғыларды
ескеріп Ф.Энгельс былай дейді:
Терминология қай сала да болса да, тек жаңа ұғымның пайда болуымен байланысты дамып отырады[33,63]. Мысалы, «жазушы», «суретші» мамандық кәсіп болмай тұрғанда, ондай атау да болған жоқ. Кейін ондай жаңа ұғым пайда болған соң, жаз, сурет және т.б. сөздерге –шы, -ші жұрнағын жалғау арқылы жаңа сөздер жасалды: жазушы, суретші, үгітші, тәрбиеші. Осындай тілде бар байырғы сөздерге қазақ тілінің қосымшаларын жалғап, кейде ескі сөздің өзін жаңа мағынаға ие етіп, сөз бен сөзді біріктіріп жасаған жаңа атаулар да көп қазақ тілінде бұрын болмаған революция, шахта, депутат, актер, инженер, роман, мотор, хлор, химия, философия сияқты сөздер пайда болды және де тілде бар сөздер негізінде өндіріс, өнеркәсіп, қоғам, құрылыс, құрам, ғылым, білім, оқулық тәрізді терминдер жасалды. Бұл сияқты терминдердің дені ресми түрде қабылданғандықтан, жұрттың бәрі оларды бірдей, бұлжытпай қолдану керек. Мысалы: науқан, ұйым, үйірме, басқарма, оқулық, шекара, көзқарас, өнеркәсіп, балмұздақ.
Мұндай жаға атаулар да
Сөз қолдану мәдениеті
Тіл коммуникативтік қызметін
ауызша да, жазбаша да атқара
алады. Тіл дыбыстары әріп
Жазбаша тілдің ауызекі тілден кейін пайда болған, оның таңбалайтын белгілердің жасауымен байланысты екендігі белгілі. Жазудың пайда болып, соған сай жазбаша тілдің дүниеге келуінің адамзат мәдениетінің тарихында орасан зор маңызы болды. Жазу-сызусыз мәдениет атаулыны, техника прогресін, цивилизация дамуын көзге елестетудің өзі мүмкін емес. Орыстың көрнекті жазушысы Леонид Леонов жазудың адамзат өміріндегі маңызы жайында былай дейді: «Адамдардың тегін қорлық жағдайдан бөліп алып шыққан, өткен замандарда ашылған ұлы жаңалықтардың ішінде жазу өте-мөте үлкен қызмет атқарады. Әліпбидің пайда болған күнін адамның өзін-өзі біліп ұғынудың дәуірі деп есептеуге болады. Осыдан кітап басу станогінің пайда болуына тура жол ашылды. Адам өзінің қазіргі биігіне нақ кітап арқылы баспалдықпен көтерілгендей көтерілді».
Адам, қоршаған орта, табиғат, қоғам жайындағы білімді негізінен жазба тіл арқылы хатқа түсірілген, «балталасаң кетпейтіндер» оқу арқылы меңгереді. Адамзаттың сонау көне дәуірінен бастап, біздің күні бүгінімізге дейінгі сан ғасырлар бойына ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласында жасаған күллі мәдени байлығын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген де – жазба тіл. Алдыңғы ұрпақ жасаған және бүгінгі таңда жасалынып жатқан мол рухани дүниені бізден кейінгі ұрпақтарға, дәуірден дәуірге жеткізетін де – жазба тіл.
Жазудың тарихы өте ерте дәуірден басталады. Көне жазуды да, қазіргі жазуды да зерттеп білудің әрі теориялық, әрі практикалық үлкен мәні бар.
Көне жазу нұсқаларын талдап зерттеуде орасан зор маңызы бар. Жазудың тарихын зерттеп білу тіл білімі үшін ғана емес, сонымен бірге тарих ғылымы үшін де, археология мен этнография үшін де маңызы айрықша[35,223].
Қазіргі біз пайдаланып жүрген
жазу көп кейін туған. Оны
былай табушы ежелгі
Жазудың тарихына көз жіберсек, әріппен таңбалаудың кейінірек болғанын көреміз[36,57]. Жазу өте ерте заманда жасалып, мыңдаған жылдар бойы өзгеріп, дамып келеді. Жазу жүйесі таңбалардың жиынтығынан құралады. Ол таңбалар бүтіндей сөзді, не буынды, не дыбысты білдіреді. Жазу жүйесіндегі таңбаларды не бүтіндей хабарды, не жеке сөзді, не буынды, не дыбысты белгілеуіне қарай, жазу мынадай түрлерге бөлініп қарастырылады:
1) пиктографиялық жазу
2) идеографиялық немесе
3) морфемографиялық
4) силлабографиялық
5) фонелографиялық
Пиктографиялық жазу – жазудың ең алғашқы түрі. Бұл – суретке негізделген жазу. Сондықтан оны кейде сурет жазуы деп те атайды. Пиктографиялық жазудың таңбалары пиктограммалар деп аталады. Бұл жазу әр түрлі суреттердің жиынтығынан құралған. әрбір сурет (пиктограмма) өздігінен бүтіндей хабарды білдіре алады. Хабар графикалық жағынан жеке сөздерге бөлшектенбейді. Осыған орай пиктограмма тілдік формаларды емес, оның мазмұнын бейнелейді.
Логографиялық жазу. Пиктографиялық жзудың біртіндеп даму барысында идеографиялық жазу пайда болды. Логографиялық таңба не жеке сөзді немесе атауыш бөлігін белгілейді.
Морфемографиялық жазу. Морфемалармен жазу, жазу белгісі морфемограмма.
Силлабография - «буынды жазу», жазу бірлігі силлабограммалар.
Фонелография – «фонемалар мен
жазу» яғни тіл дыбыстарын
белгілі таңбалармен белгілеу.
Тіл дыбыстары жазуда
Орфографиялық норма.
Орфография тілдегі
сөздердің, олардың грамматикалық
формаларынан біркелкі жазылу нормасын
белгілейді. Әдеби тілдің лексикалық,
орфоэпиялық грамматикалық
Қазақ жазуының ең бірінші орфографиялық ережелер жинағы 1914 жылы ғана жарық көрген. Бұған дейін қазақ халқы араб әліпбиін пайдаланып жүргенімен, қазақ тіліндегі сөздің қалай жазылуын білдіретін ережелер жиынтығы болмаған. 1911 жылдан бастап, баспа бетінде қазақ жазуын жүйеге келтіру, сөздердің дұрыс жазылуын айқындау жайында пікір-талас болып, ол қазақ тілі орфографиясын жасауға әкелді. Сөйтіп, 1914 жылы қазақ тілі орфографиясы пайда болды. Бұл орфография ережелері 1924 жылы толықтырылды, кейбір ережелер өзгеріссіз қалды. Бұл ережелер 1929 жылға дейін қолданылды, 1929 жылдан 1940 жылға дейін латын әліпбиіне көшумен байланысты қабылданған қазақ тіл орфографиясы қолданылды.
Қазақ тілінің қазіргі
Қазіргі қазақ орфографиясы
Жазбаша сөйлеудің ерекшеліктері.
1. Жазбаша сөзде сөйлемге
2. Жазбаша сөйлеудің логикалық
жағына аса қатаң талап
3. Жазуда орфографиялық норма қатаң ескеріледі.
4. Автордың көңіл-күйі (сүйсіну, күйіну т.б.) орнын тауып қойылған сөздер мен сөз тіркестері арқылы беріледі. Сондықтан әр сөздің ой елегінен өткізіп айтайын деген пікірге дәл беретін сөздерді таңдап, талғап құрастыру тиіс[5,117].
Сөз қолданудың негізгі
Сөйлем жеке сөздерден құралғанда, ол сөздер айтылмақ ойдың бірден-бір дәл қондырған бөлшегі тәрізді болу керек. Сөйлемде бір сөздің орнына басқа сөзді қоя салған кісі тіл жұмсаудағы ұқыпсыздықтан болған сәтсіздікке душар болады[37,120]. Мысалы, - Сіз де бірге жүріңіз дегенді кейбіреулер – Сіз де қос жүріңіз, - деп жазады. Осындағы «қоса» сөзі бұл сөйлемде емес, - сені де қоса алып кетпекші – дегендей орайда айтылуға тиіс қой. Немесе «одан бетер» сөздерін: - Баланың тәрбиесі одан бетер жақсармақ, - деген құрамда жұмсаудың да үйлесімі жоқ. Алпысқа келген аса қадірмен кісінің қуанышты тойын құттықтаған бір азамат:
- Тойың торқа болсын! – деген тілек білдіріреді.
- Осы да сөз болып па? Қазақ «Топырағың торқа болсын!» деп өлген кісіге айтар болар еді. Мынау не деген сұмдық?! – деп шошына, қынжыла сөйлеген қартты білемін.
Информация о работе Сөйлеу әрекетінде лексиканың әдеби тіл нормасында қолданылуы