Сөйлеу әрекетінде лексиканың әдеби тіл нормасында қолданылуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2013 в 11:36, реферат

Описание работы

Зерттеу жұмысының нысанасы - оқушылардың тілі және лексикалық құралдарды пайдалану тәжірибесі.

Зерттеу жұмысының мақсаты – лексикалық құралдардың сөйлеу әрекетіндегі қолданылу ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеудің әдістері мен тәсілдері. Зерттеудің ғылыми теориялық негіздерін сараптау, ой қорыту, жалпылау әдістері мен бақылау, салыстыру, жинақтау және талдау әдістері болды.

Файлы: 1 файл

Дип.-Сөйлеу-әрекетінде-лексиканың-әдеби-тіл-нормасында-қолданылуы.doc

— 651.50 Кб (Скачать файл)

           Сөз тіркесін оқушыларға алғаш  танытқанда, оны сөйлемнен оқшаулап  бөліп алып, жеке-жеке тіркестің  өзін ғана мысалыға келтіру  арқылы білдіруге болмайды. Өйткені  сөз тіркесінің өзі сөйлем  жасау үшін, сөйлем жасарлық материал болу үшін құрылады. Сондықтан да сөз тіркесі жайында алғаш дерек бірігейін деп отырған сабақта мұғалім алдымен бір сөйлемді мысалға келтіріп, соны талдау арқылы сөз тіркесін, онда неше сөз тіркесінің барын танытқаны дұрыс [59,69].

           Мысалы, Сіздерді өз Отанымда көргеніме қуаныштымын деген сөйлемді талдап көрейік. Сөйлемді талдатқанда, мұғалім алдымен мұның қандай сөйлем екенін, мұнда толық мағыналы қанша сөз, сөйлем мүшесі барын, олардың қандай сұрақтарға жауап болып тұрғанын оқушыларға айтқызады. Оқушылар бұл сөйлемнің хабарлы сөйлем, жай сөйлем екенін, мұнда бес толық мағыналы сөз, сөйлем мүшесі барын, олардың қандай сұрауларға жауап болып тұрғанын сұрақ-жауап арқылы түсіндіреді. Мысалы, сөйлемдегі сөздерге сұрақ қойдыру арқылы олардың әрқайсысы қай сөзбен байланысып тұрғанын анықтауға болады. Неге қуаныштымын? (Көргеніме қуаныштымын). Қайда көргеніме? (Отанымда көргеніме). Қай Отанымда? (Өз Отанымда). Кімді көргенге? (Сіздерді көргеніме).

           Оқушыларға сөз тіркесін түсіндіргенде олардың осындай өздеріне тән белгілері барын нақты тілдік фактілермен дәлелдеу керек. Сонда ғана олар, синтаксистік сөз тіркесін лексикалық сөз тіркесімен, екінші сөзбен айтқанда, сөз тіркесін күрделі сөздермен және тұрақты тіркестермен шатастырмайтын болады.

           Сөз тіркестерін танытқанда оны  сөйлеммен байланысты жаттықтыру  керек.

           Әдетте, мұғалім балаға сөз, сөйлем  мүшелерін танытқанда пәлендей  сұраққа жауап болатындар, мысалы, зат есім, не бастауыш болады  деп жатады. Біздіңше, бұл дұрыс емес. Дұрысы зат есім, бастауыш, баяндауыш т.б. болғандығынан белгілі сұраққа жауап болады деп түсіндірген дұрыс. Жеке сөзді оқшау алып, оған қойған дұрыс сұрақтың өзі оқушыны шатастыруға әкеледі. Сондықтан «Асылында сұрақ қойылған сөздің өзі екінші сөзбен байланысып жатады. Оқушыларды сұрақ қоя білуге үйреткенде, осы жағдай естен шықпау керек. Сонда оқушылар біртіндеп сөйлемдегі сөздердің байланысына дұрыс түсінетіндей мүмкіндік болады», - дейді профессор М.Балақаев [6, 43].

           5-9-сыныптарда сөз тіркесін үйрету сөйлем мен сөз тіркесін, сөз бен сөз тіркесін айыра білуге  дағдыландыра жүргізіледі. «Сөз тіркесі» деген терминнің өзі бұл сыныптарда өзара байланысқан сөздер деген ұғымда беріледі.

           Сөздердің байланысын игертуде  оқулықтағы жаттығу жұмыстарын кеңінен пайдалану керек. Әуелі мұғалім берілген жаттығуды оқып шығып, әңгіме кім немесе не жайында болып тұрғанын айтқызып, содан кейін ғана сөздерді мағыналық жағынан топтатқызу керек. Осының нәтижесінде оқушылар сөз тіркестерін жасауды тәжірибелік жолмен меңгертетін болады. Сөз байланыстарын табудың тек жазбаша жұмыс үстінде емес, жаттығуларды ауызша орындату барысында да таныстырған дұрыс. Мұғалім мәтін оқу үстінде өтіліп жатқан тақырыпқа сәйкес өзара байланысқан сөздерді тапқызу арқылы оқушылардың зейінін шоғырландырып, логикалық ойлау, есте сақтау қабілетін арттырады.

           Сөйлемдегі сөздердің байланысын  түсіндіру барысында грамматикалық  ойындарды ұйымдастыру – оқушылардың  сабаққа деген қызығушылығын  арттырады. Оқушыларға бір сөз  беріп, оған мағыналық жағынан бірнеше сөз ойлатып, тіркес жасату (мысалы, үшінші үй, үшінші қабат, тәтті қауын. Маған атам тәтті қауын тіліп берді) немесе кесте кеспелермен түрлі жұмыстар жүргізуге болады.

           Берілген сөздер тобының өзара  тіркесу формаларына мұғалімнің тікелей басшылығы арқылы оқушылардың көңілін аудара отырып талдау жасау өте тиімді. Мәселен, сөйлемнің тұрлаулы мүшелері бастауыш пен баяндауышты сөздердің байланысы деген тақырыптан кейін өтеді. Осы ретте кейбір жаттығу түрлерінің шартын аз-кем өзгертуге болады. Мысалы, сөйлемдегі бастауыш пен баяндауыштың астын сызып, ал өзара байланысқа түскен басқа сөздерді теріп жазу керек. Олардың байланысу жолының бастауыш пен баяндауыштан өзгеше екенін жаттығулар арқылы танытуға болады. Ал бастауыш пен баяндауыштың жіктік жалғауларымен жіктелу реті арқылы байланысты болатынын көрнекілікпен түсіндірілгендігі мақұл[43,86].

           5-6-сыныпта қазақ тілінен берілетін  мәліметтер күрделірек болуына  байланысты сөз тіркестерін, олардың  байланысу формаларын танытатын жұмыстарды да мүмкіндігінше көбірек жүргізіледі.

           Зат есімнің тәуелдік, септік, жіктік  жалғауларын өту кезінде сөздерді  байланыстырудағы олардың атқаратын  қызметін практикалық жұмыстар  негізінде түсіндіреміз.

           Сөйлемдегі сөздердің байланысын табуды үйретуде, әсіресе, септік жалғауларын өткен кезде көп жұмыс жүргізу керек. Өйткені жалғаулар морфологиялық категория болып қана қоймай, синтаксистік те қызмет атқарады. Сондықтан сөздердің байланысын үйретуде морфологиялық, синткасистік талдау негізінде жүргізгені мақұл.

           Септік жалғауларын өту барысында  төмендегідей тапсырмалар беруге  болады.

           1. Көп нүктенің орнына тиісті  септік жалғауын қойып, оның  қай сөзбен байланысқанын табу. Мысалы, Еңбек ... ер атанып, халқына қызмет еткен. Біз бақытты ел ... баласымыз.                        

           2. Сөйлемді толықтырып, аяқтап жазу. Мысалы: оқушылар (қашан? емен? қайда?) шықты.                         

           3. Орны ауысқан сөздерді ретімен  жазып, сөздердің бір-бірімен қалай байланысып тұрғанын айту.

           Күрделі тақырыптың бірі –  етістіктер (қимыл-әрекетті білдіретін  сөздер) әр түрлі тұлғада тұрған  зат есімдердің кейін келіп,  олармен грамматикалық байланыста  тұратынын меңгерту. Жаттығу жұмыстарын жүргізе отырып, сөз тіркесі тек өзара байланысқан екі сөзден ғана емес, одан күрделірек те болып келетінін танытамыз. Мысалы, Жомарт мектепке бара жатыр. Бұл сөйлемде баяндауышты таптырып, оның қай сөз табынан болып тұрғанын, сөйлемде қандай сөзбен, қай жақта байланысты айтылғанын табуды оқушылардың өздеріне жүктеледі. Сондай-ақ бұл жерде өзара байланысып тұрған басқа сөздерді табу тапсырылады.

           5-6-сыныпта оқушылар сөйлем туралы  да түсінік алады, оның құрылымымен  танысады. Жалпы сөйлем туралы өткен кезде оның структуралық ерекшелігін сөз тіркесімен салыстыра отырып танытқан дұрыс. Сөйлем тиянақты бір ойды білдіретін, ал сөз тіркесі сөйлем құраудың негізгі екенін, ол жеке тұрып толық аяқталған ойды білдіре алмайтынын практикалық жұмыс үстінде бірте-бірте меңгере бастауы тиіс.

           Нәтижеде, 5-9-сынып оқушыларына мынадай  жаттығулар ұйымдастырылады: 

           - өзара тіркес сөздердің мағыналық  жағынан байланысты екеніне назар  аударту; 

           - зат есімдер ешбір қосымшасыз  бір-бірімен іргелес тұрып сөз тіркесі жасалатынын игерту (мысалы, қол сағат, қой қора, темір күрек т.б.)

           - екі қатар есімдерді беріп,  мағыналық жағынан байланысқа  түсіріп, сөз тіркестерін құрастыру:  мысалы, 1. Күрек, киім, жіп т.б. 2. Аяқ,  кендір, ағаш, 3. Сөз тіркестерінен соң (ағаш күрек, алтын сағат) тиісті етістіктер келтіріп сөйлем құрату: мысалы, ағаш күрек жасадық. 4. Бірінші сыңары сын есім, сан есім екінші сыңары зат есімнен болған сөз тіркестерін құрату және олардан сөйлем түздіру (тұнық су ішті). 5. Бірінші сыңара атау тұлғада, екінші сыңары тәуелдік жалғаумен келген сөз тіркестерін қатыстырып жазудыру. Мысалы, ана тілі, жазу дәптері, кітап дүкені. Ана тілі сабағы болды. 6. Бір сыңары ілік септік жалғаумен екінші сыңары тәуелдік жалғаумен келген сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құрату, мысалы, Жомарттың дәптері таза. 7. Сөйлемдегі сөз тіркестерінің байланысын кесте түрдінде көрсетуін талап ету, мысалы: сыныптың тазалығы жақсы. 8. Сөз тіркестерін септік жалғау арқылы тиісті етістіктермен байланыстырып сөйлем құрату, мысалы, алма, теру, ағаш, егу, ән салу. Алма теруге бардық. 9. Бірінші сыңары үстеу, екінші сыңары етістік болатын сөз тіркестерін құру және олармен сөйлем құрату (мысалы, тез оқу, ерте тұру, қазақша сөйлеу) Болат тез оқыды. 10. Бірінші сыңары ілік септігінде (барыс, табыс, шығыс, жатыс, көмектес) тұрған сөз тіркестерін құрату және онымен сөйлем түзгізу (мысалы, ауылдың малы өріске шықты). 11. Бір сыңары күрделі сөз болып келетін сөз тіркестерін құрату және сөйлем түздіру (мысалы, жиырма жетінші үй. Нағима жазып отыр. Жирен төбел ат. Жиырма жетінші үйде тұрамыз).

           Тұжырымдай келгенле, 5-6-сыныптарда  мынадай жаттығу жұмыстары ұйымдастырылады:

           1. 5-сынып оқушыларын алғаш сөйлеммен  таныстыру мақсатында мәтін оқытып, әр сөйлемнен соң кідіріс жасап отыру талап етіледі. Мәтін неше сөйлем барын, әр сөйлемде неше сөз барын таптыру арқылы, сөйлемнің екі немесе одан да көп сөздерден тұратынын, бір нәрсе жайында хабарланатынын түсіндіру. Мұндағы басты мақсат мәтіннің бірнеше сөйлемдерден құралатынын, әрбір сөйлемнен соң тыныс белгі қойылатынын, тыныс белгіден соң бас әріптен басталып жазылатынын үйрету. Яғни сөйлемдердің ара жігін ажырата білуге машықтандыру. 

           2. Көп нүктенің орнына керекті  сөздерді таптырып, сөйлем көшірту. Мысалы: ... шықты, ... еріді, ... суға аға бастады. Керекті сөздер: күн, көктем, арықтардан, қар.

           Оқушы мұндай жаттығуларды орындау  арқылы сөйлемдегі сөздер қалай  болса солай тіркесе бермей, логикалық  байланыста болатынын игереді.

           3. Мәтіндегі ара жігі ажыратылмаған сөйлемдердің тиісті жеріне нүкте қойып, жаңа сөйлемді бас әріппен бастап жазуға дағдыландыру.

           1) Сөйлемдерді көшірту. Мұндағы  басты мақсат әр уақытта бірінші  сөзін бас әріппен бастап жазу  керектігін мнңгерту.

           2) Берілген сөздерден сөйлем құрату, сөйлемнің екінші сыңарын таптыру.  Мысалы:

           Жаңбыр            пісті

           Қар жауды

           Су еріді

           Алма ақты

           3) шағын мәтіндерді (өлеңдерді) жатқа  жаздыру;

           4) сурет, сюжетті суреттер бойынша сөйлем құрату.

           1. Мәтінді оқытып, ондағы сөйлем  санын, әр сөйлемде кім туралы  не жайында айтылғандықтарын  анықтату, сөйлемнің алғашқы сөзі  бас әріппен басталып жазылатынын  үнемі еске түсіру арқылы бірінші сыныпта қалыптаса бастаған сөйлеу дағдыларын әрі қарай дамыту.

           2. Берілген сөйлемдерден кім?  не істеді? деген сұрақтарға жауап  беретін сөйлемдер құрастырып  жаздыру. Мысалы: Сәуле, Жомарт, Әсел, Бақыт, оқыды, сөйледі, көшірді. 

           3. Орын ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрату. Мысалы: Болат, сатыл, алды, дүкеннен, кітап. Құрмашқа, сыйлады, кітапты.

           4. Заттардың суретіне қарай отырып  сөйлем құрату. Мысалы: алма, алмұрт, шие. Жүзім суреттерін көрсетіп, әр сурет бойынша бір сөйлем құратуды тапсыру.

           5. Өлең мәтіндерін жатқа жаздыру.

           6. Өлеңді қара сөзге айналдырып  жаздыру. Мысалы, Ағашты қашаймыз. Біз ұшақ жасаймыз. Біз ағашты  жонимыз. Одан ұшақ жасаймыз.

           7. Сөйлемнен соң нүкте (.) сұрақ  белгісі (?), леп белгісі (!) қойылатындығын меңгерту мақсатында мынадай жаттығу жұмыстары жүргізіледі. Мәтінді оқып, қажетті жеріне нүкте (.) қойдырып, сөйлемдерді бас әріппен бастап жаздыру. Мысалы: Сәрсен ерте тұрды ол терезені ашты үйге ауа кірді бөлменің ауасы тазарды.         

           Оқыту одан әрі күрделене түседі. Мысалы, мынадай жаттығу жүргізіледі: 

           1) Мәтіннен жай сөйлемді бір  бөлек, құрмалас сөйлемді бір  бөлек жаздыру.          

           2) Берілген мәтіндегі сөйлемдерді  салыстырып оқыту және жаздыру. Мысалы: Қоңырау соғылды. Оқушылар сыныптарына кірді. Қоңырау соғылып, оқушылар сыныптарына кірді.

           3) Жай сөйлемдерді қатыстырып  сөйлем құрату. Мысалы: Жомарт алма  отырғызды. Динара егілген ағаштың  түбіне су құйды. Жомарт алма отырғызды, ал Динара ағаштарға су құйды.

           4) Құрмалас сөйлемді жай сөйлемге  айналдырып жаздыру. Мысалы: Сара  өлең айтты. Айжан би биледі.

           5) Жай сөйлем, жалаң сөйлемдерді  теріп жаздыру.

           6) Жай сөйлемді жайылма сөйлемге  айналдырып жаздыру. Мысалы: Болат келді. Болат қаладан келді.

           7) Жайылма сөйлемді жай сөйлемге  айналдырып жаздыру. Мысалы: Таза  ауа денсаулыққа пайдалы. Ауа  пайдалы. Балалар мектепке келді.  Балалар келді.

           8) Берілген сөздерден жалаң сөйлемдер құрату.

           7-8-сыныптарда: 1. Суреттер мен сюжетті  суреттердің мазмұнын ашатын  сөйлем құрату.

           2. Табиғат құбылыстарына бақылау  нәтижесінде пайда болған ой-пікір,  қиял-сезімдерді білдіретін сөйлемдер  түздіру. Мысалы: Оқушылар ауылдың күзгі сая бағына саяхатта болғаннан кейін, «Ұжымшылар бағында» деген тақырып бойынша мұғалім жалпы оқушыларға сұрақ береді. Ұжымшылар бағы қандай екен? Бақта қандай жемістер бар? Күзгі бақтың өзіне тән белгілерін атаңдар т.б. Ұстаз сауалын оқушылар былай жазып беруі мүмкін. ұжымшылар бағы өте үлкен, онда алма, алмұрт, қара өрік, жаңғақ өседі. Бұлар – жемістер. Жемістер күзде өседі.

           3. Берілген бір тақырып бойынша  сөйлем құрау. Мысалы, туған өлкенің  орман-тоғайы, өзен-көлі, өз ауылы  мен мектеп жайында. Бұл жаттығулар грамматикалық тапсырмалар арқылы қиындап беруге де болады. Мысалы, құрған сөйлемдердің әрқайсысында сын есім болуы шарт. Немесе басқаша да болуы мүмкін.

           4. Түрлі түзілген сөз тіркестері  арқылы сөйлем құрату. Мысалы, ауыл малы, қойдың қозысы, жаңбырлы көктем, алтын күз, ақша қар, гүл теру, алысқа кетті, батыр жайында айтты т.б.

           5. Бірыңғай мүшелі жай сөйлемдер,  не екі жай сөйлемнен күрделі  құрмалас құру. Мысалы: Болат, Сәрсен  өзенге шомылуға барды. Туған  өлкеге нәуірзек, қарлығаш, қараторғайлар ұшып келді. Балалар саяхатқа шықты. Далада гүл терді. Балалар саяхатта болып, даладан гүл терді. Олар өзенге шомылды. Балалар саяхатқа шығып, гүл терді, өзенге шомылды.

           6. Сөйлемдердің сөздерді білдіретін  мағынасын өзгертпейтіндей етіп басқа сөздермен алмастыру. Мысалы, Марат (ол) сөмкесіне оқу құралдарын салды. Марат (оқушы бала) мектепке ерте келді. Немесе сөзді синоним сөздермен алмастыру. Мысалы: мұғалім (ұстаз, оқытушы) сыныпқа кірді.

Информация о работе Сөйлеу әрекетінде лексиканың әдеби тіл нормасында қолданылуы