Ақпараттық технология

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2013 в 15:47, реферат

Описание работы

Ақпараттық технология (Информационная технология; information technology) - 1) объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс; 2) ақпаратты өңдеу үшін пайдаланылатын технологиялық элементтердің, құрылғылардың немесе әдістердің жиынтығы.Ақпараттық технология(немесе көпшілікке IT атымен танымал ұғым) – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.

Файлы: 1 файл

Уикипедиядан.docx

— 35.85 Кб (Скачать файл)

Дегенмен, саяси мәселеде немесе т.б. жағдайларда Интернеттiң  пайдалы жақта-рымен қатар зиянды тұстары да бар. АҚШ-та ақпараттың ашық түрде пайдаланылуы, оның iшiнде адамның  жеке басына қатысты жағдайлар алаңдаушылық туғызуда. Кейбiр азаматтық құқық  және тұтынушыларды қорғау ұйымдары мұндай жағдайларды қатты сынға  алуда. Көптеген саясат-танушылар мен  сарапшылардың айтуынша, жеке ақпаратты  қорғайтын заңдары бар Еуропада осы мәселе жақсы жолға қойылған.

Интернет пен саясаттың  бiр-бiрiне арақатысы “аудиторияға”, яғни Интернеттi пайдаланушыларға көп  байланысты. Интернеттегi саяси белсендiлiк  ерекше аудиторияға бағытталған.

Осы Интернеттiң бiздегi, Қазақ-стандағы, хал-ахуалы қандай дәрежеде?

Әрине Ресей немесе дамыған  Батыс елдерiмен салыстырғанда  бiздiң елде Интернеттiң пайдаланушылары  аз. Actis System Asia (www.actis.kz) компаниясының  жүргiзген зерттеулерiне қарағанда, республика бойынша 118-140 мың адам шамасында  Интернеттiң тұрақты қолда-нушылары бар. Ақпараттық техноло-гиялардың  жылдам дамуының арқасында бұл мөлшер жылдан-жылға артуы сөзсiз. Бұл  жерде бiзде ұйымдардың болсын, не болмаса жеке адамдардың болсын Интернет әлемiнде қандай орны (сайттары) бар?

Сайттар бойынша анықтамалық  рөлiн атқарып отырған “Бүкiл  Қазақстан” порталынынан (www.site.kz) көп  мағлұмат алуға болады. Онда әр сала бойынша сайттар топтастырылған, сол себептi iздеу жүйесi жақсы жолға  қойылған.

Әңгiменiң өзегi саясат болғандықтан осы бағыттағы сайттардан бастасақ.

Мемлекеттiк құрылымдар бойынша  Президенттiң веб - сайтынан (www.president.kz) бастап, Үкiметте (www.government.kz), министрлiктердiң  көпшiлiгiнiң Интернетте өз өкiлдiктерi бар. Сонымен бiрге елiмiздiң заң  шығарушы органы Парламенттiң (www.parlam.kz), Жоғарғы соттың (www.supcourt.kz), Бас прокуратураның (www.procuror.kz), Орталық сайлау комиссиясы (www.election.kz) сияқты көптеген мемле-кеттiк  органдардың әлемдiк компьютер  торында сайттарының болуы ақпараттық технологияларды енгiзудiң мемлекеттiк  тұрғыда бiрте-бiрте дұрыс жолға  қойылып келе жатқандығын көрсетедi.

Ал, саяси партияларды  алып қарасақ, Аграрлық партияның (www.agrokaz.kz), “Ақ жол” демократиялық партиясының (www.dpkakzhol.kz), Азаматтық партияның (www.civicparty.kz) және “Отан” Респуб-ликалық саяси  партиясының (www.otan.nursat.kz) Интернет жүйесiндегi сайттары олардың қоғамдық-саяси  өмiрдегi рөлдерiн арттыруға септiгiн  тигiзуде. Бұл ретте жақында болып  өткен мәслихаттар сайлауын алсақ  та жеткiлiктi. Жоғарыда аталып өткен  Орталық сайлау ко-миссиясының сайтынан бастап барлық пар-тиялардың, көптеген бұқаралық ақпарат құ-ралдарының сайттары сайлау науқанына жаппай жұмылдырылды. Әрине әр сайттың өзiндiк ерекшелiгi, саяси ұстанымы бар. Саяси майданда олардың қайсысы қалай қолданылуда - ол өз алдына жеке әңгiме. Мүмкiндiгiмiзше келесi жолдан бастап мемлекеттiк органдардың болсын, қоғам-дық ұйымдардың болсын немесе жеке сайттар болсын әрқайсысына тоқталып, жүйелi түрде таныстырып тұратын боламыз.

Жалпы алғанда, ақпараттық техно-логиялар қоғам өмiрiнiң ажырамас бiр бөлiгiне айналып келе жатыр. Оны игiлiгiмiзге  қалай пайдалану өзiмiздiң қолымызда.

Ақпараттық технология белгiлi бiр объектiнiң, үрдiстiң немесе құбылыстың жай-жапсары туралы ақпарат алу  үшiн мәлiмет жинаудың, өңдеудiң  және тара-тудың құралдары мен  әдiстерiн пайдалану үрдiсi.

Ақпараттық қоғам - жұмыс iстейтiн адамдардың көпшiлiгi ақпаратты (оның ең жоғары түрi бiлiмдi) өндiрумен, өңдеумен және iске асырумен айналысатын  қоғам.

Қоғамды ақпараттандыру ақпа-раттық қорларды дайындау және пайдалану негiзiнде  жеке адамдардың немесе мемлекеттiк  органдардың, жергiлiктi басқару органдарының, ұйымдар мен қоғамдық бiрлестiктердiң  ақпараттық қажеттiлiктерiн өтеуге әрi жүзеге асыруға қолайлы жағдайлар  жасайтын әлеуметтiк-экономикалық және ғылыми-техникалық үрдiс.

Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер көмегімен оқыту нәтижелерін  зерттеудегі ғылыми проблемаларды  шешу ең басты орын алады. Бұған себеп  оқыту процесінде туындайтын компьютер-лендірудің педагогикалық психологиялық жаңа проблемалары әлі толық шешіл-мегені.

Білім беру жүйесін ақпаратанндыру қазақстандық білім беру үшін үлкен  перспективалар ашады. Соңғы жылдары  компьютерлік, коммуникациялық техника  мен технологиялардың қоғам өміріндлгі рөлі мен орнында түбегейлі өзгерістер болды. Ақпараттық технологияларды  игеру қазіргі заманда әрбір  жеке тұлға үшін оқу және жазу қабілеті сияқты сапалармен бір қатарға және әрбір адам үшін қажетті шартқа айналды. Алынған білім мен дағдылар бұдан  әрі көптеген жағдайда қоғамның даму жолдарын анықтайды.

Ақпараттандырудың негізі бағыты XXI ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды  дамытудың жоғары тиімділікті техно-логияларына  сүйенген жаңа білім стратегиясына  көшу болып табылады. Осыған сәйкес қазіргі білім жүйесінің ерекшеліктеріне- оның іргелілігі, алдын алу сипаты және осыларға қол жеткізу мүмкіндіктері  жатады. Білім беру жүйесін ақпаратандыру  бағыттарының бірі ақпа-раттық технологияларды  білім беру сала-сына енгізу жұмыстары  болып табылады.

Ақпаратандыру және бұқаралық  коммуникацияларды ғаламдастыру кезе-ңінде  қазіргі қоғам ақпараты нақты  тұтынушының ұсыныстары мен қызығуына  сай ақпарат ағынын қалыптасытруға, ақпаратқа көлем және жылдамдық  жағынан шектеусіз қол жеткізуді, сондай-ақ кез келген қашықтықтағы ақпарат көзіне, оның ішінде оқу  ақпаратына назар аударуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін әлемдік  ақпараттық орта жағдайында ақпа-раты қоғамдық өнім ретінде белсенді пайдаланумен сипатталады. Бұл өскелең ұрпақты  ақпаратық қоғаммен зиялы қарым-қатынасқа  оқытып, тәрбиелеуге және ақпаратық  мәдениетін қалыптастыруға жағдай жасайды.

«Мультимедиа» термині латын  тілінің «multy» (көп) және «media» (орта) сөздерінің бірігуінен құралған.

Мультимедиалық жүйеге арналған оқулықтарды, ғылыми еңектерді саралай  келе мультимедиа терминіне «ақпараттық  орта» деген мағына беруге болады. Ал, «ақпараттық орта» түсінігін  белгілі бір ортада ақпараттық технологияларды  пайдалану арқылы ақпаратты ұсыну  мен өңдеуге бағытталған арнайы ұйым-дастырылған процесс деп  қабыл-дауымызға болады.

Мультимедиа-компьютерлік графи-камен, суреттермен, қозғалыстағы бей-неқаптармен, анимациямен, мәтін дермен, жоғары сапалы дыбыстармен жұмыс іс-теуді қаматамасыз  ететін итерактивті жүйе.

Ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу-ағарту саласының оқыту  үрдісіне жаңа технологиялық әдістер  мен қондырғыларды кең көлемде  қолдануды қажет етеді. Білім  беру саласында электрондық байланыс жүйелерінде ақпарат алмасу интернет, электрондық пошта, теле-конференция, видео-конфе-ренция, телекоммуникациялық  жүйелер арқылы іске асырылуда.

Заман ағымына қарай күнделікті сабаққа видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қодану айтар-лықтай нәтижелер беруде. Кез-келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану  оқушылардың танымдық белсенділігін  арттырып қана қоймай, логикалық ойлау  жүйесін қалыптастыруға, шығарма-шылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Дәстүрлі оқулықтың оның электрондық нұсқасына  оңай айналдыруға болады.

Бұл нұсқаның жетістігі, оны  компьютер жадында сақтау мүмкіндігі, оны компьютерлік желілер арқылы тарату болып табылады.

Ақпараттық технологияларды  пайда-ланудың ғылыми-педагогикалық, әдісте-мелік негіздері қалыптасу  үстінде.

«Қазіргі таңда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стан-дартқа сай мүделі жаңа білім беру өте-мөте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім  беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен  тиімділігін арттырудың маңызы зор.

Ақпараттық технология құралдары  тек ғылыми зерттеулер мен әр түрлі  әлеуметтік, экономикалық және саяси  процестерді басқаруда ғана емес, білім жүйесінде де кең қолданыла  бастады. Ақпараттық технологиямен  компьютерлік желілерді пайдалану  арқылы жүргізілетін оқытудың жаңа формаларының ауқымы кеңейіп келеді.

Ақпараттық технологияның  қазіргі оқыту жүйесінде кеңінен  пайдалану кезеңінде білім мәселелері негнізінде білікті мамандардан  ақпараттық құралдар кешенінен, құжаттар, айналымынан, мәліметтер базасынан  және басқа да ақпараттық қаматамасыз  ету элемент-терінен тұратын біртұтас жүйе қажеттілігі туындайды. Осындай  жүйе құру кезінде бір жағынан, уақыт  барысында тұрақты өзгеріп отыратын объект екенін, екінші жағынан мұндай жүйе білім мекемесінің барлық түрлерін сүйемелдеуді қамтамасыз ете алатынын есепке алып отыру керек.

Ақпараттық технологияны білім жүйесінде пайдаланғанда, еспке алынатын ең негізгі фактор адам болуы тиіс. Жоғары білім жүйесіндегі (қазіргі кезеңдегі) оқыту процесіне  ақпараттық технологияларды енгізу мынадай фактор-ларды есепке ала  отырып жүргізіледі:

Қолданбалы программалар: WordPad, MS Word, MS Excel, Paint т.б. мектеп курсында пайдалану тиімді. Қазіргі қоғам  сұранысына сай оқушы білімді, жан-жақты, шығармашылық қабілетін дамытуда қол-данбалы  бағдарламаны меңгеру жет-кіліксіз.

Біз бүкіл елімізде әлемдік  стандарттар деңгейінде сапалы білім  беру қызметіне қол жеткізуге  тиіспіз. Осы міндетті басшылыққа ала  отырып оқушының бәсекеге қабілетті  жан-жақты болуын «болашақ» деп  белгіледім.

Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің барлық саласында жаңа ақпараттық технологияны жоспарлы түрде  енгізіп, жүйелік интегралды өткізу немесе қаа-тамасыз ету қажеттілігі  туындап отыр.

Қазіргі замандағы ақпараттық технология әрбір оқушының білім  алу үрді-сінде шығармашылық қабілетін  дамытуға айқын мүмкіндіктер береді. Дәл осы ақпараттық технология мен  әрбір оқушының өзіндік білім  алу траекториясын таңдауына  жол беретін анық білім беру жүйесін  құруды, оқу бағдарламаларының бағдарламалануы  және өзгермелі бейім-делінуі есебінен оқу үрдісінің біртұ-тастығын сақтай отырып оны дара-ландыруға мүмкіндік  беретін кмпьютердің маңызды  дидактикалық қасиеті негізінде  оқушылардың оқу үрдісінде танымдық қызметін тиімді ұйымдастыру арқылы жаңа білім алу технологиясын  түбегейлі өзгертуді тығыз байланыстырады.

[1]

Мазмұны

  • 1 Ақпарат
  • 2 Технология
  • 3 Технологиялық қабілеттілік және дамуы
  • 4 Пайдаланған әдебиет

Ақпарат

Ақпарат (лат. informatio — түсіндіру, мазмүндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты. Көп адам бұл жайлы Білім дәуірі немесе білім қоғамы тудырғын Ақпарат дәуірі туралы айта бастады; ақпараттық қоғам, ақпараттық технологиялар, тіпті информатика, ақпарат ғылымы және компьютер ғылымы назарға көп түсуде, ал “ақпарат” сөзі білдіре бастаған мағыналары ұқыпсыз пайдаланылуда.

Технология

Технология (гр. “techno” - өнер, шебер, білгір және “logos” – ілім, ғылым)[1] – ғылыми-практикалық негізде шикізатты дайын өнімге айналдырудың әдіс-тәсілдерінің жүйесі.

Технология дайын тетік  немесе бұйым жасау үшін өндірістік процестерде пайдаланылатын материалдың, шикізаттың немесе жартылай өнімнің (әрбір  операциялар аралығындағы дайындамалар) пішінін, өлшемін, қасиетін, күйін өзгерту  амалдарынан тұрады. [2]

Жалпы өндірістік процестің  бөлігі болып табылатын өндіру, тасымалдау, сақтау, бақылау жөніндегі іс-қимылдар да технология деп аталады. Қоғамның өзгеруіне байланысты өндірістің, қызметтің, оқытудың, т.б. әр түрлі салаларына инновациялық технология ұғымы енгізілуде. Қазіргі  кезде технология: алдыңғы қатардағы  технология; қалдықсыз технология; өңдеу және қайта өңдеу технологиясы; халықаралық стандартқа сай технология болып ажыратылады.

Мұнай, газ, ауыл шаруашылығы  өнімдерін өңдеу және т.б. технологиялар  өндіріс талаптарына сай іске асырылуда.

Пайдаланған әдебиет ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:Информатика е компьютерлік техника/ Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдаламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002. – 456 бет.


Информация о работе Ақпараттық технология