Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2013 в 10:04, реферат
Хор музыкасы тарихи кезеңдерде әр түрлі функция атқарды. ХIV-ХV ғасырларда көпдауыстылықтың дамуына байланысты хорға арналған шығармалар хор партияларына бөлінді. Негізгі дауыс тенор дауысы болды. Хор партияларының саны әр заманның музыкалық стиліне байланысты өзгерді. Хорға арналған шығармалар ХIV-ХV ғасырларда 3-4 дауыстан, қайта өрлеу дәуірінде 6-8 және одан да көп дауыстардан тұрды.
Гомофонды-гармониялық стильге байланысты хордың, дауысты түрі қалыптасты, олар (дауыстар) – сопрано, альт, тенор, бас.
көтерілген жағдайда ол әнді дұрыс айтпауға әкеліп соғады, әсіресе бұл
ережені жас балалар сақтауға тиіс.
1-ші сабақта балалардың
көңілін дирижерлық
аудару, тыныс алу, бастау, аяқтау, аударту қажет.
Кейінірек балалар осының бәрін қабылдап болған соң форте (қатты),
пиано (ақырын), ритенуто (созылыңқы) сияқты түсініктерді беруге болады.
Хор жетекшісі әнді қалай бастап, қалай дем алу, шығарманы қолға
қарап қалай аяқтау керектігін, бірақ қайталап көрсеткені дұрыс. Бұл қи-
мылдар жөнінде тек әңгіме жүзінде ғана емес, ән айтып отырғанда бұл
қимылдардың қалай жұмыс істейтіндерін көрсеткен дұрыс.
Сонымен қатар балаларға түсінікті түрде дауыс аппараты жайлы,
тыныс алу техникасы жайлы айтқаны дұрыс.
Жас балалардың, төменгі класс оқушыларының дауыс мүмкіндіктері
шектеулі. Жас балалар дауыстарының әдемілігі олардың ән айту күшінде
емес, оның сыңғырында жүрдектілігінде, жеңілдігінде, эмоцияналдығын-
да. Өте қатты ән айту дыбыстың еркін шықпауына әкеліп соғады, бұл
дауыстың бұзылуына әкеліп соғады. Себебі 7-10 жастағы балалардың
дыбыс саңылаулары аса толық тимейді. Тек дауыс желбезегінің шет жақта-
рын қамтиды.
Сондықтан кішкентайлар хорын фальцеттік (жасанды) дыбыс қол-
данғаны дұрыс. Балалар mp, mf, орташа екпінде жақсы айтады. P-пиано
ақырын нюансты айту, балаларға қиынға түседі, сол себепті ондай
нюанстары бар шығармаларды оларға айтқызбаса да болады.
Вокалды – хор дағдыларын қалыптастыруда тыныс алумен жұмыс
көп рөл атқарады.
Көп балалар дем аламыз деп иықтарын көтереді. Бұл әнді айқайлап
айтуға әкеліп соғады. Хор
жетекшісі балаларға қалай
керектігін түсіндіреді, қалай тыныс алу керектігін, тыныс алу кезінде тістің
бұлшық еттерімен көкірек қуысының төменгі және жоғарғы жағын
бұлшық еттерінің қалай жасайтындығын көрсетеді.
Кішкентайлар хорында тыныс алудың үш түрін, 1-ші жұмсақ және
2-ші қатты тыныс алу түрін қолдануға болады. 3-ші тыныс алмастан бұрын
бұл бейнелеу әдісі ретінде қолданылады.
Хор мен ән айтудың негізі музыкалық есту қабілетін дамытуға
арнаған дұрыс. Бастапқы кезден бастап балаларды «тыныштық тыңдап»
үйренуге үйреткен дұрыс. Ең қиыны – бірге ән айтқанды үйрету. Бұны ле,
лю, у деген буындарға айтқызған дұрыс.
Хормейстр балалардың ырғақты сезіну тәрбиесіне көп көңіл бөлгені
дұрыс. Балалардың барлықтарының немесе балалар топтарының әннің
қиын жерлеріндегі ырғақты қолмен шапалақтайды және артикуляциялық
аппаратты дамуды (дикциямен жұмыс) даму жатады. Кішкентайлар хоры-
мен жұмысында вокалды-хор дағдысын қалыптастыруда ойын элемент-
теріне көп көңіл бөлген дұрыс. Артикуляциялық аппаратпен, дикциямен
жұмыс істеген тиімді болады, себебі балалар тез шаршап қалатындықтан
олардың үйренуі ойын элементтерімен ауыстырылып отырғаны дұрыс,
бірқалыпты іс-әрекет оларды тез жалықтырады. Хорға лайықты осы
жоғарыда айтылған әдістер мен тәсілдерді дұрыс қолдана білгенде,
балалар дауыстары ерекшеліктерін сақтай білген жағдайда балалар хор
коллективтерінің жұмысы нәтижелі болғаны.