Қазақтың аспапты музыканы қабылдау ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 12:21, реферат

Описание работы

Халықтың музыкалық мұрасын жинап-теріп, оны зерттеу жолында артына ұмытылмас із қалдырған А.В.Затаевич, академик А.Қ. Жұбанов, өнер зерттеушілері — Б.Г. Ерзакович, П.И. Аравин, Б.Ш. Сарыбаев сынды ғалымдардың ұланғайыр еңбектері халқымыздың игілігіне жарап, ұрпақтан-ұрпаққа тарап жатыр.

Файлы: 1 файл

Қазақтың аспапты музыканы қабылдау ерекшеліктері.doc

— 103.50 Кб (Скачать файл)

Қазақтың аспапты  музыканы қабылдау ерекшеліктері

 

Халықтың музыкалық  мұрасын жинап-теріп, оны зерттеу  жолында артына ұмытылмас із қалдырған  А.В.Затаевич, академик А.Қ. Жұбанов, өнер зерттеушілері — Б.Г. Ерзакович, П.И. Аравин, Б.Ш. Сарыбаев сынды ғалымдардың ұланғайыр еңбектері халқымыздың игілігіне жарап, ұрпақтан-ұрпаққа тарап жатыр.

Қазақтың музыкалық аспаптарының шығу тарихы, оның өзіне тән ерекшеліктері  туралы профессор Б.Ш.Сарыбаевтың  еңбектерінде кеңінен баяндалған. Осы  ғалымның еңбегінің арқасында қазақтың халық аспаптарының коллекциясы жиналды. Бүгінде оның саны қырыққа жуық. Аспаптарды мынадай топқа бөлген екен:

ҮРМЕЛІ АСПАПТАР — сыбызғы, қамыс сырнай, саз сырнай, үскірік, тастауық, керней;

ПІІЕКТІ АСПАПТАР — жетіген, шертер, домбыра, қылқобыз;

ТІЛШІКТІ АСПАП — шаңқобыз;

ҰРЫП ОЙНАЙТЫН МУЗЫКАЛЫҚ  АСПАПТАР — дабыл, даңғыра, кепшік, дауылпаз, шыңдауыл, асатаяқ, қоңырау, т.б.

Осыған XIX ғасырда қазақ жеріне тарай бастаған сырнайдың (гармоника), қағаз сырнай (гармонь), ауыз сырнай (губная гармошка) сияқты түрлерін қоссақ, «қазақтың музыкалық халық аспабы» деген ұғымның кеңейе түсетінін байқаймыз — дейді Ж. Рсалдин.

Енді осы аспаптардың  кейбіреулеріне сипаттама беріп, олар туралы жазылған аңыз-әңгімелерді мысал  етіп келтірейік.

ДОМБЫРА — халық арасына  кең тараған қазақтың ежелден келе жатқан сүйікті музыка аспабы. Домбыраның мүмкіншілігі жөнінде Б.Сарыбаев былай дейді: „Егер бүрынғы заманда көне аспаптар ән, жыр, ертегі-аңыздарды сүйемелдеу үшін ғана қолданса, енді домбыра жеке шығармалар орындауға арналып, күрделі аспаптар қатарына қосылды. Өткен жүз жылдықта халық композиторлары Құрманғазымен бірге Дәулеткерей, Тәттімбет, Сейтек, Байсерке, Қазанғап секілді саңлақ күйшілер дүйім жүртты аузына қаратқан екен. Бұлар бармағынан бал тамған майталман домбырашы болумен қатар, нелер бір ғажап күйді шығарған шын мәніндегі өнер иелері. Солардың арқасында домбырада тартылатын күйлердің музыкалық формасы үздіксіз жетілдіріле түскен-ді. Домбыраның техникалық мүмкіндіктері артқан сайын домбыра тарту өнері де едәуір өрге басып, байи түсті. Қазіргі кезде домбыра арнаулы музыка фабрикалары мен ғылыми-зерттеу шеберханаларында жасалынып, көптеп шығарылуда. Балаларға арнап ықшамдап шығарылган домбыралар да баршылық. Халық арасына кең таралған домбыраны — тенор домбыра дейді. „Домбыраны тартуда қағыстардың түр-түрі бар. Соның ішінде "сермеп ойнау", „іліп қағу", „шертіп ойнау", „пиццикато" сияқты қағыстар бар.

ҚОБЫЗ — халқымыздың ерте заманнан келе жатқан ең көне аспаптарының бірі. Қазақ халқының ежелден пайдаланып келе жатқан қобызы — қыл қобыз. Қылқобыз деп аталатын себебі, оған екі қыл ішек тағады, „Бұл аспап ата-бабамыздың әрідегі үніндей. Ол екі заманның сырын шертеді, алыс заман оқиғаларын қоңыр күйімен баяндайды" . Қобыздың тарихы көне әдеби ескерткіште Қорқыт ата есімімен тікелей байланысты. Қорқыт халық ұғымында ел басына түсер ауыртпашылықты күні бүрын болжай білетін сәуегей, оның тағдырын ойлап, түн ұйқысын төрт бөлген, замана шындығын қыл ішекті қобызда сөйлеткен асқан музыкант, халықтың басынан кешірген не түрлі тарихи кезеңін өлеңмен баяндаған жырау.

СЫБЫЗҒЫ — қазақ  халқының үрлеп ойнайтын музыкалық  аспабы. Сыбызғыны, әсіресе, қойшылар мен  малшылар қамыстан не қурайдан жасап  алып ойнай берген. Сыбызғының үні  майда, тембрі жұмсақ келеді, Орындалатын  күйлердің мазмұны табиғатты, жан-жануарларды, құстарды, өзен-көлдерді суреттеуге арналган,

ЖЕТІГЕН — ерте заманнан келе жатқан қазақ халқыныц шертіп ойнайтын көне музыкалық аспаптарының бірі. Бұрауы жоқ, тегіс бетіне жеті ішек таққан, тиек орнына жеті асық қойылған, құлақ күйін асықтарды ілгерілі-кейінді жылжыту арқылы келтіреді. Дыбыс ішектерді саусақтармен іліп-қағу арқылы шығады. Шанағы тұтас ағаштан ойылып жасалынады. Шектері аттың қылынан тағылады.

СЫРНАЙ деп музыкалық  аспаптардың бірнешеуін атағаи. „Сырнай" деген сөз „сыр" және „най" деген екі сөзден тұрады екен. Қазақ тілінде „сыр" деген сөздің мағынасы, мысалы, сырласу, „сыр шерту" болса, „най" деп аспаптарды және кейбір түтік заттарды атаған екен. Сырнай ерте заманнан ке-ле жаткан, қазақтың үрлемелі музыкалық аспабына жатады. Ол өзінің жасалған затына, құрылысына қарай, саз сырнай, қамыс сырнай, мүйіз сырнай, қос сырнай, саз сырнай немесе сырнай болып бөлінеді. Сырнайдың XIX ғасырдың ортасында қазақ жерінде тарай бастаған аты „гармоника", Мүны „қағаз сырнай" деп атаған, себебі, дыбыс күштілігі, дауыс ырғағының әдемілігі саз сырнай мен үрлемелі сырнайға үқсас. Аспаптың қазақ жеріне кең тарауына оның тембрінің халық музыкасының үніне сәйкес келуі, әрі көшпелі халыққа алып жүруге ыңғайлы болуы.

Оқушылардың, студенттердің, жалпы өнер сүйер қауымның бірден-бір жиі меңгеріп, ойнап жүрген аспаптарының бірі — ШАҢҚОБЫЗ. Ол көне музыкалық аспап. Қазақ жерінде XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап белгілі болған. Шаңқобыздың түрі уысқа сиғандай. Ол темірден, ағаштан, кейде күмістен істеледі. Шаңқобызда ойнағанда, оны тістің арасына апарып, тілшеге ерінді тигізбей, тіл мен көмекейдің қатысуымен ғажап үн шығаруға болады. Аспаптың тембрі әдемі, әрі нәзік. Бұл аспапты көбінесе әйелдер ойнаған. Кейде орындаушылар саусақтарына қоңырау іліп алып та ойнаған екен.

АСАТАЯҚ — ұрып және сілкіп ойнайтын музыкалық аспап. Асатаяқты  бұрын көбінесе диуана-бақсылар қолданған. Оның бірнеше түрі бар. Басына бұршақ салып, металл сылдырмақтары басына ілінеді. Олар: қоңыраулы, сақиналы асатаяқ  болып бөлінеді. Олардың құрамына қарай, үндері де өзгеше. Мысалы, алты қоңыраулы асатаяқтың үні сыбызғының дыбыс қатарына сәйкес келеді. Асатаяқ бүгінде мектеп оқушыларының сүйіп ойнайтын аспабына айналды,

ҚОҢЫРАУ — ерте заманда  қылқобызшылар мен қобызшылар және басқа да бақсылардың қолданған музыкалық аспабы. Күйшілер қоңырауды қылқобыз бен домбыраның жоғарғы мойын жағына байлап, кейбір әнкүйлерді тартқанда әрлі-берлі шайқап, шылдыратып отырған. Ал, шаңқобыз тартатын әйелдер саусақтарына қонырауды киіп алып, анда-санда қағып отырып шылдырлатқан .

ТҰЯҚТАС — ұру арқылы үн шығаратын аспаптар тобына жатады. Ол аттың тұяғынан жасалады, оны  өңдеп музыкалық аспап ретінде  қолдану үшін, бір немесе бір жарым  жыл уақыт кептіру қажет. Сонда  ғана соққанда анық, таза үн шығады. Тұяқтасты бес саусақтың ұшымен алақанға жеткізбей ұстап, екі шеткі жиегін кезекпен жартылай дөңгелетіп, алмастыра отырып соғу керек

Ырғақ — қозғалыс элементтерін пайдаланумен дыбыстың динамикасы, ансамбльдің  сипаты жөнінде алғашқы түсініктер береді. Бұл ұрып ойнайтын аспаптарды үйренудің алдында біраз балалардың ырғақ сезімін дамытатын қарапайым жаттығулар жасаған тиімді. Ұрып ойнайтын аспаптар қатарына жататын аспаптың бірі — ДАБЫЛ. Дабылдың шанағының екі жағы да терімен қапталады. Ерге іліп қою үшін бүйіріне ағаш сап орнатылады немесе қайыс ілгешек тағылады.

Оқушылар арасында тағы да бір белгілі аспаптардың  топтары бар. Олар ішекті, үрлемелі, тілшікті болып бөлінеді. Ішектіге жататындар: домбыра, балалайка, гитара, мандолин. Бұл аспаптар балалар саусақтарымен  немесе медиатрмен ойнағанда барып дыбыс шығарады. ҮРЛЕМЕЛІГЕ: ауыз гармо-никасы, флейта, кларнет, саксофон және т.б. жатады. Бұл аспаптарды үрлегенде ғана дыбыс береді. ТҮЙМЕЛІ-ТІЛШІКТІГЕ: баян, аккордеон, гармоникалар жатады. Дыбыс аспап тілдерін басып, көрікті қозғағанда шығады.

ҰРМАЛЫ-ТІЛШІКТІГЕ: күйсандық, ҰРМАЛЫ АСПАПТАРҒА: бубен, кастаньета, үшбұрыш, тарелка, барабан, металлофон, ксилофон жатады. Бұл аспаптарды қолмен, болмаса, таяқшалармен ұрғанда ғана дыбыс шығарады.

КСИЛОФОН —  грек тілінен аударғанда „дыбыс шығаратын  ағаш". Ксилофон қаз-қатар тізілген, қысқалы-ұзынды ағаштан жасалады. Ұзын ағаштары — жуан дыбыс, қысқа ағаштары — жіңішке дыбыс шығарады. Ксилофонның дыбысы басы жұмыр келген екі таяқшалармен соғып ойнау арқылы шығады. Дыбысы құрғақ, сақылдап, сыңғырлап шығады. Ксилофон жеке соло ретінде ойнағанда керемет әсерлі болады (әрине, басқа аспаптар тобының сүйемелдеуінде).

МЕТАЛЛОФОН  — латынша „металл дыбысты' деген  мағынада, металл тілшіктерінен құралатын  музыкалық аспап, дыбысы жұмсақ шығуы  үшін көбінесе басына мата оралған  таяқшамен ұрып ойнайды. Оның тембрі — қатты ойнағанда үні ашық естіледі, ақырын ойнағанда — таза, мөлдір, сыңғырлап естіледі.

РУМБА — тегі латын америкасынан шыққан сәндік би. Екпіні орташа болып келеді де, кенеттен соңғы бөлімінде жылдам екпінге  ұласады. Бишілер қолдарына қос-қостан сылдырмақ тағылған ағаш аспапты  ұстай жүріп билегендіктен, бұл  аспап „румба" болып аталып кеткен. Оны сілкіп немесе оң қолға үстаған аспапты сол қолдың алақанына соғу арқылы сан алуан ырғақтық өрнектерді жасауға болады.

МАРАКАС — тегі Латын Америкасынан шыққан, бос кокос  жаңғағы сияқты формада, ішіне тастың ұнтағы немесе зәйтүн ағашының дәндері салынады. Бүгінде маракас металдан, ағаштан, пластмассадан жасалады да ішіне әртүрлі ұнтақтар салынады. Оны сілкіп ойнайды.

ҮШБҰРЫШ — ұрмалы музыкалық аспап. Оны темірден үшбұрыштап иіп жасайды. Дыбысы нәзік, әрі ашық болады. Аспапты металл таяқшамен ұру арқылы ойнайды.

БУБЕН — Ежелгі Шыгыс елдерінде ертеде пайда  болған ұрмалы аспап. Ағаштан істелген дөңгелек шанақтың үстіне жұқа былғары  керіледі, шанақтың жан-жағына екіден темір шылдырауықтар тағылады. Бүбенді  сілкілеу арқылы, қолмен соғу немесе саусақтармен дірілдетіп ойнауға да болады. Бубен симфониялық оркестрге XIX ғасырда қолданыла бастаған. Сонан соң, ол Италия мен Испанияның халық аспабы болып келді. Ол жақта бірде-бір би бубенсіз биленбеген.

ТАМБУРИН —  сылдырмақ пен қоңырауы бар бубен. Оңтүстік Европада қағып ойнайтын музыкалық аспап. Ерте замандағы Испания мен Франциядағы халық биінің аты. Бишінің қолында тамбурин (бубен) болады, ол оның ырғағына билейді.

ТРЕЩОТКА —  сылдырмақ ойыншық, орыстың халық  аспабы. Оны жоғарғы жағынан жіпке тізілген жұқа таяқшалар құрайды. Ойнаушы жіпті екі жағынан ұстап сілку арқылы құрғақ дыбысты әртүрлі ырғаққа салады.

Бастауыш кластарда  қарапайым музыкалық аспаптарды (даңғыра, дабыл, асатаяк, тұяқтас, шаңқобыз, ксилофон, металлофон, румба, маракас, үшбүрыш және т.б.) қолдану, балалардың сол сабаққа деген ынтасын, сүйіспеншілігін, белсенділігін, жауапкершілігін арттырады, олардың музыка-лық қабілетін дамытуға, шығармашылық дербестігін қалыптастыруға ықпалын тигізеді. Шығармашылық әрекет кезінде музыканы сергек қабылдау, бірігіп орындау (ансамбль) сезімі және дағдысы дамиды.

Балалар үшін сабақта  қолданылатын музыкалық аспаптар көлемі, салмағы жағынан ыңғайлы, құрылысы қарапайым, әрі мықты болуы керек. Аспаптарды ойнаудан бұрын мұғалім  оқушыларға олардың құрылысы, шығу тарихы, дыбыстық бояуы (тембрі) туралы біраз мағлұматтар бере отырып, оны сабақта пайдаланудың тиімділігін, мақсатын және қолдану тәсілдерін әңгімелейді.

Аспапта ойнау  кезінде балалардың тұрып ойнау, немесе отырып ойнау қалпын қадағалау  қажет. Аспаптарды меңгерудің ең алғашқы қадамы ретінде балалардың ырғақ сезімін дамытатын қарапайым жаттығулар жасаган тиімді. Әр музыкалық аспаптың сипатына сай оның ырғақтық өрнектерді келтіру ерекшеліктерін ескеру керек. Мұғалім сабақта орындалатын жаттығудың балалардың меңгеруіне жеңіл әрі түсінікті болуын қадағалайды. Мысалы:

 

Бұл жаттығуда  алғашқыға қарағанда әр аспаптың партиясында өзгешеліктер бар. Мысалы, асатаяқта алғашқы үш тактының күшті  үлесі ойналынса, келесі төрт тактіде  әр үлес орындалып тұр, румбаның партиясына мұқият болған жөн. Бірыңғай ырғақпен сегіздік дыбыстарды алма-кезек ойнап келе жатқан оқушы төртінші тактідегі ырғақтың алмасуын байқауы керек.

Сыныптағы балалардың барлығының белсенді жұмыс атқаруына арналған жаттығу ретінде халық күйі „Келіншекке" жүгінуге болады. Мұғалім күйді домбырада ойнаса, оқушылар асатаяқта, тайтұяқта, шаңқобызда күй желісіне қосылады. Кластағы ұлдар тобы домбырада тарту қимылдарын жасаса, қыздар тобы би қимылдарын өрнектеп, шығарманың көркемдігін одан әрі жетілдіреді. Мұндай тәсіл балаларды шығармашылық белсенділікке баулиды.

„Келіншек" күйіне келтірілген мысал:

„Келіншек" — Халық күйі

(үзінді)

 

Сонымен, сабақ  өткен сайын балалардың аспапты  меңгеруі шыңдала түседі. Бірақ, мұғалім  балалармен жұмыс кезінде олардың әрқайсысының музыкалық қабілетін ескергені жөн. Кейде бір оқушы сабақ сайын бір ғана аспапта ойнайды. Ол дұрыс. Себебі, оқушы сол аспапта ойнаған сайын оның қыр-сырын терең түсініп, техникалық ойнау шеберлігін тереңдете түседі.

Балаларды ксилофонда, металлофонда ойнау да өте қызықтырады, Д.Ботбаевтың „Жаңбыр шақыру" әнінің кіріспесіне ксилофонды пайдалану жаңбырдың тамшылауын өте дәл, анық бейнелейді, такт өткен сайын жаңбыр тамшысы жиілеп, қалың жаңбырға, яғни хорға ұласып кетеді. Халық әні „Бір бала" орындалғанда, сүйемел ретінде металлофонды және маракасты ғана қолдануға болады. Себебі, әннің сипаты, екпіні мен ырғақтың ерекшеліктері металлофонның таза, жинақы да көмкеріңкі дыбысын қолданғанда ғана ашыла түседі деп ойлаймыз.

„Бір бала" — халық әні

Мұғалім әр әнді, күйді орындау кезінде оған шығармашылықпен  қарағаны жөн. Барлық музыкалық шығармаларды аспаптарға лайықтауға болады, тек  ол шығарманың орындалу сипаты қандай, мазмұны нені бейне-лейді, композитордың  айтайын деген ойы не деген  сұрақтарға жауап іздеп табу керек.

Аспапта ойнау балаларды  ұйымшылдыққа, бірлікке, сезімталдыққа, адамгершілікке баулыса, ол өзінің тәрбиелік  міндетін атқарды деген сөз. Оқушылар, әдетте, өздеріне қолдарына үстап, ойнап  отырған аспаптары туралы, тыңдау үшін орындалған музыкалық шығарма туралы әңгіме бастал-са-ақ болғаны елең етіп үлкен ынтамен тыңдауға кіріседі. Ендеше, балалар сабақта тек ән айтып, аспаптарда ойнап қана қоймай, музыка әлемінің сырын ашып сұхбаттасуға дайын. Сондықтан, сыр сандықты ашып, саз маржанын шашу үшін үлкен ізденгіштік қабілет керек. Қолда бар мүмкіндікті пайдалана отырып, болашақ музыка мамандарына, ғүлама ғалымдар мен музыка тарихын зерттеушілердің ғылыми еңбектеріне сүйене отырып, біз біраз мағлұматтар бердік. Бұл деректердің балалардың өздері ойнап отырған аспаптарына деген ықыласын, ынтасын арттыратыны сөзсіз.

Информация о работе Қазақтың аспапты музыканы қабылдау ерекшеліктері