Биография С.В.Рахманинова

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2013 в 09:05, биография

Описание работы

Орсытың көрнекті композиторы, шебер пианисті және дирижеры. Өз шығармашылығында орсы және батысеуропалық музыка дәстүрлерін біріктіріп, ХХ ғ. орыс және әлемдік музыкасына әсер еткен бірегей стиль қалыптастырды.
С.В. Рахманинов Новгород губерниясында дворяндық отбасыда дүниеге келген. Оның атасы – Аркадий Александрович музыкант болған, Джон Филдтан фортепианода ойнаулы үйренген және Тамбов, Мәскеу, Петербургта концерттер берген. Оның романстар және фортепианоға арналған пьесалары сақталған.

Файлы: 1 файл

Рахманинов.docx

— 18.72 Кб (Скачать файл)

Сергей Васильевич Раманинов

(1873 – 1943)

 

Орсытың көрнекті композиторы, шебер пианисті және дирижеры. Өз шығармашылығында орсы және батысеуропалық музыка дәстүрлерін біріктіріп, ХХ ғ. орыс және әлемдік музыкасына әсер еткен бірегей стиль қалыптастырды.

С.В. Рахманинов Новгород губерниясында  дворяндық отбасыда дүниеге келген. Оның атасы – Аркадий Александрович музыкант болған, Джон Филдтан фортепианода ойнаулы үйренген және Тамбов, Мәскеу, Петербургта концерттер берген. Оның романстар және фортепианоға арналған пьесалары сақталған. Әкесі Василий Рахманинов та музыкалық дарныды адам болған, алайда ол музыкамен тек әуесқой түрде айналысатын. Анасы Любовь Петровна – Аракчеев кадет корпусының директоры Генерал Бутаковтың қызы.

Разманиновтың музыкаға деген  қызығушылығы ерте оянды. Фортепианода ойнауды алғаш рет оған анасы  үйретті. Кейін музыка оқытушысы  А.Д. Орнатская арнайы шақырылды. Оның қолдауымен 1882 жылы Рахманинов Санкт-Петербург консерваториясының кіші бөліміне В.В. Демянскийдің класына түседі. Рахманинов сабақтарды көп босатқандықтан, отбасылық кеңесте оны Мәскеуге ауыстыруды ұйғарды. 1885 жылдың күзінде ол Мәскеу консерваториясы кіші бөлімініш үшінші курсына профессор Н.С. Зверев класына қабылданды.

Рахманинов музыка мұғалімі Николай Зверевтің мәскеулік жеке меншік ппансионында бірнеше жыл өткізеді. Онымен бірге А.Н. Скрябин,  К.Н. Игумнов, т.б. сынды орыстың көрнекті музыканттары пансион тірбиеленушілері болады. Бұл жерде 13 жасында Рахманиноты П.И. Чайковскиймен таныстрады. Кейін ол жас музыкант тағдырының тілектесі болады.

1888 жылы Сергей Васильевич  Мәскеу консерваориясының жоғарғы  буынында оқуын А.И. Зилоти  класында, ал бір жылдан кейін  С.И. Танеев пен А.С. Аренский  бастауларымен композициямен айналыса  бастайды.       

19 жасында ол консерваторияны  үлкен алтын алқамен аяқтайды. Осы уақытқа дейін А.С. Пушкиннің  «Цыганы» шығармасының негізіне  жазылған алғашқы операсы –  «Алеко» (дипломдық жұмысы), Бірінші  фортепианолық концерт, романстар,  фортепианоға арналған пьесалар, сонымен қатар кейін Рахманиновтың  атақты шығармалары болған до-диез минор прелюдиясы жазылады.

20 жасында, қаржылай қиналғандықтан, ол мәскеулік Марииндік әйелдер  училищесінде, ал 24 жасында Савва  Мамонтовтың Мәскеулік орыс меншік  операсының дирижеры болып жұмыс  істейді. 

Рахманинов композитор, писанист және дирижер ретінде танымалдылыққа ерте ие болады. Алайда оның жемісті  мансабы 1897 жылы 15 наурыз күні Бірінші  симфорнияның сәтсіз премьерасынан кейін тоқтатылады (дирижеры А.К. Глазунов). Оның себебі сапасыз орындау мен музыка мазмұнының жаңашылдығы салдарынан болды. Бұл оқиға Рахманинов жүйкесінің дертіне әкеп соқтырды. 1987-1901 жылдар аралығында музыка шығара алмады. Тек тәжірибелі психиатр Н. Дольдің арқасында ол күйзелістен шыға алды.

1901 ж. Рахманинов өзінің  Екінші концертін аяқтады. Бұл  оның дағдарыстан шығуы және  шығармашылықтың келесі кемелденген  кезеңіне өтуін белгіледі. Көп  кешікпей ол Үлкен театр дирижеры  қызметіне орналасты. Екі маусымнан  кейін Италия бойынша сапарға  шығады (1906 ж.), кейін өзін композицияға  арнау үшін үш жылға Дрезденде  орналасады. 1909 ж. Рахманинов  пианист және дирижер ретінде Америка мен Канада бойынша концерттік турне жасады. Сонымен қатар, 1909 жылы Үшінші фортепианолық концерт жазылды.

1917 жылғы Ресейдегі рефолюциядан  кейін Рахманинов Швецияда Стокгольмде күтпеген концерт беру ұсынысын пайдаланып, әйелі Наталья Александровна және қыздарымен Ресейден жырақ кетеді.

1918 жылы 1 қарашада отбасысымен  бірге Норвегиядан Нью-Йоркке жүріп кетеді. 1926 жылға дейін маңызды шығармалар жазған жоқ. Сөйтіп, шығармашылық дағдарыс шамамен 10 жылға созылды. Тек 1926-1927 жж. жаңа шығармалар дүниеге келеді: Төртінші концерт пен «Три русские песни» («Үш орыс әні»). Шетелде тұрғанда (1918-1943) Рахманинов тек 6 шығарма жазады. Олардың әрбіреуі орыс және әлемдік музыка шыңы болып табылады.

Тұрғылықты мекені ретінде  ол АҚШ таңдайды. Америка мен Еуропа бойынша көп гастрольде жүреді және көп кешікпей заманының ең атақты пианисті мен дирижеры атағына ие болады. 1941 жылы, көпшілік оның ең көрнекті шығармасы деп таныған, соңғы  шығармасы – «Симфонические танцы» («Симфониялық билер») жазып аяқтайды. Ұлы Отан соғысы жылдары кезінде  Рахманинов АҚШ-та бірнеше концерт беріп, олардан жиналған қаражатты Қызыл әскер қорына береді. Ал бір концертінің қаражатын КСРО қорғаныс қорына береді. Композитор ақшасына әскер мұқтаждығына соғыс ұшағы құрастырылады.

Рахманинов  70-жылдығына үш күн қалғанда 1943 жылы 28 наурызда Калифорния штаты, Беверли-Хиллзда қайтыс болады. 

Уақыты бойынша Рахманинов шығармашылығы орыс өнерінің «күміс ғасыры» деп аталатын кезеңге жатқызылады. Осы кезең өнерінің негізгі шығармашылық әдісі символизм («Музыкалық сөздікте» қарау) болып табылады және  Рахманинов шығармашылығында да өз көрінісін табады.


Информация о работе Биография С.В.Рахманинова