Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2015 в 17:33, реферат
Бірінші жағдайда, ол тәрбиенің пәні ретінде қызмет атқарады, оның мазмұны болып заттар, адамдардың іс-әрекеттері саналады.
Екінші жағдайда, музыка өнері тәрбиенің құралы болып табылады, осы музыкалық бейнелерді терең эмоционалдық түрде қабылдауға мүмкіндік береді.
Музыка өнері – эстетикалық тәрбиенің бөлігі ретінде.
Музыканың адамға белгілі бір мақсатта әсер ету ерекшелігі ең алдымен, «музыка оның сезімдерін дамытады және тәрбиелейді адамның барлық психикасын белсендендіреді қоғамдық мәні бар құндылықтарға бағыттайды, сондай-ақ, оны еркін әрекеттегі дайындығын арттырады». Демек, музыка өнері арқылы тәрбие беру процесінде екі салада қарастырылады.
Бірінші жағдайда, ол тәрбиенің пәні ретінде қызмет атқарады, оның мазмұны болып заттар, адамдардың іс-әрекеттері саналады.
Екінші жағдайда, музыка өнері тәрбиенің құралы болып табылады, осы музыкалық бейнелерді терең эмоционалдық түрде қабылдауға мүмкіндік береді.
«Өнер-білім бұлағы»
дейді халқымыз-өнердің қай
Музыка дегеніміздің
өзі балаға музыка тілімен
жетеді. Музыка арқылы бала тәрбиелік
және білімділік қасиеттерді
бойына сіңіреді. Музыка баланың
сезімдеріне тікелей әсер ете
отырып, оның моральдық бейнесін
қалыптастырады. Музыка баланың
жеке басының адамгершілік
Танымдық әрекеттер мынадай ынталандырулармен байланысты болады: меңгеретін құбылысты талдау, құндылықтар, пайымдау, логикалық бірізділік, сабақтағы күтпеген жағдайдағы бәсеңдік, ұжымдық және дербес іс-әрекет түрлерінің үйлесімділігі, іс-әрекеттің ізденіс сипаты және оқушылардың шығармашылық жұмысы және соңғы, үшінші топқа сыныптағы қарым-қатынасты анықтайтын ынталандыруды жатқызады:
Мұндай қызығушылыққа жоғарыда аталған ынталандырумен бірге, оқу процесінде туындайтын түрліше жағдайларды құрайтын олардың жиынтығы да ықпал етеді. Жалпы алғанда, музыкалық тәрбиеде бір жағынан, адамның өмірдегі құбылыстарды өзіне қажетті эстетикалық нәрсені тұрғысында қабылдаудағы қабілеті мен даярлығы маңызды болса, екіншіден – адамның осы құбылыстармен байланысын қамтамасыздандыратын шарттардың болуы маңызды.
Оқушыларға музыкалық тәрбие беру барысында мектепте білгілі бір жүйелі бағытпен музыка сабағы жүргізіледі. Музыка сабағы ән айту, музыка тыңдау, музыкалық сауаттылық, шығармашылық тапсырмалар және басқа да қосымша іс-шаралар тәрізді музыкалық іс-әрекеттің негізгі түрлерінің бірлестігінен құрылған. Сабақ 45 минуттан аптасына 1 рет, ал клубтық және үйірме сабақтары негізінен айына 1-2 рет 1-1,5 сағаттан жүйелі түрде өткізіледі. Мәліметтерді саралау, мектеп оқушыларын қазақ халық музыкасын таныстырумен байланысты сабақтарды музыка мұғалімдері, музыка мектебінің мұғалімдері ұйымдастырады, бірақ оларды қатыстыру үшін, кейде осы мектептің оқушылары да қатыстырылады. Қазақ мектептеріне бейімдеген бағдарламалар оқушыларға музыкалық-эстетикалық тәрбие беруде, оның музыкалық мәдениетін көтеруде маңызды роль атқарады.
Жалпы барлық бағдарламаларға ортақ мақсат: музыка өнері арқылы рухани жағынан бай, халық музыкасын өмірдің бейнесі ретінде түсініп қабылдайтын және оны сүйетін, халқымыздың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін қастерлеп, классикалық музыканы және басқа халықтардың өнерін қадірлей білетін жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Ортақ міндеттер: халқымыздың музыкалық шығармашылығына балалардың сүйіспеншілігін оятып, оны құрметтеуге тәрбиелеу және өз халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері жөнінде түсініктерін қалыптастыру; балалардың әсемдікке, сұлулыққа деген сезімін дамыту, оларды халқымыздың аспаптық, әншілік шығармашылығынан эстетикалық ләззат, әсер алуға тәрбиелеу; музыканың өмірмен байланыстылығын түсіндіре отырып, халық шығармашылығының көне заман мен осы заманғы сабақтастық дәстүріне балалардың назарын аудару; баланың музыкалық қабілетінің дамуына түрткі болу, ырғақты сезіну, ести білу және есте сақтау қасиетін тәрбиелеу; музыканы тыңдау және ән айту барысында музыкалық сауаттылық элементтерінен білім беру; музыка тыңдау және орындау барысында оған шығармашылықпен қарауға тәрбиелеу, қызығушылығы мен қиялын дамыту.
Бастауыш сыныптарда, музыка сабағын қоршаған ортаның әсемділігін көрік, естіп отыратын, бағалай білуге арналған. Баланың музыка жайлы түсініктерін анықтай отырып, музыканың алғашқы негіздерімен, тарихымен таныстыра отырып, таным түсінігін отырып, таным түсінігін дамытып, музыкаға деген қызығушылығын арттыруға баулу қажет.
Музыка туралы мағлұматты жүйелі меңгеру іскерлік пен дағдының қалыптасуы, ең алдымен қайырымдылық, имандылық, адамгершілік сезімнің музыкаға деген қызығушылығына бағытталуы керек. Жалпы білім беретін мектепте-музыкалық білім беру мақсаты-оқушылардың рухани өмірін байыту, адамгершілік сезімдерін жоғары дәрежеге жеткізу, музыкалық өмірдегі құбылыстарды бағалауда дұрыс бағыт беру болып табылады. Мектептегі музыка сабағы тек қана музыка жөнінде мағлұмат беріп қана қоймай, ең бастысы-жас ұрпақты жоғары, адамгершілік және азаматтық қасиеттерге баулу болғандықтан музыка мұғалімінің алдына жоғары деңгейдегі міндеттер қойылып отыр. Мұғалім оқушыларға музыка сабағы үстінде адамгершілік сезімдерін дамыту кезінде мектеп реперуарының шешуші маңызы бар екенін есінен шығармауы тиіс. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты іріктеп алынған шығармалар ғана тәрбие жұмысына қажетті мол дүние бола алады. Олар өздеріне терең әсер етіп, талғандыратын көркем шығарманы қабылдаған жағдайда ғана адамгершілік сезімдерін оята алады.
Мысалы: М.Бөлебаевтың
«Тоғай арасында», И.Нүсіпбаевтың
«Жомарт елім» әндерін, Ғ.Жұбановтың
«Теміртау таңы» атты
Кезінде А.Жұбанов: «...салдар мен серілер ол заманғы өнердің өкілдері. Бұл күндегі әртістерше сахнаға киетін киімін чемоданға салып алып келіп, әдейі оларға арналған бөлмеде қайта киінетін жағдай сал мен серіде болған жоқ. Олар ат үстінде де, ауыл сыртында да, базарда да, жәрмеңкелерде де өнерлерін көрсетті. Сондықтан басқа кісіге алабажақ, әсіре қызыл көрінетін олардың киімдері сол сахнаға киетін киімдер. Ал олар өмірде де солай киініп жүреді. Өйткені өмір мен өнердің екеуі бірі мен бірі қосылып, ұласып кеткен» – деп жазған. Мұндай кездесулер көрерменнің музыкалық – эстетикалық талғамын, адами көзқарасын дамытып, ұлттық патриотизмін қалыптастыруда айтарлықтай роль атқарған. Музыкалық шығармалар балалар мен жастардың ақыл-ойы мен патриоттық сезіміне әсер етіп, музыкалық-эстетикалық талғамын жетілдірген.
Қазақ халқының экономикалық және қоғамдық құрылысы, сондай-ақ оның тұрмыс-тіршілігі мен эстетикалық көзқарастары ауыз әдебиеті шығармаларында өз бейнесін тапты. Ән-күй, өлең-жыр, әрқашан да халық өмірінің ажырамас бөлігі болған.
«Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ»
«Психология және педагогика» кафедрасы
СОӨЖ
Музыка өнердің теориясы мен әдістемесі.
Орындаған: Қалшабекова Бағдат
Тобы: ПиМНО 12 -03 СУЗ
Тексерген: Махметова С. Д
Пайдалыналыған әдебиеттер:
Халық музыкасының оқушыларға музыкалық тәрбие берудегі рөлі.
Халқымыздың ұлы перзенті Абайдың: «Артыңа із қалдырғыңыз келсе, кейінгі ұрпаққа адамгершілік нұрын сеп, білімге тәрбиеле, болашағымыз өз ұлт өнері мен мәдениетінің тұнығынан сусындап, тарихын терең түсінетін болсын» - деген өсиеті мен болашақ ұрпақты халықтық өнер-білім арқылы тәрбиелеудің қажеттілігі мен маңыздылығын дәлелдейді.
Бүгінгі таңда, жалпы орта білім беретін мектепте жас ұрпаққа көркемдік білім мен тәрбие беру жүйесінде көркем әдебиет, музыка өнері, бейнелеу өнері сияқты эстетикалық мәндегі пәндер арқылы оның ішінде, халықтың дәстүрлі музыкалық өнерін игерте отырып, жас ұрпақтың бойында әсемдікті қабылдау, сезіну, өнер шығармаларын әсемдік заңдылықтарына сәйкес бағалай білу қабілеттерін қалыптастыру қажеттігі маңызды мәселенің біріне айналуда. Қазақ халық музыкасының ұрпақтан ұрпаққа мирас ретінде жетіп отыруына халық ақындарының әнші-күйшілерінің, жыршыларының ролі ерекше болды. Олар қазақ халық музыкасын үлкен мереке-тойларда дәріптеген, өздерінің әншілік-күйшілік шеберліктерін шыңдаған.
Кезінде А.Жұбанов: «...салдар мен серілер ол заманғы өнердің өкілдері. Бұл күндегі әртістерше сахнаға киетін киімін чемоданға салып алып келіп, әдейі оларға арналған бөлмеде қайта киінетін жағдай сал мен серіде болған жоқ. Олар ат үстінде де, ауыл сыртында да, базарда да, жәрмеңкелерде де өнерлерін көрсетті. Сондықтан басқа кісіге алабажақ, әсіре қызыл көрінетін олардың киімдері сол сахнаға киетін киімдер. Ал олар өмірде де солай киініп жүреді. Өйткені өмір мен өнердің екеуі бірі мен бірі қосылып, ұласып кеткен» – деп жазған. Мұндай кездесулер көрерменнің музыкалық – эстетикалық талғамын, адами көзқарасын дамытып, ұлттық патриотизмін қалыптастыруда айтарлықтай роль атқарған. Музыкалық шығармалар балалар мен жастардың ақыл-ойы мен патриоттық сезіміне әсер етіп, музыкалық-эстетикалық талғамын жетілдірген.
Қазақ халқының экономикалық және қоғамдық құрылысы, сондай-ақ оның тұрмыс-тіршілігі мен эстетикалық көзқарастары ауыз әдебиеті шығармаларында өз бейнесін тапты. Ән-күй, өлең-жыр, әрқашан да халық өмірінің ажырамас бөлігі болған.
«Қазақта әнсіз өмір жоқ. «Тойбастар» айтқан жігіт, кешкі ауыл сыртында алтыбақан тепкен қыз-бозбала, шілдехана күзеткен жас-кәрі, «Жар-жар» айтқан екі топ, елінен еріксіз алысқа ұзатылып бара жатқан қыз, өлген жұбайын жоқтаған жесір, түйеге мініп, әр үйдің сыртында қақсаған жарапазаншы, ақ киім киіп, өгізге мініп ауыл аралаған дуана, «жынын» шақырып, зікір салған бақсы – бәрі де әндетеді. Бәрі де жай сөзбен айтқанда жетпейтін сезім тасқынын ән арқылы шығарады».
Қазақ халқының ән шығармашылығының жанрлары сан алуан. Бұл – отбасылық-тұрмыстық, әдет-ғұрыптық, еңбек, лирикалық, тарихи әндер, әлеуметтік наразылық әндері, эпикалық дастандар мен аңыз-әңгімелердің музыкалық сабақтастыққа берілуі.
Мысалы, отбасылық-тұрмыстық әндерде Отанға, туған жерге, елге деген сүйіспеншілікті көзқарас, ойын-сауықтар, мораль, күнделікті тұрмыс қарекеті, отбасылық өзара қарым-қатынастар сипатталады, өнеге тұтар нақыл сөздер көп пайдаланылады. Мысалы, «Мақтаншақ» әнінде шектен тыс даңғаза кербездік тәлкек етілсе, «Көксау шал» әнінде теңсіз неке айыпталады және т.б. Оны шілдехана, туған күн, бесік жыры, тұсау кесу, жеті жас, он үш жас, жиырма бес жас сияқты елеулі сәттерге арналған әндерден көруге болады. Бұған дәлел «Бесік жыры» өлеңі.
Әдет-ғұрыптық әндерге үйлену әдет-ғұрпы «Тойбастар», «Жар-жар», «Беташар», «Сыңсу» немесе «Қыз қоштасу» сияқты дәстүрлі әндерді жатқызуға болады. Егер, «Той бастар» әнінде үйлену тойының басталғаны жарияланса, «Жар-жар», «Беташар» күйеу жігітті, қалыңдықты, ата-аналар мен туған-туысқандарды мадақтай отырып, жас жұбайларға игі тілектер тілеп, ақыл-кеңестер берген. «Сыңсу», «Қыз қоштасу» әндерінде қалыңдық ата-ана, туған-туыстарымен, ел-жұртымен, дос-жарандарымен, туып-өскен жерімен жастық-балалық өмірімен қоштасқан. Жасынан отбасылық-тұрмыстық және әдет-ғұрыптық әндердің ортасында өскен балалар мен жастар бірте-бірте өздерінің шығармашылық туындыларын қалыптастырады, айшықты сөйлеуге, айтайын деген ойын бейнелі жеткізе білуге үйренеді. Қазақтардың осындай алғыр қасиетін кезінде көптеген зерттеушілер ұйқастырып айтуға, туа біткен қабілеттілігін атап көрсеткен. Оны П.Тиховтың: «Қырғыздар (қазақтар – С.Ұ.) ән шығарудың үлкен шеберлері әрі өз әншілерін құрметтейді... Қырғыздарға әнге деген сүйіспеншілік ана сүтімен енген тәрізді, әйгілі өнерпаздардың мейілінше сүйікті әуендерін әдеттегідей тез үйреніп алады. Бұл әндер ұрпақтан ұрпаққа аса қымбат сияқты сақталып, рудан руға аса қастерлі нәрсе ретінде беріліп отырады» – деген сөздері, және А.Янушкевичтің: «...мереке кезінде мен ең алғаш рет өлеңшілерді тыңдауға мүмкіндік алдым. Бұлар қазақтың трубадурлары, даланың бардтары – ұлы ақындары. Қазақтардың өлең шығаруы мен орындау дарыны осы халықтың ақыл-ой қабілетін тамаша айқындайды»,-деген сөзі дәлелдейді. «Қазақ әндері құдіретті де күшті, өктем, сонымен бірге жатық, құлаққа жағымды естіледі, – деп жазды өткен ғасырдың жетпісінші жылдарында А.Эйхгорн. – ...Жапан түзде немесе ауылда, болмаса мал арасында, айдала мен жазық өңірлерде, таулар мен көсілген алқаптарды аралаған кезінде, жым-жырт аспан астында жалғыз келе жатып оның салған әні тіпті әдемі естіледі.
Түнде де, күндіз де, таңертең де, кешке де, жазда да, қыста да – қашан, қай кезде болмасын қазақ қиялсыз жүрмейді, не ыңылдаған сарынмен көңіл күйін білдіреді, немесе ән салады, әйтпесе өлең шығарады, енді бірде шежірелік сөздерді мақалдап айтумен болады. Олардың қарапайым сөздері сырт өмірден алған әсерін табиғи қалпында беріп, сезімдерін ешбір қалтқысыз айқын баяндайды».
Тарихи әндер балалар мен жастарды қазақ халқының басынан өткен сан қилы тарихи оқиғалармен таныстырды, елін жерін жаудан қорғаған батырлардың ерлік істерімен таныстырды, оларды қадір тұтуға үйретті. В.В.Радловтың: сезімен айтқанда, қазақ «...өз әндерінде ертегіде айтылатын қайдағы бір ғайыптан пайда болған қорқынышты дүниені дәріптемейді, қайта ол өз өмірін, өз сезімдері мен мұраттарын, қоғамның әрбір жеке мүшесі жүрегінде жүрген идеяларды әнге қосады, тыңдаушылары жаратылыстан тысқары қайдағы бір кереметтерден емес, нақты шындықтан ләззат алады».
Информация о работе Музыка өнері – эстетикалық тәрбиенің бөлігі ретінде