Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2013 в 18:46, доклад
Сұрапыл апаттар дегеніміз-адамдармен жануарлардың өліміне,халықтың өмірінің күрт бұзылуына,материалдық құндылықтардың жойылуына әкелетін құбылыстар.Сұрапыл апаттар көбінесе адамның қолынан келмейтін табиғат күштерінің әсерінен болады.Мысалы;су басу,жер сілкінісі,ормандағы өрттер,көшкін т.б жатады.
Төтенше жағдай дегеніміз — табиғат немесе өндіріс апаттарының зардаптарын күнделікті қызметпен, қаражатпен жоюға мүмкіндік бермейтін, ол үшін әдейі материалдық, техникалық, ақша қаражатын және адам күшін талап ететін жағдай.
Қазақстан мемлекетінің орналасқан жері – орасан зор, кең байтақ. Ол жерлерде табиғат апатының неше түрі: жер сілкіну, қар тасқыны, қатты жел, су тасқыны сияқты құбылыстар жиі болып жатады.
Сұрапыл апаттар.
Сұрапыл апаттар дегеніміз-адамдармен
жануарлардың өліміне,халықтың өмірінің
күрт бұзылуына,материалдық
Төтенше жағдай
дегеніміз — табиғат немесе
өндіріс апаттарының
Қазақстан мемлекетінің орналасқан жері – орасан зор, кең байтақ. Ол жерлерде табиғат апатының неше түрі: жер сілкіну, қар тасқыны, қатты жел, су тасқыны сияқты құбылыстар жиі болып жатады.
Зілзала — бұл кенеттен пайда болатын, халықтың қалыпты тірлігін күрт бұзатын, материалдық құндылықтарды үлкен шығынға ұшырататын, сондай-ақ адамдар мен хайуанаттардың өлім-жітімі болатын табиғат құбылысы.
Әрбір зілзаланың өзіне тән физикалық қасиеті, пайда болу себебі, қозғаушы күші, сипаты мен даму сатысы, қоршаған ортаға өзіндік ықпал ету ерекшелігі бар.
Зілзала кез келген
мемлекет үшін үлкен
Қазақстан Республикасы аумағында мынадай зілзалалар болуы мүмкін: жер сілкінісі, сел, қар көшкіні, сырғыма, дауыл, су тасқыны, буырқасын, өрт.
Дүние жүзінде су тасқынына бүкіл зілзаланың 40 пайызы келеді екен, 20% — тропикалық циклондары, 15% — жер сілкінісінің, ал қалған 25% — зілзаланың басқа түрлері.
Каспий теңізі деңгейінің өзгеруіне, Арал теңізінің құруына, Балқаш көлінің таяздауына байланысты құбылыстар табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар арасында ерекше орын алады.
Су тасқыны
Су тасқыны- қардың еруі, жауын-шашын, суды желмен айдаған және кептелу кезінде өзендердегі, көлдер мен теңіздердегі су деңгейінің көтерілуі нәтижесінд құрлық аймақтарын айтарлықтай су басуы.
Өзендер арнасына суды желмен айдау арқылы болған су тасқыны ерекше түрге жатады. Су тасқыны көпірлер, жолдар, ғимараттар, құрылымдардың қирауына, елеулі материалдық шығынға, ал судың көп жиналуы (4м/с астам) және су үлкен биіктікке көтерілсе (2 м көп), адамдар мен жануарлардың опат болуына әкеліп соқтырады. Қираудың негізгі себептері ғимараттар мен құрылымдарға су массасының, жоғары жылдамдықта жүзіп жүрген мұздардың, әртүрлі сынықтар мен жүзіп жүрген заттардың, т.б. гидравликалық соққысы болуы мүмкін. Су тасқыны кенеттен пайда болып және бірнеше сағаттан 2-3 аптаға дейін созылуы мүмкін.
Су тасқыны жиі және жүйелі қайталанып тұратын табиғи апаттардың қатарына жатады. Қамтитын аймақ ауданы, жалпы экономикалық шығыны және адам өлімдерінің көрсеткіштері бойынша алғашқы орындардың бірінде тұрады. Әлемдегі жыл сайын туындайтын табиғи апаттардың жалпы санының 32 % құрайды.Жер бетіндегі табиғи апаттардан келетін материалдық шығындардың 30 % су тасқындарының үлесіне тиеселі.
Су тасқының негізгі себептері:
Кез-келген су тасқынының негізгі сипаттамалары: судың көтерілу деңгейі, су шығыны және көлемі, су басу ауданы және ұзақтығы, ағыс және су деңгейінің көтерілу жылдамдығы, су ағысының құрамы және т.б.
Су тасу- теңіз, көл және өзен жағалауларында болатын табиғат құбылысы. Су тасудан мұхиттар мен теңіз жағалауларындағы елді мекендер жиі зардап шегеді. Біздің республикамызда су тасу жағдайлары Іле, Жайық, Сырдария, Нұра, Тобыл т.б. өзендер бойында көктемде жиі байқалады. Су басқан жерлер бұзылып, ластанып, жарамсыз жерлерге айналады. Ал фаунасы мен флорасы лай су астында қалып, тіршілік мекендері бұзылып, жаппай қырылып қалуы мүмкін.
Су тасқының тудыратын себептер.
Қазақстандағы су тасқыны
тудыратын себептеріне байланыс
Ауа-райы факторлары тудырған су тасқыны:
Судың тасуы- көктемде қар ерігеннен кейінгі судың көтерілуі, бұндай су тасқыны өзеңдегі су деңгейінің елеулі және едәуір ұзақ уақыт бойы көтерілуімен ерекшеленеді. Судың тасуын жобалауға, алдын-ала білуге болады. Мұның өзі үлкен зиянға қалмайтындай қажетті шараларды жасап, қамдануға мүмкіндік береді.
Тасқын сел- нөсер немесе қардың еруінің нәтижесіндегі судың көтерілуі. Судың тасуына қарағанда тасқын үнемі бола бермейді.
Каспийге суды желдің айдауы. Каспий теңізінің солтүстік бөлігі өте таяз. Каспий ойпаты үлкен алапта, теңіз деңгейінен төмен жатыр, сондықтан ол батпақты және тұзды. Осы себепті де көктем мен күзде күшті желдер кезінде Ганюшкино поселкесінен (Астрахань облысымен шекарада) Маңғыстаудағы Бозащы түбегіне дейінгі аралықта теңіз жағалауларының көптеген жерлері су астында қалды. Бұл жағдайда судың көтерілу деңгейі 1,5-2 метре, жайылу қашықтығы ішке қарай 50 км-ге дейін созылып жатыр.
Арна жағдайына байланысты немесе күшейген тасқын:
Мұздың кептелуі (бөгелуі) көктем кезінде өзен еріп, ол ашылғанда пайда болады. Бөгелу құбылысы өзеннің арнасын кристал мұздар бөгеп қалып, мұзды бөгесінің пайда болуынан көрінеді. Нәтижесінде кептелудің жоғарғы жағында судын көтерілуі пайда болады, кейде ол 2-3 және одан да көпке көтеріледі.
Кептелу бірнеше сағат бойына болуы мүмкін, тәуліктен артығы сирегірек болады.
Сеңнің тоқтауы күз бен қыста арнаны селдір қабыршақ мұздың тығындап тастауы нәтижесінде пайда болады. Сеңнің кідіруі әдетте кептелуге қарағанда тұрақтырақ болады, судың көтерілу деңгейі де өте жәй, кейде көп күндер бойы сақталып , тұрақтанып, баяу ғана бұзылады.
Көпірлердің, гидротехникалық құрылымдардың бұзылуынан:
Өзен арларындағы үйінділерден, арналардағы қолдан жасалынған құрылыстардан жоғарыда орналасқан бөген, дамбалардың жарылып су шайып кетуінен туындайтын немесе күшейген антропогенді сипаттағы су тасқыны.
Судың тасуымен болатын
тасқын іс жүзінде Қазақстанның барлық
аймақтарындағы өзендерде тіркелген.
Осы сипатта тасқынның пайда бо
Тек жауыннан болатын
сел-тасқындар Қазақстанда
Орташа таулы аймақтарда жауыннан болатын су тасқынының қалыптасуының маңызды ерекшелгі белгілі бір жағдайларда олардың селге ауысуы болады.
Қазақстан аймағында желдің айдау құбылысымен байланысты апатты су тасқыны Жайық өзенінде және Каспийдің барлық солтүстік-шығыс жағаларында байқалды. Атырау және Маңғыстау облыстарының барлық шаруашылық қызметіне соңғы жылдары су тасқыны келтірге орасан зор шығындар Каспий теңізі деңгейінің көтеруілімен қиындай түсуде.
Мұздың кептелуі және сеңнің кідіріп қалуы нәтижесінде қиратып, бүлдіретін зардаптары бар су тасқынының таралатын аудандары Іле Алатауы, Жоңғар Алатауы, Шығыс Қазақстанның өзендері болып табылады. Олар көктем мен күзде мұз жамылғыларының қалыптасу және бұзылу кезеңдерінде байқалады.
Су басып кету қаупінен келетін шығын мен мүмкін болатын зардаптары азайту мақсатында апатты су тасқыны аймағын есепке ала отырып өндіргіш күштерді тиімді орналастыру, осы аймақтарда орналасқан құрылыстар мен құрылымдарды бекітуге, шаруашылық комплексі объектілеріндегі жұмыс жасайтындар мен тұрғын халықты уақытылығы хабардар етуге, өзге де дайындық жұмыстарын жүргізуге бағытталған шаралар жүргізіледі.
Үшінші топқа су астындағы жердің сілкінуінен (анда-санда су астынан немесе аралдардан вулкан атқылауынан ) болатын су тасқыны жатады. Су астындағы жердің сілкінуі салдарынан күшті толқындар цунамилер пайда болады. Олардың жайылу жылдамдығы сағатына 400-800 км-ге жетеді.
Су тасқыны кезіндегі тұрғындардың мінез-құлқы, іс-әрекеті.
Тұрғын халықтың көшуінің (эвакуация) реті мен басталуы жергілікті радиохабарларын тарататын жүйе мен жергілікті теледидар арқылы хабарланады, жұмыс жасайтын одан бөтен де кәсіпорын, мекеме басшылығы арқылы, ал өндірісте және тұрмыстық қамту саласында жұмыс істемейтін тұрғындар тұрғын үй басқармалары, тұрғын үй кооперативтері арқылы да хабарланады.
Тұрғындарға құрама эвакопункттердің орналасқан жері, бұл пункттерге келу уақыты, эвакуация жаяу жету маршруттары, сонымен бірге жергілікті жағдайға, күтілген апатты жағдайдың көлеміне, оны хабарлап үйретуге байланысты өзге де мағлұматтар хабарланады.
Уақыт жергілікті болса тұрғындар қауіпті аудандардан дүние-мүліктерімен бірге көшіріледі.
Эвакуация су басып кететін аймақтан тыс елді мекендерге жасалады. Көшірілген халық қоғамдық ғимараттар мен жергілікті тұрғындардың үйлеріне орналастырады.
Кәсіпорындар мен мекемелерде су басып кету қаупі төнгенде жұмыс тәртібі өзгереді, кейбір реттерде тоқтатылады да. Су басып кетуі мүмкін болатын аймақтарда мектептер мен балалардың мектепге дейінгі мекемелері жұмыстарын уақытша тоқтатады, мектептер мен балалар мекемелері қауіпсіз жерлерге көшіріледі.
Егер адамдар бірінші қабатта тұратын болса және көшеде судың көтерілгені байқалса, бөлмені тастап шығып, жоғарғы қабаттарға көтерілу қажет, егер үй бір қабатты болса-онда төмендегі орынды (шатырды) пайдалану қажет.
Кенеттен тасқын болса далалықта биіктеу жерге немесе ағашқа шығыңыз, судан алып шыға алатын (жүзгенде) әр түрлі нәрселерді пайдаланыңыз.
Үйден кетерде өзіңмен бірге құжаттарды, бағалы заттарды, бірінші қажеттегі заттарды және 2-3 тәулікке жететіндей жеткілікті азық-түлік қорын алу ұсынылады.
Өзіңмен бірге алып кете алмайтын және су тиеді деген заттарды жоғарғы қабаттарға, шатырға шығарып кеткен жөн.
Пәтерден шығардың алдында жарық пен газды, пешті сөндіріп, есік терезені және т.б. адам кіретін жерлерді мұқият жабу керек.
Су кеткен адамдарды іздестіру дереу жүргізіліп ұйымдастырылады, ол үшін азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметінің әскери бөлімдерінің судан құтқару құрамалары және тағы басқа қолда бар құрал-жабдықтар пайдаланылады, сабырлылық көрсету, құтқарушылардың талаптарын қатал сақтау қажет. Құтқару құралдарына ( катерлерге, қайықтарға, салдарға, т.б.) артық адам мінуге болмайды, мұның өзі құтқарылатындардың да, құтқарушылардың да өміріне қауіп төндіреді, бірінші кезекте балаларға, науқастарға көмек көрсетілетіндігін есте сақтау жөн.
Суға түсіп кетсеңіз сыртқы киімдеріңіз бен аяқ киіміңізді шешіңіз, жақын маңдағы қалқып жүрген заттарды пайдаланып, көмекті күтіңіз, судан шығу үшін ағыстың жанынан қарсы жүзіңіз.
Суға батып жүрген адамға артқы жағынан жүзіп келіңіз, ал жел болса толқын мен желге қарсы жүзіңіз.
Су тасқынының салдары
Су тасқыны үлкен көлемдегі аймақтың жылдам су басуына әкеліп соғады; адамдар және жануарлар жарақат алып, қаза табады; ғимараттар мен үймереттер, коммуналдық тұрмыстық нысандар, жолдар, көпірлер, электр және байланыс желілері бұзылады немесе зақымданады.Суға химиялық және жарылыс қауіпті заттар (мұнай өнімдері, тыңайтқыштар,улы химикаттар) түседі. Топырақ жамылғысының өнім беретін қабаты шайылып кетеді; ауыл шаруашылық өнімдері жойылады; жергілікті рельеф өзгереді, шикізат, отын, азық-түлік, жем-шөп қорлары жойылады
Немесе залалданады. Су тасқыны опырылмалардың, шөккіндердің, сырғымалардың пайда болуына және селдің басуына әкеліп соғады.Эпидемиялық аурулардың туындау себебі де болуы мүмкін.Су тасқынының масштабы және салдары келесілерге тәуелді: су тасқынының ұзақтығына, жергілікті рельефке, жыл мезгіліне, ауа-райына, топырақ жамылғысының сипаттамасы, судың көтерілу биіктігіне, су ағысының жылдамдығына, су ағысының құрамына, тұрғындар мен құрылыс нысандарының тығыздық дәрежесіне, гидротехникалық үймереттердің күйіне, болжамның нақтылығына және су басқан аудандарда іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізу жеделдігіне.
Су тасқынына қалай дайындық шаралары.
Су тасқынына қалай дайындалу керек
Егер де Сіздің аумағыңыз су тасқынынан жиі зардап шексе, су басу мүмкін жерлердің шекарасын, сондай-ақ тұрғылықты жеріңізге жақын тұрған дөңестеу сирек су басатын жерлерді, оған баратын ең қысқа жолды зерделеп, еске сақтаңыз.
Отбасы мүшелерін ұйымдасқан және жекелей көшіру кезінде әрекет ету, сонымен қатар кенеттен және буырқанып келе жатқан су тасқыны кезіндегі ережелерімен таныстырыңыз. Қайықтар, салдарды және оларды жасау үшін құрылыс матеиалдарын сақтау орындарын еске сақтаңыз. Көшіру кезінде алып шығатын құжаттар, мүлік және дәрі-дәрмектердің тізімін алдын-ала жасап қойыңыз. Арнайы чемодан немесе рюкзакқа құндылықтарды, қажетті жылы затарды, азық-түлік қорын, су және дәрі-дәрмекті салыңыз.
Су тасқыны кезінде қалай әрекет ету керек
Су тасқыны қаупі және көшіру туралы дабылды алғаннан кейін күттірместен, белгіленген тәртіп бойынша өзімен бірге қажетті заттар мен бұзылмайтын азық-түліктің екі күндік қорын алып апаттық су басуы ықтимал қауіпті аумақтан белгіленген қауіпсіз аумаққа немесе дөңестеу жерлерге барыңыз (шығыңыз). Көшіру пунктіне жеткеннен кейін тіркеліңіз.