Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2015 в 20:28, реферат
Тарихи жадыға тиесілі адамзат тарихының өн бойына көз жүгіртер болсақ, онда діндарлықтың адамзат тарихын басынан аяғына дейін толық қамтып жатқандығын көреміз. Қаншама рет діннің ақыры келді деген сөз айтылса да ол қазірдің өзінде әлемдік өмірдің негізгі қалыптастырушы факторларының бірі болып табылады. Діннің халықтар өміріндегі алатын орнының зорлығы соншалықты діндердің негізін түсінбей жатып сол діндерді ұстанатын халықтардың мәдениеті туралы толық көзқарас қалыптастыру мүмкін емес. Дінді сипаттау оңай жұмыс емес.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігі
Оңтүстік Қазақстан
Мемлекеттік Фармацевтика
БАЯНДАМА
Тақырыбы: Дін және ғылым
Тобы: 203 ФК «Б»
Қабылдаған: Байқабулов Қ.С
Дін жайлы түсінік
Тарихи жадыға тиесілі адамзат тарихының өн бойына көз жүгіртер болсақ, онда діндарлықтың адамзат тарихын басынан аяғына дейін толық қамтып жатқандығын көреміз. Қаншама рет діннің ақыры келді деген сөз айтылса да ол қазірдің өзінде әлемдік өмірдің негізгі қалыптастырушы факторларының бірі болып табылады. Діннің халықтар өміріндегі алатын орнының зорлығы соншалықты діндердің негізін түсінбей жатып сол діндерді ұстанатын халықтардың мәдениеті туралы толық көзқарас қалыптастыру мүмкін емес. Дінді сипаттау оңай жұмыс емес. Біздің ойымызша, діннің анықтауыш қызметі оның әлеуметтілікті қалыптастыруында, яғни адамдар қарым-қатынасын реттеуде болса керек. Өйткені тіпті «религия», сөзінің этимологиялық бастапқы мәнінің өзі де «біріктіру», «байланыстыру», «қатынасты қалыптастыру» дегенді білдіреді. Дін адамдардың бірлестігін және ұйымдастығын қалыптастырушы идеологиялық механизм. Діннің мазмұны әлеуметтік мәні бар негізгі құндылықтарды қасиетті деп танудан тұрады.
Мәдениеттегі діннің рөлін әрбір мәдениеттің жүйе құрастырушы факторы деп анықтауға болады.
Дін — қоғамдық құбылыстардың ішіндегі ең
күрделісі. Діннің мән-мағынасын қаншама
ғұламалар ашып көрсетуге талпынған болатын.
Дін жөнінде жазылған мақалалар, ғылыми еңбектер саны некен-саяқ. Дегенмен «діннің
бастауы мен тұңғиық терең мәні ел көзінен
тасада қалып қойды» . Қорқыныш-үрей де,
сүйіспеншілік те, ата-бабаларды қастерлеу
де және т.е.с. да діни сенімнің өз алдына
жеке тұрған бастауы бола алмасы анық.
Дінге нақты және бір мағыналы анықтама
берем деу өте қиын. Егер «религия» — (дін)
терминіне келер болсақ, латын тілінен
дәлме-дәл аударғанда «байлау», «екінші
қайта оралу» дегенді білдіретін көрінеді.Цицерон шығармаларынд
Адам ұжымдары қақтыгыссыз сүре алмайды. Адамдардың алғашқы бірлестіктері зорлық-зомбылықсыз, «бәрінің бәріне соғысынсыз» (Т. Гоббс) болып көрген де емес. Бастарын біріктіре тұра, бір-бірімен қауымдаса тұра адамдар бөлінісіп, ыдырасып та үлгереді. Мұндай қиын-қыстау кезеңде адамдардың жағымсыз қасиеттерін — қанды жауыздық «құмарлығын» өзіндік бір жолға салып, оның қарқынын басатын бірден-бір құрал ретінде құрбан шалу қарастырылады. Яғни діннің бір негізгі көрінісі болып табылатын құрбан шалу әрекеті қоғамды дезинтеграция, бытыраңқылықтан сақтайтын механизм болып табылды. Сол сияқты діннің өзінің бойынан да осы қасиеггі кездестіреміз, яғни дін де адамдар арасындағы қиратушы зорлық-зомбылық құштеріне кері әрекет етіп, әлемге тыныштық, келісім, жақсылық әкелуді мақсат тұтады.
Адамдар бүкіл адамзат тарихы барысында өмірден тұрақтылық, өзгерместі
Дін адам жан-дүниесінің талап-талпыныстары мен арман-мақсаттарының тоғысу нүктесі бейнесінде адам өмірінің толыққандылығын танытатын категория ретінде де қарастырылады.Дін деп адамдардың қасиетті байланысты іздеу және табу барысыңда қол жеткізетін бірлестігінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін методологиялық механизмді атайды. Діннің негізінде рәсім тұр. Рәсім деп жеке тұлғаның әлеуметтік ісәрекетін қатал қадағалаушы ережелер жиынтығын айтады. Өкімет пен азаматтық қоғам институттары пайда болмай тұрыпақ рәсім адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеп, қоғамдық тәртіпті сақтауға болысқан.Дамыған діндердің ортақ мүддесі — қақтығыссыз, кикілжіңсіз өмір сүру. Бір құдайға табынушы діндердің алғашқысы — иудаизмнің өзінде қауымдастар арасындағы жанжалды бүкіл көпшілік алдында ортақтаса шешу принципі қабыл алынған болатын. Діни бірлестік бұл жерде қауым арасында үйлесімді тіршілік етуді көздейтін және бейбіт-тыныш өмір сүрудің кепілдііі бола алатын дәрежеде көрсетілген. «Дін — бейбіт өмірдің субстанциясы. Дін арқылы көпшілік арасында кең танымал бейбітсүйгіштік идеясы тарайды» .Жалпы қандай да болмасын қауымның тұрақты әрі үзіліссіз, ұдайы дамуының және қызмет етуінің түпкі себебі сол қауым мүшелерінің әлеуметке лайық, мақсат-мүделлі іс-әрекетіне көп байланысты екендігі кімге де болса түсінікті нәрсе. Адамның жалған өмірінің шеңберінен тысқары орналасқан қандай да бір түпнегіздер табу — діннің болмыс етуінің алғы шарты. Қоғамдағы адамның алдында көптеген өмірлік маңызы бар сұрақтар туары рас, ал енді оның шешімін құдайға деген сенімсіз, дінсіз табу қиынға соғады, әлде тіпті де мүмкін емес деуге болады. Ол мәселелер мәңгілік мәселелер және де ол адам болмыс-бітімінің айрықша ерекшелігін құрастырады да. Сондықтан да діннің қай кезеңінде болмасын, қандай қоғам типінде болмасын алар рөлі ерекше.
Дін мен ғылым.Олардың бір-бірімен байланысы
Тарихтан әлемге белгілі ақиқат: Орта ғасырларда араб елдері мен Ислам діні тараған басқа да аймақтарда философия, медицина, эстетика, математика, астрономия тәрізді көптеген ғылым салалары қауырт дамыды. Көп ұзамай бұл құбылыс «Ислам Ренесансы» деген атауға ие болды. Өйтпегенде ше, тіпті Омейя әулеті халифатында Ғылым үйі жұмыс істеді, мұнда ғалымдар ежелгі грек ғылымының барлық жетістіктерін араб тіліне аударып, ғылымның ерекше түрі «фәлсафа» қалыптасты, Еуропада бұл дәстүрді кейін схоластар дамыта бастады. Осынау орта ғасырларда ғылымның ерекше дамуына Шығыстың, араб елдерінің, оның ішінде Орта Азия ғалымдары әл-Фарабидің, Әбу Әли ибн Синаның, Әбу Рушдтың, Бирунидің, Махмұт Қашқаридың, Жүйнекидің және тағы да басқа ғұламалардың сіңірген еңбегі өте айрықша. Қазақтың Отырар жерінде дүниеге келген Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед Тархан ибн Узлаг әл – Фарабидің жалғыз өзі 128-дей ғылыми еңбек жазды. Сол дәуірдегі ғалым-дардың қай-қайсы да Жаратқан Иеміздің құді-реті күштілігін мойындады. Әл – Фарабидің аспан денелері, дүниенің пайда болуы туралы еңбектерінде Аллаһ Тағала үнемі бірінші орында тұр. Ол өзінің «Азаматтық саясат» деген трактатында: «Бірінші (Тұлға) жөнінде – бұл Құдіретті Алла деп сену керек» деп жазады.
ҮІІІ – ІХ ғасырда АронРашид әл Мамун ғылымының ірі өкілдерінің бірі – Мұхаммед Хорезми тіпті, Бағдатқа шақырылып, сондағы «Даналық үйінің» қайраткері атанып, «Китаб әл – Мұхтасар» деген кітап жазып, бұл шығарма ХІІ ғасырда Еуропа халықтарының тілдеріне аударылды. Хорезмдік бұл ойшыл үнділердің, парсылар мен римдіктердің математикадағы күрделібелгілерінің орнына сан белгілерін ойлап тауып, алгебраның негізін қалады және Евклид пен Птоломей ілімдерін одан әрі дамытты. Хорезмидің «Астрономиялық кестесі» теңдесі жоқ еңбек болды. Осы Мұхаммед Хорезмидің арқасында кезінде Бағдатқа Мұхаммед әл-Ферғани, Ахмед әл-Марвази және жұлдыздар туралы ілімнің негізін жасаушы Аббас әл-Жауһарилар келді.
ХІІІ ғасырда Ислам ғылымының көптеген салалары латын тіліне аударылып, Батыс Еуропа елдеріне тарады. Олардың ішінде әл-Фарабидің ғылыми еңбектері, музыка, фи-лософия, оптика, геометрия, астрономия, медицина туралы ілімдері кең тараған еді. Оны таратқаны үшін монах Рожер Бекон шіркеу түрмесінде 14 жыл қамауда отырды. Осы орайда айта кететін бір жағдай, мұсылман емес елдердің көбінде кезінде ғылыммен айна-лысқан адамдар Исламнан басқа діндерде қатты қуғындалды. Мысалы, Италиядан шық-қан философ Джордоно Бруно әлемнің ақыры болмайтынын дәлелдемек болғаны үшін жазаланып, 1600жылы тірідей өртеп жіберілді. Испаниялық философ Липель Сервет қан айналымын зерттегені үшін ХҮІІ ғасырда отқа өртеліп, өлтірілді. Галилео Галилей жердің айналатындығын дәлелдегені үшін көп уақыт бойы түрмеде отырып, жазаланды.
Осындай оқиғаларды еске алып, сарапатай келе доктор Хусейн Хамид Хассан өзінің 1995жылы Новосибирск қала-сындағы баспадан жарық-қа шыққан «Исламдағы ғылыми зерттеулердің бостандығы» атты еңбегінде былай деп жазады: «Құранды зер сала оқыған адам одан бостандыққа, ғылыми ізденістерге кедергі келтіретін бірде-бір нәрсе таба алмас еді. Керісінше, көптеген аяттардан жерді өңдеу, Алла тағаланың жасаған нәрселерінің бә-рін адам игілігі үшін зерттеуге мүмкіндіктер берілгендігін кездестіреді. Тарихта ешқашанда Ислам мемлекеттерінде ғалымдардың еркін ойлауына кедергі болу, зерттеу мен жаңа нәрселерді ойлап табуларына тиым салатын жайттар болған емес. Керісінше, ондай адамдарға материалдық жағынан сый-сияпаттар көрсетіліп, қоғамдық ортада мәртебелерін көтеріп отырды. Ал бұл кезде Еуропада қиянат белең алып, шіркеу ғалым-дардың ашқан жаңалықтарын құдайға қарсылық деп бағалап, олардың көзін жойып отырды».Мұсылмандар арасында ғұламалардың қуғынға ұшырағандары болған да шығар. Алайда, Ислам дінінде ғұламаларды жазалау мәселесі жоқ, керісінше, біздің қасиетті дінімізде ғалымдар пайғамбарымыздан кейінгі Алла тағала ісін алға апарушылар ретінде бағаланып, оларға құрмет көрсетілді. Мұсылман елдерінде кейбір ғалымдар қуғындалса, бұл Ислам дінінің үкімімен болған іс емес, ол сол елдің билеушілері тарапынан болған адами үкім ғана.Өз заманында Әбу Райхан Бируни Құран Кәрімде айтылған су тасқынына байланысты көптеген зерттеулер жүргізсе, ағылшын археологы Леонард Ч. Вулли (1880-1960) қазба жұмыстары арқылы бұл жойқын су тасқынының болғанын дәлелдеді. Атақты саяхатшы-теңізшілер, ХҮ-ХҮІ ғасырларда өмір сүрген Христофор Колумб пен Васко до Гама Ислам ғалымдарының ғылыми еңбектерін пайдаланып,жер шарын аралады. Орыстың ұлы жазушысы Лев Толстой Құран Кәріммен терең танысқаннан кейін Ислам дінін мойындап, «Мені Мұхаммедтің үмметі деп есептеулеріңді өтінемін», - деді, Карл Маркстің өзі Құранды араб тілінде оқып, оның ұлылығы мен тәрбиелік мәнін өте жоғары бағалады, немістің атақты ақыны Гёте: «Егер Ислам Аллаһқа мойынсұну болса, біз бәріміз Исламда өмір сүріп, Исламда өлеміз», - деп жазып кетті. Ислам дінінің осындай ғылым, білім, руханияттағы маңызы Кеңес дәуірінде дұрыс бағаланбады, ол қоғамда Ислам ғалымдарының ірі ғылыми жаңалықтары мен жетістіктерін тек материалистік жағынан ғана жақтау орын алып, дінге қатысты жақтары жасырылып, қайта оны дінге қарсы қоюға бағыт ұсталды. Сол бір атейстік идеологияның зардаптары енді – енді ғана жойылуда.
Қазір өркениетті елдердің ғалымдары «дін-адамның таным – түйсігінің дүние мен жаратылысқа деген көзқарасын айқындайтын аса күрделі де маңызды әлеуметтік – мәдени институт, ерекше қоғамдық сана», - деген пікірлер айтуда. Ал енді Ислам философиясының түсіндіруінше: «Дін дегеніміз - әлемді байланыстыратын күш Алланың барлығына сенім. Бүкіл әлемді және адамды жаратушы ие – Жалғыз Алла адам баласының жүрегін өзіне ұштастыра жаратады, яғни Жаратушының барына сеніп, оның ажырамас бөлшегі екенін әркім өз жүрегі арқылы сезінуге тиіс. Діннің басты мақсаты – адамның рухани жетілуі». Ал, Ислам дінінің қасиетті кітабы – Құран Кәрім барлық ғылымның қайнар көзі, адамды рухани кемелділікке жеткізетін Аллаһ сөзі. Белгілі бір діннің мәнімен мағынасын түсіндіруге, уағыздауға арналған кітаптар мен шығармаларды – діни әдебиет-тер деп атайтыны белгілі. Ислам дініндегі ең басты діни әдебиет – Аллаһ Тағаланың Жәбірейіл періште арқылы сүйікті пайғамбары Мұхаммедке (с.ғ.с.) бөлік-бөлігімен көктен түсіріп отырған 114 сүреден құралатын қасиетті Құран Кәрім. Кейін оған Құран Кәрімнің мәнін қосымша түсіндіріп, мұсылмандарға бағыт-бағдар беретін ережелер мен шешімдер қосылды. Олар: хадис, иджма, қияс деп аталады.
Құран Кәрім
– адамзатты қараңғылықтан