Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2015 в 20:28, реферат
Тарихи жадыға тиесілі адамзат тарихының өн бойына көз жүгіртер болсақ, онда діндарлықтың адамзат тарихын басынан аяғына дейін толық қамтып жатқандығын көреміз. Қаншама рет діннің ақыры келді деген сөз айтылса да ол қазірдің өзінде әлемдік өмірдің негізгі қалыптастырушы факторларының бірі болып табылады. Діннің халықтар өміріндегі алатын орнының зорлығы соншалықты діндердің негізін түсінбей жатып сол діндерді ұстанатын халықтардың мәдениеті туралы толық көзқарас қалыптастыру мүмкін емес. Дінді сипаттау оңай жұмыс емес.
Фатиха
сүресінде ай-тылған «
Нейл Армстронг 1969 жылғы 20 шілдеде «Аполлон – ІІ» экипажының астронавтары Андрин, Коллипс, Армстронг Ай планетасына барып қонды. Олардың ішінде экипаж командирі Нейл Армстронг адамзат баласының ішінде ең бірінші Ай топырағына аяқ басып, «Бүркіт айға қонды» деген атпен тарихта аты қалды.
Осы астронавтар жерден көтерілгенде парақтары ортасынан ашылған кітапқа ұқсас денені көрсе, ертеңіне ерекше бір дауысты естиді. Нейл Армстронг айға аяқ басқанда жаңағы дауысты тағы да естіп, қайран қалады. Ол дауыс «Рабби-әл арду-дини еһдаху-иза күн әлим» деген сөздің жалғасымен бітіп, мынандай сөздермен бірнеше рет қайталанады: «Әмһәду әл-лә иләһә илла Аллаһ». Бұл дауыстардың бәрі магнитті таспаға жазып алынады.Олар жерге оралысымен магнитті таспаға жазып алынған әлгі дауыс тыңдалып, оның жұмбағын шешпек болып, бірнеше қалаға барады. Осы мақсатпен Нейл Армстронг Мысыр астанасы Каирге келгенінде айда естілген дауысты көшеде естіп, қатты таң қалып, оның нендей музыка екенін сұрағанында мысырлықтар оның азан дауысы екенін айтады. Кейін үлкен конференцияда Нейл Армстронг сөз сөйлеп, онда былай дейді:
- Мен ғарышқа Бисмиллаһисіз шығыппын. Бисмиллаһиді қазір айтып жүрмін. Айда азан дауысын естігенім ғылыми дәлелденген ақиқат. Енді мен мұсылмандарданмын.
Иә, Аллаһ Тағаланың құдіретінде шек жоқ. Нейл Армстронгтың айда азан дауысын естігеніне ұлық Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.)мына бір хадисі нақты куә: «Сіздер азан шақырсаңыздар Аллаһ рахмет қылып жеті қат аспан есіктері ашылып, азан дауысы Аллаһтың хұзырына ашық тоқтаусыз жетіп тұрады».
Құран және ғылым
Адам баласы үшін шынайы өмірдің мәні ғылым – білімді игеруде жатыр. Ал, өзінің үйренген нәрсесін басқаларға үйретуден қол үзгендер –тіршілік етіп жүрсе де жансыз өлікке тең. Неге десеңіз, адамның жаратылыс мақсаты –көріп-білу, үйренгенін басқаларға үйрету. Ғылым –тура жолға салатын маңызды құрал, әсіресе ол уахиге (Аллаһ Тағала тарапынан жіберілген хабар) сүйеніп одан нәр алса, онда оның таным шеңбері жер мен көктен де кеңейіп, мүлде ерекше маңызға ие болады.Атақты ғалым, физик Паскаль тылсым ақиқаттарды егжей-тегжейлі зерттеп, телескоп арқылы жарық жылдамдығымен триллион жылдық қашықтықты көргенде көз шарасы жасқа толып, тізе бүгіп тағзым еткен күйі «Иә, Аллаһ Тағалам, сен не деген ұлығсың!» деп дауыстап жіберген екен. ХІХ ғасырдың және бір неміс ойшылы Пренс Отто Вон Бисмарк: «Ей, Мұхаммед . . . Мұғалімі болып үйреніп, өзің таратқан мына кітап сенікі емес. Ол Құдайдікі. Бұл кітаптың Аллаһтан екенін мойындамау - жаратылыс тану ғылымдарын түгелдей жоққа шығарғандай күлкілі нәрсе» - дейді.Түсініп отырсыз ба? «...бұл кітапты Аллаһтан екенін мойындамау, жаратылыс тану ғылымдарын түгелдей жоққа шығарғандай күлкілі »
Хазіреті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадисінде: «Ілім жолындағы жанның өлуі - шейт» дейді.Иә, Құран бұдан 14 ғасыр бұрын түскен. Дегенмен ол «мәләй- аладан», яғни, кеше мен бүгінді, оған қоса ертеңді тегіс құдірет уысында ұстап тәспі тастарындай ойнатқан, жүйелерді басқарып, жүрек соғысымызға дейін мүлтіксіз біліп тұрған Аллаһ Тағаланың ежелгі және мәңгілік (әзәли,әбәди) ілімінен келген.Мектеп-медресе көрмеген, хат танымаған «умми» адамның жеке тұлға, отбасы, қоғам, экономика, құқық, биология, физика, астрономия, медицина, экология, метеорология, әдебиет, өнер, мәдениет т.б. күллі жаратылыстың барлық болмысын түгелдей қамтыған біртұтас нұқсансыз жүйе жасап шығуы мүмкін бе?Демек, Артур Беллегри айтпақшы: «Мұхаммед жеткізген Құран – Аллаһ тағаланың өз сөзі».Құран туралы том-томдап кітаптар жазылды, Батыс ғалымдары жаңалықты қасиетті Құраннан іздеуде. Ал, бізде ше ол ғылым үшін ертегі, әпсана, ғалымдар үшін өткеннің тарихи жазбасы болып қала беруде.Өз заманында Әбу Райхан Бируни Құран Кәрімде айтылған су тасқынына байланысты көптеген зерттеулер жүргізсе, ағылшын археологы Леонард Ч. Вулли (1880-1960) қазба жұмыстары арқылы бұл жойқын су тасқынының болғанын дәлелдеді. Атақты саяхатшы-теңізшілер, ХҮ-ХҮІ ғасырларда өмір сүрген Христофор Колумб пен Васко до Гама Ислам ғалымдарының ғылыми еңбектерін пайдаланып, жер шарын аралады. Орыстың ұлы жазушысы Лев Толстой Құран Кәріммен терең танысқаннан кейін Ислам дінін мойындап, «Мені Мұхаммедтің үмметі деп есептеулеріңді өтінемін», - деді, Карл Маркстің өзі Құранды араб тілінде оқып, оның ұлылығы мен тәрбиелік мәнін өте жоғары бағалады, немістің атақты ақыны Гёте: «Егер Ислам Аллаһқа мойынсұну болса, біз бәріміз Исламда өмір сүріп, Исламда өлеміз», - деп жазып кетті.Бірақ, осы жазған мақаламда қасиетті Құран Кәрім оны адамзатқа жеткізуші Аллаһ елшісіне (с.ғ.с.) мақтау айта отырып, уақыт озған сайын жасарып келе жатқан Құран Кәрім мұғжизаларының өмірдегі көріністерінен бірнеше мысал келтіруді жөн көремін:
-«Адамдардың қолымен жасағаны әрі істеген тірліктері кесірінен құрлық пен теңізде бүлік пайда болды» (Рун сүресі. 30-41 аят).
Осы аятқа дәлме дәл келетін мысалдар өте көп екен. Мысалы:- Осыдан екі үш ғасыр бұрын эмигранттар Австралияға тұңғыш рет кемеге тиеп сиырлар апарады. Аз уақытта сиырлардың тезегі бүкіл жайылымды былғап, қойлар, сиырлар шөп жей алмайтын күйге ұшырайды. Оның үстіне кең алқап тезектен көрінбегендіктен шыбын-шіркей атаулының қыз-қыз қайнаған нағыз отанына айналады. Осыдан экологиялық әрі экономикалық проблема туып, жыл сайын екі млн.гектар құнарсызданып, жасыл өлке жұтаң тарта бастаған екен. Бұл тығырықтан шығар жол іздеген экологтар Австралияға Африкадан сасық қоңыз әкеледі. Бір пілдің тезегін небары 7-ақ сағат ішінде сыпырып – сиырып жоқ қылатын сасық қоңыздарға сиыр тезегі бұйым құрлы болмады. Осылайша аз ғана уақыт ішінде Австралияда экологиялық тепе-теңдік қайта қалпына келеді.Тағы бір қызық мысал 50-жылдары Қытайдың бір экономист ғалымы сұр торғайларды қыру арқылы пәлен миллион тонна артық егін жинаймыз деп «жаңалық» ашады. Тұрғын халықты бір кісідей қолда бар затты қаңғырлатып торғай біткенді үркітіп барынша қондыртпауға, аспанда қанатын талдыруға жұмылдырады. Қанаты талып құлаған торғайларды жаппай қырып салады. Нәтижеде, күзде сол өлке түйір астықсыз аш қалыпты. Сөйтсе, егінді құрт-құмырсқа тып-типыл ғып кетсе керек. Ақыры қытайлар көрші елдерден торғай сатып алуға мәжбүр болған екен.
Адамдар көпке дейін сәбидің жынысы аналық клеткалар тарапынан айқындалады деп есептеп келген. Алайда, жетінші ғасырда түскен Құран Кәрімде бұл мәселе туралы басқаша мағлұмат беріліп, сәбидің жынысы құрсаққа құйылған аталық сперматозойттан жаратыланы айтылады: «Аллаһ Тағала ер мен әйел жұбын тамызылған бір тамшы шәуеттен жаратты» (Нәжім сүресі (45-46)Құранда баяндалған бұл деректің растығы генетикамен микробиология ғылымдарының дамуы нәтижесінде дәлелденіп отыр. Жыныс еркектен келетін аталық клетка тарапынан айқындалады. Ал әйел ағзасы бұл жерде ешқандай рөл ойнамайды.Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) әр кез қан алдырып, хадистерінде қан алдырудың пайдасын ескерткені тегін емес. Қан беру кезінде дененің қорғаныс қызметі артады, зат алмасу күшейеді. Бұлар қан берушінің өзін жақсы сезінуіне жағдай жасайды.Бұхариде Абу Хурайрадан риуаят етілген хадисте: «Күнжіт- өлімнен басқа әр дертке дауа» -екендігі айтылған. Ауырған, әсіресе сырқаттан айығып келе жатқан уақытта протейіннің мол болғаны маңызды. Сондай-ақ, нәрлі тағамдар мен дәрумендер де адамның тез сауығып кетуіне көмектеседі. Дәрігерлер сырқат кісілерге әлбетте осыларды қолдануға кеңес береді. Өйткені олар ауырған адамның күш қуатын қалпына келтіреді әрі тағамды тез сіңіруге көмектеседі. Ғылыми зерттеулер осы ерекшеліктердің барлығы күнжітте кездесетінін анықтаған.Ислам дінінде отыз күндік парыз ораза бар екендігі бәірімізге белгілі. Оған қосымша Мұхаммед (с.ғ.с.) әр айдың 14, 15,16-сы күндері сондай-ақ әр аптаның дүйсенбі, бейсенбі күндері жиі-жиі үзбей нәпіл ораза ұстаған. Ал, ашығу, ораза ұстаудың денені тазалау мен емдік қана емес, рухани тазару, сана-сезімді дамыту тұрғысынан қаншалықты пайдасы бары туралы бұл жерде айтпай-ақ қояйық.Құранда «ара» мағынасы беретін «Нахыл» сүресінің 68-69 аяттарында бал аралары жайында:
«Раббың бұл бал арасына шабыт берді: таулардын ағаштардан, адамдардың құрған омарталарынан өздеріңе үй жасаңдар. Сосын жемістердің барлығын же де, Раббыңның саған тән еткен жайылым жолдарына шық. Олардың қарнынан түрлі-түсті бал шығад, онда адамдар үшін шипа бар. Ойлаған қауым үшін мұнда бір дәлел бар екені күмәнсіз»- деп түсіндіріледі. Бүгінде ғылым: «Ең жетілген компьютер секундына 16 миллиард операцияны орындаса, бір араның миы секундына 10 триллион операция жасай алады. 500 грамм бал үшін 900 ара бір күн жұмыс істесе, бір ара 25 минутта 50 гүл, 450 грамм бал үшін 17 мың ара он млн. гүлге қонады. Ханша аралардың барлығын бақылай алатын радар жүйесі болады. Бөтен ара омартаға кіргісі келсе ханша ара радар жүйесі арқылы мұны байқап, дереу басқа араларға ескертіп, барлығы бірден 50 градустық ыстықтың жүйесін орнатып, ол араны өлтіреді екен», дейді.Иә, ғылым дамыған сайын Құран жасара бермек.
Құранның көптеген аяттарында адам баласының дүниеге қалай келетіні Аллаһтың құдыретімен ана құрсағында жатып қандай даму кезеңдерінен өтетіні туралы көп айтылады. («Муминун» сүресі (12-14-ат. т.б.) Осы аяттардағы шындықтар ХХ ғасырда ғылым мен технологияның шарықтау шегінде ғана айқындалғаны – адамды Құранға және оны түсіндіруші Аллаһқа жақындата түспеуі мүмкін емес.Осы тақырыпта айтылар сөздің салмағын бұл шағын мақала көтермейді. Адамның ауаның ағыстары бұлттардың қоюлануы, күн күркіреп, найзағайдың пайда болуы жаңбыр жаууы, жерде дәннің өсуі, күндіз бен түн, аспан-галактика-кеңеюі, бұлардың белгілі бір осьте айналуы, жер бетіндегі жұптар, теңіз бен мұхит құпиялары, бал арасы мен құмырсқаның таңғажайып әлемі, құстардың қалай ұшатындығы, жануардың желініндегі сүт, адамның құрсақта пайда болуы, даму сатылары т.б. айтып тауысқысыз мың сан мәселелерді өзіне тән ерекше стиль арқылы өте көркем, әрі ғажап түрде баяндаған.Құранға терең үңіліп қарар болсақ ондағы мәліметтердің маңыздылығын, ескірмейтіндігін көреміз, бұған қоса әрдайым ғылым салалары әбден дамығанда ғана анықталатын ең соңғы межені көздегенін байқаймыз.
Ғылым – бақытты болатындығымызға
кепілдік беріп, бізді адамдықтың шыңына
ғана бастаса пайдалы екендігі ал, адам
баласына үрей туғызып, қорқынышты түс
ұялататын ғылым мен технология адамзаттың
шынайы даму жолына кедергі келтіретін
қараңғылық қана екені белгілі.Сондықтан
да, кемеңгер А.Энштейн: «дінсіз ғылым
– соқыр, ғылымсыз дін - ақсақ» екенін
дәлдесе, қазақ ақыны М.Мақатаев: «дін
– ғылымының анасы» деп жырлап – Ұлы Абай
атамызӘуелі Аят, Хадис - сөздің басы
Қосарлап бәйтсымал келді арасы.Қисынымен
қызықты болмаса сөз неге айтқан Пайғамбар
мен оны Алласы - деп сөздің басы Аят, Хадис
екенін оның қисынын (логикасын яғни ғылыми
мәнін) уағыздап:Алланың өзі де рас,
Сөзі де рас Рас сөз ешқашанда жалған болмас!-депті.Баршамызға
Раббым сол расты толық түйсінуге нәсіп
етсін! Әмин!
Тарихтан әлемге белгілі ақиқат: Орта ғасырларда араб елдері мен Ислам діні тараған басқа да аймақтарда философия, медицина, эстетика, математика, астрономия тәрізді көптеген ғылым салалары қауырт дамыды. Көп ұзамай бұл құбылыс «Ислам Ренесансы» деген атауға ие болды. Өйтпегенде ше, тіпті Омейя әулеті халифатында Ғылым үйі жұмыс істеді, мұнда ғалымдар ежелгі грек ғылымының барлық жетістіктерін араб тіліне аударып, ғылымның ерекше түрі «фәлсафа» қалыптасты, Еуропада бұл дәстүрді кейін схоластар дамыта бастады. ХІІІ ғасырда Ислам ғылымының көптеген салалары латын тіліне аударылып, Батыс Еуропа елдеріне тарады, мұсылман емес елдердің көбінде кезінде ғылыммен айналысқан адамдар Исламнан басқа діндерде қатты қуғындалды. Осындай оқиғаларды еске алып, сараптай келе доктор Хусейн Хамид Хассан өзінің 1995жылы Новосибирск қаласындағы баспадан жарыққа шыққан «Исламдағы ғылыми зерттеулердің бостандығы» атты еңбегінде былай деп жазады: «Құранды зер сала оқыған адам одан бостандыққа, ғылыми ізденістерге кедергі келтіретін бірде-бір нәрсе таба алмас еді. Керісінше, көптеген аяттардан жерді өңдеу, Алла тағаланың жасаған нәрселерінің бәрін адам игілігі үшін зерттеуге мүмкіндіктер берілгендігін кездестіреді. Тарихта ешқашанда Ислам мемлекеттерінде ғалымдардың еркін ойлауына кедергі болу, зерттеу мен жаңа нәрселерді ойлап табуларына тиым салатын жайттар болған емес. Керісінше, ондай адамдарға материалдық жағынан сый-сияпаттар көрсетіліп, қоғамдық ортада мәртебелерін көтеріп отырды. Ал бұл кезде Еуропада қиянат белең алып, шіркеу ғалымдардың ашқан жаңалықтарын құдайға қарсылық деп бағалап, олардың көзін жойып отырды». Ислам дінінің осындай ғылым, білім, руханияттағы маңызы Кеңес дәуірінде дұрыс бағаланбады, ол қоғамда Ислам ғалымдарының ірі ғылыми жаңалықтары мен жетістіктерін тек материалистік жағынан ғана жақтау орын алып, дінге қатысты жақтары жасырылып, қайта оны дінге қарсы қоюға бағыт ұсталды. Сол бір атейстік идеологияның зардаптары енді – енді ғана жойылуда.Қазір өркениетті елдердің ғалымдары «дін–адамның таным – түйсігінің дүние мен жаратылысқа деген көзқарасын айқындайтын аса күрделі де маңызды әлеуметтік –мәдени институт, ерекше қоғамдық сана»,–деген пікірлер айтуда. Ал енді Ислам философиясының түсіндіруінше: «Дін дегеніміз - әлемді байланыстыратын күш Алланың барлығына сенім.