Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Сентября 2013 в 18:19, лекция
Дiннiң элементтерi мен құрылымы тарих барысында қалыптасып, өзгередi. Алғашқы қауымдық құрылыста дiн салыстырмалы түрде дербес құрылым ретiнде әлi бөлiнiп шықпады. Кейiнiрек, рухани өмiрдiң салыстырмалы түрде дербес саласына айналып, неғұрлым жiктеле түседi, дiннiң элементтерi пайда болып, осы элементтердң байланыстары қалыптасады. Жоғарыда айтылып өткендей, қалыптасқан дiндерде дiни сана, әрекет, қатынастар, институттар және ұйымдар анықталады.
ДIННIҢ ЭЛЕМЕТТЕРI МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
Дiннiң элементтерi мен құрылымы тарих барысында қалыптасып, өзгередi. Алғашқы қауымдық құрылыста дiн салыстырмалы түрде дербес құрылым ретiнде әлi бөлiнiп шықпады. Кейiнiрек, рухани өмiрдiң салыстырмалы түрде дербес саласына айналып, неғұрлым жiктеле түседi, дiннiң элементтерi пайда болып, осы элементтердң байланыстары қалыптасады. Жоғарыда айтылып өткендей, қалыптасқан дiндерде дiни сана, әрекет, қатынастар, институттар және ұйымдар анықталады.
1 Діни сана
Дiни санаға сезiмдiк көрнекiлiк, қиялмен жасалған образдар, шындыққа барабар мазмұнның қиял, сенiм, рәміздiлiк, сұхбаттылық, эмоциялық толықтылық, дiни лексиканың (басқа да арнайы белгiлердiң) көмегiмен қызмет ету тән. Аталған белгiлер тек қана дiни санаға тән емес. Сезiмдiк көрнекiлiк, қиял бейнелерi, эмоциялық өнерге тән, қиялдар мораль, саясат, әлеуметтiк ғылымдарда пайда болады, жалған ұғымдар мен теориялар жаратылыстануда да жасалады және т.б. көрсетiлген қасиеттердiң дiни санада бiр-бiрiмен қалай байланысты екенiн қарастырайық, олардың дiндегi субординациясы қандай.
Діни сенім
Дiни сананың кiрiктiруші күшi дiни сенiм
болып табылады. Соңғысы адамның
психологиясындағы ерекше феноменнiң
арқасында “өмiр сүредi”. Сенiм
– мақсатқа жетуге, оқиғаның болатынына,
адамның алдын ала болжанған
жүрiс-тұрысына, қойылған мақсат жөнiнде
нақты ақпарат жетiспеген жағдайда
идеяның ақиқаттылығына, оқиғаның соңғы
қорытындысына, алдын ала болжанған
жүрiс-тұрысқа, тексерудiң нәтижесiне
сенiмдi болу. Онда қалаған нәрсенi iске
асыруға деген үмiт артылады. Бұл
психологиялық күй табысты
Егер оқиға орындалса немесе
оның мүмкiн екендiгi анықталса, егер
жүрiс-тұрыс iске асырылса немесе оның
iске асатыны байқалса, егер идеяның
ақиқаттылығы немесе жалғандығы дәлелденсе,
онда сенiм өшедi. Сенiм адамдар
үшiн аса маңызды мағынасы бар
процесстер, оқиғалар, идеяларға қатысты
пайда болады және өздiгiнен когнитивтi,
эмоциялық және жiгерлiк сәттердiң
қоспасын бiлдiредi. Сенiм ықтималдық
жағдаятында пайда
Дiни сенiм – бұл: а) гипостаздалған жаратылыстардың, атрибутталған қасиеттер, байланыстар, түр өзгертулердiң объективтiк түрде бар екенiне; б) көрсетiлген жаратылыстарға әсер ете отырып, олармен қарым-қатынасқа түсудiң және олардан көмек алудың мүмкiндiгiне; в) мәтiндерде суреттелген қайсыбiр оқиғалардың шынымен орындалатындығына, олардың қайталанатынына, күтiлген оқиғаның болатынына, оларға қатыстылыққа; г) сәйкес түсiнiктердiң, көзқарастардың, қасаң қағидалардың, мәтiндердiң және т.с.с. ақиқаттылығына; д) дiни беделдiлерге – “әкейлер”, “ұстаздар”, “әулиелер”, “пайғамбарлар”, “харизматиктер”, “бодхисаттвалар”, “архаттар”, “шiркеу иерахтары”, “культ қызметкерлерiне” деген сенiм.
Сенiмнiң мазмұны дiни сананың рәмiздiк қырын танытады. Рәмiз санамен ойдағы мазмұнды объектiлеу, объектiленген затқа (жаратылыс, қасиет, байланыс) бағытталғандық, осы затты белгiлеу әрекетiнiң жасалуын көздейдi. Заттар, әрекеттер, сөздер, мәтiндер дiни мазмұн мен мағынаға ие болады. Бұл мазмұн мен мағыналардың жиынтығы сәйкес сананың қалыптасуы мен қызмет етуiне дiни-рәмiздiк ортаны қалыптастырады.
Сенiммен дiни сананың сұхбаттылығы байланысты. Жаратылыстардың объективтi бар екенiне сенiм олармен қарым-қатынасқа түсу сенiмiн қамтиды, ал мұндай қарым-қатынасқа түсу сұхбатқа әкеледi. Сұхбат құдайға жалбарыну, дұға оқу, медитацияда дыбысталатын немесе iшкi сөздiң көмегiмен жүзеге асады.
Көрнекі образдылық және эмоциялық
Дiни сана сезiмдiк (аңдау, елестету образдары) және ойлау (ұғым, пайымдау, ой қорытынды) формаларында көрiнедi. Соңғыларының маңыздылығы концептуалды деңгейде анағұрлым өсе түседi, жалпы алғанда, сенсорлық құрылымдар басым болады, елестету ерекше үлкен рөлдi ойнайды. Образды материалдың дереккөзi ретiнде табиғат, қоғам, адам қызмет атқарады; сәйкесiнше, дiни жаратылыстар, қасиеттер, байланыстар табиғат, қоғам, адамға ұқсас жасалады. Дiни санада мағына-образдар маңызды, олар елестетуден ұғымға көшудiң өтпелi формасы болып табылады. Дiни сананың мазмұны тәмсiл (притча), әңгiме, миф сияқты әдеби жанрларда жиi көрiнiс табады, бейнелеу, мүсiндеу өнерiнде “кескiнделедi”, әр түрлi заттар, графикалық сызбаларға және т.б. байланады.
Көрнекi образ күйзелiстермен тiкелей
байланысты, бұл дiни сананың күштi
эмоциялық толықтығына жағдай жасайды.
Бұл сананың маңызды
Адамның қорқыныш, махаббат, таңдану, қастерлеу, қуаныш, үмiт, үмiтпен күту, стеникалық және астеникалық, өзгешiлдiк және өзiмшiлдiк, праксикалық және гностикалық, әдептiк және эстетикалық сияқты сан алуан эмоциялары да дiни түсiнiктермен қосыла отырып, сәйкес бағыттылыққа ие бола алады; бұл жағдайда “Құдай алдында қорқыныш”, “Құдайға деген махаббат”, “күнәһарлық, көнбiстiк, табыну сезiмдер”, “құдаймен араласу қуанышы”, “Құдай Ана иконына елжiреу”, “жақынына жаны ашу”, “жаратылған табиғат сұлулығы мен үйлесiмдiлiгiн қастерлеу”, “кереметтi күту”, “о дүниедегi жақсылыққа үмiт” және т.с.с. сезiмдерi бастан өткiзiледi.
Барабар мен барабар еместің бірігуі
Дiни санада барабар бейнелеулер барабар еместермен бiрiккен. Бұл бiрiгуге аксиологиялық тұрғыдан, позитивтi және негативтi бағалау тұрғысынан келудiң ретi жоқ. Адамдар еш уақытта қиялдардан еркiн болған емес, адасусыз ақиқатты тану болған емес, олар “кiнә” болып табылмайды, бұл шарасыздық (әрине, мұнда жаман ниетпен саналы алдау және фальсификация жөнiнде мүлдем сөз болып тұрған жоқ!). Белгiлi бiр тарихи жағдаяттар мен тiршiлiк етудiң кейбiр нүктелерiнде адамдар иллюзияларға мұқтаж болады.
Дiни сана “толығымен жалған” болып
табылады деу жөнсiз: онда дүниеге
барабар мазмұн да бар. Мысалы, христиандықтағы
жаратушы, құдiреттi, барлық игiлiк иесi,
барлық жерде бар Құдай мен
жаратылған, әлсiз, күнәһар, шектеулi адамның
қосарлығы арқылы еркiндiктiң жоқтығы
мен тәуелдiлiк қатынастары
Тілдік көрінісі
Дiни сана дiни лексика, сондай-ақ табиғи
тiлден туындаған басқа да белгiлер
жүйесi – культ заттары, рәмiздiк
әрекеттер және т.б. арқылы өмiр
сүредi, қызмет етедi және қайта шығарылады.
Дiни лексика – бұл табиғи тiлдiң
сөздiк қорынңдiнимаына мен
Тiлдiң арқасында дiни сана практикалық, әрекетшiл, топтық және қоғамдық түрге енедi және осылайша жеке адам үшiн де өмiр сүредi. Ерте кезеңдерiнде тiл ауызша формада болды, дiни сана ауызекi сөйлеу арқылы берiлiп отырды. Жазудың пайда болуы дiни мағыналар мен мәндердi жазба түрiнде де бекiтуге мүмкiндiк туғызды, сакральдi мәтiндер пайда болды. Сөздiң құдiретi, дыбысталған сөздiң әсерлiгi бәрiнен бұрын дiнде көрiнiс бердi. Мысалы, Логос жайындағы жақсы мәлiм христиан iлiмiнде: “Ең басында Сөз болды, және Сөз Құдайда болды, және Сөз деген Құдай едi… Бәрi сол арқылы бола бастады, және бола бастаған нәрсе Онсыз болудан қала бастады” (Ин 1: 1, 3).
Есiмдi бiлудiң және айтудың өзi затқа, адамға, жаратылысқа әсер етедi дегенге сенiм пайда болды. Мұнымен сөздiк магия, сондай-ақ сөздiк табудың пайда болуы байланысты: көптеген тайпаларда толығымен немесе көп жағдайларда көсемдердiң, тотемдердiң, рухтардың, құдайлардың атын тауға тыйым салынды. Мұндай табулар Көне Өсиетте бейнеленген – “Яхве” Құдайының атын атауға тыйым салынған, ол басқа атаумен ауыстырылған, мысалы, “Адонай” (“Менiң Құдайым”) деп айтылып, оқылады.
Сана деңгейлері
Дiни сананың екi деңгейi бар - әдеттегi
және концептуалдық. Әдеттегi дiни сана
адам болмысының тiкелей шағылысы болып
табылатын образдар, елестер, таптаурындар,
нұсқаулар, мистериялар, иллюзиялар, көңiл-күйлерi
мен сезiмдер, елiгулер, үмiттер, ерiк,
әдеттер мен дәстүрлердiң
Концептуалды деңгейдегi дiни сана – концептуалданған сана – бұл ұғымдардың, идеялардың, ұстанымдардың, пайымдаулардың, дәлелдердiң, тұғырнамалардың арнайы жасалған, жүйеленген жиынтығы. Оның құрамына: 1) Құдай (құдайлар), дүние, табиғат, қоғам, адам жөнiнде мамандардың (дiн оқуы, теология, дiни iлiм, сенiм рәмiздерi және т.б.) мақсатты түрде жасаған азды-көптi тәртiпке келтiрiлген iлiмi; 2) экономиканы, саясатты, құқықты, моральды, өнердi дiни дүниетаным ұстанымдарына сай түсiнiктемелеу, яғни дiни-құқықтық, дiни-этикалық, дiни-эстетикалық және басқа да тұғырнамалар (еңбек теологиясы, саяси теология, шiркеулiк құқық, әдептiк дiни ілiм және т.б.); 3) дiни iлiм мен философия тоғысында орналасқан дiни философия (неотомизм, персонализм, христиандық экзистенциализм, христиандық антропология, жалпы тұтастық метафизикасы және т.б.) жатады.
Бiрiктiрушi компонент – бұл дiн
оқуы, дiни iлiм, теология (грек. theos –
құдай, logos – iлiм). Дiни iлiм (теология) дiн
оқуының әр түрлi қырларын баяндайтын
және негiздейтiн бiрқатар пәндерден
тұрады. Теология сакральдi мәтiндерге
негiзделедi және сол бiр мезгiлде
оларды түсiндiрудiң ережелерiн
2 Діни әрекет
Әрекет түрлері
Дiнде сәйкес әрекет өрбидi. Әрекет “қозғалатын”, “тынышсыз” компоненттi бiлдiредi. Дiни индивидтердiң, топтардың, институттардың және ұйымдардың дiни және дiни емес әрекеттерiн ажырата бiлу керек. Дiни емес әрекет дiни салалардан тыс: экономикалық, өндiрiстiк, мамандық (еңбек бөлiнiсiнiң әр түрлi салалары), саяси, мемлекеттiк, көркемдiк, ғылыми салаларда жүзеге асырылады. Дiни емес әрекет дiни әсемделген болуы мүмкiн, оның түрткiлерiнiң бiрi ретiнде дiни түрткi болып табылады. Бiрақ объективтiк мазмұны, пәнi және нәтижелерi бойынша – бұл дiни әрекеттен тыс.
Дiни әрекет қоғамдық әрекет жүйесiнде өзiндiк орынды алады. Дiни әрекеттiң екi негiзгi түрi бар: культтiктен тыс және культтiк. Культтiктен тыс түрi рухани және практикалық салада жүзеге асады. Культтiктен тыс рухани әрекет дiни идеяларды жасаудан, теологияның қасаң қағидаларын жүйелеу мен түсiнiктемелеуден, дiни шығармаларды жасаудан және т.б. құралады. Культтiктен тыс практикалық әрекет түрлерi – дiни культ құралдарын өндiру, миссионерлiк, соборлардың жұмысына қатысу, оқу орындарында (мектептерде, университеттерде, дiни оқу орындарында) дiни пәндердi оқыту, дiни ұйымдар мен институттарда басқару әрекетi, баспа, радио, теледидар арқылы дiни көзқарастарды үгiттеу, жанұя мен басқа да қарым-қатынас топтарында дiни насихат. Әдетте, дiни емес әрекетке азды-көптi дәрежеде культ элементтерi де енетiнiн басып айтқан жөн.
Культ
Дiни әрекеттiң маңызды түрi культ болып табылады (лат. cultus – күтiм, құрметтеу). Оның мазмұны сәйкес дiни түсiнiктермен, идеялармен, қасаң қағидалармен анықталады. Дiни сана культте бәрiнен бұрын культтiк мәтiн түрiнде көрiнедi, культтiк мәтiнге Қасиеттi Жазмыштың, Қасиеттi Әңгiменiң, дұғалардың, псалмалардың, ән айтулардың және т.б. мәтiндерi жатады. Бұл мәтiндердi культтi орындау кезiнде айту культке қатысушылардың санасында дiни образдар мен баяндауларды жандандырады. Мазмұн тұрғысынан қарастырылатын культ “дiни мифтi драмалау” ретiнде сипатталуы мүмкiн. Өнерде (мысалы, театрда) көркемдiк мәтiндi қайта шығару, оның қаншалықты нақты және шебер жасалғанына қарамастан, әрекеттiң шартты түрде жасалып жатқандығын жоймайды. Ал дiни культте мәтiндi драмалау мәтiнде суреттелген оқиғалардың шынымен iске асатынына, бұл оқиғалардың қайталанатынына, дiни кейiпкерлердiң қатысатынына, объективтi деп мойындалатын жаратылыстардан жауап алуға, партиципация немесе олармен кiрiгуге деген сенiммен байланысты.