Діннің элементтері мен құрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Сентября 2013 в 18:19, лекция

Описание работы

Дiннiң элементтерi мен құрылымы тарих барысында қалыптасып, өзгередi. Алғашқы қауымдық құрылыста дiн салыстырмалы түрде дербес құрылым ретiнде әлi бөлiнiп шықпады. Кейiнiрек, рухани өмiрдiң салыстырмалы түрде дербес саласына айналып, неғұрлым жiктеле түседi, дiннiң элементтерi пайда болып, осы элементтердң байланыстары қалыптасады. Жоғарыда айтылып өткендей, қалыптасқан дiндерде дiни сана, әрекет, қатынастар, институттар және ұйымдар анықталады.

Файлы: 1 файл

ДIННIҢ ЭЛЕМЕТТЕРI МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ.docx

— 30.61 Кб (Скачать файл)

Культтiк әрекеттiң заты дiни образдар ретiнде түсiнiлетiн әр түрлi зерзаттар мен күштер болады. Әр түрлi типтегi дiндерде, әр түрдi дiни бағыттар мен конфессияларда культтiң заты ретiнде материалды заттар, жануарлар, өсiмдiктер, ормандар, таулар, өзендер, Күн, Ай және т.б. дiни сана атрибуттаған қасиеттермен және байланыстармен бiрге алынды. Алуан түрлi процесстер мен құбылыстар культ заты ретiнде және гипостаздалған рухани жаратылыстар – рухтар, құдайлар, жалғыз құдiреттi Құдай түрiнде алына алады. Сонымен қатар, жануарлардың суреттерiнiң – аңшылық құралдарының айналасында жол-жоралық билер, рухтарды арбау, шаман ойыны және т.б. (дiннiң дамуының ерте кезеңдерiнде); құдайға құлшылық ету, дiни рәсiмдер, дiни уағыз, дұға оқу, дiни мерекелер, қажылыққа бару (дамыған дiндерде) да культтiң түрлерiне жатады.

Культтiң субъектiсi дiни топ немесе дiншiл жеке адам бола алады. Бұл әрекетке қатысудың түрткiсi дiни стимулдар: дiни сенiм, дiни сезiмдер, қажеттiлiктер, талпыныстар, үмiттер болып табылады. Сонымен қатар  культтiк әрекетте культтiк емес – эстетикалық, қарым-қатынас жасау және т.б. қажеттiлiктердi өтеу ниетi де болуы мүмкiн. Дiни топ субъект ретiнде бiр тектi емес: басқаруды жүзеге асыратын кiшiгiрiм топ бар – священник, пастор, уағыз айтушы, молда, раввин, абыз, бақсы және т.б. және қатысушы және орындаушылар ретiнде әрекет ететiн адамдардың көп бөлiгi. Жеке даралық культтiк әрекеттi жасауға дiни сенiм дәрежесi жоғары, рәсiмдiк мәтiндердi, культтiк әрекет түрлерi мен әдiстерiн жақсы бiлетiн дiншiлдiң ғана қолы жетедi.

Культ құралдарына сиыну үйi, дiни өнер (сәулет, бейнелеу, музыка), әр түрлi культтiк заттар (крест, балауыздар, аса таяқ, шiркеу аспаптары, священник киiмдерi) жатқызылады. Маңызды құрал культтiк ғимарат болып табылады. Культтiк ғимаратқа ене отырып, адам әлеуметтiк кеңiстiктiң  арнайы аймағына кiредi, басқа өмiр жағдаяттарынан ерекшеленетiн жағдайға тап болады. Осының арқасында келген  адамдардың назары дiни мағына мен мәнi бар заттарға, әрекеттерге, образдарға, рәмiздерге, белгiлерге дiни өнер туындыларына ауады.

Культтiк әрекеттiң  әдiстерi дiни нанымдардың мазмұнынымен анықталады, сондай-ақ  культ құралдарына байланысты болады. Дiни көзқарастардың негiзiнде анық нормалар, ненi және қалай жасау керектiгi жөнiнде ұйғарымдар қалыптасады. Бұл ұйғарымдар қарапайым культтiк актiлердi (шоқыну белгiсi, бас июлулер, тiзе бүгу, етпетiнен құлау, бас ию), сондай-ақ  күрделi актiлердi (құрбан шалу, ғұрыптар, уағыздар, дұға оқу, құлшылық ету, мерекелер) қамтиды.

Әрекет құралдары мен әдiстерi рәмiздiк мағынаға ие. Рәмiз екi жақтың – қолдағы бар заттың, әрекеттiң, сөздiң мағынамен бiрлiгiн бiлдiредi: қолдағы бар зат, әрекет, сөз олардың  тiкелей мағынасынан бөлек мағынаны бiлдiредi. Крест, мысалы, - бұл қиылысқан  жұқа тақтайшадан тұратын зат  қана емес, ол анық бiр мағына  беретiн  рәмiз (Крестiң тұрғызылуы, Христостың керiлуi, оның қайта тiрiлуi).  Православиелiктердiң  үш саусақпен шоқынуы бiрiктiрiлген үш саусақ арқылы жасалған қайсыбiр  фигураны, сондай-ақ Құдайдың үш бiрлiгiне сенудi бiлдiредi.

Культтiк әрекеттiң нәтижесi бәрiнен бұрын дiни қажеттiлiктердi қанағаттандыру, дiни сананы тiрiлту болып табылады. Дiншiлдердiң санасында культтiк әрекеттердiң көмегiмен дiни образдар, рәмiздер, мифтер қайта елестетiледi, сәйкес эмоциялар қоздырылады. Культ дiншiлдердiң психологиялық күйiнiң динамикасының факторы бола алады: жабырқаңқылық күйiнен (мазасыздық, қанағаттанбаушылық, iшкi үйлесiмсiздiк, күйiну, зарығу) жеңiлдену күйiне (қанағаттанушылық, тынышталу, үйлесiмдiлiк, қуаныш, күштiң тасуы) көшу орын алады. Культтiк әрекетте дiншiлдердiң бiр-бiрiмен шынайы араласуы болады, ол дiни топтың бiрiгуiнiң құралы болып табылады. Культтi орындау уақытында эстетикалық қажеттiлiктер де қанағаттандырылады. Көркемдiк құндылығы бар икон, сәулет және храмның заттары, дұғалар мен псалмаларды оқу – осының бәрi эстетикалық ләззат бере алады.

3 Діни қатынастар

Әр алуан әрекет түрлерiне сәйкес дiниден тыс және дiни қатынастар қалыптасады. Экономикалық, саяси, мемлекеттiк, ағартушылық және басқа да әрекеттердi орындау барысында дiни индивидтер, топтар, институттар белсендiлiктiң  осы түрлерiне сай байланыстарға  түседi. Бұл тектес байланыстарда  субъективтi болжамданған мағына болуы  мүмкiн, дегенмен олар объективтiк мазмұны  бойынша дiни емес.

Діни қатынастардың  қасиеттері

Дiни қатынастар дегенiмiз рухани саладағы дiни санаға сай қалыптасатын, дiни әрекеттiң арқасында өмiр сүрiп, жүзеге асатын қатынастардың түрi. Оларды индивидтер, топтар, институттар, ұйымдар жасайды.

Дiни қатынастардың субъективтiк  жоспары, сана жоспары бар. Соңғысы  адамдардың гипостаздалған жаратылыстарға, қасиеттерге, байланыстарға, сондай-ақ дiншiлдердiң бiр-бiрiне деген анық бiр қатынастарын бiлдiредi. Бiрiншi қатынастар сана жоспарында өрбидi, дегенмен адамдардың арасындағы шынайы  қатынастардан, мысалы, пенде мен дiни қызметкердiң арасындағы қатынастан көрiнедi. Дiншiлдердiң бiр-бiрiмен байланыстары аталған жаратылыстарға, қасиеттерге, байланыстарға қатысты болса да, шынайы әрекеттердi бiлдiредi. Басқа жағынан алғанда, дiни сана шынайы қатынастарды бейнелей және бiлдiре отырып, олардың образдары мен ұқсастықтары бойынша дiни қатынастардың сұлбасын бекiтедi. Бұл сұлбаларға сәйкес гипостаздалған жаратылыстардың бiр-бiрiмен және адамдармен, адамдардың осы жаратылыстармен және өзара қатынастары елестетiледi. Сұлбалар үстемдiк-бағыну қатынастарын (“Құдай және Құдайдың құлы” типi бойынша), мемлекеттiк-құқықтық құрылымды (Құдай – “аспан Патшасы”, папа – “монарх”, “канондық құқық”), сот жүргiзу iсi байланыстарын (Христосқа жүргiзiлген “сот”, Құдай –“сот”, күнәһарлар - “сотталғандар”, “Ақырет күнi”), жанұялық қатынастарды (“Әке Құдай”, “Бала Құдай”, “ағайын”, “апа, сiңлi, қарындас”) модельдейдi. Әдептiк қатынастарды көрсетудiң маңызы зор, негiзiнен, барлық дiни қатынастарға моральдық мән берiледi.

Дiни қатынастарды бекiту мен жанамалаудың әр түрлi әдiстерi бар. Делдал ретiнде  бола алатындар: 1) тiрi емес және тiрi табиғат  заттары – храм, икон, крест, керiлген Хритос бейнесi, ступа, “қара тас”, сиыр, крокодил, көгершiн және т.с.с. – сонда дiни қатынастар заттық, нәрселiк форманы қабылдайды; 2) индивид  немесе бiр топ адамдар – культтiң  қызметшiсi, дiни ұйымның басшысы, қауымның қызметкерi, “дарын” иесi және т.б.; бұл жағдайда дiндарлардың өзара  байланыстарын бекiтудiң жекеленген әдiсi туралы айтуға болады; 3) Құдайдың, рухтардың, жанның, Құдай Ананың, Христостың, Будданың, бодхисаттваның, Мұхаммедтiң, әулилердiң және т.б. образдары; бұл  жанамаласудың идеалдандырылған, образды  формасы (Иса сонда айтты: «…қай  жерде адамдардың екеуi немесе үшеуi Менiң үшiн жиналған болса, Мен  олардың iшiндемiн» - Мф. 18:20):  4) тiл  – кiммен және қалай қарым-қатынас  жасау керектiгi жайлы насихаттарды қамтитын жеке сөздер мен тұтас сөйлемдер; бекiтудiң бұл әдiсi тiлдiк деп  аталады. Заттар, кейiпкерлер, образдар, сөздер рәмiздiк қасиеттерге ие, олар дiни мән мен мағынаны бiлдiретiн  белгiлер болып табылады, байланысқа түсетiн индивидтер арқылы “оқылады”.

Қатынастардың түрлері

Культтен тыс және культтiк қатынастарды айыра бiлген жөн. Культтен тыс қатынастар культтен тыс дiни әрекеттiң арқасында  жасалады. Оларда дiни индивидтердiң, ұйымдардың арасындағы қатынастар басым мағынаға ие болады. Мысалы, рухани өндiрiспен шұғылдана  отырып, теологтар бiр-бiрiмен ақпаратпен алмасудың, “дiни iлiмдiк әңгiмелесудiң” анық бiр қатынастарына түседi.  Дiни мектептердегi педагогикалық процесс  “ұстаз – шәкiрт”, “ректор –  педагогикалық ұжым” байланысы, тыңдаушылардың арасындағы белгiлi бiр  қарым-қатынастар байланысының болуын көздейдi. Үгiттеу, миссионерлiк, жанұядағы  дiни тәрбие ақпараттық қатынастар, насихаттау, хабарлама, бейiмдеу механизмдерiнiң  арқасында жүзеге асырылады. Дiни ұйымдарда  координация (“көлденең” бойынша әрекеттесу) және субординация байланыстары (“тiгiнен  бойынша” қатар бағыну), билiк жүргiзу  қатынастары әрекет етедi.

Культтiк қатынастар культтiк әрекет процесiнде қалыптасады. Соңғысы  гипостаздалған жаратылыстарға, қасиеттерге, байланыстарға деген қатынасқа   аса назар аударады. Сана саласында  өрбитiн бұл қатынастар адамдардың өзара байланыстарында да байқалады. Культтi орындау уақытында евхаристикалық бiрiгу, тәубесiне келушiлiк, уағыздаушылық, ғұрыптық және т.б. қатынастар қалыптасады. Православиелiк неке қию ғұрпы, мысалы, күйеу мен қалыңдықты шiркеулiк  неке нормаларымен ұйғарылған өзара  қатынасқа түсiредi; шоқыну “шоқындырылған ұлдың (қыздың)” шоқындырған ата-анасымен (әке мен шешесiмен) байланысын бекiтедi.

Дiннiң әсер ету дәрежесiне байланысты дiни қатынастарды этнос, жанұя, жiк, тап, кәсiптiк топ, мемлекет өзiнiң қол  астына қарайтындарымен бiрге немесе көрсетiлген топтардың бөлiктерi, яғни өкiлдерi өздерiн ортақ бiр сенiмге  жатқызатын әлеуметтiк және саяси бiрлестiктер жасайды. Әсiресе, дiни қатынастарды сақтауда, жасауда дiни белгiлерi бойынша бөлiнген әлеуметтiк топтар үлкен рөл атқарды, - ежелгi үндi қоғамындағы брахмандар варнасы, Еуропаның құл иеленушi мемлекеттерiндегi абыздар, ортағасырлық феодалдық монархиялардағы дiн басылардың жiгi және т.с.с.

Дiни қатынастардың сипаттары әр түрлi бола алады – ынтымақтастық, төзiмдiлiк және бейтараптық, бақталастық, қақтығыс және күрес сипаттары, көп  жағдайда дiни фанатизм үрдiсi де байқалады. Дегенмен “бiрге бейбiт өмiр сүру”  болған кезде де, әдетте, белгiлi бiр  бiрлестiктiң, конфессияның, бағыттың, дiннiң  басымдылығы туралы түсiнiк  болады.

4 Діни ұйымдар

Әрекет пен қатынастарды тәртiпке  келтiрушi инстанциялар ретiнде институттар  мен ұйымдар қызмет атқарады. Дiниден  тыс салаларда бағдарлану үшiн  экономикалық институттар (мысалы, Ватикандағы  “Қасиеттi рух банкi”), саяси партиялар (христиандық, исламдық және т.б.), кәсiподақтар, әйелдер, жастар және басқа да ұйымдар  құрылады.

Діни ұйымдардың түрлері  мен құрылымы

Мекемелер дiнде де қалыптасады, олар культтен тыс және культтiк болады. Культтен тыс мекемелерге культтен тыс әрекеттi басқаратын топтарды (шiркеу кеңесi, ревизиялық комиссия, бiлiм беру бөлiмдерi, баспасөз департаменттерi, дiни оқу орындарының ректораттары және т.б.) жатқызамыз, ал культтiк мекемелерден  (христиандықтағы) причттi атаймыз.

Алғашқы қауымдық қоғамда дiни ұйымдр болған жоқ. Дiни рәсiмдердi алғашқы  кезде ру немесе тайпа басылары басқарды. Бiртiндеп культтi орындаушылар пайда  болады: бақсылар, балгерлер және т.б. Этникалық ортақтыққа ұқсамайтын дiни топтар – “жасырын одақтар” қалыптасты. Қоғамның жiктелуiне, еңбек бөлiнiсiне қарай, абыздар жiгi және осымен бiрге  дiни ұйымдар бiртiндеп қалыптасады.

Белгiлi бiр дiни сенiмнiң жолын  қуушылар дiни қауымды  құрайды. Қауым  шеңберiнде сан алуан әрекет түрлерiнiң  – культтiк және культтен тыс  әрекет түрлерiнiң негiзiнде дiни субтоптардың түгелдей жүйесi қалыптасады. Қауымның тұтас бiрлестiк ретiнде өмiр  сүрiп, қызмет атқаруы ұйыммен қамтамасыз етiледi.

Дiни ұйымның құрылымы дәстүр мен  әдет, шiркеулiк құқық немесе устав, апостолдық ережелер, конституциялармен  және т.с.с. алдын ала жазылады. Ұйымдастырушылық ұстанымдар олардың құрамдас бөлiктерiн, позициялар мен рөлдердi, индивидтер мен ұйымдағы жеке топтардың әрекеттерiнiң  субординациясы мен координациясының ережелерiн,  әрекет негiздерiн, сәйкесiнше, бiрлестiктiң бiрлiгiн қамтамасыз ететiн әрекет етушiлердiң тобын анықтайды. Пайда болу және өмiр сүру жағдайларына байланысты дiни ұйымдар монархиялық (католицизм, православие), парламенттiк-корольдық (англикандық), республикалық-демократиялық (кальвинизм, баптизм) және басқа да түрге енедi.

Барлық ұйымдастырушылық элементтерi бар қауым дiни бiрлестiктi бiлдiредi. Бiрлестiктiң бiрiншi ұяшығы дiни қауым  болып табылады, қауымдардан жоғарырақ  топтардың кешенi  орналасады, ол жоғары топ – бiрлестiктiң ортасына дейiн тiзбектеледi. Бiрлестiкте ерекше ұйымдастырушылық байланыстары бар,  бiрақ жалпы құрылымға қамтылған  бiрқатар  басқа да құрамдас бөлiктерi (мысалы, дiн басылары, монахтық) бар. Кейбiр құрамдас бөлiктерiнiң өзiндiк  инфрақұрылымы бар. Бiрлестiктiң барлық топтары бүтiннiң өзара байланысты мүшелерi болып табылады.

Индивидтердiң және ұйымның әр түрлi элементтерiнiң әрекетiн бақылау  механизмi дiни құқық пен мораль, санкциялар мен үлгiлер, беделдер болып  табылады.

Бірлестіктердің типтері

Ұйымдастыру элементтерiн жинау, олардың  өзара байланыстары, позициялар мен  рөлдердi үлестiру, басқару және атқару органдары, бақылау механизмдерi әр түрлi дiндерде, конфессияларда, әр түрлi типтегi бiрлестiктерде әр түрлi. Христиандықты  зерттеу негiзiнде дiни бiрлестiктердiң  мынандай типтерi анықталған: шiркеу, секта, деноминация, бекiтiлген секта, мистерия және т.б. Зерттеушiлер тарапынан неғұрлым қолдау тапқаны алдыңғы үш типтегi бiрлестiктер.

Шiркеу салыстырмалы түрде кең бiрлестiк, оған мүшелiк индивидтiң жеке таңдауы емес, дәстүрмен анықталады. Осыдан әрбiр адамның шiркеудiң мүшесi болуына мүмкiндiгi бар екенi мойындалады. Шындығында  үздiксiз және қатаң бақыланатын мүшелiк жоқ, iзiн басушылар анонимдi. Көптеген шiркеулерде олардың мүшелерi дiн басылары мен пенделерге бөлiнедi. Позициялары мен рөлдерi, дәрежесi мен басқыштаушылығы иерархиялық және мәртебелiк ұстанымдары бойынша реттестiрiлген.

Секта ана немесе мына дiни бағыттарға қатысты оппозициялық ағым ретiнде пайда болады. Оған өзiнiң рөлiнiң, доктринасының, идеялық ұстанымдарының, құндылықтарының, ұйғарымдарының ерекшелiктерiн мойындатуға талпыныс тән. Мұнымен өзiн таңдаулы деп санау көнiл-күйлерi байланысты, көп жағдайда оқшаулану үрдiсi байқалады. Рухани қайта жаңғыруға деген талпыныс шұғыл көрiнiс табады. Поптар институты болмайды, көш басылық харизмалық деп саналады. Барлық мүшелерiнiң теңдiгi басып айтылады, өз еркiмен бiрiгу ұстанымы жарияланады,  мүшелiктен бұрын болатын “дiнге тартылуға” басты назар төгiледi. Секталардың тарихи тағдыры бiрдей емес. Олардың кейбiреулерi белгiлi бiр уақыт аралығында өзiнiң өмiр сүруiн тоқтатады. Басқалары уақыт өте басқа типтерге айналады.

Деноминация бiрлестiктердiң басқа типтерiнен дами алады немесе ең басынан-ақ осы формада қалыптасады. Оның идеялық, культтiк және ұйымдастырушылық ұстанымдары шiркеуге және  сектаға оппозицияда қалыптасады және әр түрлi сипатта болады. Мүшелерiнiң “таңдаулы” екенi туралы екпiндi сақтай отырып, ол кез келген дiндар үшiн рухани қайта туылудың мүмкiндiгiн мойындайды. “Дүниеден” оқшаулану және дiни топтың iшiне тұйықталу “шынайы” дiншiлдiктiң мiндеттi белгiсi деп саналмайды. Үздiксiз және қатаң бақыланатын мүшелiк ұстанымы және соған сәйкес, әсiресе дiни әрекетте беделдiлiк ұсынылғанмен, “дүниемен” бiрiгу үрдiсi байқалады, оның жолын ұстанатындар қоғам өмiрiне белсендi қатысуға шақырылады. Деноминацияға көлденеңiнен болсын, тiгiнен болсын, нақты ұйымдастыру тән.

Информация о работе Діннің элементтері мен құрылымы