Дінтану ғылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2013 в 19:18, реферат

Описание работы

Дінтану пән есебінде немесе жеке ғылым жүйесі болып XIX ғасырдың екінші жартысында дүниеге келді. Дегенмен, дінтанудың қайнар көздері сонау ортағасырлық христиан философтарының, мүсылман теологиясының құдайтанушылық ізденістерінен бастау алады. Бастапқы құдайтанушылықты дінтанудың алғашқы формасы деп айтамыз. Теология қүдайтану жолында тек догма ғана емес, философиялық түрғыда дәлелдеуге, Құдайды абсолютті идея, әлемдік ерік, әлдебір түр-түссіз парасатты негіз түрінде көрсетуге тырысатын қағидаларды пайдаланады. Қазір де теологтар философиялық ілімдермен және жаратылыстану деректерімен Құдайды тану идеяларын жаңартуда. Сондықтан Қүдайтану формасының дінтану формасына өтуі рационалдық философиямен тығыз байланысты.

Содержание работы

1. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 Дінтану пәні.
1.2 Дінтануыдың пайда болуы мен дамуы.
1.3 Дінтану және мифология, олардың қарым-қатынасы мен өзгешелігі.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Файлы: 1 файл

Дінтану Уй жұмысы.docx

— 39.10 Кб (Скачать файл)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ  ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

 

 

РУДНЫЙ ИНДУСТРИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

 

ҚТ және ӘГП кафедрасы

 

 

                                    Тақырып:   Дінтану ғылымы.

               

Дінтану пәнінен рефераттық – есептік жұмыс

 

                                                                

                                                                  Тексерген: Алмагамбетова Г.Б.

                                           Тобы: ПО-11к/о

                                                              Орындаған:  Асатов Нұрлан.

                                                                                          Мухалбек Улжалғас.

                                                                                  

 

 

 

 

 

                                                         Рудный 2013

ЖОСПАР

 

1. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1.1 Дінтану пәні.

1.2 Дінтануыдың  пайда  болуы мен дамуы.

1.3 Дінтану және мифология,  олардың қарым-қатынасы мен өзгешелігі.

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                         Дінтану пәні.

Дінтану пән есебінде немесе жеке ғылым жүйесі болып XIX ғасырдың екінші жартысында дүниеге келді. Дегенмен, дінтанудың қайнар көздері сонау ортағасырлық христиан философтарының, мүсылман теологиясының құдайтанушылық ізденістерінен бастау алады. Бастапқы құдайтанушылықты дінтанудың алғашқы формасы деп айтамыз. Теология қүдайтану жолында тек догма ғана емес, философиялық түрғыда дәлелдеуге, Құдайды абсолютті идея, әлемдік ерік, әлдебір түр-түссіз парасатты негіз түрінде көрсетуге тырысатын қағидаларды пайдаланады. Қазір де теологтар философиялық ілімдермен және жаратылыстану деректерімен Құдайды тану идеяларын жаңартуда. Сондықтан Қүдайтану формасының дінтану формасына өтуі рационалдық философиямен тығыз байланысты. Дінтанудың негізгі пэні дін болғандыктан, діни көзкарас тікелей философиялық көзқараспен тығыз байланысты болғандықтан, дінді «діни философиялық» пәнге де айналдырып қарастырады. Соның салдарынан «діни философия» мен «философиялық дін» дінтанудың ең негізгі теологиялық түрғысы болып есептеледі. Дінтанулық көзқарас бойынша, қандай да бір дін болмасын тарихтан тыс қүбылыс ретінде емес, керісінше оны тарихи, коғамдық ақылмен түсіндіруге болатын қүбылыс ретінде қарастырады. Екінші жағынан, дінтану XIX гасырдың екінші жартысында ғалымдардың жетістіктерін кеңінен пайдалана отырып, эсіресе қандай да бір гылыми жаңалықтың дүниетанымдық әдістемесіне сүйене отырып дамыды. Осының арқасында «дінтану» ғылымның бір саласы ретінде калыптасты. Ондай бастаудың шыңында түрган адамдар Э.Тайлор (1832-1917), Дж.Фрезер (1854-1941) болды. Э.Тайлор болса өзінің «Алгашқы мәдениет» атты фундаментальды монографиясында жэне Дж.Фрезердің көп томдық «Алтын бүта» атты еңбектерінде дінді гылыми, теориялық жэне эмпирикалық түрғыдан зерттей бастады. Бүлардың еңбектері ескі сенімдер мен мифтерді, алғашқы ойлау жүйесін зерттеуге ғылыми эдістемесін қолдануы еді. Бұндай бетбүрыстағы ғылыми еңбектерді М.Мюллердің 1856 жылы шыққан «Салыстырмалы мифология» атты еңбегінен де көреміз. Қазіргі дінтанудың ішіне бірнеше жекелеген бөлімдер кіреді: тарихи дінтану, дін философиясы, дін социологиясы, дін психологиясы және т.б.

Сонымен, дінтану - қазіргі кезде адамзаттың кешендік білімінің бір саласы.

Дінге деген анықтамаға келетін  болсақ, ол күрделі іс жэне осы кезге дейін беделді де, бір ауыздан беретін анықтама жоқ деуге болады. Әрбір діни және ғылыми өкілдер өздерінің білімдік саласына субъективті баға беріп дінді анықтайды.

Осылайша әр түрлі көзқарастарды  жинақтап, екі топқа бөліп карастыруға болады: дін адам санасының жемісі ме, жоқ, санадан тыс, адам ақылынан биік нәрсе ме? Философия лық тілмен айтқанда, дінге иррационалды (санаға сыйымсыз, логиканың заңына бағынбайтын) және рационалды (зерделі, санаға сыйымды) түрғыдан анықтама берүге болады. Соңғы жылдары дінге деген әралуан көзқарастардың ішінен төрт бағыттағы топтар айқындала бастады: теологиялық, философиялық, ғылыми жэне мәдениеттің салалары.

Теологиялық анықтама. Теология (грек theos - қүдай және log - ілім, сөз, акыл,) Құдай туралы дін ілімі, белгілі діннің ілімдерін жүйелеу деген түсінік береді. Қандай бір теологиялық көзқарастың түрлері болмасын олардың бастарын біріктіретін бір тәсіл, иррационалдық көзқарас арқылы жүріп жатады.

Теологиялық анықтама бойынша, Қүдай - реалды күш және адам өзінің өмір сүру процесінде онымен қатынас жасайды. Дін дегеніміз - Құдай мен адамның кездесуі деп түсіндіреді. Себебі дін дегеніміз (лат.се: religiaze) - «байланыстыру» сөзі арқылы анықталады дейді. Олардың айтуы бойынша, «дін» деген үғым - Қүдайдан келетін түсінік. Дін арқылы адам Қүдаймен байналыс жасайды. Теологиялық көзқарас бойынша діннің не екенін былайша анықтайды: теология Қүдай тураль білім болғанымен, теология Қүдайдың болмысын зерттемейді, ол Құдайдың «өсиетін» зерттейді. Ол өсиетті күмәнсіз сенуге, қабылдауғ: шақырады. Сондыктан, теология дегеніміз Қүдай туралы ілім емес, ол -Қүдайдың айтып кеткен өсиеттері туралы білім. Басқаша, теология. «Құдайдың сөзі емес», ол «Қүдайдың сөзі туралы сөз» болғандықтан, теология адамның ақылын, ой-парасатын Қүдайдың өсиеттерін түсіндіру үшін қолдану керек екенін көрсетеді. Осыдан, теологияның өзі догма емес, дамитын ғылым есебінде қарастырылады. Теология арқылы адамның ақыл жолдары, логикалық көзқарастары сол бір биік сенімге, қүдіреті күшті сенімдерге қарай бой ұрғандықтан, ол адамның сенімін, ой-өрісін жогары дәрежеге көтерді. Басқаша айтқанда, «Сенетін сенімді, сенім арқылы сендіру» - деп түсіндіреді.

Дінді философиялық тұрғыдан анықтау. Философиялық анықтау методологиясы субстанциалық және универисализмдік жолдармен қарастырылады. Қандай бір құбылыс немесе процесс болмасын абстрактылы-логикалық сызбадан шығады.

Антикалық философияда дінге  берген анықтамада, дінді бір «абсолютке»  элемнің рухына немесе бір жоғары идеяға теңеп анықтады. Мүндай «абсолют» немесе «жоғарғы идеялар» элемнің негізі ретінде қарастырылады, олар қүдіретті күш емес, оларға бас ию, қүрбан шалу қажет емес. Мысалы: Аристотельдің Құдайлық түсінігі, «ең жоғарғы болмыс», денесіз әлемді «қозғаушы күш», «мэңгілік себеп» жэне дүниенің даму үрдісінің максаты.

Философтардың идеалистік топтары  (олар да «рбір салаларға бөлініп кетеді), дінді адамның сапалық түсінігі ретінде, туғаннан берілетін сезім ретінде, оның керектілігін және мәңгілігін дәлелдейді. Осы идеалистік философтардың көрнекті философы И.Кантқа (1724-1804) тоқталып өтейік. Ол Қүдайдың барлығын дәлелдейтін теологиялық көзқарастарды сынай отырып, Қүдайдың болмысын моральдық принциптерге теңейді.

Қүдай туралы Кант былай дейді: ... Қүдай күбылыс ретінде белгі бермегендіктен, оның бар екенін дәлелдеу де, теріске шығару да мүмкін емес. Қүдай туралы мәселе - діннің ісі. Біз Қүдайдың барлығын дәлелдей алмаймыз, бірақ моральдық принциптер, өнегелілік сезімдер, Қүдайдың барлығын дәлелдеуге даяр түрады. .Гегель (1770-1831): Қүдайді абсолюттік идеямен, абсолюттік рухпен теңеп: «барлық нәрсе соларді-шығып, соларға қайта оралады», - деді. Діни көзқарас төменгі сана, ал философия болса, биік сана деп түсіндіреді.

Материалистік философияда  дін жеке адамның және қоғамның өмірінің күрделі рухани қүбылысы есебінде қарастырылады. Qларды топтап көрсетсек, мынадай негізгі аспектілерін көреміз:

- дін дегеніміз - жеке адамның, үжымның, қоғамның рухани өмірінің аймағы;

- дін дегеніміз - әлемді рухани-тэжірибелік түрғыда меңгеру;

- дін - рухани өндіріс аймағы;

- дін - қоғам санасының бір формасы, идеялық жемісі мен формасы.

Ғылыми көзқарас бойынша, дін философияның бөлігі ретінде қарастыруға болатындығы.ін және философия, әмбебаптық, дүниетанымдық мәселермен айналысуында. Дінді мәдениеттің бөлігі ретінде қарастырамыз. Дін мәдениетке ұксап, адам мәселесін, адамды тәрбиелеу мәселесін өзінің негізгі мәселесі деп есептейді.

Дінтануыдың  пайда  болуы мен дамуы.

Осы күнге дейін діннің шығуы мен дамуы туралы көптеген ілімдік және ғылымдық көп көзқарастар бар. Олардың барлығын діни-теологиялық және ғылыми-дінтанулық деп екіге бөліп қарастырамыз. Діни ілімдік көзқарас, діннің шығуын діни шығармалармен дәлелдейді. Мысалы, Христиан дінінде, діннің адам санасында пайда болуы Қүдайдың болмысынан шыққандығы. Ол туралы Қадірлі кітаптарда жазылған (Інжілде).

Қазіргі кезге дейін өмір сүріп келе жаткан «Прамонотейзм» деген  теологиялық теория бойынша діннің шығуы туралы бы лай дейді: көне діндердің шығуы алдында алғашқы дәуірдегі адамдарда бір Қүдайлық немесе бір Жаратушы Қүдайға сенген. Кейіннен бүндай сенімге жалған көзқарастар қосылып көп діндік (политеизм) тарады. Дегенмен «жалғыз-Қүдайлық» үғымы олардың арасынан аман өтіп біздің дәуірімізге жетті. Бүл бір Қүдайлыққа сену (монотеизм). Мәселен, монотейстік дін -Христиан діні. Ол ең бір «ақиқат» дін деп есептейді.

Келесі бір - ғылыми дінтанушылық көзқарас бойынша «дінсіз дәуір» деген теория бар. Мүндай көзқарастың мазмүны бойынша, адамзатта көптеген дінсіз уақыттың болғандығын дәлелдейді. Ғылыми деректерге сүйене отырып, адамзаттың неандерталецке дейін 2 млн. жыл өмір сүргендігін, оның ішінде неандерталецтердің 100-40 мыңыншы жылда ғана пайда болуы. Дін болса тек неандерталдық (орта тас дәуірде) кезінде пайда болуы туралы дәлелденді.

Сол кездегі ең бір қарапайым жэне жабайы діни сенімдер фетишизм, тотемизм, магия жэне анимизм деп аталады.

Фетишизм - (португ.сөзі -сиқырлы зат) әр түрлі заттарды, кейде өсімдіктерді киелі ету. әр алуан заттардан бірнеше немесе бір затты бөліп алып, оған киелі, қүдіретті мән беріп, сол зат арқылы өзіне қолайлы, керек оқиғаға әсерін тигізеді деп ойлау. Ондай фетиштік заттарды тек табиғаттан емес, қолдан да жасап алуға болады. Фетиштің заттары - табиғи: тас, ағаштың бөлігі, аңның тісі, ...келе-келе қолдан жасалған заттар: талисман, крест, икон, жарты ай т.е.с. Осындай заттардың арқасында әр түрлі аурудан сақтану, көз тиюден сақтау, жаулардан сақтау, аң аулауда сол заттардың жәрдем беруі және т.с.с

Тотемизм - өсімдіктер жэне жануарлардың адамға қанды туыстық қатынасы бар деп түсіну. Ертедегі рулық қоғамда аң аулау мен үй жануарлардың адам өміріне, оның өмірі тікелей сол жануарларға байланысты болғандықтан (жануарларды тамақ, киім, көлік ретінде пайдаланды), малдардың алдында ризашылығын білдіріп, жануарлардың бірнеше түрлерін киелі етіп қарастырды. Қазіргі кезде әрбір діннен тотемнің ізін табуға болады. Міне, осы күнге дейін Африка континентін тотемдік жер деуге болады. Үнді мемлекетінде тотемдік көрініс - сиыр. Сиырды күрметтеп, киелі деп есептеп, оның етін жемейді.

Магия (грек. тіл. си-қыршылық, тәуіпшілік) - бір обьектіге иррационалды түрмен әсер ету, немесе әр түрлі сөздермен сол бір кезекті оқиғаны өзінің көзқарасына сәйкес етіп өзгерту.

Магияның қолдану әдісі  бойынша: тікелей объектімен жанасу; инициалды объектімен жанасуға мүмкіншілік  жоқ; парциалды - бір зат арқылы әсерін тигізу, шаш алу, тырнағын any...; имитативтік- объектіге үқсас объектімен әсер тигізу.

Магияның мақсаты бойынша: олардың ішінде ең үлкен тараған  түрі өндірістік магия. Магияның басқа түрлері: соғыс магиясы, денсаулық сақтау магиясы, сүйіспеншілік магиясы, т.е.с Магияның өзара бөлінуіне байланысты, магияның өзін кәсіп ретінде пайдаланатын адамдар шығады, олардың атын әр түрлі атайды: шамандар, тәуіптер, көзбояушылар, сиқыршылар.

Анимизм (лат.-тіл.жан) - деген жан бар дегенге сену. Анимизмнің алғашқы түрі аниматизм деп аталады. Аниматизмдік түсінік жан мен тән (дене) бірге өмір сүреді. Тән өлсе немесе қираса, жан да өледі. Ал анимизмде «жан» тәннен дербес өмір сүре алады. Мүндай түсініктің ертедегі адамдардың көптеген құбылыстарды білмеуі, түсінбеуінің нәти-жесі.

Политеистік культер  мен мемлекеттік діндер.

Мемлекеттің пайда болуына байланысты жердегі бір патшалық түсінік аспандағы бір Қүдайдың шығуына алып келеді.

Көне дәуірде алғашқы мемлекет күрастырған халық Египет деп са-налады. Египет мемлекетшің билеушшерді, перғауындарды күдай деп санады. Ал, Ра құдайын қүдайлардың күдайы деп немесе перғауындар (фараондар) оның ұлы деп санады. Көп қүдайлықтың басын коспақ болған Перғауым Аменхотеп (б.з.б. 1419-1400жж.), діни реформа жүргізді. Ол көп қүдайлық түсінікті жойып бір құдайға сену керек деді. Ол қүдайдың атын Атон деп қойды.

Б.д.д. IV мың жылдарында кос өзен бойында Шумер, Аккат, Вавилон, Ассирия, Иран сиякты түрлі мемлекеттер пайда болды. Олардьщ сол кездегі мәдениеттері Египет мәдениетімен қатар болды.

Қос өзеннің ең көне дәуірд Шумер-Аккат мемлекеті орасан зор өркениетке жетті. Адамзат тарихында алғашқы «Алтын ғасыр» поэмасын берді. Дүние жүзінде бірінші рет кітапханалық каталогтар жасауды игерді, медицинада, дәрі-дәрмек жасауда және т.б. табыстарға жетті. Шумерлердің діни наным-сенімдері де жан-жақты дамыған болды. Өз қүдайларын «дінгір-тәңір» деп атады. Шумерлер әлемді жаратушы - «Ан-ки» қүдайы, аспан қүдайы - Ан, жер қүдайы -Ки деп санады және тағы сондай 50-ден астам көп қүдайлық - политеизмдік дін болды. Шумерлердің политеистік діни көзқарастары, әсіресе топан су мифі, бірінші адамды қүдай балшықтан жарату және оның қабырғасынан әйелді жасау аңыздары, кейіннен Вавилондар мен Ассириялықтарға, олар арқылы гректермен еврейлерге жетті. Мұндай аңыздар Иуда және Христиан дініне бастау болды десек те артық болмайды.

Вавилон мәдениеті болса, тікелей Шумер-Аккад мәдениетінің мүрагерлері десек те болады. Б.з.д. II мыңжалдықтың ортасында, әсіресе, Хаммурапин (б.з.д. 1792-1750 жж.) патшасының түсында вавилоңдықтардың өркениеттері ең биік шыңына жетеді. Вавилондықтар да көп қүдайларға табынды, олардың ішінде ең бастылары: Шамаш - Күн қүдайы, Син - Ай қүдайы, Адад - жауын-шашын кұдайы, Нергал - Өлім қүдайы, Ирра - соғыс қүдайы. Осы қүдайлар адамдарға үксап өмір сүреді: үрпақ жалғастыру, байлық пен мансаптан бас тарту, өз мүддесін орындау және т.е.с . Адам тағдыры осы қүдайлар қолында, ал олардың еркін тек абыздар ғана болжай біледі. Ең басты құдай – Ан, ең жоғары құдай – Мардук,

Ертегі Иран діні. Ертедегі Иран діні зороастризм (Парсизм) діні болды. Бүл дін б.д.д.УП ғ. ертедегі Иран мемлекетінде шықты. Зороастризм Египет және Вавилон діндеріне қарағанда «пайғамбарлығы» жетілген немесе бір жүйеге келтірілген дін деп айтуға болады. Зороастризм дінінің негізін қалаушы Заратуштра аңыздық пайғамбар. Аңыз бойынша, Заратуштра (гректе «Зороастр» деген сөз), ежелгі Иран сөзінен шыққан «түйелі адам», түйе жетектеген адам деген мағына береді. Зороастризмнің діни және мәдени жәдігері «Авеста» кітабы болды. Зороастризм бойынша, әлемде бір-біріне карама-қарсы екі негіздің - жақсылық пен ізгіліктің қүдайы, нүрдың, өмірдің ақиқаттың, рәміз Ахура-Мазда мен зүлымдықтың белгісі, қараңғылық пен өлім таңбасы Анхра-Маньюдің арасында толастамайтын күрес жүріп жатады. Өз қарсыласына қарсы күресте Ахура-Мазда адамды жаратады. Демек, әлемде екі қүдай бар, оның біреуі - мейірімді қүдай Агура - Мазда да, екіншісі - мейірімсіз күдай Ан-гра-Майнью. Киелі «Авеста» кітабының өлеңдерінде және гимнінде зороастризм еңбекті, жақсы жұмысты, ойды, бейбітшілікті, достықты, адалдықты, сенімділікті мақтайды. Ал, ұрлықты, жаман сөздерді айытпайды

Информация о работе Дінтану ғылымы