Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2013 в 19:18, реферат
Дінтану пән есебінде немесе жеке ғылым жүйесі болып XIX ғасырдың екінші жартысында дүниеге келді. Дегенмен, дінтанудың қайнар көздері сонау ортағасырлық христиан философтарының, мүсылман теологиясының құдайтанушылық ізденістерінен бастау алады. Бастапқы құдайтанушылықты дінтанудың алғашқы формасы деп айтамыз. Теология қүдайтану жолында тек догма ғана емес, философиялық түрғыда дәлелдеуге, Құдайды абсолютті идея, әлемдік ерік, әлдебір түр-түссіз парасатты негіз түрінде көрсетуге тырысатын қағидаларды пайдаланады. Қазір де теологтар философиялық ілімдермен және жаратылыстану деректерімен Құдайды тану идеяларын жаңартуда. Сондықтан Қүдайтану формасының дінтану формасына өтуі рационалдық философиямен тығыз байланысты.
1. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 Дінтану пәні.
1.2 Дінтануыдың пайда болуы мен дамуы.
1.3 Дінтану және мифология, олардың қарым-қатынасы мен өзгешелігі.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Ертедегі грек діндері. Діни мифологиялық көзқарас бойынша: алғашқы кезде Хаос (түпсіз түң-ғиық) өмір сүрді, одан жер күдайы Гея және жерасты қүдайы Тартар шықты. Гея аспан қүдайы, әрі баласы, әрі әйелі Уранды туды.
Екінші қатар күдайлары, Гея мен Уранның балалары - Титандар туды. Уран қауіптеніп, орнымды тартып алады деп, өз балаларынан қорқып, оларды жер астына Тартар күдайына беріп қамап қояды. Бірақ Титандар жер астынан күтылып шығып, әкесінің тағын тартып алады. Олардың ішінен Кронос, уақыт күдайы, өз балаларын жеңіп, барлық әлемге тыныштық орнатады.
Үшінші қатарлық қүдайлар басталады. Кроностың ең кіші баласы Зевс - найзағай және жауын қүдайы, өзінің әкесін жеңіп бас күдайға айналады. Оның әйелі Гера - аспан қүдайы және неке қамқоршысы. Зевс өзінің ағайындары Посейдонға теңіздегі билікті, Аидқа жер асты патшалығын береді. Сүлулық пен сүйіспеншілік күдайы Афродита мифтер бойынша теңіз толқынынан жаратылған. Үшінші қабатты қүдайлар Олимп тауында орналасады.
Ертедегі Рим діндері. Ежелгі Рим діндерінде Грек дініндей айқындық миф жоқ. Олардың діні қарапайым, сөзге сараң болды. Керек болса ертедегі Рим діндерінде күдайлардың суреттері мен образдары болмады.
Рим қүдайлары үзақ уақыт антропоморфтық түрде, Юпитер болса, шақпақ тас түрде, Map күдайы найза түрде, Веста қүдайы от-жалын түрде бейленді. Римдіктер жай ғана Юпитерге сенсе жеткілікті деп түсінді. Пуникалық соғыстан кейін Рим мен Греция елдері тығыз байланыс жүргізді. Рим Эллада мәдениетін қабылдап, оның дінін өздеріне таратты. Гректердің қүдайлық түсінігінен, Римдік қүдайлар шықты.
Ертедегі славян діндері
Ертедегі славяндарда 9 табиғаттың күшіне табыну үлкен орын алып отырды. Ең жоғарғы қүдай Перун - күн күркірейтін және найзағай қүдайы. Перун қүдайына екі жақты көзқарас болды. Біріншіден, ол өзінің жауын және найзағайымен жерді көгертеді. Екіншіден, қиратушы және жазалаушы қүдай болып көрінеді. Одан кейінгі қүдайлар, Сварог - жарық пен аспан қүдайы, Әке Дажбога - Күн мен от қүдайы, Хоре - жел, Стрибог - мал қүдайы жэне т.е.с Көптеген мейрамдар табиғаттық қүбылыстарға байланысты болды. Қыстың уақы-тында күннің үзаруына, масленица, Купала, егін тойы өткізілді. Олар-дың барлығы магиялық түрғыда өтіп жатты.Русьтің Византиядан Христиан дінін (988ж.) қабылдауы орыс өміріне, тарихына бетбүрыс алып келді.
Ежелгі Қазақстандағы діни сенімдер.
Кең байтақ Қазақстанның ұлы даласында ерте заманнан бастап көптеген діндер шығып, көптеген діндер таралып, өмір сүріп жатты. Олардың түрлеріне келетін болсақ, осы кездегі археологиялық, этнографиялық ғылымдарға сүйене отырып мынандай діндердің шығып таралғанын айта аламыз: Көк тәңірі (Теңрізм), Жер-Су, ¥май, Шаманизм, Митрайзм, Буддизм, Манихейшілік, Христиандық (несториандық) және Зороастризм. Ежелгі қазақ хандығының тікелей ата-тегі түріктерден таралды дейтін болсақ, ежелгі түріктердің басты Қүдайы Көк Тәңіріне сенгендіктен, қазақ халқының да алғагпқы сенімділігін «Тәңірлік» деп айта аламыз. Олай деп айту себебіміз, көшпенді түрік халқы үшін табиғат, оның ішінде Аспан, олардың өмір сүруіне тікелей байланысты болды. Көгілдір Аспан - ең жоғарғы әлемнің тірегі, тіршіліктің тірегі. Тіршіліктің тірегі Жер мен Су. Сонымен әлемді үстап, басқарушы – Тэңір.
Сонымен, табиғи күштерді пір түтудан, тәңірлік көп түсініктіктен бас Қүдайына айналуы.
Түрік халықтарының мифологиясының өзіндік ерекшелігі - Жер мен Аспанның тығыз байланыстығы. Ондай байланыстырушының дәнекері - алып Бәйтерек. Осы биік Бәйтерекпен эпос батырлары аспан денелеріне өрмелеп жете алатын болған. Аспан денелері сакралды киелі ретінде қарастырып қадірленген. Мысалы, «Оғызнама» эпосында Оғыз қаған өз балаларының атын Көк, Күн, Ай, Жұлдыз деп койған екен. Қазіргі қазақ халықтары балаларында Күнсұлу, Айсүлу, Жүлдыз, Шолпан деген аттар кеңінен колданылуда. Аспан мен Жердің үйлесімдік идеясы туралы Ш.Уэлихановтың жазғанына тоқталсақ: «Аспанда өмір сүретін адамдар бар. Олар тамақтарының астына белбеу буынады. Біз ортада, жер үстінде өмір сүреміз, белбеуді денеміздің ортасынан буамыз, ал күні, айы және жұлдыздары бар жер асты адамдарды белбеуді аяғына буалы».
Алғашқы дүниетанымдықта, адам өзін табиғаттың бір бөлігі ретінде қарастыра отырып, өздерін ғарыштық күшпен жасағандығын мойындады. Кеңістік пен Уақытты жакындастырып, мифологиялық көзқараспен дамыды.
Айқастыра тіркеп байлаған қой, ешкілер тобын айтады. Қазақстан еліне Христиан сонан соң Ислам дінінің тарауынан бастап қазақ халықтарында мәдени үлкен өзгерістер басталды.
Дінтану және мифология,
Дүниегекөзқарас
– адамзат санасының,
Мифология – адамзаттың рухани мәдениетінің ең көне формасы. Миф (аңыз, ертегілер) сананың әлі толық жетілмеген біртұтас ең көне формасы. Мифология гректің mifos – аңыз, ертегі және logos – ілім, білім деген сөздерінен шыққан. Қоғам дамуының бастапқы сатыларында қоғамдық сананың формасы мифтер барлық халықтарда болды. Мифологияда сыртқы дүние мен адам, ой мен сезім, зат пен идея, объективтік және субъективтік дүниелер арасында айқын шекара болмады. Ол шекаралар кейіннен пайда болды. Мифологияда олардың барлығы тұтасып жатты. Ол дүние жанындағы біртұтас түсінік болып табылды. Белгісіз дүниені түсіндіруге тырысудан оданда белгісіздігі мол дүниені танып білуге ұмтылу, егерде ол дүние танып білуге мүмкіндік бермесе, тәңірге немесе құпия ғаламат күшке сілтеме жасау – Мифтің өзіне тән ерекшелігі.
Эпос, ертегі, аңыздар, тарихи
әңгімелер арқылы мифологиялық кейіпкерлер
түрлі халықтардың рухани мәдениетіне,
әдебиетіне, сурет-мүсін өнеріне
енді. Олар қазақтың ауыз әдебиетінде,
эпостық жырларында бар. Қоғамдық өмірдің
алғашқы қауымдық формасының жойылуына
байланысты қоғамдық сананың алғашқы
түрі ретінде Мифология да тарих
сахнасынан кетті. Бірақ мифологиялық
санада туған сұрақтар: дүниенің, адамның
пайда болуы, әлеуметтік өмірдің
себебі, адамның тууы мен өлімі
т.б. жайындағы сұрақтар дүниегекөзқарастың
түбірлі сұрақтары ретінде
Дегенмен мифтерге қайтып оралайық. Мифтің өз тарихы, классикаға дейінгі немесе архаикалық, классикалық немесе қаһармандық деп аталатын кезеңі, тіпті постклассикасы бар. Архаикалық дәуір алғашқы мың жылдықта басталып, Христос туғанға дейінгі екінші мың жылдықта аяқталады. Көне миф туысқандық, рулық, соның ішінде отбасылық қарым-қатынастарға құралған. Бұл - адамды қоршаған әлем шын мәнінде бір отбасы көлеміне сыйып кететін уақыт болатын.
Бірақ бұл әлем адамзатпен таныс емес еді, оны мекендеушілердің барлығы өзінің құпия, тылсым өмірлерін сүреді. Архаикадағы басты, анық та шынайы нәрсе сансыз ұрпаққа өмір берген жер ғана. Жерден туған тіршілік оның бесігінде тербеліп, өсіп-өніп, өзінің ерекше ғұмырын сүруд
е, себебі өмірдің қуаты тірі және өлі табиғат арасында еш айырмашылық жоқ әлемге жомарт төгілген. Әрбір заттың өз сиқырлы күші бар. Ол күштің атауы жоқ, ол табиғаттың бойына түгел шашылған, құбыжық, жартылай адам, жартылай аң секілді түрлі сипатқа ие болады, яғни миксантропикалық, аралас, құбылма. Болашақ классикалық Аполлон ол кезде құбылма қасқыр, сәби жейтін құбыжық. Жердің терең даналығы, мысалы, жылан арқылы көрініс табады. Орыстың «жылан» және «жер» сөздерінің түбірлес келуі бекер емес. Хайуанат кейпіндегі фетиштер уақыт өте ұмытыла бастағанда, даналық Афина бойынан көрініс тапты. Ал, оның негізгі символы жылан болып қалды.Патриархалды қауымға өтуге байланысты Классикалық кезең мифологиясында адам сипатты құдайлар пайда болды, олар кезінде түсініксіз де қатерлі табиғат қысымына түскен адамзаттың қиялында туып, үрейлі құбыжықтармен күресіп, жеңіске жетеді. Аполлон пифий аждаһасын жан тәсілім етеді де сол жерге өзінің ордасын тұрғызады. Ұсақ құдайлар мен перілердің орнына, олардың бәрін бағындыратын ең басты құдай Зевс пайда болады. Патриархалды қоғам енді аспанда, яғни Олимп тауында орналасады.Архаикадан классикаға өту мифтерде жақсы көрініс тапты. Мысалы, Зевстің басынан туған әйел құдай Афина туралы мифті алайық. Бұл кездейсоқтық емес. Зевстің бірінші әйелі Метида (гректің «ой» сөзінен) даналықтың белгісі, Олимпке дейінгі титандар Мұхит пен оның әйелі Тефиданың қызы. Аспан Уран мен Жер Геяның болжамы бойынша, Метида Зевске кемеңгер қыз бен ұл туып, олар өскеннен кейін Зевсті тақтан тайдырып, биліктен айыруға тиіс болатын. Бұны естігеннен кейін Құдайлар мен адамдардың билеушісі өзінің зайыбын жұтып салады. Біраз уақыттан кейін Зевстің басынан даналық пен жеңімпаз қуаттың иесі Афина дүниеге келеді. Осылайша Зевс даналықтың жалғыз кені болып қалады, ал Афина болса Зевстің ойының жалғасы, оның шешімдерін жүзеге асырушыға айналады.Бұдан әрі қарай постклассика кетеді, онда батырлар өздерін құдайлардан жоғары қоя бастайды, бұның ішіне Гомердің эпосы да енеді. Бұл шығармада ескі, қатігез қаһармандық орнына жаңа, талғампаз батырлыққа өтпелі кез көрініс тапқан. Жаңа кейіпкерлер бұрынғыдан қайсар, олардың құдайлармен қатынасы еркін сипат алады, олар тіпті құдайлармен сайысқа түсе бастайды. Осыдан қаһарман әлемнің күйреуі басталады, құдайлар оларды опасыздықтары мен батылдықтары үшін жазалауға кіріседі. Жеңгендер де, жеңілгендер де жеңіліс табатын Троя соғысы да осыдан туындайды. Бір сөзбен айтқанда, мифология осымен тәмамдалады. Гомер поэмалары кезінде миф - негізінде әдебиет туындаған ғаламат, өткен дәуір ретінде қабылданған.
Қазіргі заманғы Қазақстан
– көпұлтты және жартылай конфессиялық
ел. Қазақстан Республикасы Үкіметі
жанындағы Діни бірлестіктермен
байланыс кеңесінің деректері бойынша,
2002 жылдың срңына қарай 40-тан аса
конфессиялардың мүдделеріне
Дінтанушылардың қолында бар, оның ішінде өзіміздің зерттеулеріміз барысында алынған фактілер бойынша, қазіргі уақытта біздің еліміздегі діншілдік саласында төмендегі үрдістер басым:
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.