Ислам дініндегі әйелдің орны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2013 в 17:26, реферат

Описание работы

Тарихқа қарасақ, Ислам діні келгенге дейін, әлемде әйел баласының кемсітіліп, көп қағажу көргенін байқаймыз. Әйел затын қорлықта ұстау, адам қатарында санамау, арын аяққа таптау, туған әке-шешесінің мұрасынан қағу сынды, т.б. жаман әдеттер араб қоғамында да бар еді. Ислам діні алғашқы уақыттардан бастапақ әйел затының жанұядағы әрі қоғамдағы орнын белгіледі. Өзіне тиесілі міндетін нақтылап, арұяты мен абыройын қорғады. Сүйкімді қыз, сүйікті жар, аяулы ана ретінде беделін өсірді. Дініміздің әйелдерге зор қамқорлық жасауы – барша әйел заты үшін адамзат тарихындағы теңдессіз оқиға болды. Өйткені, өзге елдерде де әйелдің жағдайы тым аянышты күйде еді. Құран Кәрімде 176 аяттан тұратын «Ниса» («Әйелдер»), 98 аяттан тұратын «Мәриям» деп аталатын сүрелер тікелей әйелдерге арналған.

Файлы: 1 файл

СӨЖ.docx

— 117.29 Кб (Скачать файл)

« Егер сендер жетімдерге әділдік ете алмаймыз деп қорықсаңдар,өзеріңе  ұнайтын басқа әйелдерден екеуіне,үшеуіне  немесе төртеуіне үйленулеріңе болады.Егер олардың араларында әділ бола алмаудан қорықсаңдар, бір әйелмен тоқтағандарың  жөн» (Ниса сүресі,3).

Жұрттың қателесетін  тұсы да осы: Шариғат берген рұқсатты міндет екен деп түсінеді де, «ойбай не дейсің,мұсылмандар төрт әйел алу  керек екен ғой.Құрысын бүйткен  шариғаты,өзім әзер жеткен күйеуімді  басқамен бөлісер жайым жоқ»,- деп  жеңгелеріміз Исламнан ат – тонын  ала қашады,күйеулерін де жолатпауға тырысады.Сөйтіп,қараңғылықтың кесірінен  Ислам сынды Аллаһтың нығметі  мен рахымынан құр қалады,екі  дүние бақытының есігі болған шариғаттан аулақтайды.

Көпәйелділік қоғамның дамуына,тазаруына өлшеусіз үлес қосатындығы  ғылыми тұрғыдан дәлелденген құбылыс.Әйелдердің саны ерлерден әйдеқайда көп екені  белгілі.Ал,әрбір адам баласының  жыныстық түйсігін қанағаттандыру керектігін айтпасада түсінікті жәйт.Сөйтіп,ағаларымыз жеңгелердің етегіне оралып,құрығынан  ұзай алмай жүргенде ер азаматтардың ыстық алақанынан мақұрым қалған талай бейкүнә бойжеткендер аярлар мен алаяқтардың құрбаны болып,ақыры  жезөкшелікке салынып, өмірлерін қан  жылаумен өткізеді,өздері де бүлінеді,қоғамды  да былғайды,жесірлер болса қиналғанда қол ұшын беретін,хәлін түсініп,жанына жылу сыйлайтын азаматтың жоқтығынан түрлі жүйке ауруына шалдығып,тәні де, жаны да азап шегеді...

Бірнеше әйел алуға  рұқсат беру арқылы Ислам әлемі түрлі  жұқпалы жыныстық аурулардан,жезөкшелік,гомосексуалдық секілді азғындықтардан аман қалған.Бүгінде 26 Ислам мемлекетінде гомосексуалистерді қатаң жазалайтын заңдар бекітілген.Ал,жеті Ислам мемлекетінде мұндай азғындар өлім жазасына кесіледі.

Мұндай қасірет  пен масқараға әлемнің дамыған,өркениетті деп саналатын талай елдері белшесінен батып отырғаны жасырын емес.Ең өкініштісі,өздері былғанғанымен қоймай,әлемді де былғап,күнә мен кірге малындырып бағуда.

__________________________

АҚШ – та ресми  түрде күніне жарты миллион «кәсіпқой  жезөкше» тәнін саудалайды.Ал,бұл  азғын жолға жаңадан қосылғандардың, «танылып үлгермегендердің» көптігі  соншалық,оларды түгелдеп шығу мүмкін емес.Нидерланды,Франция сияқты елдер  де күніне 200 мыңнан астам жезөкшенің «қызығын көреді». Жалпы алғанда, жезөкшелік бұл елдердің ежелден келе жатқан ата кәсібі іспетті десек,артық  айтқандық бола қоймас.Мәселен,Францияда 1 Франциск кезінде жезөкшелерді мемлекет есебінен асырайтын болған.Тіпті,бұл  тұрақты айналысу үшін арнайы министрлік ашылып,оны әйел басқарған,осылайша «жезөкшелер министрі» де бір  кездері жұмыс істеген...

Бүгіндері жезөкшелікпен  қатар бір жыныстылардың өзара  қатынасқа ұмтылуы белең алып бара жатқаны жасырын емес.Мұны ғылымда  гомосексуализм деп атайды.Тап осындай  күнәға ұрынғандары үшін бір кездері  Лұт қауымы Аллаһтың жазасына лайық  болып,жер бетінен жойылып кеткен еді.Адамзат осы ғаламат оқиғадан сабақ алып үлгермеген болса керек,бұл  індет те күн өткен сайын кең  қанат жайып, тарап барады.Әсіресе,Батыс  елдері бұл қасіретті әлемге таратып,улап барады.Тап бүгінде Ұлыбританияның әрбір жиырмасыншы тұрғыны «көгілдір» (гей) немесе «қызтеке» (лесбиянка).Олардың  қоғамдық ортаға сіңіп алғандары  соншалық,соңғы кездері жиі-жиі  бас көтеріп,еркек пен еркектің,әйел мен әйелдің үйенуіне заңды түрде  рұқсат беруін үкіметтен талап етуде.Басқаша  айтқанда,арсыздықтарын заңдастырмақ ниетте.Ең өкініштісі,олардың мұндай ұмтылыстары нәтижесіз болып  жатқан жоқ...

Батыс өркениеті  « көгілдір» немесе « қызтеке» болғандарын ар санамайды,керісінше  мақтан тұтады. Әлемге аты мәлім  әншілері,бишілері,суретшілері,дизайнерлері,саясаткерлері  өздерінің мұндай «артықшылықтарын»  жасырмайды, керісінше мақтан тұтып,жұртты соған насихаттайды.Тіпті,америкалық сенаторлар (Дж.Стаде және Б.Фрэнк) мансаптарын  «көгілдір» түсті «жарқырата түсу үшін»  пайдаланып,оларын халық үшін жасаған  қызметтері ретінде атаудан қайтатын емес.2001 жылы болса АҚШ перизентінің Люксембургтегі елшісі болып Дж.Хормел атты гомосексуалист аттандырылған.

Мұндай азғындық біздің де елімізге жетіп үлгеріпті.Мерзімді басылылымдарда жарияланған мәліметтерге сүйенсек,тап бүгінде Алматы қаласына «көгілдірлерге» арналған бірнеше  түнгі клуб ашық жұмыс істеп жатыр  екен.Бұл –қоғамның өзегіне құрт түсті деген сөз.Аллаһ Таьала осындай күнәһарлығы үшін жер  бетінен типыл етілген Лұт  қауымының күнін басымызға салмасын деп тілейміз...

_________________________________________-

Бұдан басқа да факторларды  айтуға болады.Мәселен,әйелдердің бедеулігі  де жиі кездесетін жәйт.Жұбайлар бір- бірін қанша сүйгенімен,араларында перзент болмағандықтан,махаббаттың  да жалыны сөне бастайды.Ажырасуға  бірін-бірі қимайды,ертеңіне алаңдайды.Енді не істеу керек?!

Мұндай жағдайға тап болған отбасылардың көпшілігі  бүгіндері бұл мәселені шариғат  даналығына жүгініп,тоқал алумен шешуге кіріскені жасырын емес.Мұндай мазмұндағы мақалаларды мерзімді басылым беттерінен көптеп кездестіруге болады.Осы арқылы жұбайлық жұптардың сыйластығы да сақталып қалады,ер азамат артында ұрпақ қалдыруға  мүмкіндік табады.

Адам қаласын-қаламасын,мәселенің  мұнан басқа шешімі жоқ екенін іштей мойындауға мәжбүр.Мәселен,Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін Германияда тұрмысқа шықпаған «кәрі қыздар»  ассоциация құрған болатын.Сөйтіп,олар үкіметке ер адамдарға бірнеше әйел алуға рұқсат беретін заң қабылдауды мәселе етіп көтерген,талап қойған.Әрине,олардың  мұндай заңды талаптары қанағаттандырылмаған,мұндай заңның қабылдануына шіркеу де қарсылық білдірген.

Ислам шариғаты ер адамның әйеліне жасайтын моральдық  және материалдық қарым-қатынасының  бәрін реттеген,сөйтіп мұндай міндеттер  жүктелген: Отбасы сүйіспеншіліктің,әділдік  пен шынайылықтың бастауы болуы  керек.Бұларсыз жұбайылық өмірдің  мәні де,сәні де болмайды.Сондықтан:

1.Ер адам әрбір  әйелінің тұрмыстық қажеттіліктерін  өтеуі керек.Отбасын асырау отағасының  мойнындағы міндет.

2.Ер адам әр  әйеліне теңдей көңіл бөлуі  керек,араларын алаламау керек.

3.Әрбір әйелі  мен олардан болған перзенттеріне  бірдей көңіл бөлуі керек,олардың  мұқтаждықтарын өтеуі тиіс. Әйгілі  дінтанушы Анни Безан мынадай  тұжырым жасаған:

«Батыс өркениетті Исламнан үйренуі керек,және Исламның көп әйелдікке рұқсат беруін сынауын  тоқтатқаны жөн.Себебі,Ислам әйелдерге  заңды түрде күйеуі мен перзенттерінің құрметіне бөленуге бар мүмкіндікті  жасаған.Әйелдерді масқара күйге  салудан,көшеде тәнін сатып жезөкше  болудан,нексіз балалардың туылуынан  қорғаған.Батыста әйелдер тек  қана еркектердің бір күндік тояты  ретінде қарастырылса,Ислам әйелдерді  болашақтың бесігін тербетуші ретінде  бағалайды,соған лайық құрметтейді».

Басқаша айтқанда,Батыстағы  жасырын неке деген сияқты,немесе азаматтық неке деп атап зинақорлықты заңдастыру секілді аярлық әрекеттерден гөрі Исламдағы көпәйелділік әрі  ашық, әрі кепілдемелі,әрі сауапты  амал.Әрине,түсіне білген жандар үшін бұл сөздерде үлкен мән бар,бағалай  білген қоғам үшін мұнда көптеген бәле-кесірден құтылудың жолы бар.Қасиетті Құранда былай деген:

« Мұсылман еркектер мұсылман әйелдер үшін,мүмін ерлер  мүмін әйелдер үшін,салиқалы ерлер  салиқалы әйелдер үшін,шыншыл ерлер  шыншыл әйелдер үшін,сабырлы ерлер  сабырлы әйелдер үшін,тақуа ерлер  тақуа әйелдер үшін,жомарт ерлер  жомарт әйелдер үшін,оразалы ерлер  оразалы әйелдер үшін,зинадан  таза ерлер зинадан таза әйелдер  үшін,зікір етуші ерлер зікір  етуші әйелдер үшін (лайықталған).Оларға Аллаһ жарылқау және ұлы сыйлық дайындалған» (Әхзаб сүресі,35).

Аятта ерлер мен  әйелдердің қатар,кезек-кезек айтылуының өзіндік мәні бар.Аллаһтың құзырында  еркектер де,әйелдер де тең,олар бір-бірінен  тек қана ізгілік,тақуалық тұрғысынан артық болуы мүмкін.Ал,ұлты,нәсілі,жынысы,ата-тегі,атақ-мансабы  деген сияқты нәрселермен ешкімде  Аллаһтың алдында абзалдыққа ие бола алмайды,тек қана тақуалығы арқылы басқаларды басып озады.

________________________________________

1992,1996 жылдары АҚШ  президенттігіне үміткер болған  Патрик Бьюкенен «Батыстың ажалы»  атты мәшһүр кітабында былай  деген: «Рас,ғылым мен технология,экономика,өндіріс,қару-жарақ  дайындау деген сияқты салаларда  Америка,Еуропа,Жапония басқалардан  әлдеқайда озып кетті.Дегенмен,Ислам  әлемі Батыс өркениеті бағалай  алмаған ұлы құндылықты сақтап  қала алды.Ол құндылық-отбасын  құру,ұрпақ өрбіту,бала тәрбиелеу,сол  арқылы дінін,өркениетін үздіксіз  жалғастыруға ұмтылу сезімі.Батыстың  қайбір елін алмаңыз,тұрғындарының  күн санап семіп,солып,құрып бара  жатқанын көресіз.Ал,Ислам елдерінің  қайсыбірін алмаңыз,күн санап  өсіп, толысып келе жатқанына  көзіңіз жетеді.Иә,Батыс Ислам  әлемі біліп үлгермеген талай  нәрсені білген болуы мүмкін,бірақ  Ислам әлемі Батыс ұмытып үлгерген  ұлы қағиданы әлі күнге жадында  ұстап келеді.Ол – «Иманға  негізделмеген елдің ертеңі жоқ»,- деген қағида».

Ақиқатын айтқанда,сыртынан күбір-сыбыр сөз еткенмен,әйелдердің көпшілігі шариғатты ұстанып  жүрген мұсылмандарға тұрмысқа шығуды қалайтыны жасырын емес.Себебі,мұндай еркек отбасының мәнісін,қадірін,өзіне  артылатын жауапкершілікті біледі,сезінеді,сондықтан  барлық күнәлі істен аулақ болады,бойын  да ойын да таза ұстайды,ішкілік,құмар,ойнас  секілді бәлекеттерге жоламайды,Аллаһтың разылығына үйлесетін амалдарды  ғана атқарып,отбасын шаттық пен  амандыққа бөлейді.Әйел үшін бұдан  артық не керек?!

Ендігі сөз хиджап кию мәселесіне қатысты. Қалыптасқан  «демократиалық» көзқарас бойынша,ұятты  жерлерін бүркеп,шариғат үкімдеріне сай хиджап киген қыз-келіншектер  «қоғамнан қалып қойға қараңғы», «шариғаттың құрбаны», «не болмаса  «экстремист» саналады.Бірақ, етпен  ет шалбар, бұттарын жалтыратып келте  юбка киген,төстерін жартылай жалаңаштап,әуреттерін ашып,сәті келсе сатып жүргендер  «заманауи,дамыған» болып дәріптеледі.Порнографиялық суреттерге,түрлі арсыз фильмдерге әйелдерді жалаңаштап түсіру «өркениет  жемісі» саналады да,ардан аттамауды,иманнан  аспауды,күнәға батпауды ойлап әбүйірін бүркегендер бейшара ретінде  қарастырылады.Мұндай түсінікке тас  болып жабысу, «Қызға қырық үйден  тыйым»деген қанатты қағиданың  ұмытыла бастауы-қоғамның ақылы  адаса бастағандығын көрсетеді.Бұл,әрине,өте  қауіпті құбылыс.

Ислам діні әйелдерді  құрметтейтіні соншалық,олардың  ар-ождан,абыройын қорғауды мұсылман үмметі үшін маңызды міндеттердің бірі ретінде  жүктеген.Аллаһ Тағала былай бұйырады:

«Мүмін әйелдерге  айт,көздерін (бөтен еркектерге)қараудан сақтасын және абыройларын (ұятты жерлерін)қорғасын.Зейнеттерін (яғни,тәнінің көркем мүшелерін)бөтен  көзге ашып көрсетпесін.Олар (бастарына)бүркеншіктерін орап,ұшын көкректеріне түсірсін де,зейнеттерін  көрсетпесін.Уа,мүміндер,бәрің де Аллаһқа  тәубе қылыңдар,бәлкім сонда құтылатын  шығарсыңдар». (Нұр сүресі,31)

Міне,осы аят  арқылы Аллаһ Тағала әйелдердің абыройын қорғауға кепілдік берген.Және,бұл  аят әрбір иманды әйел хиджап жамылуы  керектігін парыз етеді.Ашық-шашық  киінуге,басқалардың алдында қылмыңдауға  болмайтындығы да осы аятта ескертіліп тұр.Ендеше,Құдайдан үміті бар пенде  осы үкімдерді оқи тұра,одан қалайша  бас тартады,әйел затына осыншалық  жақсылық қалап тұрған Құранды сөгуге,кінәлауға  қалай ғана дәті барады?!Түсіне білген жан үшін әйелдердің әуретін қорғауда үмметтің,халықтың ертеңін қорғау қамы жатқаны анық.Отан отбасынан басталады  десек,отбасының ұйтқысы ана екені  белгілі.Ал,аналарымыз абыройынан айырылып,етек-жеңін  жабуға,бір уыс қана әуреттерін бүркеуге,нәпсілерін ауыздықтауға шамалары келмей жүрсе,қайтіп ұрпақ тәрбиелемек,қайтіп басқаларға үлгі болмақ?! «Өзің диуанасың,кімге  пір боласың»,-дегеннің кебін кимей  ме...

Сондықтан,Исламды  әлдеқандай мәселеге байланысты кінәлар  алдын асықпай,сол мәселеге қатысты  Исламның не дейтінін,қандай пікір  айтатынын біліп,зерделеп алмақ  ләзім. «Алла деген ауыр сөз,Аллаға ауыз қол емес»,-хәкім Абай айтқандай,Исламға  қатысты пікір айту-Құранға қатысты  пікір айту,ал Құранға қатысты  пікір айту-Құдайға қатысты пікір  айту екендігін естен шығармағанымыз жөн.Бір адамдар байқамай айтқан бір ауыз сөзі үшін мәңгілік жәннатта рахат кешсе,енді біреулер бір ауыз сөзі үшін тозақта мәңгі азапталуы  мүмкін екендігін хазіреті пайғамбарымыз (с.ғ.с.)ескертіп кеткен. «Басқа бәле тілден»,-дегендей,Аллаһ  мұндай қасіреттен сақтасын!

Қорыта келе айтарымыз,жер  бетінде әйелдердің хұқын шын  жанашырлықпен қорғайтын,әйелдерге  шын ықыласпен жақсылық қалайтын,әйелдерге  шын мәнінде құрмет көрсететін бір  жол бар болса,ол-Ислам. «Жақсылықты  ең әуелі анаңа,анаңа,тағы да анаңа  жаса!»-деп үйрететін де-Ислам.Әрбір  қызға ертеңгі ана ретінде  қарайтын,сондықтан әрбір қыз  баланың абыройын көздің қарашығындай қорғайтын да-Ислам.Әрбір ер азамат әйелдерді өзінің анасындай,әпкесіндей,қарындасындай  көруі керек,сыйлауы керек,қорғауы  керек деп үйрететін де-Ислам.Ендеше,шариғат  әйелдердің хұқын шектейді,Ислам  әйелдерді төмен санайды,мұсылмандар  әйелдерді қорлайды деген сияқты ұшқары пікірді айту да, ондай пікірге  ілесу де сауатсыздық,білімсіздік,надандық. «Көңіл сенбей сенбеңіз,Бір іске кез  келсеңіз»,-деп хәкім Абай айтқандай,өз көңіліңізді тексеріп,саралап көріңізші,не дер екен?...

Алынған жері:

«Ислам жайлы қате түсініктер» кітабы.

 

 

 

 

Біздің жыл санауымыздан үш мың жыл бүрын ежелгі Үнді жерінде қауымдық қоғам ыдырап, оның орнына қүлдық қоғам қалыптаса бастады. Осыған орай ежелгі үнді қоғамы 4 варнаға бөлінді. Олар: брахмандар (абыздар), кшатрийлер (әскербасылар) жэне шудралар (қүлдар). Әр варна түйықталған әлеуметтік топ болды да, әрқайсысы қоғамда өзіне тэн орын алды және өздеріне ғана тэн дәстүрлі мамандықтары болды. Мысалы, брахмандардың үлесіне - ой еңбегі, кшатрийларға-эскери қызмет, вайшьилерге-ауылшаруашылық, қолөнер кэсібі, саудагерлік тисе, шудраларға- қара жүмыс ғана тиді. Ежелгі үнді қоғамының осы даму кезеңіне сай мифологиялық, философиялық көзқарастары да қалыптасты. Олар негізінен үнді мэдениетінің ескерткіші ведаларда (веда б. д. д. 1500ж) жиынтықталған. Ведалар 4 бөлімнен түрады: 1) самхит-құдайларға арналған гимндер жинағы; 2) брахман- самхитті түсіндіретін эр түрлі мифологиялық эңгімелер,, ритуалдар т. б; 3) араньякта-(орман кітабы) брахманға тэн ритуалдардың орнына қүдайларды іштей сыйлап қүрметтеу, олар туралы ойланып - толғану сияқты көзқарас; 4) Ведалардың ең соңғы сатысы "Упанишадта" дэстүрлі варналарды бір-біріне қарсы қоюдан гөрі, олардың арасындағы айырмашылықты ең жоғарғы білім арқылы жоққа шығаруға болады деген идея уағыздалады. Упанишадтың басты тезисі Брахман туралы. Ғарыштың негізінде мэңгі мэнділік- Брахман жатыр. Ал одан заттар дамып өскен. Олай болса, Брахман - бар әлемнің генетикалық, түпнегіздік бастамасы жэне олардың соңы. Брахман екі түрлі болады. Біріншісі-қозғалмайды, нақты өмір сүреді, бірақ жойылып кетуі мүмкін, ал екіншісі-жойылмайды, өлмейді, қозғалыста болады жэне ақиқат. Бірінші брахман көп түрлі болса, екіншісі-жалқы. Кейбір жағдайларда брахмандармен қатар, синоним ретінде, Атман ұғымы да қарастырылады. Атманның табиғаты-бір жағынан дене сияқты болса, екінші жағынан рух сияқты. Рухты атман- тіршіліктің негізі, ал екеуі қосылып, барлық денелердің ішкі бастамасы, негізі және соңы болады. Амен тек бастама ғана емес, ол- саналы тіршілік иесі, әлемді жаратушы. Брахман жэне атманмен қатар тұрған үғымдаодың бірі-пуруша жэне "мен". Пуруша - ол әлем, адам түріндегі элем. Сондықтан, Атман бастапқыда пуруша түрінде болып, "мен әлемді жаратамын",-деп: аспан суын, сэуленің бөлшектерін, өлімді, суды жаратты. Осыдан біз Атманның саналы екенін түсінеміз. Упанишадта "менді" Брахманмен, Атманмен тең деп түсінген де ғана, адам өзін қүдаймен, бүкіл элеммен теңмін деп, түсінеді. Ал "мен" - бір бөлек, брахман, атман-бір бөлек деп түсінетін болсақ ол-білімділікке жатпайды. Ал, егер атманды танып-білсек, барлығын да білгеніміз. Жалпы, білімділік упанишадта өте жоғары бағаланады. Мысалы, тікелей қүрбандық шалғаннан гөрі, құрбандық шалу туралы білім өте қүндырақ. Өмірдің ең басты мақсаты-тірі кезінде атман-брахманмен қосылып-бірігу. Өмір қиыншылығынан, қү-марлығынан, үмітінен, қызғаншақтықтан тыныштық тауып, алдап- арбаусыз ой кешіп, атманды үсініп-білген адам нағыз брахман болып құдайға, элемдік қүрылымға айналады. Упанишадта жанның көшіп-қону идеясы ең басты идеялардың бірі. Қайта-қайта айналып келетін жанның сансар тырнағынан құтылу үшін аскеттік өмір сүріп, ең жоғары білімді алуы басты шарт болып саналады.

Информация о работе Ислам дініндегі әйелдің орны