Мұсылмандық Шығыстағы діни- философиялық ой

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2013 в 21:02, реферат

Описание работы

Мұсылмандық Шығысты зерттеумен айналысқан тарихи-философиялық және мәдениеттанымдық еңбектерге қарағанда ислам әлемінің данышпандары ерте грек ғылымы мен философиясымен қатар алдыңғы Азия, Орталық Азия және Шығыс мәдениеті мен философиясын қабылдай отырып, философиялық дәстүрлерді онан ары жалғастырған. Егер ортағасырлық Батыс Европада христиандық дінді идеологияландыру, философиялық интоксикациялау және негіздеу процесі жүріп өтсе, ал мұсылман аймағында, әсіресе VII-X ғасырларда философия мен ғылым өзінің гүлденген кезеңін бастан кешірді. Бұл кезеңде ғылымның мынадай салалары қарқынды дамыды: тригонометрия, алгебра, оптика, психология, астрономия, химия, география, зоология, ботаника, медицина.

Содержание работы

1)Кіріспе
2) Әл- Кинди философиясы
3)Қорытынды

Файлы: 1 файл

asd.doc

— 84.00 Кб (Скачать файл)

Мұсылман әлемінің көптеген философтары адам сүбъективтігінің адамгершілік қасиеттеріне үлкен көңіл  бөледі. Әл-Фарабиден бастап мұсылман әлемінде жалпы адамзаттық маңызды мәселелерді шешу барысында адамның адамгершілік қасиеттерінің маңыздылығын алға тартатын дәстүр қалыптасқан. Ортағасырлық мұсылман философтарының бұл идеялары жетілген адам туралы идеяның қалыптасуының алғышарты болып қызмет етті. Олар үшін мұндай адам гуманист болып саналды, оның қылықтары, әрекеті мен позициялары қоғамның рухани-адамгершілік өміріне ықпал ететін болғандықтан білімділік пен тәрбиеліліктің көрсеткіші болды. Бекерден-бекер әл-Фараби, Ж.Баласағұн, А.Йугнеки, А.Яссауи сияқты түрік философтары әдепке үлкен көңіл бөлмесе керек. Әдеп идеясын суфизм философиясы да басты назарға алады. Нақты өмірдегі рухани бөлектенудің, мемлекеттік және құқықтық нигилизмнің орын алатынын ескере отырып, суфизмнің идеялық данагөйлері рухани- адамгершілік тұрғыда толысудың жолын ұсынады. Осы парасаттылыққа жеткен адамға ғана ақиқат ашылады. Бұл ақиқаттың мәні Құдайға деген сүйіспеншілік, барлық әлем мен оның өзгерістерін Құдайға тән құдіретті сұлулықтың феномені, “әсем тазалық пен асқақтық” арқылы түсіндіріледі. Сопылардың пікірінше, бүкіл дүние құдаймен толық бірегей. Элем мен адам - Құдай мен Ақиқаттың, Құдай мен Құштарлықтың бірегейлігінің көрінісі. Мәнділіктің Тұтастығы теориясы (вахдат аль-вуджуд) барлық нәрсенің құдай екендігін мойындайды. Барлық бар нәрсе Мәнділіктің Тұтастығында бар, демек ол құдай. Бұл бірлік құштарлық арқылы ғана жүзеге асады, ол жаратылғанды жаратушымен, ғашықтарды құдай-құштарымен байланыстырып, ақырында олардың Мәнділік Тұтастығында толығымен қосылуға алып келеді. “Ана-аль-хакк” - “Мен құдаймын” - дейді сопылар. Суфизмнің ең көрнекті өкілдері қатарына Қ.А.Яссауи (оның философиялық көзқарастары туралы мына кітаптан оқуға болады: Қасабек А., Қасабек С. Искание истины. А., 1998), А.Йугінеки (ХІғ), Шабустари (1320ж қайтыс болды), әл-Хуруфи (13391393/94), ибн Араби (1165-1240), Мағриби (XV^, Әнуар Қасими (XIV^, Рузбехан Богли (XVII^) және т.б. жатады. Осы және тағы басқа суфизм философтары Барлығына тән және Біртұтас Құдай туралы ойды дамытып қана қоймай, рухани жетілген адам туралы, олардың өмірде әділетсіз мемлекетке, қоғамның азғындауына үнемі қарсы тұратыны туралы идеяларды да насихаттайды. Зұлымдыққа белсенді түрде бұзу-қирату тән - деп пайымдайды сопылар, - ол жүрегінде құдайға деген сүйіспеншілігі жоқ адамдарды дереу өз қатарына тартып алады. Мұндай адамдар осының ықпалымен әрекет етіп, әртүрлі қылмыстар мен жамандықтар жасайды. Адамгершіліктің таяздығы, ниеттің арампиғылдылығы, сананың тұрпайылығы адамды Құдайға деген сүйіспеншіліктен алшақтатып, біреудің қайғысы мен қасіретіне бей-жай қарайтын адамға айналдырады. Мұның бәрі адамның қылығына, жүріс-тұрысына өз ықпалын тигізеді. Азғындық, арам пиғыл, сананың таяздығы өмірдің барлық қырына, саясатқа, құқыққа, дінге зиянды әсерін тигізіп, мемлекеттегі әділетсіздікке, берекесіздікке әкеледі.

Деградациядан, апатиядан, нигилизмнен шығатын жол сопылардың пікірінше, Құдайға бетбұруда, Жаратқанға деген сүйіспеншілікте, рухани жетілген адамды тәрбиелеуде. Егер бұл жетілген адам мұсылман рационалистерінің ұғымында моральдық- этикалық сипатта болса, ал сопылар үшін онтологиялық, космологиялық және танымдық сипатта болады. Суфизмнің негізін қалаушының бірі Мухий—д-Дин ибн Араби жетілген

адамды дэл осы аспектіде  қарастырады. Онтологиялық қырынан  алғанда әдеп - бұл универсалды  нақтылық (логос). Онда феноменалды  болмыстың дифференциалды емес және потенциалды жағдайларындағы барлық түрі сақталған. "Адамда әлемдегі барлық мәнділік потенциалды түрде жинақталады” (ибн Араби), одан ғарыштың бүкіл алуан түрлілігі туындайды. Адам-логос—бұл әлемнің алуан түрлілігін келтіріп шығаратын монада. Екінші тұғыр—ғарыш. Ғарыштың өзі жетілген адамның бір келбеті ретінде қарастырылады. Адамның өзі - әлемдегі барлық нәрселердің ішіндегі ең жетілгені, және ол Ғаламның көшірмесі сияқты жетілген адамның ерекшелігі сонда, дәл осы адамнан абсолют өзін тани алады, дәл адамда ғана құдайдың барлық қырлары синтезделеді. Адам эзотериялық білім арқылы ғана құдаймен Тұтастыққа қол жеткізеді және тұтастықпен сүйіспеншілік экстазында қосылады. Сонымен адам гнозисте (танымда) Тұтастықпен өзінің субстанционалды бірлігіне қол жеткізеді, әлемдік процестермен үйлесе отырып, Ғаламның жалпы ырғағына енеді, әлемдік бүтіндіктің бір бөлшегіне айналады. Дәл осы жағдайда ғана адам толық еркіндікке жетеді. Ибн Араби діни төзімділікті уағыздайды. Ол діннің адамдарға үстемдік ету мақсатында қолданылуына қарсы шығып, бүкіл діндер мен наным сенімдердің теңдігін жариялады. Бұл идея гнозис принципінен келіп шығады, өйткені гностик өзгелерін теріске шығара отырып, бір ғана наным сеніммен өзін шектемейді, себебі әрбір құдіретті нәрседен ол құдайды көре алады. Құдай өзін әртүрлі формада көрсетеді және барлығында да оның құдіретті қуаты мен сұлулығы көріне алады. Ибн Арабидің плюрализмі барлық діндердің тең құқылығын, әрбір адамның жеке сеніміне құқықтылығын мойындауға мүмкіндік береді. Ибн Арабидің тұжырымдауынша құдайға барудың жолы әртүрлі, бірақ оның бәрі ақыры соңында Тұтастықты мойындауға әкеледі. Әралуандылық пен айырмашылықты көре білу және осы айырмашылықтан Тұтастықты аңғарып, оған құштар болу - міне, осы әдепке тән қасиет. Егер құдайға деген сүйіспеншілік жетілген нағыз, шынайы болса, онда бұл құштарлықтың нәтижесінде Құдаймен бірігуге адамның қолы жетеді. Ибн Арабидің пікірінше, сүйіспеншілік ғашықтық себебі және қозғаушы күші болып табылады, онсыз ешнәрсе де өмір сүрмес еді.

Суфизмнің көптеген идеяларын  мұсылман әлемінің әл-Газали сияқты ірі  теологы да қостады. Әл-Газалиге дейін  өмір сүрген ойшылдар да, оның замандастары да мемлекеттік құрылым мәселесін  айналып өте алмады. Әл-Газали өзінің бірқатар жұмыстарында мемлекетті басқару мәселесінде сұлтанға ұсыныстар береді, сұлтанның нақты билігін заңдастыру негізінде оны нығайту мәселесін көтеріп, халифты сынайды. Газали халиф пен сұлтан арқатынасы мәселесін жан-жақты сипаттап, имамат теориясын дайындайды. Газалидің пікірінше, мемлекет ислам мен мұсылманша өмір сүру тәртібін қорғауға тиіс. Ол өзінің “Философтарды терістеу” деген еңбегінде Фарабиді, ибн Синаны сынап, оларға өзінің “әлемнің ешнәрседен жаратылысы” туралы идеясын қарсы қояды. Бұл идеяда ол бүкіл қоршаған әлемге өзінің ықпалын жүргізетін құдайдың шексіз еркі туралы ойды негіздейді. Газали Фарабидің, ибн Синаның ақыл-ойдың рөлі туралы позициясымен келіспейді. Мистиктің пікірінше, ақыл-ой тек реттеуші рөлді ғана атқара алады, ол біздің ізденісімізді мақсатқа қарай бағыттай алғанымен, мәнділікті ешқашан да аша алмайды. Мәнділікті танудағы жалғыз тәсіл өзіне-өзі терең бағытталған мистикалық жағдай, сонда ғана мәнділік ашылады. Бұл мәнділік - Құдайдың болмысы.

Сопылық философия европалық  дүниетанымға, европалық мәдениетке (трубадурлар шығармашылығына, францискандық монахтар орденінің әрекетіне, М.Лютердің, М.Экхарттың, И.Таулердің дүниетанымдарына, Гурджиевтің мистикалық іліміне) едәуір ықпалын тигізді. Көптеген идеялары батыстық әлемнің бірнеше ойшылдарының философиялық ой толғаулары үшін жемісті ықпал етіп, шығармашылық “субстрат” ретінде қызмет етті.


Информация о работе Мұсылмандық Шығыстағы діни- философиялық ой