Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 08:23, реферат
Ислами әдебиеттерде көбінесе “Йесе” (Йеси) деп аталатын заманауи Түркістан шаһарының діни, тарихи, әлеуметтік маңызын екшемес бұрын, “Түркістан” сөзінің мағнасын сәл талдап көрелік. VII-ғасырда Орта Азияны өз билігіне қаратқан арабтар (Әмәуилер) Жейхұн[1] өзенінің ар жағындағы елдерді “Мауера-ән-Нәһір”, яғни “өзеннің ар жағындағылар”, ал осы аймақты бағындырған олар кейінірек Сейхұн[2] өзенінің солтүстігіндегі елдерді “Биләд әт-Түрк”, яғни “Түрік елі” деп атаған.[3] Иран тілді халықтар да мағналас түрде “Түркістан”, яғни “Түрік Елі”, “Түрік Жері” деп атаған-тұғын. Заманауи түсінікте “Түркістан” – Жейхұн өзені бастауының солтүстігіндегі Орталық Азия елдерінің жалпы атауы.[4] Қарахан (942-1211), Ғазна (962-1187), Селжүк (1040-1157) ханадандары[5] кезінде түркілер билеген аумақтың үнемі өсуіне байланысты бүгінгі күнгі мағнадағы “Ұлы Түркістан” ұғымы қалыптасады.