Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2013 в 23:30, реферат
Қазақстан Республикасы Еуразияның орталық бөлігінде, Орал тауларынан оңтүстікке қарай, ал оның астанасы - Астана қаласы Еуразия құрылығының географиялық орталығына мейлінше жақын орналасқан.
Қазақстан Ресей Федерациясымен, Түркменстанмен, Өзбекстанмен, Қырғызстанмен және Қытаймен шектеседі, Каспий теңізіне шыға алады.
Республика аумағы батысында Еділдің төменгі ағысынан шығысында Алтайға дейін, солтүстігінде Батыс-Сібір жазығынан оңтүстігінде Тянь-Шань тауларына дейін созылып, 2 миллион 725 мың шаршы километр жерді алып жатыр. Жер көлемі жағынан Қазақстан дүние жүзінде 9-орын алады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРНЫ, ТАБИҒАТ ЖАҒДАЙЛАРЫ 2
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ 3
1 Қазақстанның географиялық орны мен шекаралары 4
2 Қазақстан жерінің зерттелу тарихы 4
3 Қазқстан жеріндегі пайдалы қазбалар 5
4. Қазақстанның климаты 6
5. Қазақстанның ішкі сулары 7
6 Қазақстанның табиғат зоналары 9
ЖОСПАР
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРНЫ, ТАБИҒАТ ЖАҒДАЙЛАРЫҚазақстан Республикасы Еуразияның орталық бөлігінде, Орал тауларынан оңтүстікке қарай, ал оның астанасы - Астана қаласы Еуразия құрылығының географиялық орталығына мейлінше жақын орналасқан. Қазақстан Ресей Федерациясымен, Түркменстанмен, Өзбекстанмен, Қырғызстанмен және Қытаймен шектеседі, Каспий теңізіне шыға алады. Республика аумағы батысында Еділдің төменгі ағысынан шығысында Алтайға дейін, солтүстігінде Батыс-Сібір жазығынан оңтүстігінде Тянь-Шань тауларына дейін созылып, 2 миллион 725 мың шаршы километр жерді алып жатыр. Жер көлемі жағынан Қазақстан дүние жүзінде 9-орын алады. Республика аумағының басым бөлігі жазық және ойпатты болып келеді. Елдің орталық ауданында Қазақтың шоқылы қыраттары, оңтүстігінде Қазақстан аумағындағы ең биік нүкте – биіктігі 6995 метр болатын Хан тәңірі шыңын қоса алғанда Тянь-Шань тауларының сілемдері жатыр. Республика аумағы арқылы ағып өтетін, Солтүстік Мұзды мұхит бассейніне жататын шығысындағы - Ертіс, ал солтүстігіндегі - Есіл өзендерін қоспағанда, Қазақстан өзендерінің көпшілігі Каспий, Арал теңіздері мен Балқаш көлінің ішкі тұйық бассейндеріне жатады. Мұхиттардан қашық, жер аумағының кең болуы және табиғат ерекшеліктері климатының күрт континенталдығы мен аймақтық ерекшеленуіне, жауын-шашын мөлшерінің аз болуына әсер етеді. Республиканың көпшілік жеріне желдің күшті болуы тән. Аумақ төрт табиғи аймаққа - орманды-далалық (солтүстік, шығыс), далалық (солтүстік, шығыс, батыс, орталық), шөлейтті (батыс, орталық, оңтүстік, шығыс) және шөл (батыс, орталық, оңтүстік) аймақтарға бөлінеді. Қазақстан Республикасының аумағындағы соңғы кездегі дүлей табиғат құбылыстарының қатарына Каспий теңізі деңгейінің одан әрі көтерілуі, жер сілкіністері, гидрометеорологиялық дүлей құбылыстар жатады. Арал теңізі бассейнінің құрғауын және атом полигондары қызметі зардаптарының экологиялық жағынан жайсыз әсерін ең ірі антропогендік зардаптар қатарына жатқызуға болады. 1978 жылы басталған Каспий теңізі деңгейінің көтерілу процесі орташа қарқыны жөнінен жылына 0,14 метр болып үдемелі түрде жалғасып келеді. Теңіздің деңгейі төрт метр дерлік көтерілді. Республика аумағының үштен бірі сейсмикалық жағынан қауіпті аймақта орналасқан. Оған 6 миллиондай халық тұратын 400-ден астам елді мекен - үлкенді-кішілі қалалар енеді. Қазақстан аумағының бір бөлігіне желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге ететін ақтүтек борандар және минус 37-38 градусқа дейін төмендейтін үскірік аяздар секілді гидрометеорологиялық дүлей құбылыстар тән. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫРеспублика шикізат ресурстарына бай. Қазба байлықтарында іс жүзінде Менделеев кестесіндегі барлық элементтер кездеседі. Қазақстанда 155 кен орны, тас көмір мен қоңыр көмір, жанғыш тақтатас шығарылатын 102 орны бар. Мұнай мен газ қоры орасан зор. Каспий ойпатында Орталық Азиядағы ең ірі Теңіз мұнай кен орны орналасқан. Экономикалық даму Қазақстанды
бес ірі экономикалық- Батыс Қазақстан экономикалық аймағы мұнай-газ өндіру, өңдеу, мұнай-химия, металлургия, балық өнеркәсібі мен мал шаруашылығына маманданушы аймақ ретінде қалыптасты. Оңтүстік Қазақстан Орталық Қазақстан экономикалық аймағы көмір мен темір кендерін және басқа да кен байлықтар өндірумен, дамыған металлургия өнеркәсібімен, қуатты отын-энергетика кешенімен ерекшеленеді. Солтүстік Қазақстан аграрлық- Шығыс Қазақстан экономикалық аймағы түсті металлургия, машина жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсібі дамыған орталық болып табылады. Республикаға шетел инвестициясы молынан тартылуда. 1999 жыл ішінде тікелей шетел инвестициясының көлемі 1 799,3 млн. американ доллары болды. Оның ішінде көлемі жөнінен негізгілері – АҚШ (50,2%), Нидерландия (12,1%), Ұлыбритания (9,0%), Италия (7,0%), Қытай (2,8%), Түркия (1,9%), Оңтүстік Корея (1,6%). ХАЛҚЫ Санақ мәліметтері бойынша 1999 жылы Қазақстан халқының саны 14953 мың адам болды. Қазақстанда барлығы 131 ұлттың өкілдері тұрады. Қазақстан халқы құрамының 53,4 проценті - қазақтар, үштен біріне жуығы - орыстар, украиндердің, немістердің, татарлардың, корейлердің және басқа ұлт өкілдерінің үлкен топтары тұрады. Түркі тілдері тобына жататын қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында мемлекеттік тілмен қатар орыс тілі ресми түрде қолданылады. Қазақтар 55 шет елде, соның ішінде бұрынғы КСРО-ның барлық одақтас республикаларында және алыс шетелдегі 41 елде тұрады. Қазақтардың ең көп орналасқан жері - Өзбекстан, мұнда - 967 мың адам, Ресей Федерациясында - 687 мың, Түркменстанда - 87 мың, Қырғызстанда - 42 мың, Украинада - 10 мың, Тәжікстанда - 10 мың, Әзірбайжанда – 4 мың, Грузияда – 3 мың, Молдовада – 2 мың, Латвияда – 1 мың адам тұрады. Алыс шетелдерде, мысалы, Қытайда - 1 млн. 258 мың, Моңғолияда - 83 мың, Ауғанстанда - 28 мың, Түркияда - 20 мың, Иранда - 3 мың қазақ тұрады. |
1 Қазақстанның географиялық орны мен шекаралары
Қазақстан жер аумағы жағынан Еуразия материгінде Ресей, Қытай, Үндістан мемлекеттерінен кейін төртінші орынды иеленеді. Жалпы жер аумағы 2 717,3 мың шаршы километр. Қазақстан батысында Каспий маңы ойпатынан шығысында Алтай тауларына дейін 3000 шақырым, солтүстігінде Батыс Сібір жазығынан оңтүстігінде Тянь-Шань тауларына
дейін 1 600 шақырым жерге созылып жатқан кең- байтақ мемлекет. Жер көлемі жағынан дүниежүзіндегі аса ірі мемлекеттердің бірі.
Қазақстан қоңыржай климаттық белдеуде орналасқан. Дүниежүзілік мұхиттардан қашық жатқандықтан, жерінің көбі шөл және шөлейт болып келеді. Оңтүстік –шығыс және шығыс бөлігіндегі биік тау бөктерлерін суармалы жерлер алып жатыр. Батысында Каспий теңізі жағасында теңіз деңгейінен 132 метр төмен жатқан Қарақия ойысы, ал оңтүстік –шығысында Қазақстан, Қырғызстан, Қытай елдерінің шекарасы тоғысқан жерінде биіктігі 6995 метр Хан Тәңірі шыңы бар.
Қазақстан Еуразия материгінде орналасқан бес мемлекетпен шектеседі. Шекарасының жалпы ұзындығы 15000 шақырымнан астам. Оның 12000 шақырымы құрлықпен, ал 3000 шаақырымы Каспий және Арал теңіздері арқылы өтеді. Батысы мен солтүстігінде Ресеймен, шығысында Қытай Халық Республикасымен, оңтүстігінде Қырғызстан, Өзбекстан және Түркіменстан мемлекеттерімен шектеседі. Қазақстанның шекарасы кей
жерлерде табиғи шептер арқылы өтеді.
1991 жылдың соңы 1992 жылдың алғашқы айлары еліміздің саяси-әлеуметтік өміріне көптеген өзгерістер әкелді. Бұрынғы Кеңестер Одағының ыдырауы нәтижесінде басқа одақтас республикалармен қатар Қазақстан да өз тәуелсіздігін жариялады. Егемендік алған Қазақстан мемлекетін Біріккен Ұлттар Ұйымы мүше етіп қабылдады.
1992 жылы маусымның 6-сы күні еліміздің тарихында елеулі күн болды.Алматыдағы Абай атындағы мемлекттік опера және балет театрында егемен Қазақстан Республикасының жаңа елдік айшық –нышандарын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиын болды.Онда жаңа Туымыз желбіреп,Елтаңбамыз жарқырап,Әнұранымыз шырқалды.
2 Қазақстан жерінің зерттелу тарихы
Қазақстан жерінде көне заманнан бері адамдар қоныстанған Қаратау
баурайынан тас
дәуірінің көптеген
адамдардың аңшылықпен, егіншілікпен айналысқанын көрсетеді.
Біздің заманымызға дейінгі
2 ғасырда қазіргі Қазақстан
9-10
ғасырларда араб ғалымдары
19 ғасырдың ортасынан (1845 ж.Орыс география қоғамы құрылған) Орыс география қоғамының арнайы тапсырмасы бойынша Қазақстанда ғылыми зерттеулер жүргізіле бастады. Бұған Кіші және Орта жүздерінің бір бөлігінің Ресей құрамында ену себеп болды.
19ғ. Аяғында
– 20ғ. Басында қазіргі
Орыс
географы П.П.Семнов-Тянь-
Оның Қырғыз және Орталық Азия елдерінің тарихы, географиясы, этнографиясы жайында жазған ғылыми құндылығы мол еңбектері бар.
Қазақстан жер қойнауында географиялық даму кезеңіне сәйкес әр түрлі пайдалы қазбалар түзілген.Кейбір пайдалы қазба кең орындарының қоры жөнінен хром, ванадий, вольфрам, мыс, калий, рений, висмут, фтордан Қазақстан дүние жүзінде бірінші орында.
Пайдалы қазба кен орындары 3 топқа бөлінеді: жанатын , рудалы және рудасыз. Жанатын пайдалы қазбалар көбінесе шөгінді жыныстарда кездеседі. Ал рудалы пайдалы қазбалар (металл рудалары) көбінесе кристальды (магмалық және метаморттық) тау жыныстарында болады . рудасыз пайдалы қазбалар магмалық шөгінді жыныстарда кездеседі. Бүгінде Республикамызда 6000 –нан астам пайдалы қазба кен орындары бар.
Қазақстанның климаты шұғыл континентті келеді, оның солтүстік аймағының қысы суық, жазы қоңыржай. Ал оңтүстігінде қыс онша қатты болмайды, жазы ыстық, қуаңшылықты. Бұл температураның тез ауысуынан, ауаның құрғақ болып, жауын-шашынның аз түсуінен байқалады. Жалпы климаттың қалыптасуына географиялық ендік, күн радиациясымен қатар атмосферада жүріп жататын күрделі процесстер әсер етеді. Қазақстанның климатына солтүстік Мұзды мұхит үстінде қалыптасатын арктикалық ауа массасы көктемнің соңғы, жаздың алғашқы айларында бау-бақшаға үсік әкеледі. Орта Азия үстінде қалыптасатын тропиктік ауа массасы жаз айларында Қазақстан жерінде температурасы жоғары өте құрғақ ауа райын қалыптастырады. Қазақстан климатына азия антициклоның әсері мол. Қыс кезінде Орталық Азияда қалыптасатын антициклонның әсерінен ауаның жоғарыдан төмен қозғалуына байланысты бұлт азайып, жер беті суып, аязды ауа райы орнайды. Сондықтан Қазақстанда «Сібірдің қысы», «Азияның жазы» болады.
Климаттың
қалыптасуына климат түзуші
Аумағы
ұлан –байтақ жерді алып
Күн радиациясы дегеніміз - күн сәулесінің жер бетіне түсірілетін жарығымен жылуы. Республикамыздың таулы аудандарының беткейлеріндегі жиынтық радиацияның мөлшері бұлттылыққа байланысты өзгеріп оьырады.Атмосферада бұлттылық артқан сайын күн көзінен таралатын радиацияның мөлшері азайып , шашыранды радиация көбейді.Күннің жерге тура түсетін сәулесін тура радиация деп атайды.
Жинақтық радиацияның жер
Атмосфера циркуляциясы –жер
бетіндегі климатты
Арктикалық ауа массасы
Тропиктік ауа массасы. Орта Азия мен Иранның үстінде қалыптасатын бұл ауа массасы көбіне республикамыздың оңтүстік аймағын қамтиды.
Қазақстан аумағында жауын-
Өзендердің маңызы. Ішкі суларға республикамыздың аумағындағы судың барлық түрлері, яғни өзендер, көлдер, жер асты суы мен мұздықтар жатады.Өзен суы егістікті суғаруға, шаруашылықтың басқа да салаларына қолданылуымен қатар, арзан энергия көзі де болып табылады.
Қазақстанның барлық өзендері негізінен 2 алпқа бөлінеді: Солт.Мұзды мұхит алабы және ішкі тұйық көлдер алабы .
Солт. Мұзды мұхит алабына
жататын өзендер Сауыр-
Бұл алапта өзендер сирек. Бірақ өзендердің суы тұзды келеді.Алаптағы ең ірі өзен –Жайық. Жайық Орал тауынан басталып , Каспий теңізіне барып құяды. Өзеннің жалпы ұзындығы 2428 км,оның 1107км қазақ жері арқылы өтеді. Жайықтың төменгі Каспий маңы ойпатында ағысы баяулап, арнасы кеңіп жазық жермен ағады. Суы сәуірдің 2 жартысында тасып, арнасынан шығып, жайылып кетеді. Мамыр бойы суы мол болады. бұл өзенде ең бағалы бекіре балығы уылдырық шашады.
Қазақстанның
көлдері. Қазақстанда үлкенді-
кішілі 48 мыңнан астам көл бар.
Бөгендері. Қазақстан жерінде энергия өндіру, егінді алқапты суландыру және өнеркәсіп орталықтарын сумен қамтамасыз ету мақсатында көптеген жасанды суқоймалар (бөгендер) жасалған. Республикамыздағы ең ірі су бөгені - Шығыс Қазақстандағы Бұқтырма бөгені. Бөген Ертіс өзеніне Бұқтырма СЭС-ін салуға байланысты пайда болды. Бұқтырма бөгенінің ұзындығы 600 км,
Ені 35 км, тереңдігі 11м. Бөгеннің суы Павлодар, Шығ. Қаз. обл.-ның шаруашылықтарын суландыруға және кәсіптік балық өсіруге пайдаланылады.
Каспий теңізі. Каспий теңізі - дүние жүзіндегі ең ірі көл. Оның солт.-нің көп бөлігі мен шығ.жағаларының жартысы Қаз. жерінде. Каспий суын су көлігі, мұнай мен газ өндіретін кәсіп орындар ластайды. Каспий теңізінде - Бекіре тұқымдас балық түрлері өсіріледі.
Каспий теңізіне көптеген өзендер келіп құйғанымен одан бірде -бір өзен ағып шықпайды. Срңғы жылдары Каспий теңізін оған құятын өзендер суымен ағып келген өзендер қалдықтары қатты ластауда. Каспий теңізінің түбі мен Каспий маңы ойпатынан мұнай мен газ өндіріледі. «Теңіз» мұнай кен орнынан өндірілетін мұнайдың құрамында 20% деін күкіртті газ бар. Күкіртті газ қоршаған ортаға қатты залалын тигізеді. Теңіз суының деңгейі соңғы жылдары көтеріліп, Каспий маңы ойпатында орналасқан елді мекендерді (Қаламқас, Қаражамбас) су басу қаупі туды.