Қазақстанның географиялық орны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2013 в 23:30, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасы Еуразияның орталық бөлігінде, Орал тауларынан оңтүстікке қарай, ал оның астанасы - Астана қаласы Еуразия құрылығының географиялық орталығына мейлінше жақын орналасқан.
Қазақстан Ресей Федерациясымен, Түркменстанмен, Өзбекстанмен, Қырғызстанмен және Қытаймен шектеседі, Каспий теңізіне шыға алады.
Республика аумағы батысында Еділдің төменгі ағысынан шығысында Алтайға дейін, солтүстігінде Батыс-Сібір жазығынан оңтүстігінде Тянь-Шань тауларына дейін созылып, 2 миллион 725 мың шаршы километр жерді алып жатыр. Жер көлемі жағынан Қазақстан дүние жүзінде 9-орын алады.

Содержание работы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРНЫ, ТАБИҒАТ ЖАҒДАЙЛАРЫ 2
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ 3
1 Қазақстанның географиялық орны мен шекаралары 4
2 Қазақстан жерінің зерттелу тарихы 4
3 Қазқстан жеріндегі пайдалы қазбалар 5
4. Қазақстанның климаты 6
5. Қазақстанның ішкі сулары 7
6 Қазақстанның табиғат зоналары 9

Файлы: 1 файл

geogr_mat_46.doc

— 186.50 Кб (Скачать файл)

       Каспий  теңізі жағалауына орналасқан  көптеген өнеркәсіп орындары  өндіріске пайдаланған техникалық  суды тазартудан өткізбей теңізге  ағызып, суын ластауда. Каспий теңізінің экологиялық проблемалары Қазақстанға ғана емес, Ресей, Әзәрбайжан,Түркіменстан, Иран мемлекеттері ортақ мәселесіне айналып отыр. Олар бұл мәселені шешудің жолдарын бірігіп қарастыруда.

            Арал теңізі.Қазақстнның оңт.  аймағындағы Арал теңізі көлемі жағынан екінші орынды иеленеді. Ол дүниежүзілік мұхит деңгейінен 53 м биікте орналасқан. Жалпы ауданы 64,5 мың км,ұзындығы 428км, жағалаулары көбінесе ойпатты, жазық, құмды болып келеді. Арал теңізінің түбі тегіс, тұнба шөгінділі.

         Арал теңізінің тартылып, теңіз маңайындағы аудандардың экологиялық жағдайларының нашарлауының көптеген себептері бар. Соның ішінде ең  басты себеп – Аралға құятын Сырдария мен Әмудария өзендерінің аңғарларының суармалы егіс көлемінің жөнсіз ұлғайтылуы, су режимін дұрыс сақтамау егістік жерлердің сортаңдануына алып келді. Соның салдарынан Арал теңізінің деңгейі  14,7 м дейін төмендеді. Көлдің 26 мың км су табаны құрғап, орнына 2 мың гектардай жерде тұзды  сортаң шөл пайда болды. Шаңмен көтеріліп, шөккен тұз топырақтың құнарлылығын азайтып, егіс өнімін төмендетеді, ауыз судың сапасына әсер етіп, жергілікті халықтың денсаулығына зиянын тигізіп отыр.

         Атмосфераға зиянды заттардың  шамадан тыс таралуы климатқа  да өз әсерін тигізуде. Арал  маңында атмосфера ғана емес, су мен топырақта ластанған. Теңіз маңында жас балалар өлімі көп, ересектер арасында сырқаттану басым. Әсіресе тыныс алу органдары мен жүйке, қан айналысы жүйесі, асқазан, т.б. аурулары жиі кездеседі. Жұқпалы аурулар ,қатерлі ісік, кеміс боп туусоңғы кезде көбейіп кетті. Соңғы жылдары Қазақстан мен Орта Азия мемлекеттері басшылары Аралды аман сақтап қалу жолдраын  қарастыруда. Өйткені бұл ғаламдық проблема.

          Балқаш - Қазақстанның оңт.- шығ. Орналасқан көл. Көлдің ауданы 18,2 мың км, көл ендік бағыт бойында созылып жатыр. Ұзындығы 605 км , ең тар жерінің ені 8 км. Суының деңгейі жыл мезгіліне байланысты өзгеріп отырады. Ең терең  жері 27 м. Балқаш көліне Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз өзендері келіп құяды.

            Балқашқа құятын Іле өзенін Қапшағай су қоймасына бұрғаннан бері  көл суының деңгейі 2 м төмендеген. Қазір Балқаш көлі түрлі өндірістік қалдықтармен ластануда, әсіресе оған Балқаш мыс комбинатының өндірістік қалдықтары көп зиян тигізуде.

             Алакөл – Балқаштың шығыс жағында жатқан көлдер тобының ең ірісі. Суы тұзды, Алакөлге 15 астам шағын өзендер келіп құяды. Жағалауының ұзындығы 384 км. Көл балыққа бай, онда балдырдың 58 түрі кездеседі. Жағалауында өсетін қамыс пен шалғындық арасын жабайы аңдар мен құстар мекендейді.

                          

6 Қазақстанның табиғат зоналары

            Табиғат зоналары ауа райы, жер бедері мен географиялық орнына байланысты қалыптасады. Әрбір табиғат зонасының өзіне тән климаты, топырағы, өсімдігі мен жан-жануарлар дүниесі бар. Кейде белгілі бір табиғат зонасының ішінде басқа табиғат зоналарының Қаз. жерінде бірнеше аймақтары ұшырасады. Бұл табиғат аймақтары солт. Оңт.-ке қарай орманды дала, дала, шөл, шөлейт зоналар болып алмасып отырады.

             Орманды дала зонасы. Қаз.-ның солт. кіреді.Ол Батыс Сібір ойпаты мен Сырт қыратынын аз ғана бөлігін қамтиды. Орманды дала зонасына көршілес зоналардың орманды және дала зоналарының бөліктері сұғына еніп, алмасып келіп отырады. Қазақ жеріндегі орманды дала зонасының жер бедері тегіс келкді .Батыстан шығысқа қарай орманды дала зонасы 150 -200км дейінгі жерге созылып жатыр. Жалпы орманды дала зонасының алып жатқан жер көлемі республика жер аумағының 7%-ын қамтиды.

              Орманды дала зонасында Наурызым  қорығы орналасқан. Наурызым мемлекеттік қорығы Батыс Сібір жазығының  Тұран ойпатымен шектесетін Торғай қақпасының орталық бөлігінде орналасқан. Қорық 1930 жылы  құрылған, жер көлемі 88 мың га. Қорық алқабында Наурызым, Терек Қарағайлы орманы мен Сыпсыңағаш қайыңды орманы, Ақсуат, Сарымойын, Жаркөл, Байназарқопа, Шошқалы сияқты үлкенді- кішілі көлдері бар.Бұл жерде алуан түрлі өсімдіктер өседі. Мекендейтін жан – жануарлардың да түрлері көп.Наурызым қорығы арнайы жасалған табиғат мұражайы десе де болғандай. Қорықта өсімдіктің 687 түрі, өзен- көлінде балықтың 5 түрі өседі, сүтқоректілердің-30, құстың-215, бауырымен жорғалаушылардың -7, қосмекенділердің-5 түрі мекендейді.

             Дала зонасы. Дала зонасы орманды  дала зонасының оңт.де республика  жер көлемінің 26 % алып жатыр. Дала зонасына батысында Каспий маңы ойпатының солт. шеті. Жалпы Сырттың етегі, Мұғалжар тауы түгелдей, Торғай үстіртінің солт., Сарыарқаның солт. мен орт. Бір бөлігі, Батыс Сібір ойпатының оңт. кіреді. Дала зонасының жер бедері жазық, әкімшілік-аумақтық жағынан Батыс Қаз., Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Солт.Қаз., Павлодар обл. қамтиды.

           Қостанай, Павлодар және Шығ. Қаз.  обл.-ның кей жерлерінде құмды  және құмдақ топырақты жерлер  кездеседі. Мұндай топырақты жерлерде қау бетеге, сібір еркек шөбі, шайшөп, сібір кекірегүлі, Беккер бетегесі жақсы шығады. Орал, Мұғалжар және Орт. Қаз.-ның ұсақ шоқыларында шиыршық тасты, тастақты дала ұшырасады. Мұнда тау бетеге беттесе, шөл құмбасы, суық жусан тараған. Дала аймағы жұмыршақ дәрілік түйежоңышқа, меңдуана, сасық меңдуана, су бұршағы, жанаргүл,

құндызшөп, шайқурай сияқты алуан түрлі дәрілік өсімдіктерге де бай. 

Дала зонасы жан- жануарлары ашық ландшафт жағдайында тіршілік етуге  бейімделген. Сүтқоректілерден үлкен  сарышұнақ, суыр, қосаяқ,байбақ кездеседі. Дала аймағында кемірушілердің ішінен тышқанның көптеген түрі бар. Жыртқыш аңдардан қасқыр, түлкі, борсық, қарсақ көп тараған.

             Қорғалжын мемлекеттік қорығы. Қорғалжын  қорығы 1958 жылы құрылған. Қорықта  дала зонасы ландшафты табиғи  күйінде сақталған. Қорықтың жер көлемі 237 мың га. Ол Ақмола, Қарағанды обл.-ның аумағына кіретін Қорғалжын, Теңіз көлдері мен Қорғалжын ойпатының жазық далалы аймағын қамтиды. Теңіз көлі дүние жүзінде қызғылт қоқиқаздың қиыр солт. ұя салатын жері.

             Теңіз көлі тайыз, суы ащы. Ал Қорғалжын көлінің суы тұщы, оның жағалауында қамыс қалың өседі. Қорықта өсімдіктің - 235 түрі, аңның -35, құстың-265, бауырымен жорғалаушылардың- 5, қосмекенділердің-2, балықтың 10 түрі бар.

             ШӨЛЕЙТ ЗОНА. Шөлейт зона дала мен шөл аралығындағы өтпелі аймақ болып табылады. Шөлейт зона Қаз.-ның жалпы жер көлемінің 23% алып жатыр. Шөлейтті аймаққа Ұлытау, Ақсораң, Шыңғыстау сияқты  аласа таулы аймақтар кіреді.

             Шөлейт зонада далада да, шөлде  де шығатын өсімдіктер өседі. Дала зонасына қарағанда шөлейтті аймақта өсімдіктің бітік өсуі екі есе аз. Сондықтан топырағы онша құнарлы болмайды. Шөлейт зонаның көбінесе сортаңдау жерлерінде шым түзетін астық тұқымдас өсімдіктер- ақ жусан, мыңжапырақ, түймедағы, шөл еркекшөбі, құм еркекшөп өседі. Шөлейт зонасының жануарлар дүниесі де алуан түрлі. Сүтқоректілерден дала және монғол шалғынында өсетін орт. және кіші сарышұнақ, секіргіш қосаяқ, стрельцов тышқаны, ақбөкен кездеседі.

               ШӨЛ ЗОНА. Республиканың шөл зонасы батысында Каспий теңізінің жағалауынан басталып,шығысында Жоңғар Алатауының етегіне дейін, ал оңт.-шығ. Тянь- Шань таулы өңіріне дейінгі аумақты алып жатыр.

Шөл зонада өсімдік  қаулап шықпайды, сирек, селдір өседі.Бұл- судың  тапшы болуынан.Шөлді аймақта  өмір сүретін жануарлар өзін қоршаған ортаға бейімделген. Жәндіктер мен жануарлар жаздың ыстық аңызағынан қорғану үшін күндіз індеріне кіріп, құмға көміліп жатады.

              Барсакелмес қорығы. Бұл қорық  1939 ж. Арал теңізіндегі «Барсакелмес»  аралында құрылған. Жануарлар дүниесінде арнайы жерсіндірілген қарақұйрық, құлан, тараққұйрық, ақбөкен, кішкене қосаяқ бар. Қорықта өсімдіктің 257 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 8 түрі өседі. Арал теңізінің суы тартылған сайын аралда тіршілік ету қиындап барады. Сондықтан құлан «Барсакелмес» қорығынан Қапшағай аңшылық шаруашылығына көшірілуде.

         Үстірт қорығы. Үстірт мемлекеттік  қорығы 1984 ж Қаз. оңт. табиғи  кешенін сақтау мақсатында құрылған. Қорықта «Қаз. қызыл кітабына» кірген 12 түрлі аң мен құстар қорғалады. Олар  үстірт қойы, қара құйрық, қара кірпі, шұбар күзен, 4 жолақты қарашұбар жылан, т.б. Қорықтың басты міндеттерінің бірі –аса бағалы жабайы дала қойларын (муфлонды)қамқорлыққа алып, санын көбейту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Информация о работе Қазақстанның географиялық орны