Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Мая 2013 в 10:21, реферат
Батыс Еуропа аймағына Еуропаның батыс бөлігіндегі Ұлыбритания, Ирландия, Франция, Германия, Швейцария, Бельгия, Нидерланды, Австрия және бірнеше ұсақ елдер кіреді. Ұлыбритания мен Ирландия материктегі елдерден жіңішке Ла – Манш бұғазы арқылы бөлініп жатыр. Батыс Еуропа ежелден – ақ шаруашылық пен өркениеттің барынша өркендеген аймағы болып саналады.
Шаруашылығы Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдерінің Батыс Еуропа аймағындағы және дүниежүзілік шаруашылықтағы орны айрықша. Бұл елдердің Батыс Еуропаның өнеркәсіп өндірісіндегі үлесі 30%, ал сыртқы саудадағы үлесі 40% - ды құрайды. Дүниежүзілік нарықта бұл елдердің жабдықтар мен станок жасау, электротехника, кеме жасау, химия және целлюлоза – қағаз өнеркісібінің өнімдері жоғары бағаланады. Шағын елдердің өте жоғары дамыған ауыл шаруашылығы мен балық шаруашылығы дүние жүзінің көптеген елдеріне ет – сүт тағамдарын, балық өнімдерін жөнелтуде. Елдердің экономикасы негізінен сыртқы нарыққа бағдарланғандықтан, шаруашылықтың мамандану деңгейі де жоғары.
Халықаралық географиялық еңбек бөлінісінде Бельгия мен Нидерланд порт шаруашылығымен (Антверпен, Роттердам), электр техникасы өндірісімен; Грекия мен Норвегия халықаралық теңіз тасымалына мамандануымен; Швейцария қаржы орталықтарымен және станок, сағат өндірісімен; Фингляндия целлюлоза – қағаз өндірісімен;
10
Швеция машина жасау және металлургия өнеркәсібімен ерекшеленеді. Кішігірім Швейцарияда 620 банк бар. Ал Нидерланд гүл өсірушілері әлемдік гүл нарығының жартысынан астамын «жаулап алған».
Бұл топқа енетін елдер әлемдік – экономикалық деңгейі жөнінен бір – бірінен айырмашылық жасайды: дамуы өте жоғары мемлекеттермен (Швеция, Норвегия, Швейцария, Дания, Нидерланд, Белгия) қатар, индустрияландыру кезеңіне жаңадан қадам басқан елдер (Ирландия, Португалия, Испания, Грекия және т.б.) де бар.
Бұл топқа енетін 12 ел (Бельгия, Нидерланд, Австрия, Ирландия, Швеция, Дания, Финляндия, Испания, Португалия, Грекия, Люксембург, Мальта) Еуропалық Одаққа мүше ретінде біртұтас экономикалық кеңістікті құрайды. Қазіргі кезде ЕО шеңберінде ортақ экономикалық саясат жүргізілгенімен, әрбір ел дүниежүзілік нарықтағы өз бет – бейнесін сақтап қалды деуге болады.
Ішкі айырмашылықтары Тұтас экономикалық – географиялық кеңістік құрайтын бұл елдер тобы тарихи, этностық, табиғи, экономикалық және т.б. ерекшеліктеріне орай Солтүстік ( Норвегия, Швеция, Дания, Финляндия, Исландия), Орта (Бельгия, Нидерланд, Австрия, Швейцария, Ирландия, Лихтенштейн, Люксембург) және Оңтүстік (Португалия, Испания, Грекия, Мальта, Андорра, Сан – Марино, Ватикан, Монако) Еуропаға ажыратылады.
1.2.Батыс Еуропа елдерінің жіктеліп топтастырылуы
Дүние жүзі
елдерін сандық және басқа
да ерекшелік белгілеріне
11
Дүние жүзі елдерін осындай сандық көрсеткіштері бойынша бірнеше сатыға бөліп топтастыруға болады. Әдетте, саяси картада орта және шағын мемлекеттер саны басым. Сонымен қатар «ергежейлі елдер» деп аталатын аса ұсақ елдер өз алдына жеке топ құрайды.
Мемлекеттерді географиялық орнына қарай топтастыру жиі кездеседі. Бұл ретте олар: теңіз жағалауында, түбектерде, аралдарда, архипелактартарда орналасқан елдер болып бөлінеді. Осы жерде теңізге шыға алмайтын елдер өз алдына ерекше топ құрайды. Дүние жүзінде олардың жалпы саны 40 – қа жуық, бұлардың сапында Қазақстан да бар. Мұндай қолайсыз географиялық жағдай, олардың әлемдік сауданың күре жолы – дүниежүзілік мұхитты және оның байлықтарын пайдалануды қиындатады. Сол сияқты Батыс Еуропа елдері де бірнеше елдерге жіктеліп топтастырылады.
12
II тарау Батыс Еуропа елдерінің жеке аймақтарына жалпы шолу
2.1.Ирландия
Ирландия Республикасы Батыс Еуропадағы мемлекет. Ирланд аралығының 5/6 бөлігін алып жатыр. Жер көлемі 70,3км2 . халқы – 3,63млн адам. Негізгі тұрғындары ирландықтар. Ресми тілдері – ирланд және ағылшын тілдері. Тұрғындардың 92% - ы христиан дінінің католик, қалғандары протестант тармағын ұстанады. Астанасы Дублин қаласы. Ирландия – парламенттік республика. 1937 жылы қабылданған конституциясы бойынша мемлекет басшысы – Президент жалпы халықтықтық сайлауда 7 жылға сайланады. Заң шығарушы органы – екі палаталы (сенат және өкілдер) Ұлттық парламент. Ел әкімшілік – территориялық жағынан 26 графтыққа бөлінеді. Ұлттық мейрамы 17 наурыз – Әулие Патрик күні. Ұлттық ақша бірлігі – ирланд фунты.
Табиғаты Жер, негізінен, жазық, ойпатты келеді. Биіктігі орташа таулар елдің шет жақтарында орналасқан. Пайдалы қазбалары: шымтезек, тас көмір, фосфарит т.б. Климаты қоңыржай, мұхиттық. Қысы жылы, жазы қоңыр салқын. Жауын – шашынның жылдық мөлшері 700 – 1500 мм, таулы өңірлерде 2000 мм – ге дейін. Басты өзені – Шаннон. Ірі көлдері: Лох Корриб, Лох – Маск, Лох – Ри. Жері шымтезек араласқан батпақты, күлгін топырақты, шалғынды келеді. Территориясының 1% - ы орман, жан – жануарлар дүниесіне өте кедей.
Тарихы Б.з.б. 4 ғасырда Ирландияны кельт тайпалары қоныстанды. Олар өздерінен бұрынғы халықты бірте – бірте ассимиляцияға ұшыратты. Б.з. 3ғасырында алғашқы мемлекеттер пайда болып, 5 ғасырда христиан діні тарай бастады. 795 жылы Ирландия норман тайпалары басып кіріп, 1169 – 1171 жылы толығымен жаулап алды. Қалаларда қолөнер мен сауда дамып, мал шаруашылығы басты салаға айналды. 16 – 17 ғасырларда ағылшындар отарлауды күшейтті де жергілікті халық жиі – жиі көтеріліс жасап отыр. 18 ғасырдың 60 – 70 жылдары шаруалар астыртын ұйымдарға бірікті.
13
Ағылшын үкіметі халық көтерілістерін басып тастап отырды, бірақ 1782 – 1783 жылы ирланд парламенті үшін автономия белгіледі. 19 ғасырда Ирландия ағылшын үкіметінің а.ш. базасына айналды. Өнеркәсіп нашар дамыды. 1840 жылы елде агр дағдарыс болып, ұсақ жер иелері кедейленіп, ірі фермерлер өсіп шықты. 1842 жылы халықты қарулы көтеріліске шақырған ұлттық радикалды топ «Жас Ирландия» ұйымы пайда болды. Соңғы құрылған одақ 1913жылы тамызда Дублин ереуілін ұйымдастырып, қарулы ұйым «Ирлан азаттық армиясы» дүниеге келді. Бірақ 1916 жылы болған Ирланд көтерілісі аяусыз басып тасталды. 1919 – 1921жылдары елде ұлт – азаттық қозғалысы қайтадан күшейді. 1919 жылы қаңтарда Ирландия өзінің тәуелсіздігін жариялап, Ирланд республика армиясы ағылшын әскеріне қарсы батыл соғыс қимылдарын жүргізді. 1921жылы желтоқсанда Ұлыбританиямен арада бітім жасалып, ол бойынша Ирландия доминион мәртебесін алды 1922 – 1923 жылы азамат соғысы болып, оңшыл күштер жеңіске жетті. Елде полицейлік террор тәртібі орнады. Бірақ 1932 жылы парламент сайлауында ұлттық патриоттық топтар жеңіске жетіп, Британ тағына ант беруге тыйым салынды, елдегі ағылшын әскери – теңіз базалары жойылды. 1937 жылы конституция қабылданды. 1949 жылы Ирландия тәуелсіз мемлекет болып жарияланды. Ирландия 1955 жылдан БҰҰ мүшесі, соңғы жылдары Ұлыбритания құрамында қалған Солтүстік Ирландия мәселесін саяси жолмен шешу, халықаралық шиеленістерді бәсеңдету жолында қызу күресуде. 1989 жылы 10 сәуірде Солтүстік Ирландия мәселесін бейбіт жолмен шешу жөніндегі ағылшын – ирланд келісімі жасалды.
Экономикасы Ирландия – аграрлы – индустриялы ел. Ұлттық табыстың 38% - ын – өнеркәсіп, 8% - ын – ауыл шаруашылығын береді. Өнеркәсіпте шет ел капиталы үлкен рөл атқарады. Олар бүкіл өнеркәсіптің 70% - ын өз қолдарында ұстайды. Ауыл шаруашылығының 87%- ын мал шаруашылығы береді.
14
Экспортқа: компьютерлік құралдар, тірі мал, тамақ өнеркәсіптері, химия өнімдері, т.б. шығарылады. Елге туризм жыл сайын үлкен кіріс әкеледі. Негізгі сауда серіктестері: Ұлыбритания, Германия т.б. Қазақстанмен дипломатиялық байланыс 1992жылы орнаған.
Франция
Француз Республикасы – Батыс еуропада орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Па – де – Кале, Ла – Манш бұғаздарымен, батысында Атлант мұхитындағы Бискай шығанағымен, оңтүстігінде Жерорта теңізімен қоршалып жатыр. Шығысында Бьелгия, Люксембург, Германия, Швейцария, Италия, Манакомен, оңтүстігінде Испания мен Андоррамен шектеседі. Аумағы – 551600км2. Халқы 58,6 млн. оның 94% - на жуығы француздар, қалғанын португалдар, алжирліктер, италияндықтар, марокколықтар, испандықтар, түріктер мен армияндықтар, т.б. құрайды. 1,3 млн. француз Франциядан тыс жерлерде тұрады. Дінге сенушілердің 76% - дан астамы католиктер, қалғандары протестанттар, мұсылмандар, православие дініндегілер. Ресми тілі – француз тілі. Астанасы – Париж қаласы. Ірі қалалары – Лион, Лилль, Бордо, Тулуза, Нант, Страсбур, Монпелье, Сент – Этьен, Рен, Реймс, Гренобль. Негізгі порттары – Марсель, Ницца, Гавр. Әкімшілік аумақтық жағынан 96 департаменттен, теңіздің ар жағындағы 4 департаментен теңіздің арғы жағындағы төрт аумақтан және арнаулы әкімшілік – аумақтық құрылымдар – Майотта аралы мен Сен – Пьер, Микелон аралдарынан тұрады. Мемлекет басшысы – президент, ол тікелей, жалпыға бірдей дауыс беру жолымен 7 жыл мерзімге сайланады. Жоғарғы заң шығарушы органы – екі палатадан тұратын парламент. Жоғарғы атқарушы органы – үкімет. Департаменттердегі негізгі үкімет билігін президент тағайындаған префекттер жүргізеді. Ұлттық мерекесі – Бастиля қамалы алынған күн, 14 шілде БҰҰ – ның Еуропа Одақтың мүшесі. Ақша бірлігі – еуро.
15
Табиғаты Францияның көпшілік бөлігі жалпақ жапырақты ормандар айма.ында орналасқан. Қиыр оңтүстігін, жерорта теңіздік субтропиктер алып жатыр. Жағалаулары негізінен аласа, акумлятивті немесе лагуналы құрлыққа еніңкіреп жатқан шығанақтары бар. Франция аумағының көпшілік бөлігі герциндік қатпарлық облысқа жатады. Қазіргі кезде франция аумағы кайназойдың соңыда аяқталған жалпы көтерілім нәтижесінде қалыптасқан. Негізгі қазба байлықтары – темір кен тастары, боксид, қалайы тұздары, табиғи газ бен тас көмір уран. Темір кен тастарының кен орындары Лауатария бассейннің Юра шөгінділерімен, боксидтің ірі кен орындары Прованстың мезазой әктастарымен байланысты. Калий тұздарының негізгі кендері Эльзаста, табиғи газ бен аз мөлшердегі мұнай кен орындары Аквитания бассейнінде. Францияның негізгі тас көмір бассейндері Валаксьенн мен Лотаринге эпигиодиндік платформасының қатпарлық ірге тасымен байланысқан.
Экономикасы Францияның жоғарғы дамыған индустриалы – аграрлы ел. Өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемі бойынша дүние жүзінде 4 орын. Еуропада Германиядан кейінгі 2 орынды алады. Ұлттық табысты жан басына шаққандағы жылдық мөлшері 24990 АҚШ долларына тең. Францияның автомобил шығару жөнінде дүние жүзінде 3 орын. Авияция және ғарыштық техника өндірісі бойынша Еуропада 1 орын алады. Сондай – ақ экспортқа көп мөлшерде қару – жарқ, АЭС – тер үшін құрал жабдықтар, химикаттар, маталар мен киім кешек шығарады. Франция өнеркісібінің жетекші салаларына автомобил жасау, химия мен мұнай химиясы, ұшақ жасау, электроника, металлургия шығару жатады. Парфимерия саласын мен жоғары талғамды сәнді киімдер шығаруда Франция дүние жүзінде 1 орынды иеленеді. Жылына шамамен 3,5 млн автомобил шығарса, оның жартысына жуығы экспортқа жіберіледі. Автомобилдердің 90% - дан астамын «Рено» мен «Пежо – Ситрион» компаниялары шығарады.
16
Кеме және станок жасау, ауыл шаруашылық машиналары өндірісі де жақсы дамыған. Химия өнеркәсібі минералды тыңайтқыштар мен синтетикалық каучук пен пласмасса өндіреді.
Ұлыбритания
Британия, Ұлыбритания
мен Солтүстік Ирландияның
Табиғаты Ұлыбританияның Атлант мұхитының Солтүстік және Ирланд теңіздері, Ла – Манш, Па-де-Кале, Солтүстік және Қасиеті Георг бұғаздары қоршап жатыр. Жағалаулары шығанақтармен күшті тілімделген. Неғұрлым үлкен түбектері-Уэльс пен Корнуолл. Жер бедері оңтүстікпен оңтүстік шығыс бөлігінде ойпатты жазық болып, батысында Уэльс түбегіндегі Кембрий тауларына, Англияның солтүстігінде Пиннин және камберленд тауларымен жалғасады.
Жер қойнауында тас көмір, темір, қалайы т.б. түсті металдар сияқты қазба байлықтары мол. Ұлыбританияның климатының теңіздік сипаты жыл бойғы қалың тұмандар мен өтімді желдер болатын орнықсыз ауа райының басым болуынан байқалады.
17
Қысы өте ылғалды және қалыптағыдан тыс жұмсақ. Түсетін жауын шашын мөлшерінің буланудан басым болуы себепті оңтүстік-батысындағы кейбір аудандардан басқа елдің бүкіл аумағында мол сулы өзендердің жиі тармағы қалыптасқан.
Өсімдік жамылғысы кедей. Адамдардың ормандарды түп – тамырымен жоюы, батпақтарды құрғатуы мен кен орындарын игеруі жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің түр құрамын өзгертеді.
Германия
Германия Федеративтік Республикасы – Орталық Еуропада орналасқан мемлекет. Кейбір түркі тілдерінде Алмания болып табылады. Жер аумағы 356,96 мың2. Халқы 81,7 млн. Астанасы 1991жылдан Берлин қаласы. Халқының 94% - ы немістер. Ресми тілі – неміс тілі. Германия 16 аймақтан құралған федеративті республика.
Табиғаты Германияның солтүстігін Орта Еуропа жазығы алып жатыр. Оңтүстігінде Шығыс Альпі тау жоталары орналасқан. Өзендерінің көпшілігі Солтүстік теңізге, Оңтүстігіндегі өзендер Дунайға құяды. Батысы мен солтүстік Батысы мен Солтүстік – Батысының климаты қоңыржай теңіздік, ал оңтүстік шығысының климаты қоңыржай – континенттік болып келеді.
Экономикасы Германия аса жоғары дамыған индустриялы – аграрлы ел. Елдегі ұлттық табыстың 33,6% - ін өнеркәсіп пен құрылыс өнімдері, ал 1,2% - ін, ауыл шаруашылық өнімдері мен орман шаруашылығын береді. Экономикасының негізгі салалары: қоңыр көмір мен тас көмір шығару, қара және түсті металлургия, химия, электртехникасы мен радиоэлектроника, машина жасау, кеме жасау, станок жасау, құрылыс материалдары, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері. Электор энергетикасы, негізінен, жылу электр станцияларынан және АЭС – терден алынады. Бұған қоса фарфор өнімдері мен музыкалық аспаптар, баспа машиналары мен оған қажетті өнімдер шығару да жақсы дамыған.
18
Қазақстанда 80 - нен аса неміс компанияның өкілдері ашылған. Олар 102 бірлескен кәсіп орындарда жұмыс істейді.
2.2.Швейцария