Батыс Еуропа

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Мая 2013 в 10:21, реферат

Описание работы

Батыс Еуропа аймағына Еуропаның батыс бөлігіндегі Ұлыбритания, Ирландия, Франция, Германия, Швейцария, Бельгия, Нидерланды, Австрия және бірнеше ұсақ елдер кіреді. Ұлыбритания мен Ирландия материктегі елдерден жіңішке Ла – Манш бұғазы арқылы бөлініп жатыр. Батыс Еуропа ежелден – ақ шаруашылық пен өркениеттің барынша өркендеген аймағы болып саналады.

Файлы: 1 файл

гегорафия. батыс еуропа.doc

— 117.50 Кб (Скачать файл)

Швейцария Конфедерациясы – Орталық Еуропадағы мемлекет. Аумағы 41,3 мың км2. Солтүстігінде Германиямен, батысында Франсиямен, Онтүстігінде Италиямен, шығысында Австрия және Лихтенштейнмен шектеседі. Халқы 7,3млн, оның 65%- немістер, 18% - француздар,  10% - италиялықтар, 1% - реторомандықтар, т.б. дінге сенушілердің 50% - католиктер, 48% протестантар. Астанасы – Берн қаласы. Негізгі қалалары: Цюрих, Женева, Лозанна, Люцерн, Санкт – Галлен, Винтертур, Базьел, әкімшілік – аумақтық жағынан 20 гантон мен 6 жартылай гантоға бөлінеді. Швейцария федеративтік парламенттік республика. Мемлекет басшысы – Президент, жоғарғы заң шығарушы органы – екі палаталы федералдық жиналыс. Мемлекеттік тілі – неміс, француз, италиян тілдері. Ұлттық мейрамы – Конфедерацияның негізі қаланған күн, 1 тамыз. 1291жыл. Швейцария – Еуропадағы  қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның, Еуропалық кеңестің мүшесі. Ақша бірлігі – швейцар франк.

Табиғаты Швейцария таулы ел. Көпшілік бөлігі Альпі аумағында орналасқан. Оңтүстігінде Пеннин Альпісі, Лепонтин, Ретиия, Альпісі мен Вернин массивінде орналасқан. Альпіден Солтүстік батысқа қарай ел аумағының 3/1 не жуығын алып жатқан Швецария қыраты орналасқан. Сондай – ақ мұнда ең құнарлы ауыл шаруашылық жерлер мен жайылымдар бар. Елдің Солтүстік батысында қатпарлы Юра таулары жатыр.Швейцарияға суы мол өзендердің жиі тармағы тән. Негізгі өзендері: Рейн, Ааре, Рона, Инн, Тошино өзендері Альпі тауларынан бастап, еріген қар және жауын-шашын суларымен толығады.

 

 

 

19

Экономикасы Швейцария жоғары дамыған өнеркәсі бен өнімді ауыл шаруашылығы бар мемлекет. Швейцария дүние жүзіне капиталды шетке шығарудан алғашқы орындардың бірін иеленеді, дүние жүзіндегі ең ірі қаржы орталықтарының бірі болып саналады.

Швейцария банклерінің  сейфтерінде дүние жүзіндегі  ең дамыған елдердің барлық құнды  қағаздарының жартысы жатыр. Өнеркәсібі жоғары сапалы, қымбат және ғылым жетістіктерін қажет ететін өнімдер шығаруға маманданған. Ел экономикасында ірі трансұлттық манаполиялар үстемдік жағдайға ие. Швейцария өз аумағы арқылы өткізілетін туристік жүктерден көп пайда табады. Өнеркәсібі сырттан әкелінентін шикізаттарға тәуелді және дайын өнімдерді экспорттауға бейімделген. Жетекші салалары – машина жасау мен өңдеу , химия, тамақ өнеркәсіптері. Машина жасауда ұсталық процестеу жабдықтарын, дәлдәгі жоғары металл өңдеу станоктарын дәл өлшеу аспаптарын сағаттар шығару неғұрлым жоғары дамыған.

Бельгия

Бельгия каролдігі  – Батыс Еуропадағы мемлекет. Жері – 30,5 мың км2. Халқы – 10,5 млн. Астанасы – Брюссель. Ірі қалалары: Антверпен, Гент, Шерлеруа, Льеж. Әкімшілік жағынан 10 правинцияға бөлінеді. Ресми тілдері француз, нидерланд, неміс тілдері. Халқының 70% - і христиан католиктер. Ислам дінін 200мыңдай адам ұстанады. Ақшасы – Белгия Франкі. Ұлттық мейрамы 21 шілде мен 15 қараша.

Бельгия жерінің  жазықтығымен, жылы климаты мен ерекшеленеді. Ардена тауы Бельгияның оңтүстік шығыс бөлігін алып жатыр. Ең биік жері -Ботранж шоқысы. Бельгия жерінде ерте заманда кельтердің белг тайпалары өмір сүрген. Олардың қалған тарихи қоныстар ашель мадениетіне жатады. Біздің заманымыздан бұрынғы 57 жыл Рим империясы белгтер елін жаулап алады да, елдің оңтүстік батыс бөлігінде белгика пробинциясын құрады. III  IV ғасырларда бұл жерге Германия тайпалары – прангтер, ішінара приздер мен сакстер көшіп келе бастады.

20

 Бельгияның жері V-IX ғасырларда пранг мемлекетінің құрамына кірді де, кейіннен бытыраңқылыққа ұшырап, бірнеше граптардың құрамына бөлініп кетті. Орналасқан жері қолайлы болғандықтан 12 – 13 ғасырларда Еуропаның шеберханасына және халықаралық сауданың маңызды торабына айналды. 16 ғасырда қазіргі Бельгия аумағындағы Нидерланд, Люксембург жері және Солтүстік Францияның бір бөлігі бірігіп, Нидерланд деп аталады да, 1621 жылы Испанияға қосылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

21

Қорытынды

 Батыс Еуропа аймағына Еуропаның батыс бөлігіндегі Ұлыбритания, Ирландия, Франция, Германия, Швейцария, Бельгия, Нидерланды, Австрия және бірнеше ұсақ елдер кіреді. Ұлыбритания мен Ирландия материктегі елдерден жіңішке Ла – Манш бұғазы арқылы бөлініп жатыр. Батыс Еуропа ежелден – ақ шаруашылық пен өркениеттің барынша өркендеген аймағы болып саналады.

Батыс Еуропа елдерінің  табиғат жағдайына Атлант мұхитының  тигізетін ықпалы өте зор. Британ аралдарының оңтүстігі мен материктегі  елдердің солтүстігін жазық жерлер алып жатыр. Ойпаттардың теңіз деңгейінен биіктігі 50 – 100 м – ден аспайды. Мұндай жерлердің су астында қалу қаупі жоғары. Сондықтан жергілікті халық ежелден бері құнарлы жерлерді теңіз суы басып кетпеуі үшін тастан, құмнан және бетоннан бөгеттер жасап келеді. Солтүстік теңіз жағалауындағы осындай жерлер марш, ал Нидерланды жерінде польдер деп аталады. Бұл жерлерді шалғындар мен бау – бақшалар алып жатыр. Ал осы аймақтағы гүл плантацияларында өсірілген раушан гүлі мен қалампыр, қызғалдақ көптеген елдерге сатылады. Су деңгейінің кенет көтерілуінен кейде алай – түлей теңіз толқындары жүреді. Мысалы, 1953 жылы болған су тасқыны кезінде үйлер мен жолдар бұзылып, ауыл шаруашылығына үлкен зиян келген, адам шығыны болған.

 Бұл аймақ  Атлант мұхитынан келетін ауа  массаларының ықпалында болатындықтан  Британ аралдары мен жағалаудағы  елдерде климат қоңыржай  теңіздік сипатта болады. Қысы жұмсақ, жазы салқын, жаңбыр ұдайы жауып тұрады. Ауа райы құбылмалы, тұманды, желді келеді, ашық күндер аз болады. Шығысқа қарай климат біртіндеп өтпелі, одан әрі қоңыржай континентті климатқа ауысады. Биіктігі орташа таулардың өзінде қыс қыс салқындау болады, жауын – шашын таулардың батыс беткейінде молырақ түседі. Қыста тауларда бірнеше ай қар жатады.

 

22

Таулардан мол  сулы өзендер ағып шығады, олардың  бойында осы аймақтағы ірі  қалалар мен елді мекендер орналасқан. Батыс Еуропа елдерінің басым  бөлігінде орманның қоңыр топырағы таралған, мұнда емен, шамшат, шегіршін ағаштарынан тұратын жалпақ жапырақты ормандар  өседі. Таулы аудандарда шырша мен самырсын құрайтын қылқанды ормандар таралған. Жазықтардағы ормандардың көбі әлде қашан кесілген, жануарлар дүниесі адам әсерінен кедейленген. Олар тек қорықтарда ғана сақталып қалған.

Батыс Еуропа –  дүние жүзіндегі ең жоғары дамыған елдердің шоғырланған аймағы. Аймақта халық тығыз қоныстанған, олардың басым көпшілігі қалаларда тұрады. Халықтың ұлттық құрамы да күрделі. Батыс Еуропада адамзат тарихындағы алғашқы ірі өнеркәсіп орталықтары пайда болған, сондықтан аймақта орналасқан елдерде өнеркәсіп күшті дамыған. Қазіргі кезде бұл елдерде шығарылатын реактивті ұшақтар, автомобильдер (« «Мерседес», «Рено», «Ауди», «Пижо»), күрделі электрондық техника (компьютерлер, есептегіш құралдар) дүние жүзіне әйгілі. Швейцарияда жасалатын сағаттар өте дәлдігімен, сапалылығымен аса жоғары бағаланады. Батыс Еуропа банктерінде әлемнің көптеген елдерінің ақша қаржысы мен алтындары сақтаулы. Аймақтың табиғат жағдайлары ауыл шаруашылығын дамытуға қолайлы. Ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруда ғылым мен техниканың ең соңғы жаңалықтары қолданылады. Сондықтан бұл саланың да даму дәрежесін өте жоғары деңгейде.

 

 

 

 

 

 

 

 

23

Жоспар

    1. Кіріспе

           I тарау Батыс Еуропа елдерін типке бөлу және топтастыру

            1.1.  Батыс Еуропа елдерінің көптүрлігі және типологиясы

            1.2. Батыс Еуропа елдерінің жіктеліп топтастырылуы

            II тарау Батыс Еуропа елдерінің жеке аймақтарына жалпы шолу

            2.1.Ұлыбритания, Ирландия, Франция, Германия    мемлекеттеріне жеке-жеке сипаттама

           2.2.   Швейцария, Белгия мемлекеттеріне сипаттама

ІІI  Қорытынды

ІV  Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланыған  әдебиеттер

  1. Қазақ ұлттық энциклопедиялы. 1-6 том.
  2. Селищев А.С. Селищев Н.А. Перманская эканомика. XXI веке.
  3. География және табиғат журналы.
  4. Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы. Алматы: Ғылым 1997ж
  5. Интернет.
  6. Майдан – 2м Байгісиев. Халықаралық эканомикалық қатынастар. 1998ж.
  7. Шетелдердің әлеуметтік – экономикалық география / под.ред. В.В. Вольского – Мәскеу. КРОН-ПРЕСС,1998ж.
  8. Липец Ю.Г., Пуляркин В.А., Шлихтер С.Б. Дүниежүзі шаруашылық географиясы. Студенттер үшін оқулық – Мәскеу, Гуманит. Центр ВЛАДОС, 1999ж
  9. Спиридонов И.А., Әлемдік экономика, оқулық – Мәскеу, ИНФРАМ, 1999ж.
  10. Максаковский В.П., География мәдениеті, студенттер үшін оқулық-Мәскеу, Гуманит. Центр ВЛАДОС, 1999ж.
  11. Ареева Р.А., Елдер мен халықтар: аттарының келіп шығуы.-Мәскеу, Ғылым, 1990ж.
  12. Майдан-Әли Байгісиев, Халықаралық экономикалық қатынастар, 1998ж.
  13. Ерамов Р.Н. Физишеская география Зарубежной Европа. М.: Мысль: 1973ж.

 

 

 

 

 

24


Информация о работе Батыс Еуропа