Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2014 в 16:27, лекция
Фотограмметрия деген сөз гректің Photos-сәуле, gramma-жазу және metreo- өлшеу деген сөздерінен құралған. Нақты айтқанда фотограмметрия жер бетіндегі объектілердің түрін, пішінін, өлшемдерін және орналасу жағдайларын олардың фотографиялық бейнелерін (фотосуреттерін) өлшеу арқылы анықтайтын ғылым саласы. Фотограмметрия ғылым мен техниканың көптеген салаларында геодезия мен астраномияда, әскери инженерлік ісі мен артиллерияда, сәулеттік өлшеулерде, география мен мұхиттарды зерттеулерде, атомдық сынаулар мен ғарыштық зерттеулерде, ауыл шаруашылығында және басқа өлшеулерде кеңінен қолданылады.