Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2014 в 16:27, лекция
Фотограмметрия деген сөз гректің Photos-сәуле, gramma-жазу және metreo- өлшеу деген сөздерінен құралған. Нақты айтқанда фотограмметрия жер бетіндегі объектілердің түрін, пішінін, өлшемдерін және орналасу жағдайларын олардың фотографиялық бейнелерін (фотосуреттерін) өлшеу арқылы анықтайтын ғылым саласы. Фотограмметрия ғылым мен техниканың көптеген салаларында геодезия мен астраномияда, әскери инженерлік ісі мен артиллерияда, сәулеттік өлшеулерде, география мен мұхиттарды зерттеулерде, атомдық сынаулар мен ғарыштық зерттеулерде, ауыл шаруашылығында және басқа өлшеулерде кеңінен қолданылады.
№1 дәріс.Фотограмметрия пәні және оның негіздері.
Фотограмметрилық түсіру
Жербеті фотограмметриның негізі.
Фотограмметрия деген сөз
Соңғы кезде фотограмметрияның аналитикалық тәсілдері дамуына байланысты түрлі инженерлік жобалау жұмыстарында автоматтанлдырылған жобалау жүйелері енгізілді.
Фотограмметриялық өлшеу
Жер беті фотограмметриялық түсірісте фотосуреттерде бейнеленген нүктелердің кеңістік координаталарын табу, бірін-бірі жабатын екі нүктеден түсірілген қос фотосуреттердің көмегімен жүргізіледі.фотосуретке түсірген екі нүктенің аралығын фотоға түсіру базисі деп атайды.
№2 Дәріс. Аэрофототүсіру және ғимаратты жобалау мен құрылыста пайдалану. Аэрогеодезия және оны жол ізденісінде қолдану.
Аэрофототүсіру түрлері мен қолданылатын жабдықтары.
Ұшу мен түсіру жұмыстарын ұйымдастыру
.
Аэрогеодезия бұл әуеден ұшатын аппараттар арқылы алынған жер бетінің бейнелерін өлшеу мен түрлендіру тәсілдерін зерттейтін геодезияның бір бөлігі.
Аэрогеодезия саласында соңғы жетістіктерді енгізу, инженерлік ізденісте , инженерлік құрылыстың жобалау технологиясын тиімді өзгертіп , ізденіс жұмыстарын автоматтандыруға мүмкіндік туғызады.
Әуеде
ұшатын аппараттармен
Аэрофототүсіріс кезінде ұшатын аппараттарға орнықтырылған мына төмендегі жабдықтар қолданылады.
-гиростабилизатор
-басқару аспаба ( КПТ-3)
-статаскоп
-радиобиіктік өлшегіш
-радиоұзындық өлшегіш
№3 Дәріс. Аэрофотосуреттер. Стереоскопиялық модель.
Аэрофотосуреттерде
Жердің стереоскопиялық және геометриялық моделдері
Аэрофотосуреттерде жер беті нүктелерінің бейнелері орталық проекциялау заңымен салынады. Осындай проекция, проекцияның ортасы болатын объективтің алдыңғы түйін нүктесіне өтетін проекциялаушы сәулелердің байламымен құрастырылады.
Аэрофотосуреттерде
жердің ортогоналдық планымен
салыстырғанда жер беті
Аэрофотосуреттегі жер беті бейнелері орталық проекция заңымен жасалынуына байланысты суреттегі әр нүкте түрлі масштабта болып шығады. Соның әсерінен аэрофотосуреттегі нүктелердің пландық жағдайы екі түрлі ығысуға душар болады. Олардың бірі- аэрофотосуреттердің еңіс бұрыштарының әсерінен болса, екіншісі – жер бетінің нүктелерінің биіктіктерінің артуларының әсерінен пайда болады.
Түрлі
инженерлік жұмыстар жүргізу
үшін қатар жатқан
Стереоскопиялық
модель дегеніміз аттас қос
проекциялаушы сәулелерінің
Түрлі
нүктелерден түсірілген және
бірін-бірі жабатын
№4 Дәріс. Аэрофотосуреттерді дешифрлеу.
Дешифрлеудің негізгі
Күрделі жерлерді дешифрлеу. Жердің геологиялық, гидрогеологиялық жағдайлары мен топырақтардың қасиеттерін анықтау.
Аэрофотосуреттерді дешифрлеу дегеніміз ол аэрофотосуреттердің бейнесін зерттеп тану арқылы сондағы жеке объектілердің, жер беті элементтерін, олардың сандық пен және сапалық қасиеттерін, сипаттамаларын анықтау. Бұл жұмыстар инженерлік ғимараттарды жобалау мен пайдалану кезіндегі техникалық және экономикалық көрсеткіштеріне әсер тигізетін барлық топографиялық, геологиялық, гидрологиялық және басқа да мәліметтер жинауға көрседеді.
Дешифрлеудің топографиялық және
арнаулы түрлері бар.
Далалық дешифрлеу кезінде
Аэрофотосуреттегі жеке обьектілер мен жер беті жағдайларын ажырату мен қасиеттерін анықтау үшін дешифрлеудің негізгі белгілері пайдаланылады. Елді мекен мен қыстақтар, қалалар аэрофотосуреттерде талды өсімдіктер, жолдар мен шарбақтардың торларымен алмасқан төртбұрышты құрлыстар түрінде көрінеді. Орта масштабты суреттердетұрғын үйлерді құрлыстың орналасуынан, ал ірі масштабтағы суреттерде үй төбесіндегі пештің мұржасы мен олардың көлеңкесінен анықталады. Қоралар, шарбақтар мен қоршаулар жіңішке сызықтар түрінде көрінеді. Жыртылған жерлер, егістіктер түрлі өңді тура шекті болады. Олардың өңі топырақтардың түріне, ылғалдылығының дәрежесіне, егілген егістің түріне, олардың өсу мен даму жағдайына байланысты. Шабындық жайылымдардың өңі суретте біртегіс ақшыл сұр болады. Жеміс бақтады ағаштардың қаз қатар отырғызылғанынан, ал бұталарды - олардың қысқа бойлары мен бастарының иін тіресулерінен ажыратады. Бақшаларды-кезектескен қарақоңыр мен жарық ақшыл түсті тар жолақтардан білуге болады.
Өзендер суреттерде ені мен өңі түрлі т ирелеңдеген жолақтар сияқты болып көрінеді Көлдер мен тоғандар суреттерде бір өңді тұйық қисық сызықтармен шектелген жазықтықтар ретінде көрінеді.
Топырақ жолдар
Автомобиль жолдары мен темір жолдар суреттерде қисықтары бір қалыпты ұзын жолақтар ретінде көрінеді.
Трассаны орнықтыру кезінеде күрделі учаскелерде дара жобаланатын жолдың кейбір жерлері, тоннелдер немесе көпірлі өткелдер, терең сулар мен тік жоталардан асулар, таудың көшкінді шашылып құлаған шөгінді жарлар, тар қаспақ және су жайылған жерлер, сел жүретін жерлер, ми батпақ пен карстталған жерлер, жылжымалы жартылай бекітілген құмдар, мәңгі тоң көмілген мұздар, жер асты сулар сыртқа шығып мұз болып қалған жерлер,
Көпірлі өткелдер мен тоннелдердің вариантарын трассалаған кездерде тау жоталарының, өзен алқаптарының геологиялық құрамын, негізгі тау жыныстарының және аллювиальді тұнба қабаттарының жатқан тереңдіктерін білу қажет.
Жолдарды трассалауда көшкіндік құбылыстар тараған жерлерде қазір әрекет жасайтын көшкіндердің өзара орналасуын, тау жыныстарының тұрақсыз қабаттарының жату шектерін, су режимдерінің ерекшеліктері мен тастардың жылжуын, көшкін туғызатын себептерін анықтау керек.
№5 Дәріс. Аэрофотосуреттердің пландық және биіктік негізі.
Фотограмметриялық координаттар жүйесі. Аэрофотосуреттердің бағыттау элементтері. Аэрофотосуреттерді байланыстыру.
Аэронивелирлеу. Радиогеодезиялық өлшеулер. Статаскоп
Кейбір жағдайларда осы
Фотограмметриялық тікбұрышты
Фотограмметриялық тікбұрышты
Суретке түсіру кезіндегі проекциялық сәулелердің кеңістік жағдайларын анықтау үшін аэрофотосуреттердің ішкі және сыртқы бағыттау элементтерін білу қажет.
Ішкі бағыттау
элементтері арқылы сол
Аэрофотосуреттердің сыртқы
бағыттау элементтері арқылы
проекциялау сәулелердің
Жеке фотосуреттің жағдайын алты сыртқы бағыттау элементтері арқылы, ал стереопараның кеңістіктегі жағдайын он екі сыртқы бағыттау элементтерімен анықтауға болады. Оларға сол жақтағы аэрофотосурет үшін Χс,Υс,Zс,αс,ωс,æс және оң жақтағы аэрофотосурет үшін Χо,Υо,Zо,αо,ωо,æо бағыттау элементтері жатады.
Өзара бағыттауэлементтері арқылы стереофотограмметриялық тәсілмен шартты масштабта жасалған жер беінің моделі бірқатар жобалау мен ізденіс жұмыстарының мәселелерін қажетті дәлдікпен шешуге жараған мен жер бетіндегі геодезиялық координаттар жүйесімен байланыстырылмаған. Бұндай стереомоделдердің масштабтары жоқ, сондықтан жер бетінің стереомоделін сырт бағыттау үшін және оның масштабын анықтау үшін фотосуреттердің сыртқы бағыттау элементтері немесе пландық-биіктік координаттары берілген геодезиялық мемлекеттік тор болу тиіс. Бұндай торд аэрофотосуреттерді байланыстыру жұмыстарымен қатарластырып құрады.
Аэрофотосуреттерде анық танылған жер беті нүктелерінің геодезиялық координаттарын табу жұмыстарын фотосуреттерді байланыстыру немесе пландық-биіктік даярлау жұмыстары деп атайды. Жер беті нүктелерінің ұшу аппараттар арқылы анықтау жұмыстарын аэрорадионивелирлеу деп атайды. Нүктелердің биіктіктерінің артуын берілген бастапқы нүктемен анықталатын нүктенің биіктіктерін Но және Нi радиобиіктікөлшегішпен немесе лазерлік биіктік өлшегіштермен өлшеу нәтижесінде және дифференциалдық барометр-статаскопен алынған ұшу биіктіктердің өзгеруімен тұрақсыздану арқылы есептелінеді..
Радиобиіктік өлшегіш жұмыс істеу негізінде кеңістіктегі екі нүктенің арасында радиотолқындардың қозғалу жылдамдығы мен өту уақыты арқылы ұзындықты өлшейтін белгілі физиканың заңы жатыр. РВТД-А атты радиобиіктікөлшегіш ұшақта бекітілген антена арқылы ұзындығы 68см радиотолқындар таратады. Солрадиотолқындар биіктігі анықталатын жер бетіндегі нүктеге жетіп кері шағылынады.