Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2014 в 17:46, реферат
Франция аумағын адамдар ең ежелгі заманнан бастап мекендеген. Палеолит пен мезолиттің ғылымға белгілі негізгі мәдениеттерінің бірқатары Франциядағы жер атауларына байланысты (шелль, ашель, мустье, ориньяк, солютрей, мадлен, азиль, тарденуаз). Оңтүстік Франциядағы палеолит кезеңіне тән үңгірлер (Фон-де-Гом, Ласко, Монтеспан, т.б.) жартастарға салынған суреттерімен көпке танымал.
Франция мемлекетінің географиялық жағдайы.орналасуы
Франция – Батыс Еуропадағы ең ірі мемлекет,жерінің ауданы жағынан ол Ұлыбританиядан екі есе үлкен .Францияның құрамына Корсика аралы, Жерорта теңізі мен Бискай шығанағындағы ұсақ аралдар енеді . Француз одағы деп аталатын бірлестікке бес шалғай департамент (Кариб теңізі алабындағы Гваделупа, Мартиника,Оңтүстік Америкадағы Гвиана ,Үнді мұхитындағы Реюньон, Атлант мұхитындағы Сен – Пьер мен Микелон) және т.б. жатады.Жалпы ауданы 127 мың км2 болатын бұл иелікте 1,5 млн адам тұрады.Француздар өз елін «гексагон» (алтыбұрыш) деп атайды.Еуропаның батысында орналасқан елдің негізгі аумағының құрылықтағы шекаралары солтүстікте Бельгия мен Люксембург, шығыста Германия мен Швейцария ,ал оңтүстік – шығыста Италия және Монакомен,оңтүстік – батыста Испания және Андоррамен шектеседі.Еуропалық Одаққа енетін дамыған мемлекеттердің аралығында орналасуы Францияның еуропалық біртұтас қарым – қатынастарының дамуына оң әсер етеді.Францияның теңіздік шекаралары Жерорта теңізі, Бискай шығанағы және Ла-Манш бұғазы бөліп тұр.
Мемлекеттің тарихы
Франция аумағын адамдар ең ежелгі заманнан бастап мекендеген. Палеолит пен мезолиттің ғылымға белгілі негізгі мәдениеттерінің бірқатары Франциядағы жер атауларына байланысты (шелль, ашель, мустье, ориньяк, солютрей, мадлен, азиль, тарденуаз). Оңтүстік Франциядағы палеолит кезеңіне тән үңгірлер (Фон-де-Гом, Ласко, Монтеспан, т.б.) жартастарға салынған суреттерімен көпке танымал. Ерте палеолит дәуірінде Франция аумағында кампиния мәдениеті тайпалары өмір сүрген (б.з.б. 6 — 4 мыңжылдықтар). Сена, Уаза, Марна өзендерінің алаптарынан алғашқы егіншілік құрал-саймандары (б.з.б. 3-мыңжылдық) табылды. Б.з.б. 6 — 5 ғасырларлардан бастап б.з. 1-мыңжылдықтың соңына дейін Франция аумағына кельт тайпалары қоныстанды. Римдіктер оларды галлдар деп атады, сондықтан бүкіл ел Галлия атанды. Оңтүстік-батыста негізінен иберлер тұрды, б.з.б. 6 ғасырдан бастап Жерорта теңізі жағалауларына гректер өз иеліктерінің негізін қалады. Олардың ішінде негізгісі — Массалия (қазіргіМарсель) болды.
Б.з.б. 2 ғасырдың соңы — 1 ғасырдың ортасында Галлияны римдіктер жаулап алды. Галлдар Рим империясына қарсы ерлікпен шайқасты. Дегенмен, күш тең емес еді. Рим үстемдігі елдің көп бөлігінде өндірістің дамыған құл иеленушілік әдісінің орнығуына себеп болды, көптеген қалалар салынды (Лион, Ним, Бордо, т.б.). 2 — 4 ғасырларда Францияда христиан діні таралды. Романдану процесінің нәтижесінде кельт тілдерін латын тілі ығыстырып шығарды. 3 ғасырда басталған Рим империясындағы саяси дағдарысқа байланысты Галлияда тауарлы өндірістің көлемі қысқарып, Италиямен экон. байланыстар әлсіреді. 4 — 5 ғасырларда герман тайпаларының баса-көктеп кіруі ел аумағындағы Рим үстемдігін түпкілікті жойды. Жаңадан бургундтардың (406), вестготтардың (418) мемлекеттері құрылды. 486 ж. франктер Галлиядағы соңғы рим иелігін басып алды (қ. Франк мемлекеті, Карл). 10 ғасырдан бастап ел Франция деп атала бастады. 987 ж. франк тағын Капеттер әулеті иеленді. Біртұтас корольдік іс жүзінде бір-біріне тәуелсіз көптеген иеліктерге бөлініп кетті. 10 ғасырда бір-біріне туыстас екі ірі халық — Луара өзінінің солтүстігіне қарай солтүстік француз және оңтүстікте, Бретань түбегіне бретань халқы қалыптасты. Алғашында король иелігі (домен) Францияның солтүстік бөлігіндегі Париж бен Орлеанның айналасында ғана болды. 11 — 12 ғасырларда крест жорықтарына байланысты оңтүстіктегі қалалардың (Бордо, Тулуза, Ним, Марсель, т.б.) гүлденуі басталды. Егіс көлемі артып, дәнді дақылдардың сорттары мен мал тұқымы жақсарды. Қолөнер (әсіресе, шұға тоқу) жоғары дамыды. Солтүстік Франциядағы қалалардың дамуы мен жеке аймақтар арасындағы экономикалық байланыстардың кеңеюі елдің бұл бөлігіндегі саяси бытыраңқылықты жоюға маңызды алғышарттар жасады. 13 ғасырдың бас кезінде Англия корольдігі Солтүстік Францияның көпшілік бөлігінде билік құрды. 13 ғасырдың 2-жартысында елдің орталықтануы күшейіп, Париж оның саяси және экон. орталығынана айнала бастады. 14 ғасырдың бас кезінде король иелігі елдің көпшілік бөлігін алып жатты. 1302 ж. үш сословие өкілдерінен құрылған — Бас Штаттар шақырылды. Ол ортталық өкімет билігінің күшеюіне қызмет етті. Бірақ Жүз жылдық соғыс Францияның дамуын тежеді. Соғыс қимылдары, тонау, салықтардың өсуі халықтың азаюына, өндіріс пен сауданың құлдырауына алып келді. 15 ғасырдың 2-жартысынан бастап Франция экономикасы біртіндеп қалпына келе бастады. Король билігі нығайып, елге жаңадан Бургундия, Пикардия, Ниверне герцогтіктері қосылды. 15 ғасырдың соңында Прованс пен Бретань бағындырылды. 16 — 17 ғасырларда Франция Батыс Еуропадағы үстемдік үшін Габсбургтер әулетімен (“Қасиетті Рим империясы” және Испаниямен) соғыстар жүргізді. Ұзаққа созылған сәтсіз соғыстар, елдің материалдық ресурстарының елеулі сарқылуы, салықтардың өсуі мен экономиканың кері кетуінің нәтижесінде терең қоғамдық-саяси дағдарыс қалыптасты. Халықтың әр түрлі топтарының әлеуметтік наразылығының идеологияның негізі сол кездегі кең тараған кальвин ілімі болды (бұл ілімді жақтаушыларды гугеноттар деп атады).
Ел католиктер мен гугеноттар болып екіге жіктелді. Олардың абсолютизммен және өзара күресі ұзаққа созылған азамат соғысына (“Діни соғыстарға”) ұласты. Оның шарықтау шегі — 1572 ж. 24 тамызда Парижде гугеноттарды жаппай қырғынға ұшырату болды (“Варфоломей түні”). Билікке келген Бурбондар әулеті діни соғыстарды тоқтатып, католик дінін Франциядағы ресми дін ретінде бекітті, ал гугеноттарға дін ұстану еркіндігі берілді. Людовик XIV кезінде Францияны іс жүзінде бірінші министр кардинал А.Ж.П. Ришелье биледі (1634 — 48). Ол король билігін елеулі нығайтып, елдің орталықтануын күшейтті. Отыз жылдық соғыстың нәтижесінде Франция өзіне Эльзасты қосып алып, Еуропадағы ең қуатты монархияға айналды. 1701 — 1714 ж. испан тағы үшін болған соғыста Англия, Австрия мен олардың одақтастары Францияның Еуропадағы үстемдігіне тосқауыл қоюға тырысты. Жеті жылдық соғыста (1756 — 63) Франция Үндістан мен Канададағы отарларының көпшілігінен айрылып, Ұлыбританияға беруге мәжбүр болды. 1789 ж. басталған Француз революциясы нәтижесінде монархия мен феод. тәртіптер жойылып, Бірінші республика жарияланды.
1792 ж. революциялық соғыстар
басталды. Ол Наполеон Бонопарттың
билікке келуімен және
Мемлекеттің мәдениеті
Франция аумағындағы өнердің ең көне ескерткіштері палеолит дәуіріне жатады (Ласко, Ла-Мадлен, Тюк-де-Одубер). Неолит және қола дәуірінде Карнакта мегалиттік құрылыстар салынды. Біздің заманымыздан 6-ғасырдың бас кезінде Оңтүстік Франция жағалауларында ежелгі грек колониялары пайда болып, кельт тайпаларының мәдениетіне елеулі ықпал етті. Римдіктер жаулап алғаннан кейін галл (кельт) қалаларында антикалық галл-рим өнері дамыды: ғибадатханалар, театрлар, жеңіс аркалары, мазарлар салынды. Саркофагтар, табыттарға бедерлер, мозаикалар жасалды, бейнелеу өнеріне рим стилі элементтері кельт дәстүрлерінің жергілікті белгілермен үйлесім тапты.
Орта ғасырларда Каролинг
өнерінің дәстүрлері роман стилінің
қалыптасуына негіз болды (10 — 12 ғасырлар).
Осы кезден бастап 2 — 3 қабатты үйлер
салынған ортағасырлық француз қаласы
қалыптаса бастады.Романдық сәулет
өнерінде шіркеулер мен монастырьлар
құрылысы жетекші рөл атқарды. 12
ғасырда Солтүстік Франция
Қала көшелері арнайы жоспармен салына бастады. Қалалардың негізгі қоғамдық ғимараттары — соборлар болды. Замоктар іші бай әшекейлерге толы сарайларға айналды (Авиньондағы папа сарайы — Пьерфон замогы, 1390 —1420). 15 ғасырдың 2-жартысында француз Қайта өрлеу дәуірі қалыптаса бастады. Король сарайы шақырған итальян шеберлерінен (ішінде Леонардо да Винчи де болған) үйренген жергілікті шеберлер өсіп-жетілді. Қайта өрлеудің інжу-маржаны — Париждегі Луврдың жаңа ғимараты (арх. П.Леско, мүсінші Ж.Гужон) болды. 16 ғасырдың бас кезінде көркемдік өнердің орталығы король сарайына ауысты. Италияға жасалған жорықтардан кейін Францияға антикалық мүсіндер, итальян қайта өрлеуінің туындылары әкелінді. Сарай маңындағы мәдениет маньеризмнің дамуына ықпал етті. Қарындашпен және майлы бояулармен портреттер жазу дамыды. Мүсін өнерінде қайта өрлеудің гуманистік идеалдары көрініс тапты. Абсолютизмнің нығаюына байланысты 17 ғасырда өнердің алдына монархтың жеке басы мен билігін мадақтау міндеті қойылды. Бейнелеу және мүсін өнерінің (1648), архитектураның (1671) Корольдік академиясы құрылды. Классицизм элементтері орын ала бастады. Париж бірыңғай стильмен салынған, геом. қатаң пішінді алаңдармен көркейе түсті [Дофин (1607), Вогез, Жеңіс (1685 — 86), Вандом]. Композициясы жағынан қатаң жоспарланған сарайлар (Пале — Руаяль, 1629 —36, арх. Ж.Лемерсье), қоғамдық ғимараттар [Мүгедектер үйі (1671 — 76), арх. Ж.Ардуэн-Мансор, шіркеуімен Сорбонна ғимараты (1629 — 54), арх. Ш.Лемерсье)], Жеңіс аркалары, көпірлер салынды. Қала сыртындағы замоктардың сырт бейнесі өзгеріп, сарайлары мен қызмет ғимараттары, саябақтары бар кешендерге айналды. Олардың ішіндегі әйгілісі — Версаль сарайы болды (арх. Л.Лево, Ж.Ардуэн — Мансар, саябақты жобалаушы — А.Ленотр). 17 ғасырдың ортасынан бастап бейнелеу өнерінде классицизм жетекші жағдайға ие болды. Париж бен Версальдағы сарайларды безендірудің орасан зор жұмыстарына басшылық еткен, “үлкен стиль” бағытының алыбы Ш.Лебрен болды. 18 ғасырдың бас кезіндегі кескіндемеде А.Ваттоның нәзік психологизм мен поэзияға толы туындылары салынды. Ватто шығармаларының сырт көрінісін рококо стилі қабылдағанмен (Ф.Буше), оның шын мәніндегі мұрагері француз реализмі (М.К. Латур, Ж.Б. Шарден, А.Гудон, М.Э. Фальконе) болды. 18 ғасырдың 2-жартысындағы сәулет өнерінде классицизм дәстүрлері қайта жаңғырды. Азаттық үшін күрескен көне заман батырларын, кейінірек революция қаһармандарын дәріптеген (Ш.Л. Давид) революцияшыл классицизм пайда болды. Наполеон империясы кезінде ампир стилі (Ш.Ф. Шлырен, Ш.Персье, П.Фоншен) үстемдік алды. Оған 1820 — 30 жылдардағы өнер шеберлері (Т.Жерико, Э.Делакруа, мүсінші Ф.Рюд) қарсы шығып, 1830 — 60 ж. сыншыл реализмнің (О.Домье), реалистік ұлттық пейзаждың (К.Коро, барбизон мектебі өкілдері) гүлденуіне жағдай жасады. 1848 жылғы революциядан кейін еңбек адамын мадақтаған реалистік шығармалар (Г.Курбе, Ж.Ф. Милле) дүниеге келді. 19 ғасырдың 2-жартысында сәулет өнерінде эклектизм етек алды, сондай-ақ темір-бетонды құрылымдар (А.Т. Эйфель) қолданыла бастады.
Эйфель мұнарасы
Эйфель мұнарасы - Париждің ең танымал сәулеттік туындысы. Өзінің әйгілі құрастырушысы Густав Эйфельдің атымен аталған. Париждің бұл нышаны уақытша ғимарат ретінде, 1889 жылғы әлемдік көрменің кіреберіс дарбазасы қызметін атқару үшін жобаланып, салынған болатын. [1] Манхеттендегі Крайслер салынғанға дейін 40 жыл бойы әлемдегі ең биік мұнарасы болып саналды. Импрессионизмнің пленяр (К.Моне, К.Писарро, А.Сислей), жаңа импрессионизм (Ж.Сера, П.Синьяк) және постимпрессионизм (В.Ван-Гог, П.Гоген, А.Тулуз-Лотрек, П.Сезанн) бағыттары жаңа бейнелеу тәсілдерімен (Э.Мане, Э.Дега, О.Ренуар, мүсінші О.Роден) байи түсті. 20 ғасырдың бас кезінде О.Перре темір-бетон құрылымдарды қолданып, Ш.Э. Ле Корбюзье, т.б. қазіргі заманғы сәулет өнерінің тиімді қағидаларын жетілдіре түсті. 20 ғасырдағы құрылыс ісіне әр түрлі құрылыс материалдары (темір-бетон, шыны, металл, пластмасса, т.б.) батыл түрде қолданылды (Э.Бодуен, М.Лодс, А.Люрса, П.Ваго, Б.Зерфюс). Бірқатар қалаларды жаңа жобалармен қайта салу жүзеге асырылды (Гавр, Сен-Дени, т.б.). 20 ғасырдың басында бейнелеу өнерінде көптеген жаңа ағымдар: фовизм (А.Матисс, А.Дерен, М.Вламинк), кубизм (П.Пикассо, Ж.Брак, Ф.Леже), дадизм (М.Дюшан), сюрреализм (И.Танги), т.б. пайда болды. А.Майоль, А.Бурдель, Ш.Деспио өміршең, терең мазмұнды мүсіндер жасады. 2-дүниежүз. соғыстан кейін жаңа реализм қозғалысы (А.Фужерон, Б.Тасмецкий) белең алды. Франция сән және қолданбалы өнер бұйымдарымен де (мата, жиһаз, керамика, шпалер, шыны, эмаль, шілтер, зергерлік бұйымдар, т.б.) даңқы шыққан ел. Елдің музыка мәдениетінің негізін құрайтын француз халық әндері өз бастауын қазіргі Франция аумағын мекендеген кельт, галл және франк тайпаларының ән-жырларынан алады. 9 ғ-да музыканың дамуына монастырьлар мен замоктардың жанындағы әншілік мектептері (метриздер) маңызды рөл атқарды. Мұнда шәкірттерді ән айтуға, әр түрлі аспаптарда ойнауға үйретті. Сонымен бірге негізгі орындаушылары менастрельдер мен жонглерлер болған халықтық өнер де дамыды. Олар көрермендерге балладалардың мазмұнын баяндады, тәлім-тәрбиелік және күлдіргі әндер орындап, ұрмалы-соқпалы, үрлемелі аспаптардыің сүйемелдеуімен көңілді билер биледі. 11 — 13 ғ-ларда кезбе әншілер-трубадурлардың өнері гүлденді. 1528 ж. П.Аттеньян Парижде зайырлық вокалдық шығармалар мен аспаптық пьесалар (дауылпаз, клавесин, спинет, арфа, гитараға, үрлемелі аспаптарға арналған) жинақтарын шығаратын муз. баспаның негізін қалады. 1581 ж. италиялық Б.Бальтазарини Луврда “Патшайымның комедиялық балеті” атты француздың бірінші балет спектаклін қойды. Парижге Венеция мен Болоньядан сазгерлер мен опералық труппалар шақырылды. Алғашқы француз операларының бірін ақын П.Перренмен біріге отырып сазгер Р.Камбер жазды (“Пастораль”, 1659). Олар 1669 — 71 ж. тұрақты опера театрын ұйымдастырды (кейіннен “Гранд-опера”). 18 ғасырдың ортасында симфония пайда болды (Ф.Ж. Госсек). 1830 — 40 ж.
Париж өзіне басқа елдердің музыканттарын тартқан дүниежүз. орт-тардың біріне айналды. Мұнда сазгерлер Ф.Лист пен Ф.Шопен, әншілер П.Виардо-Гарсиа мен М.Малибран өз шеберліктерін шыңдап, шығарм. табыстарға жетті. 19 ғасырдан бастап француздық скрипка және вокалдық мектептері дүние жүзіне танымал болды. 1828 жылдан Париж консерваториясы қоғамының концерттері өткізіліп тұрды, 1835 ж. әуесқойлардың хор қоғамы — “Орфеон” ұйымдастырылды. 19 ғасырдың 1-жартысында романтик.-бағдарламалық симфонизмді жасаушы (“Фантастикалық симфония”, 1830) әйгілі сазгер, дирижер және сыншы Г.Берлиоздың даңқы шықты. Кафе-концерттер, театрлық ревю, шансонье, канкан өнерімен әуестену күшейді. Оперетта жанрының көрнекті өкілдері — Т.Оффенбах, Ш.Лекок, Р.Планкен, Ф.Эрве, т.б. болды. 19 ғасырдың 2-жартысында француз операсында реалистік ағым күшейіп, лирикалық опера жанры қалыптасты. Ол әсіресе, Ш.Гуноның шығарм-нда кемеліне келтірілді (“Фауст, 1859, “Ромео мен Джульета”, 1867). Лирикалық опералар 1851 ж. Парижде ашылған “Лирикалар театрында” қойылды. Бұл жанрда А.Тома (“Миньон”, 1866, “Гамлет”, 1868), Ж.Массне (“Манон”, 1884), К.Сен-Санс (“Самсон мен Далила”, 1877), Л.Делиб (“Лакме”, 1883) көзге түсті. Француз музыкасындағы опералық реализмнің шыңы — Ж.Бизенің шығармашылығы еді. Орындау шеберлігі аса жоғары симфониялық оркестрлер құрылды. (Ш.Подлу, 1861). 20 ғасырдың бас кезінде француз музыкасында импрессионизм бағыты белең алды. Бұл бағыттың негізін қалаушы К.Дебюсси еді.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін неоклассицизм, экспрессионизм бағыттары бекіді. Сазгер Э.Сати драматургиялық кескіндемеші Ж.Кокшомен бірге жас сазгерлердің импрессионизмге қарсы қозғалысын басқарды. Олардың жолын қуушы сазгерлер А.Онеггер, Д.Мийо, Ф.Пуленк, Ж.Орик, Л.Дюрей, Ж.Тайфер “Алтылық” деп аталатын шығарм. бірлестік құрылды. Оларға И.Ф. Стравинскийдің музыкасы мен Еуропада алғаш пайда болған америка джазы елеулі ықпал етті. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін жаңа бағыттар пайда болды. 20 ғасырдағы аса танымал француз орындаушыларының қатарына: дирижер — К.Шевильяр, П.Монше, И.Маркевич, А.Клюишенс, Ш.Мюнш, Л.Форестье, П.Паре, Ш.Брюк, С.Бодо, Ш.Маршинон, П.Булез; пианиношылар — Л.Дьемер, И.Нат, А.Корто, М.Лонг, Р.Казадезюс, С.Франсуа, Ж.Б. Помье, М.Бришольери, М.Ааз; скрипкашылар — Ж.Тибо, З.Франческатти, Ж.Неве; виоленчельшілер — П.Фурнье, П.Тортелье, әншілер — Д.Дюваль, Ж.Креспен, Ж.Жириду; шансонье — А.Брюан, М.Шевалье, Мистангет, Э.Пиаф, С.Реджани, Ж.Беко, Ш.Трене, Ж.Брассенс, М.Матье, П.Каас, Д.Дассен, т.б. жатады. Ағайынды Л. және О.Люмьерлер ойлап тапқан кинематограф өнерінің көпшілік алдындағы тұңғыш сеансы (“Поездың келуі”, “Сәбиді емізу”, т.б.) Парижде 1895 ж 28 желтоқсан күні болды. Француз киносының бастапқы кезеңінде шеберлікті қажет ететін қиын көріністерді түсіруді ойлап табушы, “кинофеерия” авторы Ж.Мельес кино саласында жұмыс істеуге көрнекті драматургтерді, театр актерлері мен сазгерлерді тартқан “Фильм дар” фирмасы маңызды рөл атқарды.