Франция

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2014 в 17:46, реферат

Описание работы

Франция аумағын адамдар ең ежелгі заманнан бастап мекендеген. Палеолит пен мезолиттің ғылымға белгілі негізгі мәдениеттерінің бірқатары Франциядағы жер атауларына байланысты (шелль, ашель, мустье, ориньяк, солютрей, мадлен, азиль, тарденуаз). Оңтүстік Франциядағы палеолит кезеңіне тән үңгірлер (Фон-де-Гом, Ласко, Монтеспан, т.б.) жартастарға салынған суреттерімен көпке танымал.

Файлы: 1 файл

реферат.docx

— 582.36 Кб (Скачать файл)

         М.Линдер

   М.Линдерд қатысуымен  түсірілген кинокомедиялар, Л.Фейадтың арандатушылық топтамалары дүние жүзіне танымал болды. Біріш дүниежүзілік соғысқа дейін француз киносы дүние жүзіндегі бүкіл кино өнімдерінің 90%-ға жуығын шығарды (“Пате” және “Гомон” фирмалары). Соғыстан кейінгі жылдары “Авангард” деп аталған, құрамына Л.Деллюк, А.Ганс, М.Л. Эрбье, Ж.Дюлак сияқты кино теориктері мен шеберлері енген топ құрылды. “Авангард” қозғалысына қосылған реалист режиссерлердің бір тобы өнердің басқа түрлерінде қалыптасқан дәстүрлерге сүйене отырып, бірқатар мәнді туындыларды көрермендер назарына ұсынды. Дүниежүзілік киноның үздік үлгілерін насихаттайтын киноклубтар пайда болды. 1930 жылдан бастап дыбысты фильмдер шыға бастады. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Франция кино шеберлерінің “Жаңа толқын” атты тобы пайда болды. Киноның көркемдік шеберлігі жетілдіріліп, қысқа мерзім ішінде киноға 150-ден аса жаңа режиссерлер келді. Олардың ең әйгілі туындылары Кристиан-Жактың “Фанфан-Тюльпан” (1952), “Заңның аты заң” (1958), П.Этекстің “Йо-йо” (1965), т.б. болды. 20 ғ-дың 2-жартысындағы неғұрлым әйгілі француз киноактерлерінің қатарына Ж.Моро, Ж.Л. Трентиньян, Ж.П. Бельмондо, К.Денев, А.Делон, А.Жирардо, Ж.Депардье, Рено, Ж.Маре, П.Ришар, т.б. жатады. Францияда режиссерлер, операторлар мен басқа да кино мамандарын даярлаумен 1943 ж. ұйымдастырылған жоғарғы кино білімі институты айналысады. Жылына 300-дей әр түрлі фильмдер түсіріледі. 1972 ж. Кино тарихының музейі ашылды. 1946 жылдан бастап Канны қаласында Халықараралық кинофестиваль өткізіліп тұрады.

   Экономикасы

Франция — жоғары дамыған  индустриялы-аграрлы ел. Өнеркәсіп  өндірісінің жалпы көлемі бойынша  дүние жүзінде 4-орын (АҚШ, Жапония, Германиядан  кейін), Еуропада Германиядан кейін 2-орын алады. Ұлттық табысты жан  басына шаққандағы жылдық мөлшелері 24990 АҚШ долларына тең (2003 ж). Франция  автомобильдер шығару жөнінде дүние  жүзінде 3-орын, авиациялық және ғарыштық техника өндірісі бойынша Еуропада 1-орын алады. Сондай-ақ экспортқа көп  мөлшерде қару-жарақ, АЭС-тер үшін құрал-жабдықтар, химикаттар, маталар мен киім-кешек  шығарады. Француз өнеркәсібінің  жетекші салаларына автомобиль жасау, химия мен мұнай химиясы, ұшақ жасау (аэробустар мен әскери ұшақтар), электроника, металлургия, темір жолы техникасын шығару жатады.

 

 

 

Парфюмерия — косметикалық сала мен жоғары талғамды сәнді киімдер  шығаруда Франция дүние жүзінде  бірінші орынды иеленеді. Жылына шамамен 3,5 млн. автомобиль шығарса, оның жартысына жуығы экспортқа жіберіледі. Автомобильдердің 90%-дан

астамын “Рено” мен “Пежо-Ситроен” компаниялары шығарады. Кеме және станок жасау, ауыл шаруашылық машиналары өндірісі де жақсы дамыған. Химия өнеркәсібі минералды тыңайтқыштар, синтетикалық каучук пен пластмасса, парфюмерия, дәрі-дәрмектер жасауға маманданған. Ірі мұнай, химиялық кәсіпорындары  көп. Химия өнеркәсібі биотехникалық  және гендік инженериямен тығыз байланысты. Тоқыма өнеркәсібі өзінің бұрынғы маңызынан  айрылса да, Франция киім-кешек  пен маталар шығарудан Еуропада алдыңғы орындардың бірін иеленеді (мақта-мата, жібек, синтетикалық, жүн, кендір, зығыр маталары өндіріледі). Француз кәсіпорындары шығарған ірімшік, шараптар, кондитерлік бұйымдар дүние жүзіне танымал. Өнеркәсіп  өнімдерінің 1/5-іне жуығы Париж  бен оның айналасында, сондай мөлшері  Лион мен солтүстік аудандарда өндіріледі. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндірудің  көлемі бойынша Франция дүние  жүзінде АҚШ пен Канададан  кейін 3-орынды иеленеді. Ол ауыл шаруашылық өнімдерімен өзін-өзі толық қамтамасыз етіп, 40%-ын экспортқа шығарады. Франция  — Еуропадағы астық, сары май, ірі  қара етін, ірімшікті ең көп мөлшерде өндіретін ел. Өсімдік шаруашылығының негізгі саласы — дәнді дақылдар өсіру (негізгілері — бидай, жүгері, қара бидай, арпа, күріш). Картоп, қант қызылшасы, күнбағыс, рапс та көп мөлшерде өсіріледі. Ницца өңірінде гүл өсіру дамыған. Жүзімнің негізгі бөлігі шарап дайындауға (жылына 60 млн-дай л) жұмсалады, неғұрлым белгілі түрлері шампан, кагор, коньяк. Жеміс-жидек (алма, алмұрт, шабдалы, Жерорта  теңізі жағалауларында цитрустық жемістер мен қара өрік) пен көкөніс өсіру  дамыған. Ірі қара (20,6 млн. бас), шошқа, қой, жылқы өсіріледі. Балық аулау  кәсібінің негізгі порттары Атлант мұхиты жағалауларында (Булонь, Лорьян, Ла-Рошель) орналасқан. 2005 ж. елде 70 млн-нан  аса шетелдік туристер демалды. Экспортының  негізін өнеркәсіптік құрал-жабдықтар, тұрмыстық бұйымдар, ауыл шаруашылық өнімдері, химиялық тауарлар мен шикізаттар, тігін бұйымдары, киім-кешек, аяқ  киім, парфюмерия мен косметика, автомобильдер құрайды. Сырттан тұтыну тауарларын, өнеркәсіптік шикізаттар алады. Негізгі сауда серіктестері: Германия, Италия, Бельгия, Люксембург, Ұлыбритания мен АҚШ. Франция Қазақстанның сауда серіктестері ішінде 12-орын алады. Француз кәсіпорындары Қазақстандағы өз қызметінің қарқынын біртіндеп арттырып келеді. 2005 ж. ҚР мен Франция арасындағы тауар айналысы 2665,1 млн. долларды құрады. Қазақстан Францияға мұнай, кентастар, химия өнеркәсібінің шикізаттарын, тері мен астық береді. Франциядан негізінен дәрі-дәрмектер, азық-түлік өнімдерін, қосалқы бөлшектер, автомобильдер, тұрмыстық электроника, шарап, теңіз өнімдерін, ірімшік, парфюмерия мен косметикалық бұйымдар, жоғары сән киімдерін алады. Қазіргі кезде Қазақстанда француз кәсіпкерлері араласқан 19 шағын кәсіпорын тіркелген. 4 француз банкі Қазақстанмен бірлесіп жұмыс атқаруда, мұнай-газ, тау-кен, энергетикада, көлік пен қызмет көрсету салаларында көптеген француз компаниялары еңбек етуде. 2004 ж. 10 наурызда Парижде экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-француз үкіметаралық комиссиясының кезекті, алтыншы мәжілісі болып өтті.

 

Сыртқы экономикалық байланыстар

       Франция экономикасы дүниежүзілік шаруашылықтын ажырамас бөлігіне айналды.Сыртқы сауда экономикалық өрлеуге негіз болып отыр, оған оң сальдо тән. Экспорт көлемі жөнінен ел батыс Еуропада тек Германияны ғана алға салады, Францияның сыртқа шығаратын тауарларының жалпы құны дүниежүзілік тауар экспортының 5,1% -ын құрайды. Экспорт құрылымында машиналар мен жабдықтар 43 және ауыл шаруашылығы өнімдері мен шикізаты 20 басым болып отыр .Соңғы жылдары әскери техника мен қару – жарақты сыртқа сату жөнінде АҚШ – тан кейінгі екінші орынға шықты.Импорт көлемі жөнінен Франция Жапониямен қатар АҚШ ,Германиядан кейінгі үшінші орынды бөліседі.Франция – халықаралық туризм орталығы.Қазіргі кезде Франция жылына 77 млн –дай шетел туристері қабылдайды.Елдің сыртқы экономикалық байланыстарын дамытуда туризмнің маңызы зор.

Ішкі саясаты

    Франция мемлекеттік құрылымы жөнінен унитарлы республика болып табылады, әкімшілік – аумақтық бөлінісі жағынан 96 департаменттен тұрады.1958 жылы генерал Шарль де Голль елде мемлекетті басқарудың жаңа үлгісі – Бесінші республиканы орнатты. Франция республикада президенттің айрықша зор өкілеттілігі бар,ол елдің сыртқы саясатына қатысты мәселерді шешеді .Президент тағайындаған премьер – министр үкіметті басқарып, елдің ішкі жағдайына толығымен жауап береді.Елдегі заң шығарушы орган – екі палатадан сенат және ұлттық жиналыс тұратын парламент.

 Республика президенті Франция Республикасының ең жоғарғы лауазымы болып саналады. Сонымен қатар Франция президентінің лауазымы Андорра князьдігінде ең жоғарғы лауазым болып саналады (Андорра князінің лауазымына сәйкес). Республика президентінің лауазымы 1848 жылы, Екінші Француз Республикасы құрылған кезінде бекітілді.

     Қазіргі Франция   Республика президенті  Франсуа  Олланд15 мамыр 2012 жылдан бастап тікелей халық дауыс берумен сайланды.

Социалистік партиядан 2012 жылдың Франциядағы президенттік сайлауының жеңімпазы. 22 сәуірде өткен бірінші  турда 28,63 % дауыс жинап, Николя Саркозимен бірге екінші турға өтті, ал 6 мамыр  күні өткен сайлаудың екінші турында  Сакркозиді жеңіп, Францияның 24-ші президенті болып атанды.

Үкімет басшысы - премьер-министр,ал заң шығарушы органы екі палаталы парламенттен тұрады.

 

 

Қазақстан мен Францияның мемлекет арасындағы  байланыстар

Қазақстан мен Франция  арасындағы тауар айналымы 2008 жылы 6,201 миллиард долларды құрады. Ал Қазақстан  Францияға негізінен мұнай, металдар және металл құрылғыларын, химия өнімдерін, ауылшаруашылық өнімдерін экспортқа  шығарып келеді. Қазақстан болса, Франциядан электр және электрондық  бұйымдар және оның жаб­дықтарын, медициналық  дәрі-дәрмек, автокөлік, тамақ өнімдерін  және құрылыс материалдарын алады. Осы тұста айта кетейік, Франция  элиталық тауарлар ретінде шарап, теңіз  өнімдері шикізаттарын, киім-кешектер, тағы басқа тұрмысқа қажетті бұйымдарды жеткізеді.

Франция бұрынғы президенті Николя Саркози мен Н.Назарбаев

    Екі елдің бірін-бірі инвестициялау көрсеткіші де жыл өткен сайын жақсарып келеді. Франция Экономика министрлігі­нің деректері бойынша, Франция Қазақстан Республикасының экономикасына жалпы көлемі 2,005 миллиард еуро көлемінде қаржы салды. Ал Қазақстанның Франция экономикасына бағыттаған инвестициясы 10 миллион еуроны құрайды. Оның 4 миллион еуросы 2008 жылы салынған. Қазіргі кезде Қазақстанда Францияның бірқатар компания­лары табысты жұмыс істеуде. Әсіресе, екі ел арасындағы ынтымақтастық отын-энергетика саласында жақсы жолға қойылған. Мысалы, қазіргі кезде 40-тан астам франциялық компания Қазақстанның мұнай-газ, тау-кен өндірісі, энер­гетика, көлік және қызмет көрсету салаларында жұмыс жасауда. Осы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстанда француз капиталының қатысуымен 25 кәсіпорын ойдағыдай қызмет атқаруда. Бұл кәсіпорындар негізінен сауда, көлік-логистикалық қызметтермен айналысады.

      Қазақстан-Франция қатынастарында алдағы уақытта қаржы-банк ынтымақтастығынан көп үміт күтуге болады. Бұған қазіргі кезде Қазақстанда “Сөсьетэ Жэнэғәл”, “Натексис Баңк Попүлэғ”, “БНП Пәғиба” және “Кәлиоң” банктерінің жұмыс істеуі нақты дәлел болады. Мемлекет басшыларының кездесуі мен жүргізген келіссөздерінде нақтыланғанындай, екі мемлекеттің экономикалық байланыстарын дамытуда Үкіметаралық экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссияның жұмысын оң бағалауға болады. Жалпы, 1992 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан аталған комиссия осы аралықта сегіз отырыс өткізген. Оларда Қазақстан мен Франция қарым-қатынастарын дамытуға қатысты көптеген мәселелер талқыланып жүр.

       Қазақстан мен Франция арасындағы мәдени-гуманитарлық қатынастар да соңғы жылдары ойдағыдай дамып келеді. 1993 жылы екі елдің арасында осы саладағы байланыстарын жандандыруға бағытталған үкіметаралық келісім жасалған. Осы қатынастар бүгінде екі ел халқының мәдениет пен өнер салаларындағы байланыстың негізі болып отыр. Содан бергі уақытта Алматыда “Альяңс Фғаңсез” мәдени білім агенттігінің өкілдігі ашылды. Бұл агенттіктің 139 елде филиалдары жұмыс істейді. Олар негізінен Франция үкіметінің франкофония және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытудағы басты құралы болып табылады.

      Сондай-ақ Қазақстан мен Франция арасында білім беру жөніндегі қатынастар да ойдағыдай дамып келеді. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев баспасөз мәслихатында атап өткеніндей, “Болашақ” бағдарламасы бойынша Қазақстанның көптеген жастары Францияның беделді жоғары оқу орындарында білім алып, қазіргі кезде ел экономикасының дамуына үлес қосып жатыр.

 

 

 

 

 

                           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Франция