Карта бойынша жергілікті жер бедерін зерделеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2013 в 14:24, реферат

Описание работы

Масштаб бойынша нысандардың өзара орналасуы мен байланысын, саралық және сандық сипаттарын анықтайды. Картаның өндіріс пен шаруашылықта, ғылым мен елдің қорғанысында маңызы зор. Сонымен бірге іздестіру жүргізуде, жоспарлауда, әр түрлі құрылыс ғимараттарын жобалауда кеңінен қолданылады;

Содержание работы

Кіріспе....................................................................................................................3
Негізгі бөлім.....................................................................................................3
І. Карта бойынша жергілікті жер бедерін зерделеу.................................3
1.1 Карталар құрылымы...........................................................................3
ІІ. Географиялық карталардың жіктелуі.......................................................7
2.1 Карталардың бейнеленуі...........................................................................7
Қорытынды бөлім...............................................................................................11
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................11

Файлы: 1 файл

Ұсақ масштабты карталардың жіктелуі.docx

— 201.37 Кб (Скачать файл)

Әл-Фараби атындағы Қазақ  Ұлттық университеті

 

                     Факультет: География және табиғатты пайдалану

                             Кафедра: География, жерге орналастыру және кадастр

 

Тақырыбы: Ұсақ масштабты карталардың жіктелуі

 

 

        Орындаған: Солтанбеков. Д. С.

     Қабылдаған: Зұлпыхаров Қ. Б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2013

Жоспары:

Кіріспе....................................................................................................................3

Негізгі бөлім.....................................................................................................3

      І. Карта бойынша жергілікті жер бедерін зерделеу.................................3

      1.1 Карталар құрылымы...........................................................................3

        ІІ. Географиялық карталардың жіктелуі.......................................................7

        2.1 Карталардың бейнеленуі...........................................................................7

Қорытынды бөлім...............................................................................................11

Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................11

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Карта (немісше Karte – түпнұсқа; грекше chartes – жазуға пайдаланылатын папирус парағы) – Жер бетінің, жұлдызды аспанның немесе оның бөліктерінің картографиялық проекцияларды пайдалана отырып, шартты белгілер арқылы жасалған кішірейтілген бейнесі (үлгісі). Картадан өзен арнасының, топырақ жамылғысының, жыралардың өзгеруін, батпақтанудың, елді мекендер мен жолдардың сипатын, т.б. анықтауға болады. Масштаб бойынша нысандардың өзара орналасуы мен байланысын, саралық және сандық сипаттарын анықтайды. Картаның өндіріс пен шаруашылықта, ғылым мен елдің қорғанысында маңызы зор. Сонымен бірге іздестіру жүргізуде, жоспарлауда, әр түрлі құрылыс ғимараттарын жобалауда кеңінен қолданылады;

Карта — Жер шарының бетін немесе оның бөліктерін белгілі бір картографиялық проекцияда жазықтыққа кішірейтіп және жинақтап бейнелеу. Қолданылу мақсатына қарай керекті мәліметтер көрсетіледі.

І. Карта бойынша жергілікті жер бедерін зерделеу

1.1 Карталар құрылымы

 

(Изучение рельефа местности  по карте) — жазықтықтың горизонтальдық  суреті бойынша ой жүгірте  отырып, жер бетіндегі тегіс емес  кеңістік көрінісін елестету  және бедер (ылди құлдилығы,  нүктелер биіктігі және т.б.) сипатын  анықтау бойынша есептеу мен  өлшеу жүргізу. Бедердің жалпы  сипаттамасы горизантальдардың  пішіні мен жиілігі бойынша  үстірт шолумен анықталады. Осы  белгілерді пайдалана отырып, бірінші  кезекте негізгі су айырықтары (жоталар), аңғарлар мен сайлар  нақтыланады. Бедер сипатымен  жалпы таныстықтан соң, жүктелген  міндетке сәйкес оны толықтай  зерделеуге кіріседі, сондай-ақ қажетгі  өлшеулер мен есептеулер жүргізіледі. Карта бойынша жер бетінің абсолюттік биіктік нүктесін горизонтальдар мен белгілер бойынша анықтауға болады. Горизонтальда жатқан нукте биіктігі осы горизонтальдың белгісіне сәйкес келеді. Егер нүкте горизонтальдар арасында орналасқан болса, онда оған жакын теменгі горизонтальдың биіктігін табады және осы көлемге горизонталь үстіндегі осы нүктенің артық шамасын қосады. Бұл артық шама әдетте көзбен интерполяциялау жолымен анықталады. Салыстырмалы артықтық (салыстырмалы биіктік) олардың абсолюттік биіктіктерінін айырмашылығы ретінде есептеледі. Ылди құлдилығы арнайы графика — жатыс шкаласы арқылы анықталады. Ол карта жақтауының оң жақ астына, сызықтық масштабтың оң жағына таман орналасады.Алдын ала картамен жақсылап зерделеп алып, қозғалыс маршрутын: жол сипатын, жол бойындағы құрылыстарды, көкжиек тұсына қатысты жалпы бағыт жолын, өтуі қиын тұстардың орналасуын және оларды айналып өтуге болатын жолдарды, жол айырығы мен жол қиылыстарын есте сақтау керек. Сонан соң картада қозғалыс дұрыстығын бақылау үшін қажетті маршрут бойынша негізгі бағдарлар тандалынып алынып, іріктеледі. Бүкіл марштурттың ұзындығы мен тандалып алынған бағдарлар арасындағы қашықтықтар өлшенеді және жазылып алынады. Қозғалыс уақытында карта бағдарланған болуы тиіс. Бір бағдардан келесі бағдарға ілгерілеп, картаны жергілікті жермен жүйелі түрде салыстырып отыру, жүріп өткен қашықтық пен бағдарлар бойынша қозғалыс дұрыстығын бақылау кез келген нүктеде таңдап алынған бағдарларға қатысты маршрутта өз тұрған жеріңді және қозғалыстың соңғы пунктін айқын білу үшін қажет.

Карталар масштабы

(Масштаб карты) — картадағы  ұзындық сызығының жергілікті  жердегі сәйкес сызықтын ұзындығына  қатынасы. Топографиялық картаның көмегімен орындалатын тапсырмалардың әр тұрлі болуына орай масштабтары әр түрлі карталар қажет болады: 1:10000 — он мыңдық, 1:25000 — жиырма бес мындық, 1:50000 — елу мыңдық, 1:100000 жүз мындық, 1:200000 екі жүз мындық, 1:500000 — бес жүз мындық, 1:1000000 — миллиондық. Жергілікті жердің картографиялық бейнелену мөлшері мен картаның толықтығы, өлшеулер дәлдігі карта масштабына байланысты болады. Карта масштабы кішірейтудің төменгі дәрежесінде аса ірі болады. Ол жергілікті жерді толықтай бейнелеуге мүмкіндік жасайды. Карта масштабының кішірейтілуімен бірге оған салынатын жергілікті жер бөлшектерінің саны да кішірейтіледі. Аумақтың картада бейнеленген кішірейту дәрежесі неғұрлым көп болса, карта масштабын соғырлым ұсақ деп атайды. Карта жақтауының оңтүстік (төменгі) жағында сандык және сызықтық масштабы, масштаб көлемі корсетіледі.

Карталар номенклатурасы

(Номенклатура карт) — көп паракты  географиялық карталардың әр парағының орналасқан жерін немесе оның картаның басқа парақтарына қатысты орналасу ретін анықтайтын шартты белгілер жүйесі. Карталар номенклатурасы. карталарға сызықтар салумен тығыз байланысты, әскерлерді картамен жабдықтауды ұйымдастыруда пайдаланылады. Карталар номенклатурасы кестелік (карталардың жинақ кестесіне немесе каталогына сәйкес картаның әр парағы әріптік, сандық немесе әріптік-сандық белгімен белгіленеді), координаталық (картадың әр парағы оның нүктелерінің бірінің немесе парактың ортаңғы нүктесінің — координатасымен белгіленеді), сандық немесе әріптік-сандық (әрбір параққа сандық, немесе әріптік-сандық код беріледі) болуы мүмкін.

Карталардың жіктелуі

(Классификация карт; грек. chartes — жазуға арналған күлон (папирус) парағы не бумасы) — карталардың мазмұнына, мақсатына және маштабына қарай ор түрлі болып бөлінуі. Барлық картографиялық немесе жалпы географиялық және арнаулы карталар. Жалпы географиялық карталар масштабына карай топографиялық (масштабы 1:1000000 және одан да үлкен) және шолу (масштабы 1:1000000нан аз) картасы болып бөлінеді. Масштабы 1:10000; 1:25000 және 1:50000 топографиялық карталар ірі масштабты, ал масштабы 1:100000 және 1:200000 орта масштабты, масштабы 1:500000 және 1:1000000 — кіші масштабты топографиялық карталар деп аталады.

Географиялық Карта Жердің географилялық  қабығындағы табиғат және қоғамдағы  әлеум.-экон. құбылыстардың арасындағы әр түрлі жағдайдағы байланыстардың бір-бірімен ұштасуы мен олардың  қандай мақсатқа арналатыны ескеріліп, осы тұрғыдан іріктелініп алынғанын  көрсетеді. Географиялық Карта Жердің геогр. қабығының кеңістіктегі ерекше модельдік бейнесі ретінде көруге болады. Картаны аумақты қамтуына (дүниежүз., құрлықтық, жеке елдер, т.б.), мазмұнына (жалпы геогр. және тақырыптық, т.б.), масштабына (ірі масштабты — 1:200 000 және одан ірі, орта масштабты — 1:200 000-нан 1:1000 000-ға дейін және кіші масштабты — 1:1000 000-нан кіші), т.б. белгілеріне қарай бөледі. Географиялық Картаны жасаудың ерекше матем. заңы болады. Оны картогр. проекция деп атайды. Картаның көмегімен жер бетіндегі объектілердің орны, пландағы мөлшері және пішіні туралы дәл деректер алуға болады. Картогр. белгілерді картаның ерекше тілі ретінде пайдаланады. Географиялық Картада көрсетілген құбылыстарды іріктеудің және қорытындылаудың, яғни картогр. генерализациялаудың зор маңызы бар. Географиялық Картаның құндылығы — олардың толықтығында, дәлдігінде, пайдаланылған деректердің жаңалығында, сонымен қатар, Географиялық Картаны жасаудың негізіне алынған ғылыми принциптер мен идеяларда. Географиялық Карта планетамыздың және оның бөліктері — құрлықтар мен мұхиттар, олардың географиялық жағдайы, табиғат байлықтары, халқы, экономикасы, мәдениеті мен тарихи дамуы туралы жаңа деректерді алуда, таратуда, сақтауда аса бағалы құрал болып табылады.

  • Бірінші, картографиялық проекциялардың көмегімен карта жасау жер бетіндегі объектілердің орны, пландағы мөлшері және пішіні туралы дәл деректер алуға мүмкіндік береді.
  • Екінші, картографиялық белгілерді картаның ерекше тілі ретінде пайдалану:

а) жер бетінің бір бөлігін, немесе оны түгел қамту үшін қажетті масштабта кішірейтіп алуға мүмкіндік береді және картада алынған масштабта кішірейтіп көрсетуге келмейтін, ал өзінің маңызы жағынан қалдырып кетуге болмайтын объектілерді көрсетуге жағдай жасайды;

ә) картада жер бедерін көрсетуді, яғни белгілі бір жердің ойлы-қырлы екендігін кескіндеуді жеңілдетеді;

б) Географиялық картада заттардың сыртқы бейнесімен қатар, олардың ішкі қасиеттерін де (мысалы, теңіз картасында судың физико-химиялық қасиеттерін, ағыстарды т.б.) көрсету оңайға түседі;

в) адамның сезім мүшелері қабылдай алмайтын құбылыстардың (магнит бұрылысы, ауырлық күшінің аномалиясы т.б.) таралуын, тікелей көруге қиын байланыстар мен қатынастарды (шикізат көзі мен оны өңдейтін кәсіпорындардың арасындағы) көрнекі түрде көрсетуге болады;

г) жеке объектілердің ұсақ-түйек жақтарын алып тастап, бәріне ортақ және ең маңызды белгілерін (елді мекендерді халқының саны мен әкімшілік маңызы жағынан сипаттау) көрсетуді оңайлатады, яғни абстракция әдісін қолдануға мүмкіндік береді.

 

ІІ. Географиялық карталардың жіктелуі

1.1 Карталардың бейнеленуі

Карта – белгілі бір  топографиялық проекциялар көмегімен  Жер бетінің үлкен өлшем бірліктерінде  анықталатын аудандардың нақты  жазықтықта кішірейтілен кескіні.

Карталар әртүрлі белгілеріне: бейнеленуіне, территориясына, масштабына, мазмұны мен мақсатына байланысты жіктеледі.

Бейнеленуіне  байланысты карталар Жердегі болып жатқан табиғи және қоғамдық құбылыстарды бейнелейтін географиялық карталар және аспан, оның бөліктері мен планеталарды бейнелейтін астрономиялық карталар деп ажыратылады.

Карталар қажетті  масштабына сәйкес шартты түрде:

- ірі масштабты 1:1000 –  1:100 000 аралығында

- орта масштабыты 1:200 000 –  1:1 000 000 аралығында

- ұсақ масштабты 1:1 000 000 деп бөлінеді.

Территориясы  бойынша дүниежүзі картасын, материктер, мұхиттар, материктердің бөліктері мен жеке мемлекеттер, әкімшілік облыстар, аудандар, қалаларды бөледі.

Мақсатына қарай  карталар:

  • ғылыми-анықтамалық – ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге және толық ақпарат алуға арналған.
  • оқулықтар – география, тарих, геология және т.б. зерттеуде қолданылады, мектептер мен жоғарғы оқу орындарына арналған.
  • техникалық – қандай да бір техникалық есептеулерді жүргізуге арналған, объектілер мен шарттар кескіндейді.
  • туристтік, навигациялық, әскери және т.б.

 

Мазмұны бойынша  карталар екіге бөлінеді:

- Жалпыгеографиялық;

- Тақырыптық;

Жалпыгеографиялық карталар – барлық географиялық құбылыстарды бейнелейді, жер бетін және оның бөліктерін, гидрография, елді мекендер, шаруашылық объектілер, коммуникация, шекаралар, жер бедерін, топырақ, өсімдіктер мен жануарлар әлемін т.б. көрсетеді. Ірі масштабты жалпы географиялық карталарды – топографиялық карталар, орта масштабты жалпы географиялық карталарды – жалпы  топографиялық карталар, ал ұсақ масштабты жалпы географиялық карталарды – жалпы карталар деп атайды.

Тақырыптық карталар –белгілі бір нақты тақырыпты ашады. Мысалы, ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің таралуы, табиғат зоналары мен жауын-шашын, т.б. Бұл карталарды екі топқа бөлуге болады: қоғамдық және табиғи құбылыстар картасы.

  • Табиғи құбылыстар картасы қоршаған ортаның барлық компоненттерін қамтиды. Бұл топқа геологиялық, геофизикалық, жер беті және Дүниежүзілік мұхит түбінің бедері картасы, метеорологиялық және климаттық, гидрологиялық, топырақ картасы, физико-географиялық ландшафтану мен физико-географиялық аудандастыру карталары  және т.б. жатады.
  • Қоғамдық-саяси карталарға экономикалық, саяси, тарихи, әлеуметтік-географиялық,  елді мекендер картасы жатады.

 

Картаның тақырыбы мен мақсатына қарай картографиялық кескіндеу бірқатар географиялық элементтерден тұрады. Мысалы, бір жердің толық қартасының (тиопографиялық картасының) мазмұнына; жер бедері, суы, өсімдігі, топырағы, елді мекендері, жол қатынасы, байланыс құралдары, мемлекеттік және әкімшілік шекаралары, орталықтары және кейбір өнеркәсіп, ауыл шаруашылық, мәдени объектілері кіреді. 
Географиялық картаның жиегі мен бос жерінде қосымша графиктер мен жазулар: картада қолданылған картографиялық белгілер және олардың түсіндірмелері; карта бойынша қашықтықты, бұрыштарды, объектілердің ауданын, жеке нүктелердің координаталарын, еңістікті т.б. өлшеуге қажет графиктер; картаның жасалған кезін, пайдаланған материалдарын т.б. көрсететін деректер; кейде көрсетілген объектілерді түсіндіріп, толықтыратын диаграммалар, таблицалар мен мәліметтер де болады. Географиялық карталардың ішінен неғұрлым көп қолданылатыны – жер беті мен ондағы объктілер көрсетілетін жалпы географиялық карталар. Ал басқалары тақырыптық деп аталады. лар жалпы географиялық картаның мазмұнына кіретін белгілі бір элементті (мысалы, жер бедерін) өте толық және жан-жақты баяндайды немесе жалпы географиялық картада жоқ құбылыстарды (белгілі бір жердің геологиялық құрылысын, климат жағдайын т.б.) көрсетеді.

 

 

 

Табиғи құбылыстар карталарының жіктелуі

Геологиялық карталар

тектоникалық  және неотектоникалық

литолого-стратиграфиялық

гидрогеологиялық

пайдалы қазбалар

сейсмикалық және вулканизм

геологиялық ортаны қорғау

құрылымдық-геологиялық  аудандастыру

Метеорологиялық және климаттық  карталар

климат  қалыптастырушы факторлар

термикалық  режим

ылғалдану

қысым

жел режимі

атмосфералық  құбылыстар

аудандардың климаты, ауа-райы және атмосфералық  әрекеті

Геофизикалық карталар

гравитациялық өріс

магниттік өріс

сейсмометрлік

электрлік өріс

жылу  энергиясы

физикалық өлшемдер

Гидрологиялық карталар (құрлықтағы сулар)

гидрографиялық

су  режимі

қар жамылғысы

мұздану режимі және гидрологиялық құбылыстар

судың физико-химиялық сипаттамасы

судың ластануы

гидрологиялық аудандастыру

Жер беті және мұхит түбі рельефі (бедері)

Гипсометриялық  және батиметриялық

Морфометриялық  және морфографиялық

Геоморфологиялық (жалпы және жеке құбылыстардың)

геоморфологиялық  аудандастыру

Мұхиттық карталар (теңіз  және мұхиттардың суы)

Гидрографиялық

Физикалық қасиеттері (гидрофизикалық)

Су  массасының динамикасы

Гидрохимиялық

Теңіздер  мен мұхиттардың флорасы және фаунасы

Мұхит суының ластануы

Мұхиттық  аудандастыру

Топырақ картасы

топырақтың  генетикалық түрлері

топырақтың  физико-механикалық қасиеттері

геохимиялық

климаттық

мелиоративті

топырақтың  ластануы

топырақтардың аудандастырылуы

Ботаникалық карталар

қазіргі өсімдіктер жамылғысы

қалпына келтірілген өсімдіктер жамылғысы

өсімдіктердің жеке түрлері

фенологиялық

өсімдік жамылғысының бұзылуы

геоботаникалық  аудандастыру

Зоогеографиялық карталар

Жануарлардың  жеке түрлері

Жануарлар кешені

Зоогеографиялық аудандастыру

Медико-географиялық карталар

Нозоареалдар (ареалдардың ауыруы)

Аурулар мен эпидемиялардың таралуы

Медико-географиялық аудандастыру

Аумақтарды  емдеу

Жалпы физико-географиялық карталар

Ландшафтық

Қоршаған  ортаның бұзылуы

Табиғатты қорғау

Физико-географиялық аудандастыру

 

Информация о работе Карта бойынша жергілікті жер бедерін зерделеу