Карта бойынша жергілікті жер бедерін зерделеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2013 в 14:24, реферат

Описание работы

Масштаб бойынша нысандардың өзара орналасуы мен байланысын, саралық және сандық сипаттарын анықтайды. Картаның өндіріс пен шаруашылықта, ғылым мен елдің қорғанысында маңызы зор. Сонымен бірге іздестіру жүргізуде, жоспарлауда, әр түрлі құрылыс ғимараттарын жобалауда кеңінен қолданылады;

Содержание работы

Кіріспе....................................................................................................................3
Негізгі бөлім.....................................................................................................3
І. Карта бойынша жергілікті жер бедерін зерделеу.................................3
1.1 Карталар құрылымы...........................................................................3
ІІ. Географиялық карталардың жіктелуі.......................................................7
2.1 Карталардың бейнеленуі...........................................................................7
Қорытынды бөлім...............................................................................................11
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................11

Файлы: 1 файл

Ұсақ масштабты карталардың жіктелуі.docx

— 201.37 Кб (Скачать файл)

 

Қоғамдық құбылыстар қарталары  социосфера мен техносфераны қамтиды. Олардың тақырыптары әр алуан: халық, экономика мен шаруашылық, ғылым, білім және мәдениет, қызмет ету  және денсаулық сақтау, дін және саясат, археология мен ұоғамның даму тарихы және т.б. Бұл топтағы карталар жылдан-жылға өсуде.

 

Қоғамдық құбылыстар қарталарының жіктелуі

Халықтар картасы

Халықтың  орналасуы және қоныстануы

Ұлттық  құрамы мен этнографиясы

Жастық  құрамы

Дін және сенімдер

Халықтардың миграциясы

Еңбек ресурстары

Қоғамдық  құрылыс

Шаруашылық картасы

Өнеркәсіптік (жалпы және салаларына қарай)

Ауыл  шаруашылығы

Агроөнеркәсіптік  кешен

Орман шаруашылығы

Балық шаруашылығы

Энергетика

Көлік және байланыс

Сауда және қаржы

Экономико-географиялық аудандастыру

Ғылым мен білім картасы

Білім

Ғылым

Мәдениет

Мәдени  ескерткіштер

Саяси және саяси-әкімшілік  картасы

Геосаяси

әкімшілік құрылыс

саяси ұйымдар, партиялар, қозғалыстар

электоралдық

Халыққа қызмет ету және денсаулық сақтау картасы

Қызмет  көрсетудің жеке түрлері

Денсаулық сақтау

Дене  шынықтыру және спорт

Демалыс және туризм

Тарихи карталар

Қоғамдық-саяси  формациясы

Археологиялық

Тарихи-экономикалық

Тарихи-саяси

әскери-тарихи тарихи-мәдени


Қорытынды

Географиялық карта мазмұнының қорытылу дәрежесі жағынан бірдей бола бермейді. Кейбір карталарда жинақтап қорытылмаған немесе әлі аз жинақталған көрсеткіштер (нақтылы бір уақыттағы метеорологиялық элементтердің мәні) берілсе, басқа бір карталарда әбден жинақталған көрсеткіштер (көп жылдық деректердің негізінде алынатын айлық орташа, жылдық орташа температулар) қамтылады. Халықты сондай-ақ табиғаттың, экономиканың, мәденитеттің кейбір элементтерін, олардың қасиеттерін немесе ерекшеліктерін ажыратып көрсететін карталар анализдік карталар деп аталады. Бірнеше көрсеткішті қосып, пайдалану негізінде құбылыстарды тұтас алып сипаттайтын синтездік карталарға көрсеткіштер жинақталып алынады. Мысалы, жалпы климаттық карталарда климаттық аймақтар бірнеше көрсеткіштің жиынтығы (температура, жауын-шашын т.б.) бойынша көрсетіледі, бірақ олардың нақтылы көрсеткіштері берілмейді. Синтездік карталарда бірқатар жеке карталардың деректері жинақталғандай болады. Тәжірибеде нақтылы және жалпылама көрсеткіштер, анализдік және синтездік сипаттамалар берілген карталар болады. Мысалы, жалпы экономикалық карталардың көпшілігінде өнеркәсіп үшін картографиялаудың анализдік, ал ауыл шаруашылық үшін синтездік әдістері қолданылады.

Географиялық картаның құндылығы  – олардың толықтығына, дәлділігінде, пайдаланылған деректердің жаңалығында, сонымен қатар географиялық карта  жасаудың негізіне алынған ғылыми принциптер мен идеяларда. Ал бұл принциптер мен идеялар жаңа не ескі, дұрыс не бұрыс болуы мүмкін.

Географиялық карта планетамыздың  және оның жеке бөліктері – құрлықтар  мен мұхиттар олардың географиялық жағдайы, табиғат байлықтары, халқы, экономикасы, мәденитеі және тарихи дамуы туралы жаңа деректерді алуда, таратуда, сақтауда аса бағалы құрал  болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Рахимбекова З.М. Материалдар механикасы терминдерінің ағылшынша-орысша-қазақша түсіндірме сөздігі ISBN 9965-769-67-2
  2. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
  3. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Машинажасау. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-417

 


Информация о работе Карта бойынша жергілікті жер бедерін зерделеу