Картография даму тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Сентября 2014 в 12:12, реферат

Описание работы

Алғашқы қауымдық құрылыс қоғамында-ақ, картографиялық суреттер жазу пайда болғанға дейінгі ұзақ уақытта кеңістікті бағдарлау және нысандар мен заттардың қоршаған ортада орналасуын түсіну үшін қызмет етті. Ежелгі Египетте, антикалық Грекия мен Рим тәрізді басқа да өркениет ошақтарында карталар бойынша арақашықтықтар мен аудан табудың қарапайым тәсілдері қолданыла бастады. Картада бейнеленген нысандардың пішіндері мен бағдарлауы бағаланды, өлшемдері табылды.

Файлы: 1 файл

картография 2.docx

— 36.97 Кб (Скачать файл)

           Салыстырмалы түрде, география, геология, тарих және осы сынды ілімдер белгілі бір мағынада басқа ғылымдардан арта қалды. Көш соңында қалудың себептері әртүрлі, бірақ ең қызығы, кейде картаның артықшылығы географияға математикалық формулалар мен көрсеткіштердің енуін баяулатты деген пікірлер де айтылды. Өткен ғасырдың 60-жылдары бұл артта қалушылық азайды, сол кездері сандық заңдылықтарды жүйелеу құралы ретінде картографиялық әдістің жаңа бір қыры ашылды. Бірінше кезекке картаның өлшемдік мәні шықты, математикалық статистика талдаудың негізгі тәсіліне айналды, 60-жылдардың орта тұсындағы картаны пайдаланудың келесі деңгейі алдыңғы деңгеймен тығз байланысты болды. Сол кездің өлшемі бойынша, карталар зерттеудің логикалық негізі ретінде беки түсті. Енді карталардың математикалық дәлдігімен қалпы көбірек тиімді бола бастады.

         Сандық әдістен математикалық модельдеуге көшу жүзеге асты. География ғылымдарын математикаландыру картографиялық зерттеу әдістерінің көмегі мен «көпір» қызметін атқаруы арқасында іске асырылды. Ең тиімді жол – математика мен картаны біріктіру болды, картадан алынған мәліметтер негізінде математикалық модельдеу құрылды. Осылайша карта-математикалық модельдеу-карта тізбегі пайда болды. Мұндай зерттеу амалы картографиялық-математикалық модельдеу деген атауға ие болды. Ықпалдастық үдерісінде математикалық әдіс пен картографиялық талдау басқа да көптеген идеялармен, көзқарастармен толықты. Ғылымды математикалау картаны пайдаланудың келесі деңгейіне өтуге даярлады, бұл даярлық зерттеу нысанына деген жүйелі құрылымдық көзқарастан көрінді. Картаны геожүйені үйрену құралы ретінде пайдалану мүмкіндігі қарастырыла бастады, картографиялық өнімдердің жекелеген бөлімдерін ғана емес, бір-бірімен тығыз байланысты кешенді атластар мен тақырыптық карталардың үлкен топтамаларына назар аудару қажеттігі туындады. Карта жәрдемімен геожүйенің бөлек бөліктеріне ғана емес, сонымен қатар, олардың байланыстарына, динамикасына, атқаратын қызметіне үйрету мүмкіндігін беретін әдістер керектігі туындады.

          Жүйедегі логикалық түсініктің заңды жалғасы болжамдық бағыт болды. Болжамдардың мазмұны мен затына әртүрлі көзқарастағы ғалым-зерттеушілер, болжамдық бағыттың мақсаты үшін картографиялық әдістерді қолдану мәселесіне келгенде, бәрі де бірауыздан оның тиімділігін мойындады. Картаны пайдаланудың деңгейінің дамуы мен келесі жаңа деңгейлік кезеңге өтуі бұрынғы жетістіктердің құндылығын жоймайды, сандық (картометриялық, статистикалық) және сапалық талдау, математикалық модельдеу мен жүйелі-кеңістіктік қамтудың, нәтижелердің дәлдігі мен қорытындысының жалпы талапқа сай болуының мәселелерін шешуде пайдаланылады. Картаны пайдалану әдістерін өңдеуде картографтар, геодезистер, геологтар мен геофизиктер, инденерлер мен математиктер қатысады. 
          Картографиялық зерттеу әдістері ғылымның әртүрлі салаларында қолданыс тапты. Олармен жаңа әдістемелермен, нақты ақпартпен, нағыз қажетті шешімдермен толықтыра отырып, өзіне де жаңа идеялар мен көзқарастарды қабылдайды. Картографиялық зерттеу әдістеріне шешуші әсер ететін – географиялық көзқарастың келесі ерекшеліктері көрінеді:картаның затын бейнелік-белгілік модельдеу мен нақтылықты тану құралы ретінде түсіну; карта көмегімен зерттеліп жатқан үдерістер мен құбылыстардың мәніне терең бойлау, әрбір зерттеу нысанына жүйелі көзқарастың болуы; Картографиялық әдістің басқа да жекелеген әдістермен тығыз қарым-қатынасы, карталар мен картографиялық емес ақпаратты ұштастыру; картографиялық талдау нәтижесінде алынған нәтижелердің мазмұнды талқылануына тәжірибелік мәні мен сенімділігіне берілген бағасына ерекше назар аудару.

           Қазір жалпы ғылымның математикаға бет бұруы, әсіресе, қашықтықтан зерделеу мен бажайлау, ғарыштық мүмкіндіктерді картография ғылымында кеңінен қолдану мүмкіндігі туған шақта дәлдік пен нақтылық атаулы карта үшін ең алғашқы талапқа айналды. 2006 жылдың 18 маусымы күні өзінің төл ғарыштық «ҚазСат-1» құрылғысын көк жүзіне ұшырған біздің еліміз үшін де енді ғарыштан жеткен суреттер сандық және әуеғарыштық түсірістерді зерттеу кезінде кеңінен қолданылады.

Картографияның салалары

Картографияның негізгі салаларына: 
· Картография пәні мен әдістемесі, карта туралы ілім, картографиялық проекциялар теориясы, генерализация мен кескіндеу әдістерінің (шартты белгілер жүйесі) теориялары; 
· Картография ғылымы мен өндірісінің тарихы; 
· Картографиялық деректерді тану (картографиялық деректер теориясының мәселелері); 
· Карталарды жобалау және оларды дайындау теориясы мен технологиясы; 
· Карталарды пайдаланудың теориясы мен әдістемесі жатады. 
        Қазіргі ХХІ ғасырда, картографияда өткен ғасырдың 60-жылдарында ғана пайда болған геоақпараттық картография аталатын саласы қарышты дамып келеді. Қазақстан да бұл үрдістен әлемдік тұрғыда қарағанда, көш ілгері мемлекеттермен иық тірестіре алмағанымен, өзіндік даму жолы айқындалып келеді. Геоақпарат – жер туралы басқа да ғылым салаларымен бірге, геожүйеде жүретін үдерістер мен құбылыстарды зерттейді, бірақ өзінің тәсілдері мен құралдарын қолданады. Олардың негізгілері – компьютерлік модельдеу мен геоақпараттық картографиялау. Картография мен геоинформатика бір-бірімен көптеген бағыттарда байланысты

 

                  Қазақстан картографиясының қысқаша тарихы

 

         1919 жылдың 15 наурызындағы Жоғарғы геодезиялық басқарма құру туралы Декретімен, Халық шаруашылығы Жоғарғы Кеңесінің ғылыми-техникалық бөлімі жанынан КСРО геодезиялық қызметі ұйымдастырылды. 
Қазақстан аумағында, сол кезеңнен 1945 жылға дейін барлық топография-геодезиялық және картографиялық жұмыстар Батыс-Сібір Аэрогеодезиялық топографиялық кәсіпорыны мен Орта-Азия Аэрогеодезиялық кәсіпорынының топографиялық-геодезиялық тобының күшімен орындалды. 1945 жылы Алматы Қазақ Аэрогеодезиялық кәсіпорны ұйымдастырылды. 1945-1947 жылдар аралығында Қазақ ССР-ының бүкіл аумағында 1:1000000 масштабтағы мемлекеттік картографиялау мақсатындағы түсірімдерді аяқтау міндетін мақсат етті.

         Қазақ Аэрогеодезиялық кәсіпорыны өзінің жұмысын 1945 жылдың 1 қаңтарында бір далалық топографиялық топ және Талғар станциясындағы стационарлық базасымен бастаған болатын. 1991 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алуына орай, геодезия және картография саласының барлық құрылымдары да қайта қалыптасты. 
Қазақ КСР Президентінің 1991 жылғы Жарлығымен, барлық мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер одақтың бағыныштылығынан шығарылып, Қазақ КСР Үкіметінің қарауына берілді, Қазақ КСР Министрлер Кабинеті жанынан Геодезия және картография Бас басқармасы (Қазгеодезия) құрылды. Оның құрамына бұрынғы ГКБ басқармасының барлық кешенді бірлескен экспедициясы, яғни Қазақстан аумағындағы, ұйымдар мен кәсіпорындар, сондай-ақ мемлекеттік геодезиялық аймақтық бақылау инспекциясы (ҚазАГБИ) кірді. 1992 жылы бұрынғы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қордың орынына Орталық картография-геодезиялық қор (ОКГҚ) құрылды. Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы Жарлығымен Қазгеодезия таратылып, оның қызметі Жер қатынастары және жерге орналастыру Мемлекеттік комитетіне (Мемжерком), содан кейін 1999 жылы Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігіне берілді. 
             Қазіргі Агенттік қарамағында мынадай республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар бар: “Астанатопография”, “Шығысгеодезия”, “Батысгеодезия”,“Қазгеокарт”, “Ұлттық картография-геодезиялық қор”, “Солтүстікгеодезия”, “Орталықмаркшейдерия”, “Оңтүстікгеодезия”. 
Қазақстан Республикасы топография-геодезия саласында алғашқы қалыптасу және даму кезеңі өте күрделі өтті. Бүгінде айтулы салаға біртіндеп жаңа техника мен технология енгізілуде. Бұл электрондық тахеометрлер, координаттарды айқындаудың спутниктік жүйесі. Геоақпараттық технологияларды (ГАЖ) құру мен енгізу картография-геодезиялық саласының аса маңызды, яғни Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын демаркациялау мен делимитациялау, электрондық сандық топографиялық карталарды жасау сияқты күрделі мәселелерін шешуге жол ашады. Қазақстан Республикасының саяси-әкімшілік карталар, дүние жүзінің саяси картасы, Қазақстан Республикасының физикалық оқулық карталары әзірленуде. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің өткен 10 жылында көршілес мемлекеттер аумағында 100,5 млн. гектарға аэрогеодезиялық зерттеу жұмыстары орындалды. Сонымен қатар, институт мамандарының қатысуымен Астана, Павлодар, Жезқазған қалаларымен қоса, 300-ден аса ауылдық елді мекендердің, соның ішінде өткен аэрофототүсірімдер материалдары бойынша үлкен масштабтағы түсірімдерді сызбалар (карта) жасау іске асырылды. Сандық картографиялау технологиясы түгелімен игерілді. 
          Мемлекеттік және арнаулы маңызы бар геодезиялық және картографиялық қызметтің негізгі бағыттары анықталды. Мемлекеттік реттеудің, жүзеге асырудың, лицензиялаудың және қаржыландырудың, сондай-ақ геодезиялық және картографиялық қызметтің метрологиялық қамтамасыз ету нормалары қарастырылған. Картографиялық өнімдерге авторлық құқық нормалары, геодезиялық және картографиялық өнімдерге мемлекеттік меншіктігі анықталған және Қазақстан Республикасының геодезиялық және картографиялық қызмет туралы заңнаманың бұзылуына жауапкершілік қарастырылған. Ұлттық картографиялық-геодезиялық қордың қызметін реттеу жөніндегі нормалар және геодезия мен картография саласындағы халықаралық қатынасты жүзеге асыру қарастырылған.

            Қазақстан картографиясының даму бағытының бірі – геологиялық картография. Қарт геолог Молдияр Серікбаевтың пікірінше, Қазақстанның геологиялық құрылысы, қазба байлығы, магмадан пайда болған шөгінді тау жыныстары бар.

          Жаратылыстану саласындағы барлық карталардың негізі – геологиялық карта. Оның негізінде қазба-байлық, тектоникалық, гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық карталарды шығаруға болады. Біріншіден, Геология комитетінің алдағы жылғы жоспарына геологиялық картаны енгізу керек. Шартты белгілерін сұрыптап, анықтап, бір жүйеге келтіру қажет. Яғни, халықтық дәрежеде геологиялық картаның дамығанын көрсеткен жөн. Классикалық іргелі ғылымдарға геология, топырақтану, содан кейін классикалық картография жатады. Классикалық іргелі геологияны дамыту үшін төмендегідей бағыттардағы пәндер керек: палеонтология, палеология, палеоботаника, палеозоология, стратиграфия, литология, петрология, геологиялық картография, геотектоника, сейсмотектоника, геодинамика, космогеология. 
            Геологияның он түрлі саласы бар. Соның күрделі салаларының бірі – жердің қабатындағы жан-жануарларды зерттейтін палеонтологиялық мұралар. Одан кейін геологиялық картографиялық, геологиялық ескерткіштер, стратиграфиялық, гербариялық, зоогеографиялық мұралар. Осының бәрі “Мәдени мұрада” қамтылмаған. Ботаника институтында 500 мыңдай гербариялық мұралар құру алдында тұр.

 

 

Корытынды

Мамандар жасаған ғылыми болжам әлемде жер көлемі жөнінен 9-орын алатын, 2,7 миллион шаршы шақырым аумақты қамтып жатқан мемлекеттің картографиясын дамытуға жыл сайын 1 миллиард теңгедей қаржы бөліну керектігін дәлелдеп берді.

       Дамыған АҚШ, Канада секілді елдер өздерінің картографиялық қызметіне ерекше мән беріп, әр бес жыл сайын жаңа ақпараттармен толықтырып, барлық деңгейдегі карталарын жаңартып отырады. 
ҚР «Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі (2004, 2005 жылдары өзгерістер енгізілген) заңы бар. Бізге қажеті – осы заңға негізделген «Ұлттық картографияны дамыту» тұжырымдамасы. Елімізде картографтарды бірнеше жоғары оқу орнында дайындайды, олардың ішінде – ҚарМУ, ҚазҰТУ, Атырау мемлекеттік университеті, Қазақ сәулет институты және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бар. Мамандар жетіспеушілігі мәселесін шешудің бірден-бір жолы – картография факультетінің ашылуы.          Бұл өз кезегінде сапалы, Ұлттық картаны құрастыра алатындай, картографтар даярлауға негіз болады.

          Қазіргі таңда Қазақстанда топографиялық-геодезиялық және картографиялық өнімдерді әзірлеумен айналысатын 8 кәсіпорын жұмыс істейді. Осы ретте тұжырымдамада Ұлттық картографиялық-геодезиялық қор жанынан Ғарыштық қор құру мәселесі қарастырылуы тиіс. Бұл тарапта әлемде санаулы ғарыш айлақтарының бірін иемденіп, өз «ҚазСат» ғарыштық жер серігін аспан көгіне ұшырған Қазақстанның Ғарыштық қорын құру мәселесі туындайды. Бұл қордың негізгі қызметі – ғарыштан түсірілген суреттер мен ақпараттар арқылы Жер бетінде болып жатқан геологиялық, тектоникалық, географиялық өзгерістерге баға беріп, талдап-сараптап отыру және жаңа деңгейде жасалатын карталардың бетіне тың мәліметтерді енгізу. Осы арқылы отандық карта өнімдерінің сапасы мен саны артып, бәсекеге қабілеті де өсе түспек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                   Пайдаланған әдебиеттер

 

  • Қазақстан Республикасы Ғылыми Энциклопедиясы
  • http://newskz.wordpress.com/2010/04/23/картография-туралы-ақпарат-керек-пе/
  • Картография мен топография негіздері» пәніне арналған жинақ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Картография даму тарихы