«Картография мен топография негіздері» пәніне арналған жинақ

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2013 в 07:01, лекция

Описание работы

Картография – табиғат пен қоғамның құбылыстарын географиялық карта мен басқа картографиялық өнімдерді кескіндеу және оларды құру, пайдалану әдістемелері туралы ғылым.
Пәнді оқытудың мақсаты: білімгерлерге географиялық карталардың ерекшелігін, картографиялық проекциялардың түрлеріне түсінік беру
Пәнді оқытудың міндеттері:
1. Географиялық карталарда қолданатын масштабтың түрлерін түсіндіру.
2. Географиялық карталардың жіктелуін және ерекшелігін білу.
3. Топографиялық карта бойынша есептер шығару.

Файлы: 1 файл

23_mFW.doc

— 5.55 Мб (Скачать файл)

Қоғамдық құбылыстар қарталары  социосфера мен техносфераны қамтиды. Олардың тақырыптары әр алуан: халық, экономика мен шаруашылық, ғылым, білім және мәдениет, қызмет ету және денсаулық сақтау, дін және саясат, археология мен ұоғамның даму тарихы және т.б. Бұл топтағы карталар жылдан-жылға өсуде.

Қоғамдық құбылыстар қарталарының жіктелуі

Халықтар картасы

Халықтың орналасуы және қоныстануы

Ұлттық құрамы мен этнографиясы

Жастық құрамы

Дін және сенімдер

Халықтардың миграциясы

Еңбек ресурстары

Қоғамдық құрылыс

Шаруашылық картасы

Өнеркәсіптік (жалпы және салаларына қарай)

Ауыл шаруашылығы

Агроөнеркәсіптік кешен

Орман шаруашылығы

Балық шаруашылығы

Энергетика

Көлік және байланыс

Сауда және қаржы

Экономико-географиялық аудандастыру

Ғылым мен білім картасы

Білім

Ғылым

Мәдениет

Мәдени ескерткіштер

Саяси және саяси-әкімшілік  картасы

Геосаяси

әкімшілік құрылыс

саяси ұйымдар, партиялар, қозғалыстар

электоралдық

Халыққа қызмет ету және денсаулық сақтау картасы

Қызмет көрсетудің жеке түрлері

Денсаулық сақтау

Дене шынықтыру және спорт

Демалыс және туризм

Тарихи карталар

Қоғамдық-саяси формациясы

Археологиялық

Тарихи-экономикалық

Тарихи-саяси

әскери-тарихи тарихи-мәдени


2.  Белгілер

 

Әрбір картаның тілі өзінің сөздік қоры болып табылады. Мұнда шартты белгілер, таңбалар және грамматикасы анықталады. Картаның тілі мағынасына қарай ажыратылады: 1-шісі картографиялық нысандардың маңызы көрсетіледі (топырақтың түрі, өсімдігі, тау жыныстары, шаруашылықтың салалары және т.б.); 2-шісі географиялық координаттар көрсетіледі.

Картографиялық таңбалардың мынандай түрлері бар:

1. Атты

2. Реттік

3. Сандық

Атты – нысандардың атын көрсетеді.

Реттік – нысандардың көлемін  көрсетеді (ірі, орта).

Сандық – нысандардың санын  анықтайды, бір қалада неше тұрғын бар  екенін көрсетеді.

Таңбаларды формаларына, көлеміне, жарықтығына, ішкі құрылымына қарай  ожыратуға болады.

Картографиялық таңбалардың мынадай  тәсілдері бар:

таратпау тәсілі

сызықтық тәсіл

изосызықтық тәсіл

сапалық тәсіл

сандық фонның тәсілі

таратпау диаграммалық тәсіл

нүктелік тәсіл

векторлық тәсіл (қозғалыс тәсіл)

ареалдар тәсілі

картограмма және картодиаграмма тәсілі

Таратпау тәсілі – нысандардың  орнын көрсетеді. Бұл тәсілдің алты түрі бар:

  • абстрактілі – геометриялық фигуралар
  • әріптік – Na, Cl, Ca, Fe
  • көркемдік – суретке қарап көрсетеді
  • құрылымдық
  • бөлек және жеке
  • ұлғаю, өсу
  • Сызықтық тәсіл – нысандарды сызып көрсетеді
  • саяси әкімшілік шекара
  • гидрографиялық торлар
  • автомобиль жолдары
  • альпілік қатпарлықтың негізгі бағыттары
  • жағалық сызықтар (аккумулятивтік, теңіздердің өзгеруі)

Белгілер әдісі бір нүктедегі  объектіні белгілеу үшін қолданылады. Оның орналасқан жері қатаң түрде географиялық немесе басқа координатамен анықталады, ол уақыт өтуіне байланысты өзгермейді. Объектінің ауданы картаның масштабында көрсетілмейді. Мысал ретінде бөлек орналасқан нысандар, елді мекендерді айтсақ болады: электростанциялар, зауыттар, өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар, пайдалы қазбаларды өндіретін орындар және т.б.

Геометриялық белгілер карталарды жасау кезінде оңай анықталады, жай  геометриялық фигуралардан тұрады. Оған дөңгелек және оның бөліктері, шеңберлер, тікбұрыштар, үшшбұрыштар, ромб және т.б. жатады. Картада геометриялық белгілер оңай оқылады, аз орын алады, тез жатталады.

Шығармашылық белгілерге өзінің қалыпты  бейнесіне ұқсас әртүрлі суреттер жатады.

 


 

 

 

 

 

 

 

Геометриялық белгілер

 

 

Сызықтық белгілер әдісі де көп қолданылады., Жер бетінде немесе теңізде өзінің нақты бір орны мен пішіні бар құбылыстар картада сызықпен белгіленеді. Бұл құбылыстар мен нысандар тобына теңіз, өзендердің жағалық сызықтары, жол, шекаралар және т.б. жатады.Ерекшелігі - картада объектінің нақты бейнесі мен алып жатқан орны, объектінің ұзындығы бойынша сақталады.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сызықтық белгілер

 

 

Изосызықтар – географиялық картадағы қайсыбір шаманың ( қысым, температура, ылғалдылық, т.б.)! бірдей сандық көрсеткіштері бар вертикаль қимадағы немесе графикадағы нүктелердегі қосатын сызықтар.

 Изосызық тәсіл – грек  тілінен аударғанда изос бірдей  деген мағына білдіреді. 

Изосызықтар тәсілі – кеңістіктегі үздіксіз және біртіндеп өзгеретін құбылыстардың – жер бетінің биіктігін, ауа температурасын, жауын -  шашын мөлшерін және т.б. шамасын ( немесе қарқындылығын) картаға түсіру үшін қолданылатын бейнелеу тәсілі.

Изосызықтардың мынадай түрлері  бар: изотерма, изогиета, изобар.

Изотермалар – (изо.. және герк. Тhermе -  жылылық, ыстық) – географиялық картадағы бір сәттегі немесе орташа бір кезеңдегі ( жыл, ай бойғы) ауаның, судың және топырақтың бірдей температуралы нүктелерін қосатын сызықтар.

Изогиета – географиялық ккарталардағы тәулік, ай, жыл ішінде жауатын атмосфералық жауын – шашын мөлщерінің бірдей нүктелерін немесе бір айда немесе бір жылда жауатын жауын – шашынның көп жылғы орташа мөлшерінің  бірдей нүктелерін қосатын сызықтар.

Изобара – барометрлік қысымы бірдей нүктелерді қосатын сызықтар. Карталардың бетінде белгілі бір уақытқа арналып жасалады. Изобаралар тәуліктің, айдың, жылдың, т.б. орташа, ең жоғары немесе ең төменгі қысымдарына арналып жасалуы да мүмкін.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Изосызықтар

 

Диаграммалар  әдісі картада ауданда қалыптасқан, бірақ нақты бір нүктелерде зерттелетін құбылыстарды белгілеу үшін қолданылады. Оған көптеген табиғи құбылыстарды жатқызуға болады – ауаның қысымы мен температурасы, жауын-шашын, жел, өзен режимі және т.б.

Сапалық тәсіл – физ. – географиялық және экономикалық аудандастыруы және экономикалық саяси әкімшіліктің белгілерін көрсетеді.

Сапалы көрініс тәсілі -   Жер бетінде тұтасып тараған (мыс, ландшафт) және айтарлықтай ауданды алып жатқан (мыс, топырақ жамылғысы) немесе жаппай тараған (мыс, халық) құбылыстардың сапалық сипатын бейнелеудің картаға түсіру әдісі.Картада сапалық фонды түрлі түсті немесе штрихты сызықпен бейнелейді. Кей жағдайларда олардың екеуіде бірге қолданылады.

Картада сапалық фонды қолдану  оңай болуы үшін оларды әдетте индекспен  белгілеп көрсетеді. Ол картаның легендасында жазылады.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сапалық тәсіл

 

Сандық фонның тәсілі – территориялық сандық көрсеткіштеріне қарай көрсетіледі. (М: ағыс жылдамдығы) Сандық фонды әдетте аудандастыруда қолданады. Рельефтің тереңдігін шкаламен көрсетеді. Яғни рельефтің әрбіп ауданын штрих сызықтармен бейнелейді. Сандық фон әдетте гидроресурстық және рельефтердің территорияларын аудандастырғанда қолданылады.


 

 

 

Таратпау диаграммалардың  тәсілі. Бұл мезгілге байланысты, жауын-шашын, tº, желдің бағыттарын көрсетеді.

 


Нүктелік тәсіл. Географиялық карталарда егін мен мал шаруашылығын көрсеткенде нүктелік беріледі. Ол нүкте егер егін шаруашылығы болса, 1 га - да жер қаншаға тең екенін көрсетеді.

 


Ареал  -  жер бетінде қандай да бір құбылыстың (жануарлар, өсімдіктер, пайдалы қазбалар түрлері және т.б.) таралған атырабы; физикалық және қоғамдық географияда қолданылатын ұғым. Мыс, биогеографияда. Ареал  тірі организм топтарының (түрдің, туыстың және т.б.), экономикалық географияда әр ауыл шаруашылығы дақылының немесе өнеркәсіп саласының таралған атырабы және т.б.

Ареалдар тәсілі. Ареал латын тілінен аудан деген мағына береді. Ареалдар абсолюттік және салыстырмалы болып бөлінеді. Абсолюттік ареалда кейбір жануарлардың түрін мүлдем көрсетпейді. Салыстырмалы бір территорияны қамтып жануарлардың тығыздығын және өсімдіктердің түрлерін көрсетеді. Карталарда ареалдарды бейнелегенде әртүрлі графикалық суреттерді қолданады. Оларды пунктир сызықтармен, жазумен, белгілермен көрсетеді.

Ареалдар тәсілі – қандайда болмасын құбылыстың үздіксіз, тұтас(мыс, мұзбасудың) немесе шашыранды  таралу атырабын шекаралық сызық, бояу немесе түрлі сызықтар арқылы көрсететін картографиялық тәсіл.

 

 

 

 

 


Қозғалыс тәсіл - нысандардың қозғалысын табиғи және саяси-әлеуметтік (құстардың ұшуы, халықтардың миграциясы, жүк тасымалдау, ағыстар) жағдайларын көрсетеді. Қозғалыс белгілерінің екі түрі бар:

  • Қозғалыс векторы
  • Қозғалыс  жолағы (лента)


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

Картодиаграмма. К бетіндегі территориялық бөліктің белгілі бір статистикалық көрсеткішінің жалпы мөлшерін диаграмма көмегімен көрсететін карта. М, облыс, аудан бойынша халықтың саны және оның құрамы, өнеркәсіптің жалпы өнімін және оның құрамын, оның белгілі бір мерзім ішінде өсуін көрсетеді.


 

 

 

 

 

 

 

Картограмма. К белгілі бір экономикалық, әлеуметтік құбылыстардың қарқындылығы. К-ға түсірілген территориялық бөліктің жене аудандары бойынша көрсететін карта.Белгілі бір аумаққа қатысты статистикалық деректердің диаграммалар не суреттер арқылы графикалық бейнеленеді.

Картограммалар картада әдетте статистикалық көрсеткіштерді бейнелегенде қолданылады.Яғни халықтық санын, ауыл шаруашылығында, орман шаруашылығын аудандастырғанда қолданылады.Картограммалар сапалық фонға өте ұқсаса болып келеді. Бірақ олардан ерекшелігі  -  сапалық фон белгілі бір ауданды аудандастырғанда қолданылса, картограммалар басқару аудандарында қолданылады.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Лекция №13.

Карталар сериясы. Атластар.

1.Карталар сериясы, олардың түрлері.

2. Атластардың жіктемесі.

 

1. Географиялық атлас - географиялық  карталарының немесе планета бөлімдерінің              (әдетте жер планетасы) жиынтығы. Бірақ күн жүйесіндегі басқа планеталар мен олардың серіктеріне арналған атластар да бар. Әдеттегі атластар кітап түрінде, ал қазіргі таңдағы атластар электронды түрде беріледі. Жер туралы тереңірек мағлұмат алу үшін атласқа жер бедерін көрсететін физикалық карталар, саяси, климаттық, діни (діндердің әр таралу аймақтары), әлеуметтік (халықтың орналасу тығыздығы, орташа табыс мөлшері, өлім-жітім), экономикалық (өнеркәсіп салаларының дамуы) карталарды енгізеді.

Дүние жүзі картасынан тұратын алғашқы  атласты Абрахам Ортелия (Theatrum Orbis Terrarum)1570 жылы жасап шығарды. Алғашқы  кездері олар атлас деп аталмады, тек  1595 жылдан бастап Г. Меркатордың атласы шыққанда ғана осы атқа ие болды. Алтас деген атауға ие болған алғашқы кітапты б.з.д. 150 жылы Александриядан шыққан К. Птолемей құрастырған. Бірінші басылымы 1477 жылы Болоньи қаласында шықты, ол 27 картадан тұрды. 1544 жылдан бастап Рим, Венеция сияқты ірі сауда орталықтарында көптеген карталар басылып шығарылды. Бірақ ол кездегі карталар бір-бірінен айырмашылығы көп болды. Оларды бір-бірімен сәйкестендіру үшін уақыт керек болатын. 1544 жылы «атлас» термині қолданылмаса да, бұл карталар «атлас IATO» (итальяндық карталар жинағы) немесе  «Лафрери атласы» деп аталды.

Абрахам Ортелий өз атласын 1570 жылы 20 мамырында басып шығарды. Басқа  атластардын айырмашылығы, ол қазіргі  таңдағы атластарға өте ұқсас  болуында. Оның атласы  әр түрлі мемлекеттерді көрсететін 53 картадан құралды. Алайда, «атлас» термині тек Г.Меркатордың атласы шыққан кезден бастап қолданысқа ие болды.

Атлас – карталар, кестелер, диаграммалардың  және т.б. жинақ тары, атластардың  негізгі үлгілері :

O   анатомиялық атлас, мысалы Синельникованың адам анатомиясы атласы

O   георгафиялық атлас - георгафиялық карталардың жиынтығы.

O   қандай болмасын планетаның физикалық атласы .

O   аспан  денелерінің атласы

O   халықтардың атласы (этнографиялық атлас).

O   тілдердің атласы (тілдік атлас).

Карталардың сериялары екі түрде болады:

- бір территорияға арналған, бірақ  тақырыбы әртүрлі;

- тақырыбы бір, бірақ әртүрлі  территорияларға жасалған.

Информация о работе «Картография мен топография негіздері» пәніне арналған жинақ