Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 05:33, реферат
Картаның қолданылмайтын саласы жоқ. Әскери, қорғаныс саласынан бастап, оқу жүйесі, байланыс, ал қазір жарнама үшін де пайдаланылады.
Аннотация және оны құру жолы
Геометриялық әдіспен
– полигон, сызық, нүкте түрінде
берілген кеңістіктегі нысандар туралы
мәліметтер карта бетінде жазу арқылы
береді. Мұндай картографиялық мәліметтерсіз
картаны оқу мүмкін емес. Сондықтан,
әрбір нысанды салғанда, оның сандық
және сапалық көрсеткіштерін немесе
атауларын атрибуттар кестесіне
толтырамыз. Электронды карталар жасау
барысында аннотация жасау
Аннотация дегеніміз – нысандардың сандық
және мәтіндік мәліметтерден тұратын
жеке қабат. Аннотация құру жолы:
Нысандардың қажетті мәліметтері жазылған
соң, мысалы, елді мекендердің атауы name
жолы арқылы категорияға бөлініп, карта
бетіне жазылады. Нысандардың атауы тек
бір бағытта ғана жазылады. Мысалы, оң
жаққа, бірнеше қабаттың мәліметтері осы
әдіспен жазылған жағдайда бір-бірімен
араласып, оқылмай кетуі мүмкін. Сондықтан,
жеке аннотация қабатын құрып, олардың
орнын ауыстыруға болады. Осы жұмысты
іске асыру үшін келесі функцияларды атқарамыз:
ArcMap-та сол қабатқа барып, оң жағын басамыз
→ жазуларды аннотацияға конвертациялау
(Convert labels to annotation) → ашылған терезеден
осы аннотацияға қажетті мәліметтер болады
→ байланысты нысандар(feature linked).
Аннотация жасаған кезде ескерілетін
жағдайлар:
- карта масштабын көрсету керек;
- аннотациямен жұмыс жасағанда карта
бетіндегі обьекттердің картографиялық
заңдылықтарын қатаң сақтау керек.
Карталарды безендіру. Қағаз бетіне басып шығаруға әзірлеу
Мәліметтер түрінде (Data view)
– кеңістіктегі нысандарды бейнелеу,
мәліметтерді енгізу, түстерін таңдау,
атауларын немесе жалпы мәліметтерін
жазу, яғни редакциялау жұмысын жүзеге
асырамыз.
Компоновка түріндегі(Layout view) – картаны
безендіру, қағаз бетіне басып шығаруға
дайындау жұмысы жүзеге асырылады.
1.Өзімізге қажетті масштабын көрсетеміз,
карта қағаз бетіне симаса, қағаз өлшемін
үлкейтеміз. Ол үшін Бет пен баспа параметрі(
Page and print set up) командасын ашу керек. Оны
екі жолмен ашуға болады:
1.Файл арқылы
2.Картадан бос кеңістікте тышқанның оң
жағын басу арқылы.
Ашылған терезеде бірнеше операциялар
орындалады. Мұнда тек қағаз өлшемі ғана
емес, қағаз бетіне басып шығару жұмысы
жүзеге асырылады.
1.Name командасында принтердің немесе плоттердің
атын көрсетеміз.
2.Paper – қағаз өлшемін таңдаймыз.
3.Orientation:1)Портрет (Portret)
2)Альбом (Landscape)
Карта тақырыбын жазу үшін келесі командаларды
орындаймыз:
Қою(Insert) → Аты (Title)→
Карта масштабын жазу
Карта бетінде масштабты 2 жолмен көрсетуге
болады: сызықтық және сандық.
Сызықтық-Scale bar
Сандық-Scale text
Қою (Insert) → Сандық (Scale text)
Солтүстік бағдарды шақыру
Қою (Insert) → Солтүстік бағдар (North Arrow)
Карта легендасын құрастыру
Карта легендасы – карта бетіндегі нысандарды
оқу үшін құрастырылады. Оларды шартты
белгілер деп табылады. ArcGIS-те шартты белгілерді
құрастыру үшін әрбір қабатта көрсетілген
нысандар мен мәліметтерді компоновкада
карта бетіне шақырамыз. Кез-келген картаны
құрастыруда картадан тыс бос орындардың
барлығын шартты белгілерді қоюға пайдаланамыз.
Қою (Insert) → Легенда (Legend) → ашылған терезеде
2 баған бар:
1)Maplayers 2) Legend items → Далее → Аты → шрифт
өлшемі → Далее → шартты белгінің ені
мен ұзындығы → Дайын.
Картаны безендіру жұмыстарынан кейін
дайын болған картаны қағаз бетіне басып
шығару үшін төмендегі операциялар орындалады.
Карта өлшемін тексереміз.Оның 3 түрі бар.
Ол үшін, яғни оң жағын басып,
1. Бет пен баспа параметрі ( Page and print set
up ) → Use printer paper settings → Show printer margins on layout
2.File → Print previe 3. File → Print → Number copies → OK
Жалпы географиялық және тақырыптық карталар
– табиғат, шаруашылық, әлеуметтік орта,
экожағдай туралы кеңістік ақпараттардың
негізгі көзі. Жалпы картография бірнеше
тақырыптық салаларға бөлінеді: геологиялық,
топырақ, гидрографиялық, экономикалық,
әлеуметтік, т.б. Картографияның тағы бір
ерекше бағыты – экологиялық картография.
Оның мақсаты – экологиялық жағдайды
саралау, экожүйе мен адам денсаулығына
әсер келтіретін табиғи орта факторларын
қарастыру. Экологиялық картографияны
кең көлемде табиғатты қорғауға бағытталған
мемлекеттік, аймақтық бағдарламаларды
жобалауда қолданылады.
Қазақстан картографиясының қысқаша тарихы
1919 жылдың 15 наурызындағы
Жоғарғы геодезиялық басқарма
құру туралы Декретімен, Халық
шаруашылығы Жоғарғы Кеңесінің
ғылыми-техникалық бөлімі
Қазақстан аумағында, сол кезеңнен 1945
жылға дейін барлық топография-геодезиялық
және картографиялық жұмыстар Батыс-Сібір
Аэрогеодезиялық топографиялық кәсіпорыны
мен Орта-Азия Аэрогеодезиялық кәсіпорынының
топографиялық-геодезиялық тобының күшімен
орындалды. 1945 жылы Алматы Қазақ Аэрогеодезиялық
кәсіпорны ұйымдастырылды. 1945-1947 жылдар
аралығында Қазақ ССР-ының бүкіл аумағында
1:1000000 масштабтағы мемлекеттік картографиялау
мақсатындағы түсірімдерді аяқтау міндетін
мақсат етті. Қазақ Аэрогеодезиялық кәсіпорыны
өзінің жұмысын 1945 жылдың 1 қаңтарында
бір далалық топографиялық топ және Талғар
станциясындағы стационарлық базасымен
бастаған болатын. 1991 жылы Қазақстан Республикасының
Тәуелсіздік алуына орай, геодезия және
картография саласының барлық құрылымдары
да қайта қалыптасты.
Қазақ КСР Президентінің 1991 жылғы Жарлығымен,
барлық мемлекеттік кәсіпорындар мен
мекемелер одақтың бағыныштылығынан шығарылып,
Қазақ КСР Үкіметінің қарауына берілді,
Қазақ КСР Министрлер Кабинеті жанынан
Геодезия және картография Бас басқармасы
(Қазгеодезия) құрылды. Оның құрамына бұрынғы
ГКБ басқармасының барлық кешенді бірлескен
экспедициясы, яғни Қазақстан аумағындағы,
ұйымдар мен кәсіпорындар, сондай-ақ мемлекеттік
геодезиялық аймақтық бақылау инспекциясы
(ҚазАГБИ) кірді. 1992 жылы бұрынғы Ұлттық
картографиялық-геодезиялық қордың орынына
Орталық картография-геодезиялық қор
(ОКГҚ) құрылды. Қазақстан Республикасы
Президентінің 1996 жылғы Жарлығымен Қазгеодезия
таратылып, оның қызметі Жер қатынастары
және жерге орналастыру Мемлекеттік комитетіне
(Мемжерком), содан кейін 1999 жылы Қазақстан
Республикасы Жер ресурстарын басқару
жөніндегі агенттігіне берілді.
Қазіргі Агенттік қарамағында мынадай
республикалық мемлекеттік қазыналық
кәсіпорындар бар: “Астанатопография”,
“Шығысгеодезия”, “Батысгеодезия”,“Қазгеокарт”,
“Ұлттық картография-геодезиялық қор”,
“Солтүстікгеодезия”, “Орталықмаркшейдерия”,
“Оңтүстікгеодезия”.
Қазақстан Республикасы топография-геодезия
саласында алғашқы қалыптасу және даму
кезеңі өте күрделі өтті. Бүгінде айтулы
салаға біртіндеп жаңа техника мен технология
енгізілуде. Бұл электрондық тахеометрлер,
координаттарды айқындаудың спутниктік
жүйесі. Геоақпараттық технологияларды
(ГАЖ) құру мен енгізу картография-геодезиялық
саласының аса маңызды, яғни Қазақстан
Республикасының мемлекеттік шекарасын
демаркациялау мен делимитациялау, электрондық
сандық топографиялық карталарды жасау
сияқты күрделі мәселелерін шешуге жол
ашады. Қазақстан Республикасының саяси-әкімшілік
карталар, дүние жүзінің саяси картасы,
Қазақстан Республикасының физикалық
оқулық карталары әзірленуде. Қазақстан
Республикасы Тәуелсіздігінің өткен 10
жылында көршілес мемлекеттер аумағында
100,5 млн. гектарға аэрогеодезиялық зерттеу
жұмыстары орындалды. Сонымен қатар, институт
мамандарының қатысуымен Астана, Павлодар,
Жезқазған қалаларымен қоса, 300-ден аса
ауылдық елді мекендердің, соның ішінде
өткен аэрофототүсірімдер материалдары
бойынша үлкен масштабтағы түсірімдерді
сызбалар (карта) жасау іске асырылды.
Сандық картографиялау технологиясы түгелімен
игерілді.
Мемлекеттік және арнаулы маңызы бар геодезиялық
және картографиялық қызметтің негізгі
бағыттары анықталды. Мемлекеттік реттеудің,
жүзеге асырудың, лицензиялаудың және
қаржыландырудың, сондай-ақ геодезиялық
және картографиялық қызметтің метрологиялық
қамтамасыз ету нормалары қарастырылған.
Картографиялық өнімдерге авторлық құқық
нормалары, геодезиялық және картографиялық
өнімдерге мемлекеттік меншіктігі анықталған
және Қазақстан Республикасының геодезиялық
және картографиялық қызмет туралы заңнаманың
бұзылуына жауапкершілік қарастырылған.
Ұлттық картографиялық-геодезиялық қордың
қызметін реттеу жөніндегі нормалар және
геодезия мен картография саласындағы
халықаралық қатынасты жүзеге асыру қарастырылған.
[6]
Геологиялық картографиялау
Қазақстан картографиясының
даму бағытының бірі – геологиялық
картография. Қарт геолог Молдияр Серікбаевтың
пікірінше, Қазақстанның геологиялық
құрылысы, қазба байлығы, магмадан пайда
болған шөгінді тау жыныстары
бар. Жаратылыстану саласындағы
барлық карталардың негізі – геологиялық
карта. Оның негізінде қазба-байлық, тектоникалық,
гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық
карталарды шығаруға болады. Біріншіден,
Геология комитетінің алдағы жылғы жоспарына
геологиялық картаны енгізу керек. Шартты
белгілерін сұрыптап, анықтап, бір жүйеге
келтіру қажет. Яғни, халықтық дәрежеде
геологиялық картаның дамығанын көрсеткен
жөн. Классикалық іргелі ғылымдарға геология,
топырақтану, содан кейін классикалық
картография жатады. Классикалық іргелі
геологияны дамыту үшін төмендегідей
бағыттардағы пәндер керек: палеонтология,
палеология, палеоботаника, палеозоология,
стратиграфия, литология, петрология,
геологиялық картография, геотектоника,
сейсмотектоника, геодинамика, космогеология.
Геологияның он түрлі саласы бар. Соның
күрделі салаларының бірі – жердің қабатындағы
жан-жануарларды зерттейтін палеонтологиялық
мұралар. Одан кейін геологиялық картографиялық,
геологиялық ескерткіштер, стратиграфиялық,
гербариялық, зоогеографиялық мұралар.
Осының бәрі “Мәдени мұрада” қамтылмаған.
Ботаника институтында 500 мыңдай гербариялық
мұралар құру алдында тұр. [8]
Геологиялық картографиялау тақырыптық
картографиялаудың жақсы дамыған саласына
жатады. Оның мақсаты – жер қабығының
геологиялық құрылымын жан-жақты зерттеу,
ондағы пайдалы қазбалар мен минералды
шикізаттарды барлау, геологиялық жағдайларды
анықтау және геологиялық карталарды
құрастыру. Қазіргі кездегі өнеркәсіптік
өндіріс пен ауыл шаруашылық салаларында
минералды шикізаттың сұранысқа ие болуы
геологиялық зерттеулерді тереңдете түседі,
яғни, минералды шикізаттар мен пайдалы
қазбалардың жаңа түрлерін іздестіру
жүргізіледі. Ол үшін пайдалы қазбалар
мен минералды шикізаттық орналасу заңдылықтарын
анықтау бойынша болжау жасайтын геологиялық
карталарды болуы шарт. [1]
Барлық геологиялық зерттеулердің негізінде
геологиялық картаның құрастырылып және
баспадан шығуы геологиялық түсіріс жұмыстарына
жатады. Геологияық түсіріс – геологиялық
карта жасау және жаңа кен орындарын ашу
үшін дала жағдайында жүргізілетін геологиялық
зерттеу жұмыстары. Жер бетінде жатқан
тау жыныстары тікелей сипатталады, әр
түрлі қазындылар арқылы олардың құрамы,
тегі, жатысы, жынысы, пішіні анықталады,
таралу шегі топографиялық картаға түсіріледі.
Түрлі жыныстардың, минералдардың, жануарлар
мен өсімдіктердің тасқа айналған қалдықтары
да жиналады. [1]
Ұсақ масштабты геологиялық түсірулер
(1: 1 000 000, 1:500 000) түпкі жыныстар ең көп көрінетін
жерлер арқылы өтетін маршруттар бойынша
жасалады. Орта масштабты геологиялық
түсірулер (1:200 000, 1:100 000) ТМД-ның барлық
жерінде, әсіресе экономикалық маңызды
аудандарында жүргізілетін геологиялық
карта жасау ісінің басты түрі. Мұнда белгілі
бір ауданның геологиялық құрылысы анықталып,
бұрын ашылған пайдалы қазбаларға тиісті
баға берумен қатар, келешекте олардың
қандай түрлерінің ашылу мүмкіндігіне
болжау жасалып, картаға түсірілетін жерде
жан-жақты зерттеу жүргізіледі. Борпылдақ
шөгінділер астындағы түпкі жыныстар
ды көру, олардың жапсарын, таралу шегін
дұрыс анықтау үшін орлар, шурфтар (төрт
бұрышты шұңқырлар) қазылады, скважиналар
бұрғыланады, пайдалы қазбалардың барлық
түрлері ізделеді. Ірі масштабты геологиялық
түсіру (1:50 000, 1:25 000) тау-кен өнеркәсібі
дамыған және алдыңғы зерттеулер нәтижесінде
кен орындары ашылуы мүмкін аудандарда,
ауыл шаруашылығына маңызы бар және жаңа
құрылыстар салынатын жерлерде жүргізіледі.
Кейін жасалатын дәлірек іздеу, барлау
жұмыстары нәтижесінде жаңа кен орындары
болуы ықтимал аймақтар анықталып, табылған
пайдалы қазбалар алғашқы рет бағаланады.
Сонымен қатар, пайдалы қазбалар іздеудің
геофизикалық, геохимиялық тәсілдері
қолданылады, геологиялық қималар, горизонт
пландары, суреттер, модельдер, блок-диаграммалар
жасалады. Аталған геологиялық түсірулерде
геологиялық байқаудың деректерін әуе-ғарыштық
суреттер арқылы алынған деректермен
толықтыру әдісі кең қолданылады. [2]
Дәл геологиялық түсірулер (1:10 000 не одан
да дәлірек) пайдалы қазба кен орындарында
инженерлік-геологиялық іздеу, мелиорация,
сумен қамтамасыз ету жұмыстары атқарылатын
жерлерде жүргізіледі. Жұмыс ерекшеліктеріне
байланысты, геологиялық түсірудің маршруттық,
алаңдық, аспаптық түрлері болады.
Маршруттық геологиялық түсірісте жұмыс
алаңы тау жыныстары мен қатпарлы құрылымдардың
созылымына көлденең бағытта жүргізіледі,
байқау нүктелері мен геологиядық нысандардың
бәрі топграфиялық карталар мен әуе-ғарыштық
суреттерде белгіленеді. Қатар екі маршрут
арасындағы жердің геологиялық құрылысын
екеуіне бірдей етіп және әуе-ғарыштық
суреттің деректерін ескере отырып, анықталады.
Алаңдық геологиялық түсірісте байқау
нүктелері түсірілетін бүкіл жер аумағына
біркелкі орналастырылады. Олардың жиілігі
түсіру масштабына, аймақтың геологиялық
құрылысына, түпкі жыныстардың көрінуіне,
геологиялық нысандар бейнесінің әуе-ғарыштық
суреттердегі анықтылығына байланысты.
Маршруттар геологиялық құрылымдарды
бойлай не көлденең өтеді. Аспаптық геологиялық
түсіруде барлық геологиялық нысандар
картаға геодезиялық аспаптармен түсіріледі.
Түсіруден бұрын картасы жасалатын жерде
зерттеуші барлық геологиялық нысандарды
(шөгінді жыныстардың өзара және интурзив
жыныстарымен жапсары, тірек горизонттары
мен кен қабаттарының созылымы мен қалыңдығы,
шурф, ор, скважиналардың орны, жарылымдар,
т.б.) мұқият қарап реперлер қағады, қарта
осы бойынша жасалады. Тектоникалық бет,
платформаның кристалдық іргетасы мен
көне үгілу қыртысының тереңдіктері, т.б.
сияқты жер қыртысының өте қалың қабаттарның
геологиялық картасын жасау үшін жүргізілетін
геологиялық түсірулерде де геофизикалық,
геохимиялық тәсілдер қолданылады, терең
скважиналар бұрғыланады, геоморфологиялық
талдау жасалады.
Ал қазіргі геологиялық түсірулер жаңа
күрделі техникалық құралдардың және
қашықтықтан түсіру әдістері көмегімен
жүргізіледі. Геологиялық түсірулермен
қатар, төрттік шөгінділерді зерттеу,
гидрогеологиялық зерттеу жұмыстары,
тау жыныстарын, тектоникасын, жер қабатының
дамуына әсер ететін барлық нысандар мен
құбылыстар зерттеледі. [2]
Сонымен, геологиялық карталар геологиялық
зерттеулер жүргізу, геологиялық түсірулер
және далалық жұмыстар арқылы құрастырылады.
Жалпы геологиялық карталардың жердің
жасын, жер бедерін, құрылысын жетік меңгеруге
тигізетін септігі көп. Геология – жаратылыстану
ғылымдарының ішіндегі негізгілерінің
бірі. Ол жердегі тіршілік атаулының пайда
болу және даму тарихын зертейтіндіктен,
геологиялық карталардың да маңызы өте
зор.
Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу
Жер қойнауын мемлекеттік
геологиялық зерттеу – жер
қойнауының жай-күйі мониторингімен, жер
қойнауы үлескілерінің, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының жекелеген
Барлауға, өндіруге, қоса барлауға және
өндіруге, сондай-ақ барлауға және (немесе)
өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын
салуға және (немесе) пайдалануға арналған
жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуші
тиісті геологиялық немесе кен бөлумен
белгіленген жер қойнауы учаскесі шегінде
ғана жер қойнауын пайдалану жөнінде тиісті
операциялар жүргізуге құқылы.
Өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану
құқығын иеленуші кен бөлумен белгіленген
жер қойнауы учаскесі шегінде барлау жөнінде
операциялар жүргізуге құқылы. Қор өсімі
болған жағдайда және олар мемлекеттік
сараптамамен расталғанда келісім-шартқа
тараптардың жазбаша келісімімен Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгіленген
тәртіппен тиісті өзгерістер енгізілуі
тиіс.
Геологиялық бөлу – келісім-шарттың ажырамас
бөлігі болып табылатын, жер қойнауын
пайдаланушы барлау жүргізуге құқылы
жер қойнауы учаскесін сызба және сипаттама
түрінде белгілейтін, барлауға арналған
келісім-шартқа қосымша. Геологиялық бөлуді
конкурс жеңімпазы немесе «Жер қойнауы
және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңда
көзделген жағдайларда конкурс өткізбей
жер қойнауын пайдалану құқығы ұсынылған
тұлға өтініш жасаған күннен бастап жер
қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі
уәкілетті орган жиырма күн ішінде береді.
Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық
зерттеуді «Жер қойнауы және жер қойнауын
пайдалану туралы» Заңда көзделген жағдайларда
конкурс өткізбей жер қойнауын пайдалану
құқығы ұсынылған тұлға өтініш жасаған
күннен бастап жер қойнауын зерттеу және
пайдалану жөніндегі уәкілетті орган
жиырма күн ішінде береді. Жер қойнауын
мемлекеттік геологиялық зерттеуді «Жер
қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы»
Заңның 13-бабының 3-тармағына сәйкес жер
қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге
жер қойнауын пайдалану құқығы берілген
жеке және заңды тұлғалар жүргізе алады.
Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық
зерттеу жүргізу кезіндегі жұмыстар (операциялар)
өңірлік және геологиялық түсіру жұмыстарын,
геологиялық, геофизикалық, геохимиялық,
гидрогеологиялық зерттеулер жүргізуді,
кен іздеу, іздеу-бағалау, іздеу-барлау
және барлау жұмыстарын, мемлекеттік геологиялық
карталар жасауды, жер қойнауын зерттеу
және пайдалану саласында қолданбалы
ғылыми зерттеулерді, өздігінен ағатын
гидрогеологиялық және мұнай ұңғыларын
жою және тоқтатуды қамтуы мүмкін. Жер
қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу
бюджет қаражаты есебінен немесе Қазақстан
Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған
басқа да көзден қаржыландырылуы мүмкін.
[6]
Тұңғыш Ұлттық Атлас
Қазақстан картографиясындағы
келесі бағыт – Тәуелсіз Қазақ
Елінің тұңғыш Ұлттық Атласы. Қоршаған
ортаны қорғау министрілігінің бастамасымен
аталған ауқымды жобаны «Экологиялық
Атлас» атауымен География институты
әзірледі. Көп еңбекті қажет ететін
мұндай карталардың тобы соңғы рет
елімізде осыдан ширек ғасыр бұрын,
1982-83 жылдары шығарылған. Әлемде мемлекеттің
бейресми символы ретінде танылатын
Атластың құрастырылуында «ұзақ
жылдардан бері жинақтаған тәжірибеміздің
көмегі көп»,-дейді институт директоры,
география ғылымының докторы, профессор
Ахметқал Медеу.
Институт тарихы Қазақ КСР Ғылым Академиясының
География секторы болып құрылған 1939 жылдан
басталады. Ал 1983 жылы бұл сектор институт
мәртебесіне ие болды. Институт өзінің
67 жылдық тарихында осы саладағы республиканың
жетекші ғылыми-зерттеу орталығына айнала
алды. Осы ұжымға тапсырылған мемлекеттік
маңызға ие Ұлттық Атлас ІІІ томға жинақталған,
онда 300-ден астам карталар топтастырылмақ.
Бұл толайым еңбектің әрбір томына 100-ден
аса авторлардың еңбектері сіңген.
Бұл ретте карталардың әлемдегі ең соңғы
үлгідегі ArcGis-9.1 карта құрастыру бағдарламасында
жасалды.. Жаңа Атлас жасалу тәсілі бойынша
да ерекшеленеді. Авторлар тобы карталарды
қазіргі геоақпараттық технологияларды
қолдана отырып жасауда. Мұның өзі карта
сапасының жақсы болуына және геоақпараттық
жүйені қалыптастыру міндетін шешуге
елеулі әсерін тигізеді. Тәуелсіз елдің
төл Атласын дайындауға География институының
ұжымы, сондай-ақ, басқа да ғылыми орталықтардан
арнайы шақырылған ғалым-мамандар атсалысып
жатыр. Бұл ретте мемлекеттің ғылымға
көңіл бөлуі, жас мамандардың да ғылыммен
айналысуына ықпал етіп отыр.
Бұл міндеттерді орындау жолында Ұлттық
Атластың жарық көруі қазақ картографиясының
зор жетістігі ретінде тарих бетінде қалары
анық.
Өткен жылы Астанада Тәуелсіз мемлекеттер
достастығы геодезистері мен картографтарының
үшінші конгресі болып өтті. Оған Ресей,
Украина, Белорусь, Өзбекстан, Қырғызстан,
Тәжікстан, Әзірбайжан, Грузия, Армения
және басқа елдерден осы қызмет салаларының
басшылары мен мамандары қатысты. Жалпы
геодезия мен картография қызметінің
жерге, елдің аумағы мен өңірлеріне дәлме-дәл
өлшемдер жасап карта сызуға, жерге орналастыру
мен кадастр жүргізу ісіне үлкен көмек
жасайтыны белгілі. Қысқасы, барлық тіршіліктің
негізгі өзегі болып табылатын жер атты
үлкен байлықты бұл қызметтердің қатысуынсыз
толыққанды және дұрыс игеру мүмкін емес.
[6]
Сондықтан елімізде нарық қатынастары
орнығып, жеке меншік бел алғаннан бері
бұл қызметтің қадірі барған сайын арта
түсуде. Мұны конгреске қатысушылардың
қай-қайсысы болмасын атап көрсетті. Ресейдің
Геодезия және картография жөніндегі
федеральдық агенттігінің төрағасы Александр
Бородка агенттіктің жүргізіп жатқан
жұмыстарына тоқталды. Осы қызмет саласында
жаңа технологияларды пайдалану мейлінше
қарқын алғандығын айта келе, осының нәтижесінде
әртүрлі қызметтер үшін өте дәлме-дәлдікпен
сандық карталар шығарылғандығын айтып
берді.
Екі мәрте батыр атағына ие болған Ресейдің
ғарышкер ұшқышы, Мәскеу геодезия және
картография университетінің ректоры
Виктор Савиных соңғы он бес жылда геодезия
және топографиялық өлшеу технологияларының
мүлдем өзгергендігін, қашықтықтан зерделеу
мәселесінің басым сипатқа ие болғандығын
айта келе заманның жаңа талабына сәйкес
кадр даярлау мәселесіне тоқталды. [6]
Геодезия және картография секілді өзіндік
ерекшелігі мол салада біздің Қазақстанымыздың
шоқтығы көп елден биік тұр деуге болады.
Бізде кадастр жүргізу, ақпарат алмасу
жұмыстары қағаздан электрондық түрге
көшірілген. Ғарыштық түсірілімдер арқылы
әртүрлі мақсаттағы карталар әзірленген.
Алматы қаласынан республикалық картографиялық
фабрика салынып, оның су жаңа өнімдері
конгреске қатысушыларға ұсынылды. Енді
осының үстіне таяудағы жылдары қашықтықтан
зерделеу мәселесіне арналып жер серігі
ұшырылатыны мәлім болып отыр. [6]